Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Дозировка
50 мг
Торговое наименование
Ремантадин®
Действующее вещество
Римантадин
Назначение
Ересектер мен 10 жастан асқан балаларда аурудың ерте сатысында А типті тұмауды емдеу үшін
Производитель
Олфа
Страна
Латвия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - римантадин гидрохлориді, 50 мг.
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, стеарин қышқылы
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр тәрізді, ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік таблеткалар.
- ересектер мен 10 жастан асқан балаларда аурудың ерте сатысында А типті тұмауды емдеу үшін
- ересектерде және 10 жастан балаларда асқан эпидемия кезінде А типті тұмаудың профилактикасы үшін
Римантадин тұмауға қарсы вакцинацияны алмастырмайды.
А тұмауы вирусының жекелеген серотиптеріне резистенттілік әр жылдары және әлемнің әр аймақтарында ерекшеленуі мүмкін. Тұмауды емдеуге және профилактикасына арналған вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми ұсынымдар негізінде анықталуы тиіс. Римантадинді емдеу және профилактика үшін пайдалануға қатысты шешім қабылдайтын дәрігер айналымдағы тұмау вирустары туралы ақпаратты, сондай-ақ әрбір жыл мезгілі және аймақ үшін вирустардың дәрілік затқа сезімталдығы туралы қолжетімді ақпаратты ескеруі тиіс.
Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Циклдік аминдер. Римантадин.
АТХ коды: J05АC02
Римантадин вирусқа қарсы белсенділігі айқын амантадин туындысы болып табылады. Ол А типті тұмау вирустарына қарсы тиімді. Римантадиннің В тұмауы вирустарына қарсы әсері жоқ немесе аз ғана. Римантадин циклдың ерте сатысында вирус репликациясын бәсеңдетеді, вирус қабығының түзілуін тежеуі ықтимал. Генетикалық зерттеулер ремантадиннің тұмау вирусына қарсы вирусқа қарсы әрекетінде М2 вирион генінің ерекше протеині маңызды екенін көрсетті. Римантадин in vitro А тұмауы вирусының (H1N1, H2N2 және H3N2) адамнан оқшауланған барлық үш антигендік кіші түрлерінің репликациясын бәсеңдетеді. Римантадин М2 жарғақшасы протеинінің иондық каналдарының белсенділігін бәсеңдетеді. Нәтижесінде эндосомалы вирустық қабықтың фузиясы үшін және рибонуклеопротеин кешенінен М1 матрицасы протеинінің диссоциациясы үшін қажет вирустың ішкі ортасының ацидификациясының бәсеңдеуі орын алады. Осылайша инфекцияның ерте сатысында вирус репликациясын бөгеледі.
А тұмауы вирусының римантадинге in vitro сезімталдығы мен дәрілік заттың клиникалық тиімділігі арасындағы корреляция анықталған жоқ. Сезімталдық тестілерінің нәтижелері (жасуша өсіріндісінде вирус репликациясының бәсеңдеуі 50% және одан да көп болатын дәрілік заттың концентрациясымен айқындалған) экспериментте пайдаланылған жасуша өсіріндісінде, қоректік ортаға, А тұмауы вирусының енгізілген штаммына және көлеміне байланысты 4 нг/мл-ден 20 мкг/мл-ге дейін ауытқиды.
А тұмауы вирусының оқшауланған эпидемиялық штаммдары арасында римантадинге төзімді штаммдар пайда болады. Егер римантадин шектеулі ортада қолданылса резистентті штаммдар да түзіледі. Резистентті вирустар трансмиссивті және өзіне тән тұмау тәрізді ауру туындатады. А тұмауының жекелеген серотиптеріне резистенттілік әр жылдары және әлемнің әр аймақтарында ерекшеленуі мүмкін, сондықтан емді бастар және профилактика алдында вирустың аймақтағы сезімталдығын сәйкестендіру қажет.
Римантадин А тұмауының белсенділігі жойылған вакцинасының иммуногенетикалық қасиеттеріне ықпал етпейді. Вакцинациядан кейін, тұмау эпидемиясы туындағанда римантадин антиденелер түзілуі үшін қажетті сол 2-4 апта уақытта аурудан қорғай алады.
Дозалау режимі
Ересектер және 10 жастан асқан балалар
Ремантадин препаратын қабылдауды тұмаудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Егер дәрілік затты қабылдау ауру пайда болғаннан кейін 48 сағат ішінде басталса, емдік әсері анағұрлым айқын болады.
Дозалар
Ересектер және 10 жастан асқан балалар
Тұмауды емдеу
Ересектер мен 10 жастан асқан балалар: 2 таблеткадан (100 мг) күніне 2 рет тағайындалады.
Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерге 2 таблеткадан (100 мг) күніне бір рет тағайындалады.
Емдеу курсының ұзақтығы 5 күнді құрайды.
Тұмау профилактикасы
Ремантадин қолдануды тұмау эпидемиясы басталысымен бастау керек. Оны тұмау эпидемиясы кезінде, бірақ 2 аптадан асырмай қабылдау қажет.
Ересектер мен 10 жастан асқан балалар: 2 таблеткадан (100 мг) күніне 2 рет.
