Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлер
Препарат компоненттері тиісті рецепторлармен эндогенді реттегіштердің лиганд-рецепторлық өзара әрекеттесу белсенділігін модификациялайтыны тәжіибеде көрсетіліп отыр: морфинге антиденелер – апиынды рецепторлармен; гистаминге антиденелер – H1-гистаминдік рецепторлармен; брадикининге антиденелер – B1-брадикинин рецепторларымен; бұл ретте компоненттерді бірге қолдану жөтелге қарсы әсерінің күшеюіне әкеледі.
Жөтелге қарсы әсерінен басқа кешенді препарат оған кіретін компоненттер есебінен қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, аллергияға қарсы, түйілуді басатын (гистаминге антиденелер, брадикининге антиденелер) және ауыруды басатын (морфинге антиденелер) әсер береді.
Ренгалин кешенді препараты Н1-рецепторлардың гистаминге тәуелді белсенділігінің және B2-рецепторлардың брадикининге тәуелді белсенділігінің модификациясы есебінен сопақша мидың жөтел орталығы қозғыштығын іріктеп төмендетеді, жөтел рефлексінің орталық буындарын тежейді. Таламуста ауыру сезімталдығы орталығын бәсеңдетіп, ми қабығына ауыру импульстарының берілуін тежейді. Шеткеріден ауыру импульстері ағымын тіндік және плазмалық альгогендердің босап шығуын азайту салдарынан (гистамин, брадикинин, простогландиндер және т.б.) тежейді. Есірткілік анальгетиктерден айырмашылығы тыныс алудың бәсеңдеуін, дәрілік тәуелділікті туындатпайды, наркогенді және ұйықтататын әсері жоқ.
Бронх түйілуін азайта отырып, жедел фарингит, ларингит және бронхит көріністерін жеңілдетеді. Гистамин мен брадикининнің синтезі және жуан жасушалар босап шығуына әсер ету есебінен аллергиялық реакциялардың жүйелік және жергілікті симптомдарын бәсеңдетеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Ренгалин препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі Ренгалин препаратын тыныс алу жолдарының жедел вирустық ауруларынан туындаған жөтелді емдеуде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігін көп орталықты салыстырмалы рандомизацияланған клиникалық зерттеу шеңберінде көрсетілді.
Препараттың жөтелге қарсы тиімділігі пациенттің жөтелге алаңдайтын ауру кезеңін азайту болды. Ренгалин препаратының жөтелдің жалпы ұзақтығы бойынша антитуссивті әсері Коделак® (р<0,025) препаратының белсенділігімен салыстырмалы болды. Жөтелді толық басу мерзімі (күндізгі және түнгі) орта есеппен 7,2±1,0 тәулікті құрады (Коделак®препараты тобында 7,0±1,1 қарсы).
Ренгалин препаратын қолданудың тиімділігі емдеудің алғашқы күнінен бастап жөтел қарқындылығының айқын төмендеуінде көрінді. Емнің жеті күнінің нәтижесінде жөтелдің айқындылығы -3,1±0,9 балға төмендеді (Коделак® препаратының тобында -3,1±1,0 балға қарсы, бұл салыстырмалы болды; р<0,05), емдеу курсының аяқталуына екі топта 0,2±0,5 балды құрады.
Ренгалин препаратының жөтелге қарсы әсері емнің барлық кезеңі бойы жөтел дүмпулері санының оң динамикасымен расталды(тәулігіне -10,7±14,5; Коделак® препаратының тобында -8,4±11,0).
Емдеу нәтижесінде пациенттердің 44% - ында күнделікті белсенділігі мен ұйқысын бұзған өнімсіз құрғақ жиі жөтел пациенттердің 76%-ында толық емделді, зерттеудің қалған қатысушылары жалғыз («қалдық жөтел») түрінде сақталды.
