Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Суппозитории ректальные
Дозировка
30 мг + 180 мг
Торговое наименование
Простатилен® АЦ
Действующее вещество
Урологические препараты другие
Назначение
Еркектердің жыныс мүшелерінің бастан өткерген инфекциялық-қабыну және жарақаттық аурулары аясында сперматозоидтар ДНҚ фрагментациясының жоғары дәрежесімен сипатталатын…
Производитель
МБНПК "Цитомед"
Страна
Россия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір суппозиторий құрамында
белсенді заттар: простата экстрактісі (Простатилен®)*, 0.03 г,
мырыш аргинил-глицинат дигидрохлориді (мырыш
аргинил-глицинатына шаққанда), 0.18 г,
қосымша заттар: сұйық парафин, қатты май (Витепсол немесе Эстарам, W 35 маркалы).
* - Простатилен® субстанциясы глицин қосылған простата экстрактісі болып табылады.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Пішіні торпеда тәрізді, ақтан сары түске дейінгі суппозиторийлер. Кесіндіде ауа өзегінің немесе құйғыш тәрізді ойықтың болуына жол беріледі.
- еркектердің жыныс мүшелерінің бастан өткерген инфекциялық-қабыну және жарақаттық аурулары аясында сперматозоидтар ДНҚ фрагментациясының жоғары дәрежесімен сипатталатын сперматогенездің бұзылуы;
- созылмалы абактериялық простатит, оның ішінде сперматогенез бен эректильді функцияның бұзылуымен;
- қуықасты безіне жасалған операцияларға дейінгі және одан кейінгі жағдайлар;
- қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы.
Простатилен® AC 18 жастан асқан еркектерде қолдануға арналған.
ATХ коды G04BX
Фармакодинамикалық әсерлері
Қуық асты безіне органотропты әсер етеді. Қуықасты безінің ісінуін, лейкоцитарлық инфильтрациясын азайтады, эпителий жасушалардың секрециялық функциясын қалыпқа келтіреді, ацинустар секретінде лецитин түйірлерінің санын арттырады, қуықтың бұлшықет тонусын стимуляциялайды. Тромбтың түзілуін азайтады, антиагреганттық белсенділікке ие, қуықасты безінде венулалық тромбоздың дамуына жол бермейді.
Препарат қабынуға қарсы простатоспецификалық әсерге ие, ауырсыну синдромын азайтады.
Бос тестостерон деңгейінің жоғарылауына, сперматозоидтардың прогрессивті-қозғалмалы түрлерінің және олардың морфологиялық қалыпты түрлерінің көбеюіне ықпал етеді. Антиспермалы антиденелер деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Еркектердің копулятивті функциясын қалыпқа келтіреді.
Спермоплазманың антиоксиданттық белсенділігін арттырады және сперматозоид ДНҚ фрагментациясының төмендеуіне әкеледі. Пациенттердің өмір сапасын жақсартады.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Созылмалы простатиттер және дизурия құбылыстары бар пациенттерде «Простатилен АЦ» препараты, ректальді суппозиторийлер тез және тұрақты әсер етеді, ол гемо- және урограмманы қалыпқа келтіруден, қуық асты безі көлемінің азаюынан, негізгі уродинамикалық сипаттамалардың жақсаруы аясында несеп шығарудың жиілік-уақыттық параметрлерінің қалыпқа келуінен, International Prostate Symptom Score (IPSS) индексінің төмендеуінен және ауыру синдромының айтарлықтай төмендеуінен тұрады.
Препарат емдік белсенділікке ие, ол несептегі лейкоциттер құрамының статистикалық сенімді және клиникалық маңызды төмендеуінен тұрады, бұл оның қабынуға қарсы әсері бар екенін көрсетеді. Профилактика мақсатында простата экстрактісін алған науқастарда операциядан кейінгі кезеңнің қолайлы ағымы өзгертілген зертханалық көрсеткіштердің қалыпқа келуімен ғана емес, операциядан кейінгі кезеңнің ұзақтығының төмендеуімен және ауырсыну синдромының қарқындылығының төмендеуімен қатар жүрді.
ҚБҚГ бар пациенттерде препаратты қолдану аурудың клиникалық көріністерін, IPSS индикаторын және төменгі несеп шығару жолдарының синдромына байланысты несеп шығару процесінің негізгі сапалық және сандық уродинамикалық сипаттамаларын қалыпқа келтіреді. ҚБҚГ бар пациенттерде монотерапия аясында сарысулық простаталық спецификалық антиген (ПСА) деңгейінің 30%-дан астам төмендеуі тіркелді, бұл қуық асты безінің түрлі ауруларында оң емдік әсер туралы куәландыратын объективті көрсеткіш болып табылады.
Қауіпсіздік
Клиникалық зерттеулер және тіркеуден кейінгі қауіпсіздік мониторингі барысында асқазан-ішек жолы, несеп шығару жүйесі, қан түзу жүйесі, жүйке жүйесі, зертханалық көрсеткіштер тарапынан елеулі және ықтимал қауіпті жағымсыз реакциялар анықталған жоқ. Препарат жақсы көтерімді.
Балалар
Препаратты педиатриялық практикада қолдану бойынша деректер жоқ.
Дозалау режимі
1 суппозиторийден тәулігіне 1 рет.
Енгізу жолы және тәсілі
Ректальді.
Суппозиторийді дефекациядан немесе тазартушы клизмадан кейін артқы өтіске терең енгізеді. Суппозиторийді енгізгеннен кейін препарат компоненттері жақсы сіңу үшін пациентке 30 минут бойы жатқан қалыпта болуы ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 10-20 күн. Курсты 4 аптадан соң қайталауға болады. Сперматозоидтар ДНҚ фрагментациясының дәрежесі жоғарылағанда емдеу курсы 10 күн. 3 аптадан соң қайталама курс ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Қажет болса, өтініш, препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер;
- әйелдерде қолданылмайды.
Жиі емес:
- тік ішекте өздігінен басылатын және қосымша ем тағайындауды қажет етпейтін қысқа мерзімді қышыну және күйдіру.
Сирек:
- нәжістің жұмсаруы.
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- аллергиялық реакциялар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препаратты қолдану кезеңінде іш жүргізетін дәрілерді және ішекті мониторлық тазартуға арналған дәрілерді пайдалану ұсынылмайды.
Препарат бастапқы қабылдау кезінде әсер ерекшеліктеріне ие және оны тоқтату кезінде дәрігер мен пациенттің арнайы әрекеттерін қажет етпейді.
Арнайы ескертулер
Препарат әйелдерде, балаларда және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылмайды.
Тік ішектің және перианальды аймақтың жедел қабыну аурулары бар адамдарға сақтықпен қолдану керек, мысалы: геморрой (сыртқы және ішкі), артқы өтістің жарылуы, парапроктит, құйымшақ эпителий жолдарының қабынуы және т. б.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Простатилен® АЦ көлік құралдарын басқару және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Бактерияға қарсы және қабынуға қарсы препараттармен бір мезгілде қолдануға болады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
2 ºС-ден 15 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.