Ең жиі жағымсыз әсерлер - бұл көз конъюнктивасының гиперемиясы және көз шырышты қабығының ашуын сезіну. Көп жағдайда бұл симптомдар әлсіз білінеді.
Жағымсыз әсерлердің жиілік параметрлері келесідей анықталады:
Көру мүшелері:
өте жиі – көз конъюнктивасының гиперемиясы, ашытуды сезіну;
жиі – жедел ашытып күйдіретін немесе қадалып ауыру, аллергиялық конъюнктивит, мөлдір қабықтың эрозиясы, беткейлік кератит, қабақ терісінің қышынуы, конъюнктивалық фолликулит, көру қабілетінің бұзылуы, блефарит, эпифора, көздің шырышты қабығының құрғауы, көзден бөліністер, ауыру, көздің шырышты қабығының тітіркенуі, бөгде денені сезіну;
жиі емес - көру жітілігінің төмендеуі, конъюнктиваның ісінуі, фолликулярлы конъюнктивит, аллергиялық блефарит, конъюнктивит, шыны тәріздес денедегі жүзетін преципитаттар, астенопия, фотофобия, көздің папиллярлы бұлшықеттерінің гипертрофиясы, қабақтың ауыруы, конъюнктиваның бозғылттығы, мөлдір қабықтың ісінуі, мөлдір қабықтың инфильтраттары, шыны тәріздес дененің жыртылуы; жиілігі белгісіз – көрудің бұлыңғырлығы.
Психикалық бұзылыстар:
Жиі –депрессия;
Жүйке жүйесі:
жиі– ұйқышылдық, бас ауыруы;
жиі емес– бас айналуы, естен тану.
Жүрек-қантамыр жүйесі:
жиі – гипертензия;
жиі емес - іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүрек қағуын сезіну; жиілігі белгісіз – аритмия, брадикардия, тахикардия, гипотензия.
Тыныс алу жүйесі:
жиі емес – ринит, мұрын шырышты қабығының құрғауы.
Асқазан-ішек жолы:
жиі – ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы;
жиі емес – дәмнің бұзылуы, жүрек айнуы, диарея.
Тері және тері асты шелмайы:
жиі – қабақтың ісінуі, қабақ терісінің қышынуы, қабақ терісінің қызаруы;
жиі емес – аллергиялық жанаспалы дерматит;
жиілігі белгісіз– бет терісінің қызаруы.
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар:
жиі – астениялық жағдайлар.
Әсер етуші заттардың бірін қолданған кезде жағымсыз әсерлер байқалған, Римосопт препаратын қолданған кезде олардың туындауын жоққа шығаруға болмайды.
Бримонидин
Көру мүшелері: ирит, иридоциклит (алдыңғы увеит), миоз.
Жүйке жүйесі: ұйқысыздық.
Тыныс алу жүйесі: жоғарғы тыныс жолдарының қабыну аурулары, ентігу.
Асқазан-ішек жолы: асқазан-ішек симптомдары.
Енгізу орнындағы жалпы бұзылыстар мен бұзылулар: жүйелі аллергиялық реакциялар.
Тері және тері асты шелмайы: тері реакциялары, оның ішінде терінің қызаруы, бет терісінің ісінуі, қышыну, бөртпе және вазодилатация.
Тимолол
Басқа жергілікті офтальмологиялық препараттар сияқты, Римосопт (бримонидин/тимолол) жүйелі қан ағымына енеді. Тимололдың сіңірілуі жүйелі әсер ететін β-адреноблокаторларды қолданғанда байқалатын жағымсыз әсерлерге ұқсас болуы мүмкін. Жергілікті қолданғаннан кейін жүйелік жағымсыз әсерлердің жиілігі жүйелі қолданғанға қарағанда төмен.
Иммундық жүйе: жүйелі аллергиялық реакциялар, оның ішінде Квинке ісінуі, есекжем, жергілікті және жайылған бөртпе, қышыну, анафилаксиялық реакциялар.
Зат алмасу: гипогликемия.
Жүйке жүйесі: ұйқысыздық, түнгі қорқынышты түстер, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, елестеулер, ми қан айналымының бұзылуы, ми ишемиясы, миастения gravis симптомдарының нашарлауы, парестезия.
Эндокриндік жүйе: гипогликемия, қант диабеті бар пациенттерде гипогликемия симптомдарын бүркемелеу.
Көру мүшелері: кератит, көздің қантамыр қабығының ажырауы (фильтрациялық хирургиялық емдеуден кейін), мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, мөлдір қабықтың эрозиясы, птоз, көзге қосарланып көріну.
Жүрек-қантамыр жүйесі: кеуде аймағындағы ауырсыну, ісіну, атриовентрикулярлық блокада, жүректің тоқтап қалуы, жүрек жеткіліксіздігі, Рейно синдромы, аяқ-қолдарда суықты сезіну
Тыныс алу жүйесі: бронх түйілуі (негізінен анамнезде бронх түйілу аурулары бар пациенттерде), ентігу, жөтел.
Асқазан-ішек жолы: диспепсия, іштің ауыруы, құсу.
Тері және тері асты шелмайы: алопеция, псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаздың өршуі, тері бөртпесі.
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер: миалгия.
Жыныс мүшелері және сүт безі: сексуалдық дисфункция, либидоның төмендеуі.
Жалпы бұзылыстар: қажу.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz