Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Мазь ректальная
Торговое наименование
Релиф®
Действующее вещество
Фенилэфрин
Назначение
Сыртқы және ішкі геморройда
Производитель
Фамар А.В.Е.
Страна
Греция
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
• 1 грамм жақпамайдың құрамында
белсенді зат: 2.5 мг фенилэфрин гидрохлориді бар;
қосымша заттар: минералды май, ақ петролатум (вазелин), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сусыз ланолин, бензой қышқылы, жүгері майы, глицерин, ланолин спирті, қатты парафин, тазартылған су, жебіршөп майы, альфа-токоферол (Е дәрумені), ақ балауыз.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән әлсіз иісі бар, бөгде бөлшектері жоқ сары жақпамай.
– сыртқы және ішкі геморройда
– артқы өтіс жолының сызатында, эрозиясында және микрожарақаттарында
– қышыну, күйдіру және анальді жайсыздықтың симптоматикалық емінде
Вазопротекторлар. Геморрой және анальді сызаттарды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған дәрілер. Геморрой және анальді сызаттарды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілер. Басқа да препараттар және олардың біріктірілімдері.
АТХ коды C05АХ03
Фармакодинамикалық әсерлер және әсер ету механизмі:
Фенилэфрин гидрохлориді альфа-адреномиметик болып табылады, жергілікті қан тамырларын тарылтатын әсері бар, бұл геморрой мен перианальді аумақтың басқа ауруларында тіндер экссудациясы мен ісінуін, қан кетулер мен веналарға қан толуын, қышынуды, серозды бөлінулерді азайтуға ықпал етеді.
Релиф препараты қышынуда, күйдіруде, геморройға қатысты жайсыздықтарда тыныштандыратын әсер береді.
Дозалау режимі
Препаратты күніне 4 ретке дейін қолданады (таңертең, түнге қарай және әрбір үлкен дәреттен кейін). Емдеу ұзақтығы – симптомдар жоғалғанға дейін.
Енгізу әдісі мен жолы
Ректальді.
Препаратты гигиеналық шаралар жасағаннан кейін қолдану керек.
Жақпамайды қолданар алдында зақымдалған орынды ылғал сүрткімен сүртіп, құрғату қажет. Жақпамайды тік ішекке енгізу үшін, аппликатордың қорғаныш қалпақшасын шешіп алу керек, аппликаторды сықпаға бекітеді, жақпамайды сықпадан абайлап сығып шығарады. Аппликаторды жақсылап майлап, оны сақтықпен тік ішекке енгізеді. Жақпамай сондай-ақ артқы өтіс аумағының терісіне жағылады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Қолдану тәсілі бойынша мәселе туындаған жағдайда медициналық қызметкерге жүгініңіз.
– әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
– жүктілік және лактация кезеңі
– 12 жасқа дейінгі балалар
– аллергиялық реакциялар ықтимал
- қолданған жердегі тітіркену (жанаспалы немесе аллергиялық дерматит)
– аритмия, артериялық қан қысымның жоғарылауы
– гипертиреоз симптомдарының өршуі
– тремор, ұйқысыздық, күйгелектік
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: ұсынылатын дозалардан шамадан тыс арттырған жағдайда мазасыздық, күйгелектік байқалуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық.
Аппликаторды, егер оны тік ішекке енгізу ауыртатын болса, пайдаланбаған жөн.
Аппликаторды әр қолданудан кейін мұқият дезинфекциялап, қорғағыш қалпақшасына салып қояды.
Арнайы ескертулер
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық аурулары, қалқанша без аурулары (гипертиреоз) бар пациенттерге, жабық бұрышты глаукома кезінде сақтықпен қолданған дұрыс. Мұндай пациенттерде фенилэфрин жүрек қағуын, тахикардияны, артериялық қысымның артуын, күйгелектікті, мазасыздықты туындатуы мүмкін.
Қант диабеті бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн, фенилэфрин қанда глюкоза концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Бұл құбылыстар әдетте өтпелі және елеусіз болады, сондықтан ұсынылатын тәуліктік дозасын асырып қабылдауға болмайды.
Гипертрофияға немесе қуық асты безі ісіктеріне байланысты несеп шығаруға қиындықтары бар адамдарда сақтықпен қолдану керек: фенилэфрин альфа-1-адренорецепторларын тітіркендіру арқылы қуық мойны тегіс бұлшықеттерінің жиырылуы есебінен қуық асты безі ұлғайған науқастарда несеп шығарудың қиындауын туындатуы мүмкін.
Фенилэфринді жергілікті қолдану кейбір адамдарда альфа-1-адренорецепторлар стимуляциясы арқылы артериялық гипертензияға әкелуі мүмкін, мұны осы препаратты гипотензиялық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда ескеру керек.
Препаратты МАО тежегіштерімен бір мезгілде тағайындамау керек, бұл артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Жүйелік жағымсыз әсерлерінің аз болуы үшін, егер оны дәрігер жазып бермесе, ұсынылатын тәуліктік дозаны арттырмау керек.
Препаратты 7 күн бойы қабылдаған соң жағдайы нашарласа немесе жақсаруы байқалмаса, пациенттер дәрігерге қаралулары тиіс.
Препараттың құрамында аллергиялық реакциялар (баяу болуы мүмкін) туындататын пропилпарагидроксибензоат және метилпарагидроксибензоат бар.
Бензой қышқылы артқы өтіс шырышты қабығының тіттіркенуін туындатуы мүмкін.
Ланолин жергілікті терілік реакциялар (жанаспалы дерматит) туғызуы мүмкін.
Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерде қолдану қауіпсіздігі анықталмағандықтан, бұл өнім жүктілік кезінде, егер ықтимал пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қаупін ақтайтын болса ғана қолданылуы тиіс.
Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде қатаң түрде тек дәрігердің тағайындауымен қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Фенилэфрин кейбір жағдайларда ауыр гипертензияға (альфа-адренорецепторлар стимуляциясы есебінен) әкелуі мүмкін. Бұл препаратты гипотензиялық дәрілермен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды.
Препаратты МАО тежегіштерімен, трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде тағайындамау керек. Фенилэфриннің фармакологиялық әсері МАО тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда күшеюі мүмкін, өйткені фенилэфриннің метаболизмі өзгереді.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.