Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозировка
200 мг
Торговое наименование
Рибоксин
Действующее вещество
Инозин
Назначение
Ишемиялық жүрек ауруы, миокард инфарктісінен кейінгі миокардиодистрофия, жүрек гликозидтерін қолдану себеп болатын жүрек ырғағының бұзылулары
Производитель
Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Страна
Беларусь
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – инозин (100% затқа шаққанда) – 200 мг;
қосымша заттар: сахароза, картоп крахмалы, повидон, стеарин қышқылы, опадрай II (құрамында: поливинил спирті, ішінара гидролизденген, тальк, макрогол 3350 (полиэтиленгликоль), сары түсті бояйтын пигмент (құрамында титанның қостотығы E 171, темірдің сары тотығы E 172, хинолинді сары негізіндегі алюминий лагы Е 104 бар).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі жақ беті дөңес сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қиығында екі қабаты көрінеді.
Дәрілік препарат ересектерде кешенді ем құрамында қолдануға арналған.
• ишемиялық жүрек ауруы, миокард инфарктісінен кейінгі миокардиодистрофия, жүрек гликозидтерін қолдану себеп болатын жүрек ырғағының бұзылулары
• гепатит, бауыр циррозы, алкоголь немесе дәрілік препараттар тудырған бауырдың май басу дистрофиясында
• урокопропорфирия
Қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек!
Метаболизмдік дәрі, аденозинтрифосфат ізашары, гипоксияға қарсы, метаболизмдік және аритмияға қарсы әсер көрсетеді. Миокардтың энергетикалық теңгерімін арттырады, коронарлық қан айналымын жақсартады, бүйректің операция кезіндегі ишемиясының зардаптарын болдырмайды. Глюкоза алмасуға тікелей қатысады және гипоксия жағдайларында әрі аденозинтрифосфат болмағанда алмасуды белсендіруге ықпал етеді.
Тіннің қалыпты тыныстау үдерісін қамтамасыз ету үшін пирожүзім қышқылының метаболизмін белсендіреді, сондай-ақ ксантин-дегидрогеназаның белсенуіне ықпал етеді. Нуклеотидтер синтезін көтермелейді, Кребс циклының кейбір ферменттерінің белсенділігін күшейтеді. Жасушаларға өтіп, энергетикалық деңгейді арттырады, миокардтағы алмасу үдерістеріне оң әсерін көрсетеді, жүректің жиырылу күшін арттырады және диастолада миокардтың толығырақ босаңсуына ықпал етеді, соның нәтижесінде екпінді қан көлемі ұлғаяды.
Тромбоциттер агрегациясын төмендетеді, тіндер (әсіресе, миокард және асқазан-ішек жолының шырышты қабығы) регенерациясын белсендіреді.
Дозалау режимі
Ересектерге тәуліктік 600–2400 мг дозада тағайындалады. Емдеу күніне 3–4 рет 200 мг қолданудан басталады. Жағымсыз әсері болмаса, 2–3 күн өткен соң дозаны күніне 3 рет 400 мг дейін арттырады. Әр 2–3 күн сайын дозаны арттыруды жалғастыра отырып, Рибоксинді бастапқыда күніне 4 рет, ал кейін күніне 6 рет 400 мг дозада қабылдауға ауысады. Емдеу курсы 1–3 айға созылады.
Порфирия өршуінде препарат 1–3 ай бойы күнделікті күніне 4 рет 400 мг тағайындалады.
Енгізу әдісі және жолы
Тамақтануға дейін ішке қолданылады.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• подагра
• 2-3 дәрежедегі брадиаритмиялар
• синустық түйін әлсіздігі cиндромы
• WPW – синдром, Моргань - Адамс – Стокс симптомы
• 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Иммундық жүйе, тері және тері асты шелі тарапынан: аллергиялық/анафилаксиялық реакциялар (оның ішінде қышыну, тері гиперемиясы, есекжем, бөртпе, анафилаксиялық шок).
Зат алмасу, метаболизм тарапынан: гиперурикемия, үлкен дозаларда ұзақ уақыт қолдану кезінде подагра өршуі болуы мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: тахикардия, артериялық гипотензия бас ауырумен, ентігумен, бас айналумен, жүрек айнумен, құсумен, тершеңдікпен қатар жүруі мүмкін.
Басқа да: қанда несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, жалпы әлсіздік.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жеке жақпаушылық құбылыстары болғанда дәрілік препаратты қабылдау тоқтатылады және десенсибилизациялау емі жүргізіледі. Қанда несеп қышқылының деңгейі жоғарылауы мүмкін, ол подаграмен ауыратын пациенттерде препаратты тоқтату қажет болатын өршуіне алып келеді.
Бүйрек жеткіліксіздігінде препаратты, дәрігердің пікірінше, күтілетін оң әсері болжамды қауіптен асып түссе ғана қолдануға болады.
Емдеу кезінде қандағы несеп қышқылының деңгейін жүйелі бақылап отыру керек.
Рибоксин жүрек қызметінің бұзылуларын шұғыл түзету үшін қолданылмайды.
Қышыну және тері гиперемиясы пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату керек.
Арнайы сақтандырулар
Дәрілік препарат құрамында сахароза бар, оны қант диабеті бар пациенттер ескеру керек.
Осы дәрілік препарат сирек туа біткен фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактозалық мальабсорбциясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.
Педиатрияда қолдану
Деректер болмауына байланысты, дәрілік препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Рибоксин жүктілік және лактация кезеңінде пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, тағайындалады.
Бір мезгілде қолданғанда анаболикалық стероидтар мен стероидты емес анаболикалық дәрілер әсерлерін күшейтеді.
Теофиллиннің бронхолитикалық әсерін және кофеиннің психостимуляциялау әсерін әлсіретеді.
Алкалоидтармен үйлесімсіз, олармен өзара әрекеттескенде алкалоид негізінің ажырауы және ерімейтін қосылыстар түзілуі жүреді.
Танинмен шөгінді түзіледі.
Қышқылдармен және спирттермен, ауыр металдар тұздарымен үйлеспейді. В6 дәруменімен (пиридоксин гидрохлориді) үйлесімсіз, өйткені екі қосылыстың да белсенділігінен айырылуы туындайды.
Рибоксин әсері бета-адреноблокаторлармен қабылдағанда кемімейді. Жүрек гликозидтерімен біріктіргенде препарат аритмияның туындауына жол бермейді және инотропты әсерін күшейте алады.
Рибоксин гепариннің әсерлерін күшейте отырып, оның әсер ету ұзақтығын арттырады.
Гипоуремиялық дәрілермен бірге қолдану олардың әсерін әлсіретеді.
Нитроглицерин, нифедипин, фуросемид, спиронолактонмен бір мезгілде қолдануға болады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.