Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капли для приема внутрь
Торговое наименование
Резистол
Действующее вещество
Препараты применяемые при кашле и простудных заболеваниях
Назначение
Жедел және созылмалы инфекциялар, әсіресе тыныс алу жолдарының және құлақ, тамақ пен мұрын аумақтарының инфекциялары, мысалы, бронхит, синусит, тонзиллярлы баспа, ринофарингит
Производитель
ПАО Галичфарм
Страна
Украина
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
белсенді зат: 1 мл ерітіндінің құрамында пеларгоний тамырларының сұйық экстрактісі (Pelargonii radix extractum liquidum) (экстрагенттер: 40 % этанол (к./к.), 10 % этанол (к./к.)) (1:8-10) 814.4 – 830.4 мг;
қосымша зат: глицерин (85 %).
Сыртқы түрінің сипаттамасы
Ашық-қоңырдан қызыл-қоңыр түске дейінгі сұйықтық. Сақтау үдерісінде шөгінділер пайда болуына және бұлыңғырлануына жол беріледі.
Жедел және созылмалы инфекциялар, әсіресе тыныс алу жолдарының және құлақ, тамақ пен мұрын аумақтарының инфекциялары, мысалы, бронхит, синусит, тонзиллярлы баспа, ринофарингит.
Резистол препаратының құрамында отаны Оңтүстік Африка болып табылатын пеларгоний сидоид (Pelargonium sidoides) тамырынан алынған экстракт бар.
Экстрактті ішу арқылы қабылдаған кезде ауру белгілерінің азайғаны байқалған (инфекцияға байланысты болатын аурудың спецификалық емес симптомдары) және антиоксидантты қасиеттер көрініс бергені белгілі.
In vitro зерттеу барысында препараттың мынадай әсерлері байқалған:
спецификалық емес қорғаныш механизмдерін стимуляциялайды:
- кірпікшелі эпителий түктерінің тербеліс жиілігін стимуляциялайды;
- интерферон синтезі мен қабынуға қарсы цитокиндер модуляциясы;
- NK-жасушалары белсенділігін стимуляциялау;
- фагоцитоз, адгезивті молекула экспрессиясы, хемотаксис стимуляциялануы
микробқа қарсы белсенділік:
- орташа тікелей бактерияға қарсы және вирусқа қарсы белсенділік;
- эпителий жасушаларына А тобы стрептококкта адгезиясының күшеюі/тежелуі;
- ß-лактамаза белсенділігін тежейді;
цитопротективті қасиеттері:
- адамның лейкоциттік эластазасы белсенділігінің тежелуі;
- антиоксидантты қасиеттері.
Дозалау режимі
Дәрігеріңіздің басқа нұсқаулары болмаған жағдайда келесі дозалау режимі ұсынылады:
ересектерге: күніне 3 рет 30 тамшыдан.
12-ден 18 жасқа дейінгі балаларға: күніне 4 рет 22 тамшы.
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: күніне 3 рет 20 тамшы.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: күніне 3 рет 10 тамшы.
Тамшыларды аздаған мөлшердегі сумен таңертең, күндіз және кешке қабылдау керек.
Құтыны тігінен ұстап, қажет болса оның түбін аздап қағуға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдану үшін.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 7 – 10 күн. Симптомдар басылғаннан кейін аурудың қайталануын болдырмас үшін препаратты бірнеше күн бойы қабылдауды жалғастыру ұсынылады. Емдеу ұзақтығы 3 аптадан аспауы керек.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- қан кетуге бейімділіктің жоғарылауы
- антикоагулянттарды қолдану
- бауырдың ауыр аурулары
- 1 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Жиі емес (≥ 1/1 000 - < 1/100):
- асқазан-ішек бұзылыстары (асқазанның ауыруы, қыжыл, жүрек айнуы немесе диарея)
Сирек (>1/10 000 - <1/1 000):
- қызыл иектен аздап қан кету,
- мұрыннан аздап қан кету,
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (терідегі бөртулер, есекжем, терінің және шырышты қабықтардың қышынуы).
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
бауыр функциясының көрсеткіштерінің жоғарылауы. Осы көрсеткіштердің жоғарылауы мен препаратты қолдану арасындағы себеп - салдарлық байланыс көрсетілмеген.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Егер бір аптаның ішінде жай-күйіңіз жақсара қоймаса, немесе егер сізде бірнеше күн бойы жоғары температура басылмаса, бауыр функциясының бұзылу белгілері пайда болған жағдайда, сондай-ақ егер сізде ентігу немесе қан аралас қақырық пайда болса, дереу дәрігерге жүгініңіз.
Арнайы ескертулер
Резистол препаратында көлемі 12 % дейін этанол болады. Нұсқаулыққа сай препаратты қолданған кезде әр дозамен (10 – 20 – 22 –30 тамшы) шамамен 0,044 – 0,088 – 0,0968 – 0,132 г спирт қабылданады, бұл бауыр ауруы және церебральді аурулары бар пациенттердің, алкоголизммен, эпилепсиямен ауыратын, жүкті, бала емізетін әйелдердің және 1 жасқа дейінгі балалардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Сұйық өсімдік тектес экстрактілері ұзақ уақыт сақталғаннан кейін бұлыңғырлануға бейімділігімен сипатталады, алайда, бұл дәрілік заттың тиімділігіне еш әсер етпейді.
Резистол табиғи өнім болғандықтан, препараттың бұлыңғырлануы және түсі мен дәмінің аздап өзгеруі байқалуы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
1 жасқа дейінгі балалардың денсаулығына қауіп төндіреді (жоғарыдан қараңыз).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдердің Резистол препаратын қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан, жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Осы уақытқа дейін Резистол препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы хабарламалар жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Ашқаннан кейін 3 айдан асырмай сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.