Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для инфузий
Торговое наименование
РИНГЕР
Действующее вещество
Қатысты емес
Назначение
Айналымдағы қан көлемін қысқа мерзімді толықтыру, шығу тегі әртүрлі изотониялық және гипотониялық дегидратация
Производитель
Несвижский завод медицинских препаратов
Страна
Беларусь
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл құрамында
белсенді зат - натрий хлориді 9 мг, калий хлориді 0.3 мг, кальций хлориді гексагидраты 0.26 мг,
қосымша зат - инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз мөлдір ерітінді
- Айналымдағы қан көлемін қысқа мерзімді толықтыру.
- Шығу тегі әртүрлі изотониялық және гипотониялық дегидратация.
Әсер ету механизмі
Жасушадан тыс сұйықтықтың негізгі катионы Натрий судың таралуын, су балансын, дене сұйықтықтарының осмостық қысымын бақылауға қатысады. Натрий сонымен қатар дене сұйықтықтарының қышқыл-негіз күйін реттеуде хлор мен бикарбонатпен байланысты.
Калий, жасушаішілік сұйықтықтың негізгі катионы, көмірсулар алмасуына және ақуыз синтезіне қатысады, жүйке импульсі мен бұлшықеттің жиырылуын реттеу үшін қажет.
Кальций, иондалған түрінде қанның ұюының функционалды механизмі, жүректің қалыпты қызметі, нейромускулалық қозғыштықты реттеу үшін қажет.
Фармакодинамические эффекты
Регидратирующее средство, оказывает дезинтоксикационное действие, стабилизирует водный и электролитный состав крови. При использовании в качестве средства восполнения объема циркулирующей крови, из-за быстрого выхода из кровеносного русла в межклеточное пространство, эффект сохраняется лишь в течение 30-40 минут (в связи с чем раствор пригоден только для кратковременного восполнения объема циркулирующей крови).
Дозалау режимі
Вена ішіне тамшылатып минутына 60-80 тамшы жылдамдықпен, аурудың ауыр ағымы кезінде – минутына 90 тамшыға дейін (5 мл/кг/сағ немесе 1,7 тамшы/кг/мин дейін) енгізіледі.
Максималды тәуліктік көлемі: 500-3000 мл/24 сағат немесе 30-40 мл/кг/24 сағат. Қажет болса, 50 мл/кг/24 сағатқа дейін енгізуге рұқсат етіледі.
Инфузия жылдамдығы және енгізілетін ерітіндінің көлемі пациенттің клиникалық жағдайына, дене салмағына, жасына, түріне және қатар жүретін терапия жүргізетін дегидратация/гиповолемия дәрежесіне байланысты.
Инфузия жылдамдығы және дәрілік препараттың жалпы көлемі хирургиялық операциялар кезінде немесе басқа қажеттіліктерде жоғары болуы мүмкін.
Енгізу әдісі мен жолы
Вена ішіне тамшылатып
Емдеу ұзақтығы
Қолдану ұзақтығы науқастың клиникалық жағдайына байланысты.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа (заттарға) аса жоғары сезімталдық;
- жасушадан тыс гипергидратация немесе гиперволемия;
- гипертониялық дегидратация;
- гиперкалиемия;
- гипернатриемия;
- гиперхлоремия;
- гиперкальциемия;
- ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (олигурия/анурия);
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі;
- ауыр гипертензия;
- өкпенің ісінуі, мидың ісінуі, бауыр циррозы кезіндегі асцит;
- ацидоз;
- гиперкоагуляция;
- тромбофлебит;
- метаболизмдік алкалоз;
Өте жиі
- гипергидратация, жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде - қан айналымының үлкен және кіші шеңберлеріндегі іркілісті құбылыстардың ушығуы (шеткері ісіну, өкпенің ісінуі);
- электролиттік бұзылулар.
- аллергиялық реакциялар
- қызба (жылдам енгізу кезінде)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану гипернатриемияға, гиперхлоремияға, гиперкальциемияға, гиперкалиемияға және метаболизмдік ацидозға әкелуі мүмкін.
Артық дозалану немесе тым тез енгізу, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған және натрийдің шығарылуы төмендеген пациенттерде, натрийдің тым артық болуына және ісінудің пайда болуына әкеледі. Бұл жағдайда диализ жүргізу қажет.
Гиперкалиемия симптомдары (калийді шамадан тыс енгізу): аяқ-қол парестезиясы, бұлшықет әлсіздігі, салдану, жүрек аритмиясы, жүрек блокадасы, жүректің тоқтауы және сананың шатасуы.
Емі: кальций, инсулин (глюкозамен), натрий бикарбонатын енгізу, ион алмасу шайырларын немесе диализді пайдалану.
Гиперкальциемия симптомдары: тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, құсу, іш қату, іштің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, сананың шатасуы, полидипсия, полиурия, нефрокальциноз, ауыр жағдайларда жүрек аритмиясы және кома.
Емі: Гиперкальциемияны ушықтыратын, мысалы, D дәрумені сияқты дәрілік препараттарды тоқтату ұсынылады. Гиперкальциемияның ауыр түрінде шұғыл терапия қажет (мысалы, ілмектік диуретиктерді енгізу, гемодиализ, кальцитонин, бисфосфонаттар немесе тринатрий эдетатын тағайындау).
Шағын симптомсыз гиперкальциемия, әдетте, құрамында кальций бар ерітінділердің инфузиясын кальцийсіз ерітінділердің инфузиясымен алмастыру арқылы түзетілуі мүмкін.
Хлор иондарын шамадан тыс енгізу гиперхлоремиялық ацидозға бикарбонаттың жоғалуына әкелуі мүмкін.
