Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капсулы кишечнорастворимые
Торговое наименование
Роватинекс®
Действующее вещество
Препараты для лечения нефроуролитиаза
Назначение
Несептас ауруын емдеу үшін
Производитель
Рова Фармасьютикалз Лтд
Страна
Ирландия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: α-пинен 24,8 мг, β-пинен 6,2 мг, камфен 15,0 мг,
борнеол 10,0 мг, анетол 4,0 мг, фенхон 4,0 мг, цинеол 3,0 мг,
қосымша заттар – зәйтүн майы,
капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин 85%, натрий этилпарагидроксибензоаты (E 215), натрий пропилпарагидроксибензоаты (Е 217), күн батар түстес сары (Е 110), хинолинді сары 70% (Е 104).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сфералық, жұмсақ, желатинді, сары түсті ішекте еритін капсулалар, құрамында күшті хош иісті иісі бар жасыл-сары түсті ерітінді.
Несептас ауруын емдеу үшін
Роватинекс тастардың бүйректен және несеп шығару жолдарынан дезинтеграциясы мен аласталуына ықпал етеді. Борнеол сияқты терпендер, едәуір метаболизденеді және несеппен шығарылады,негізінен кальций тұздарының (бүйрек және несеп шығару тастарының негізгі компоненттері) ерігіштігін арттыратын глюкуронидтер түрінде. Роватинекстің бүйректік және несеп жолдарында тас қалыптасуын тежегіш әсері жануарларға жасалған бірқатар зерттеулерде анықталды. Роватинекс спазмолитикалық әсер етеді, несеп жолдарымен тастың өтуіне ықпал етеді, бүйректік және несепағар шаншуларындағы ауыруды азайтады. Роватинекс бүйрек қан ағынын күшейтеді және қабыну құбылыстарын азайтады.
Роватинекс бірқатар грамоң және гремтеріс микроорганизмдерге қарсы антибактериялық белсенділікке ие.
Қолдану тәсілі
ішке.
Дозалау режимі
Ересектер
1 капсуладан күніне 4-5 рет тамақтануға дейін.
Емдеу курсының ұзақтығын ауру барысына қарай дәрігер жеке анықтайды.
• препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
• 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Жағымсыз әсерлердің пайда болу жағдайлары туралы хабарланбаған
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Роватинекс® препаратын айқын бүйрек шаншулары, ануриясы немесе несеп шығару жолдарының ауыр инфекциясы бар науқастарда қолдану ұсынылмайды. Емдеу барысында сұйықтық қабылдауды арттыру керек. УРО мен нефролитиазды консервативті емдеу кезінде тастар несеп шығару жүйесінің немесе сепсистің обструкциясы сияқты ауыр клиникалық асқынуларға әкелуі мүмкін екенін ескеру қажет. Дәрігер тиісті шараларды қабылдау үшін тиісті ақпараттың қажеттілігін білуі керек
Препарат құрамында аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін этилпарагиброксибензоат, пропилпарагидрокибензоат қосымша заттары бар (мүмкін баяулатылған түрі). Қосымша зат күн батар түстес сары (Е110) аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Препараттың әйелдерде жүктілік кезінде қолданылуы туралы деректер жоқ. Препараттың жануарлардағы тератогенділігі туралы деректер жоқ. Алайда тым болмағанда ингредиенттердің кейбіреулері плацента арқылы өтуі мүмкін. Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезінде пайдалану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Роватинекс® капсуласының көлік құралын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.
Роватинекс® капсулаларын антикоагулянттар немесе бауырда метаболизденетін және бауыр арқылы шығарылатын препараттар қабылдаушы пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.