Егде жастағы адамдар және асқыну қаупі жоғары пациенттер: дозасы күніне бір рет 100 мг құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Ремантадин препаратын бауыр функциясының ауыр бұзылулары кезінде қолдануға болмайды. Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерге дәрігер римантадин тағайындар алдында күтілетін пайдасы мен ықтимал қаупін бағалауы тиіс. Қажет болса, доза түзетіледі: күніне бір рет 100 мг. Аталған топтың пациенттерін мұқият қадағалау қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ремантадин препаратын бүйрек функциясының ауыр бұзылулары кезінде қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерге дәрігер римантадин тағайындар алдында күтілетін пайдасы мен ықтимал қаупін бағалауы тиіс. Қажет болса, доза түзетіледі: күніне бір рет 100 мг. Аталған топтың пациенттерін мұқият қадағалау қажет.
Енгізу әдісі мен жолы
Ремантадин препаратын ас ішкеннен кейін, жеткілікті мөлшердегі сумен бірге қабылдайды.
- адамантан тобының туындыларына немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- бауырдың ауыр аурулары
- бүйректің ауыр және созылмалы аурулары
- тиреотоксикоз
- 10 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Жиі
- ұйқысыздық
- жүрек айнуы, құсу
Жиі емес
- депрессия, эйфория, елестеулер
- бас айналуы, бас ауыруы, қатты қозғыштық, зейін қоюдың бұзылуы, атаксия, ұйқышылдық, гиперкинез, тремор, абдырау, құрысулар, иіс сезудің өзгеруі немесе жоғалуы
- құлақтың шыңылдауы
- жүрек қағуы, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек блокадасы, тахикардия
- гипертензия, цереброваскулярлы бұзылыстар, естен тану
- ентігу, бронх түйілуі, жөтел
- тәбет болмауы, ауыздың құрғауын сезіну, іштің ауыруы, диарея, диспепсия
- тері бөртпесі
- астения, шаршау
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- қышыну, папулезді бөртпе, жайылған бөртпе, есекжем.
Әсіресе асқазан-ішек жолы және жүйке жүйесі тарапынан болатын жағымсыз әсерлер жиілігі ұсынылған дозадан асырғанда ұлғаяды.
Жекелеген жағдайларда, ұсынылған дозадан асырғанда көздің жасаурауы, анағұрлым жиі несеп шығару, қызба, іш қату, терлеу, стоматит, гипестезия, көздің ауыруы байқалды.
Әдетте жағымсыз әсерлер дәрілік затты қолдануды тоқтатқаннан кейін кетеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарланбаған. Уланған жағдайда өмірлік маңызды функцияларды демеу қажет.
Римантадиннің химиялық аналогы – амантадинмен улану оқиғасы белгілі.
Симптомдары: қозу, елестеулер, аритмия, өліммен аяқталу.
Емі: физостигминді ересектерге 1-2 мг және балаларға – 0,5 мг вена ішіне енгізу, қажет болса қайталаумен, бірақ сағатына 2 мг артық емес.
Ремантадин гемодиализ арқылы шығарылмайды.
Арнайы ескертулер
Асқазан-ішек жолдарының аурулары, ауырлығы жеңіл не орташа дәрежедегі бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары, жүректің ауыр сипатты аурулары және жүрек ырғағының бұзылулары бар пациенттерге, егде жастағы адамдарға сақ болу керек. Мұндай жағдайларда препарат дозасын төмендету керек.
Анамнезінде эпилепсия және құрысуға қарсы ем жүргізілгені көрсетілсе, Ремантадинді қолдану аясында эпилепсия ұстамаларының даму қаупі артады. Мұндай жағдайларда Ремантадин дозасын күніне 100 мг дейін төмендетеді. Егер ұстама дамыса, Ремантадин қабылдауды тоқтатады.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Ремантадин бауыр функциясының ауыр бұзылуларында қолдануға болмайды. Бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылулары бар пациенттерге римантадинді қолдану туралы қол жетімді деректер шектеулі. Римантадинді тағайындамас бұрын дәрігер күтілетін пайда мен ықтимал қауіпті, сондай-ақ дозаны түзету қажеттілігін бағалауы керек. Пациентті мұқият бақылау керек, өйткені римантадин бауырда қарқынды метаболизденеді және оның метаболиттерінің жинақталуына байланысты препаратты бірнеше рет қолданғаннан кейін жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.
Бүйрек қызметі бұзылған пациенттер
Ремантадин бүйрек функциясының ауыр бұзылуларына бұзылуларында қолдануға болмайды. Жедел немесе созылмалы бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге римантадинді қолдану туралы қол жетімді мәліметтер шектеулі. Римантадинді тағайындамас бұрын дәрігер күтілетін пайда мен ықтимал қауіпті, сондай-ақ дозаны түзету қажеттілігін бағалауы керек. Пациентті мұқият бақылау керек, өйткені Ремантадин мен оның метаболиттерінің жинақталуына байланысты препаратты бірнеше рет қолданғаннан кейін жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.
Лактоза. Бір таблетканың құрамында 74,5 мг лактоза бар. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ремантадин көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді, бірақ бас айналуы, бас ауыруы немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа жағымсыз әсерлер пайда болатын адамдар сақ болуы керек.
Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Ремантадин эпилепсияға қарсы препараттардың тиімділігін төмендетеді.
Адсорбенттер, тұтқыр және бүркемелегіш дәрілер Ремантадиннің сіңуін азайтады.
Парацетамол және ацетилсалицил қышқылы Ремантадиннің қан плазмасындағы концентрациясын және тиімділігін төмендетеді.
Циметидин организмнен әсер етуші заттың шығарылуын төмендетеді.
Алкогольді тұтынуды тоқтату керек, өйткені орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан және ылғалдан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек !
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.