Жедел респираторлық инфекция аясында жөтелі бар пациенттердің жағдайының оң өзгеруі олардың өмірі мен ұйқысының сапасына әсер етті. SF-36 сауалнамасы арқылы бағалау Ренгалин препаратымен емдеудің 7 күнінен кейін денсаулықтың физикалық және психологиялық компоненттерінің орташа есеппен 10% жақсарғанын көрсетті. Бір аптадағы ұйқы сапасы көрсеткішінің қорытынды оң динамикасы, сондай-ақ Ренгалин препаратымен емдеу аясында өмір сүру сапасын жиынтық бағалау динамикасы Коделак® препаратын (р<0,025) қабылдау нәтижелерімен салыстырылды.
Жағымсыз құбылыстар мен зертханалық көрсеткіштердің мониторингі Ренгалин препаратының қауіпсіздігін растады. Зерттеу барысында препаратты қолдану кезінде елеулі жағымсыз құбылыстар тіркелген жоқ. Зерттеуші дәрігердің пікірінше, эозинофилдер санының қалыпты өсуі түріндегі бір жағымсыз құбылыс жүргізілген еммен екіталай байланыста болды.
Ренгалин препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) бар пациенттерде жөтелді емдеудегі Ренгалин препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігінің қатар топтарында көп орталықты салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын рандомизацияланған клиникалық зерттеу шеңберінде көрсетілді.
Жақшаларда Per Protocol (PP) үлгісі туралы мәліметтер көрсетілген.
Ренгалин препаратын базистік емге қосымша 4 апта ішінде қолдану пациенттер тек базистік ем препараттарымен емделген Плацебо тобымен салыстырғанда пациенттердің едәуір үлкен пайызында жөтел ауырлығының төмендеуіне әкелді. Ренгалин препаратымен емдеуге жауап берген пациенттердің үлесі 83,6 [85,7] % құрады (Плацебо тобында 72,6 [72,7] % қарсы; р=0,0422 [p=0,0163]). Емдеудің 4 аптасынан кейін жөтел ауырлығының екі есе төмендеуі Ренгалин препараты тобы пациенттерінің 42,2 [43,8] %-ында (Плацебо тобындағы 32,7 [32,7] %-ға қарсы; р=0,1373 [p=0,0907]) байқалды. Ренгалин препаратын 4 апта бойы қабылдау ӨСОА әсерін пациенттердің өміріне едәуір азайтты: САТ жиынтық балы 3,3±4,2 [3,6±3,9] балға (Плацебо тобында 2,5±4,1 [2,5±4,2] қарсы) төмендеді, топтар арасындағы айырмашылық 0,79±4,16 [1,04±4,02] балды құрады (р=0,0870 [р=0,0416]).
Ренгалин пациенттердің өмірлік маңызды функцияларының көрсеткіштеріне теріс әсер етпеді, соның ішінде ЖҚЖ, ТЖ, САҚ және ДАҚ. Әр түрлі MedDRA кодтарына жататын ЖҚ бар пациенттердің саны екі топтың арасында айтарлықтай айырмашылықтар болған жоқ (Ренгалин препаратының тобы, Плацебо тобы). Ауырлық дәрежесіне (p=1,00) және препаратпен себеп-салдарлық байланыстың сенімділігіне (p=1,00) байланысты ЖҚ бөлу жиілігі екі топта да ерекшеленбеді. Зерттелетін препаратпен сенімді байланысы бар бірде-бір ЖҚ тіркелген жоқ.
Ренгалин препаратының ӨСОА базистік ем препараттарымен (М-холинолитиктермен, қысқа және ұзақ әсер ететін бета2-адренорецепторлар агонистерімен, ИГКС) және қатар жүретін ем препараттарымен, оның ішінде ангиотензин рецепторлары антагонисттерімен, кальций арналары блокаторларымен, бета-адреноблокаторлармен, диуретиктермен, имидазолинді рецепторлардың агонистерімен, статиндермен, антиагреганттармен, пероральді гипогликемиялық препараттармен, нитраттармен және нитрат тәрізді дәрілермен, альфа-адреноблокаторлармен, ми қан айналымы бұзылыстарының түзеткіштерімен, ноотропты препараттармен, біріктірілген пероральді контрацептивтермен, өзара әрекеттесу жағдайлары анықталмаған. Емдеуді пациенттер жақсы қабылдады және комплаенттіліктің жоғары пайызы болды.