Рингер ерітіндісімен бір мезгілде тағайындалған дәрілік препараттың артық дозалануы кезінде тиісті терапия қолданылады.
Жүрек және/немесе өкпе жеткіліксіздігі бар пациенттерге сұйықтықтың көп мөлшерін енгізу тек ерекше жағдайларда, дәрігердің бақылауымен мүмкін болады.
Рингер ерітіндісін инфузиялау кезінде қан плазмасында натрий, калий, кальций және хлор иондары мөлшерін бақылай отырып, су-тұз алмасуының көрсеткіштерін мониторингілеу қажет.
Артериялық гипертензиясы, жүрек жеткіліксіздігі, шеткері ісінуі, өкпенің ісінуі, мидың ісінуі, бүйрек функциясының бұзылуы, преэклампсия, гиперальдостеронизм, басқа аурулары бар немесе организмде натрийдің іркілуі сипатталатын (мысалы, кортикостероидтармен/стероидтармен) ем жүргізілетін пациенттерге натрий хлориді ерітінділерін енгізу (сонымен қатар «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу және өзара әрекеттесудің басқа түрлері» бөлімін қараңыз) сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс.
Жүрек ауруы бар немесе бүйрек немесе бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі, жедел сусыздану, мысалы, ауыр күйіктер нәтижесінде тіндердің айтарлықтай бұзылуы сияқты гиперкалиемияға бейім факторлары бар пациенттерге калий хлориді ерітінділерін енгізу сақтықпен жүргізілуі тиіс.
Кальций хлориді ерітінділерін енгізу экстравазацияны немесе бұлшықет ішіне енгізуді болдырмау үшін вена ішіне енгізу техникасын мұқият орындау арқылы сақтықпен жүргізілуі тиіс. Құрамында кальций иондары бар ерітінділерді бүйрек функциясы бұзылған немесе саркоидоз сияқты D дәрумені концентрациясының жоғарылауымен байланысты аурулары бар пациенттерге сақтықпен енгізу керек.
Рингер ерітіндісін бірге енгізу және қан құю үшін бір инфузиялық жүйені пайдалануға болмайды, себебі бұл қан ұйындыларының пайда болуына әкелуі мүмкін.
Рингер ерітіндісі электролиттердің құрамындағы күрделі бұзылуларды жою үшін қажетті калий мен кальцийдің жеткілікті концентрациясын қамтамасыз етпейді. Сондықтан, Рингер ерітіндісімен дегидратацияны жойғаннан кейін, егер қажет болса, электролиттік бұзылуларды одан әрі түзету үшін басқа инфузиялық ерітінділерді қолдануға болады.
Кез келген жастағы пациенттерде цефтриаксонды қандай да бір құрамында кальций бар венаішілік ерітінділермен араластыруға немесе тіпті жеке инфузиялық жүйелер арқылы немесе әртүрлі инфузиялық орындарға болса да бір уақытта енгізуге болмайды.
Арнайы ескертулер
Балалар
Рингер, инфузияға арналған ерітінді дәрілік препаратын 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану және пайдалану қауіпсіздігі зерттелмеген. Балаларға арналған доза салмаққа, клиникалық жағдайға және зертханалық талдаулар нәтижелеріне байланысты.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге зерттеулер жүргізілген жоқ. Осыған байланысты препаратты осындай пациенттерде қолданғанда сақ болу ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге зерттеулер жүргізілген жоқ. Осыған байланысты препаратты осындай пациенттерде қолданғанда сақ болу ұсынылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде Рингер ерітіндісін қолдану туралы клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізілген жоқ. Жүктілік кезінде ананың болжалды пайдасы ұрық үшін мүмкін болатын қауіптен асатын жағдайларда қолдануға болады. Бала емізу кезеңінде қолданудан бас тарту ұсынылады.
Натриймен байланысты өзара әрекеттесулер:
- кортикостероидтар/стероидтар және карбеноксолон, бір мезгілде қолданғанда натрий мен судың іркілісі жоғарылауы мүмкін (ісіну және артериялық гипертензия).
Калиймен байланысты өзара әрекеттесулер:
- калий жинақтаушы диуретиктер (амилорид, спиронолактон, триамтерен жеке немесе біріктірілімде);
-ангиотензин-өзгертуші фермент (AӨФ) тежегіштері, демек, ангиотензин II рецепторлары антагонистері;
- циклоспорин, такролимус.
Бұл дәрілік препараттар қан плазмасындағы калий концентрациясын жоғарылатады және, мысалы, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде өмірге қауіпті гиперкалиемияның дамуын күшейтуі мүмкін.
Кальциймен байланысты өзара әрекеттесулер:
- оймақгүл гликозидтерінің әсері кальций мөлшерін арттырады және жүрек ырғағының күрделі және өмірге қауіп төндіретін бұзылуларын тудыруы мүмкін;
- кальциймен бір мезгілде тиазидті диуретиктер мен D дәруменін енгізу гиперкальциемияның дамуына себеп болуы мүмкін;
- бифосфонаттардың, фторидтердің, кейбір фторхинолондардың және тетрациклиндердің сіңуі төмендейді, ал кальций тұздарының шығуы артады.
Жүрек гликозидтерімен біріктірілімде олардың уытты әсерінің ықтималдығы артады.
Кальций тұздарын бисфосфонаттармен, фторидтермен, кейбір фторхинолондармен және тетрациклиндермен бір мезгілде қолдану олардың биожетімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
28 күннен асқан пациенттерге (ересектерді қосқанда) цефтриаксонды венаішілік кальций ерітінділерімен, соның ішінде инфузияға арналған Рингер ерітіндісімен, тіпті жеке инфузиялық жүйелер арқылы немесе әртүрлі инфузия орындарына да енгізуге болмайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.