Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Суппозитории вагинальные и ректальные
Дозировка
6 мг
Торговое наименование
Полиоксидоний®
Действующее вещество
Азоксимер бромиді
Назначение
Инфекциялық-қабыну ауруларын (вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы) емдеу және олардың профилактикасы үшін ересектер мен 6 жастан асқан балаларға асқыну және ремиссия…
Производитель
ООО «НПО Петровакс Фарм»
Страна
Россия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір суппозиторий құрамында
белсенді зат - азоксимер бромиді 6 мг және 12 мг,
қосымша заттар: маннитол, повидон, какао майы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Торпеда пішінді, какао майының өзіне тән әлсіз иісі бар, ашық сары түсті суппозиторийлер, мәрмәрланып боялуына жол беріледі. Кесіндісінде ауа стерженьдері немесе шұңғыма тәрізді ойықтар болуы мүмкін.
Инфекциялық-қабыну ауруларын (вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы) емдеу және олардың профилактикасы үшін ересектер мен 6 жастан асқан балаларға асқыну және ремиссия сатысында қолданылады.
Емдеу үшін (кешенді емде):
- вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы әр жерде орналасқан асқыну сатысындағы жедел және созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну аурулары
- урогенитальді жолдың қабыну аурулары (уретрит, цистит, пиелонефрит, простатит, сальпингоофорит, эндомиометрит, кольпит, цервицит, цервикоз, бактериялық вагиноз)
- өкпе туберкулезінің әртүрлі түрлері
- қайталанатын бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі, атопиялық дерматит);
- иммунодепрессанттарды ұзақ қолдану аясында бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған ревматоидты артрит
- регенераторлық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жаралар) белсендіру үшін
- дәрілік препараттардың нефро- және гепатоуытты әсерін төмендету үшін химия және сәуле емін жүргізу кезінде онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде.
Профилактика үшін (монотерапия):
- урогенитальді жолдың қайталанатын герпестік инфекциясы
- созылмалы инфекциялар ошақтарының асқынуы
- иммунитеті төмендеген адамдарда эпидемия алды және эпидемиялық кезеңде тұмау және басқа да жедел респираторлық инфекциялар
- қартаю салдарынан немесе жағымсыз факторлардың ықпалынан туындайтын салдарлы иммун тапшылығы.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
ATХ коды L03
Әсер ету механизмі
Азоксимер бромидінің иммуномодуляциялаушы әсерінің механизмі негізі фагоциттеуші жасушаларға және табиғи киллерлерге тікелей ықпалы, сондай-ақ антидене түзілуді және интерферон-альфа және интерферон-гамма синтезін стимуляциялау болып табылады.
Азоксимер бромиді еритін уытты заттар мен микробөлшектерді бөгейді, организмнен токсиндерді, ауыр металл тұздарын шығару қабілетіне ие, бос радикалдарды ұстау есебінен, сондай-ақ катализдік белсенді Fe2+ иондардың элиминациясы арқылы липидтердің асқын тотығуын тежейді.
Азоксимер бромидінің уытсыздандыратын және антиоксидантты әсері көбінесе препараттың құрылымымен және жоғары молекулалық табиғатымен анықталады.
Фармакодинамикалық әсерлер
Азоксимер бромиді кешенді: иммуномодуляциялайтын, уытсыздандыратын, антиоксидантты, орташа қабынуға қарсы әсерлерге ие.
Азоксимер бромиді бактериялық, зеңдік және вирустық этиологиядағы жергілікті және жайылған инфекцияларға қатысты ағзаның резистенттілігін ұлғайтады. Түрлі инфекциялар, жарақаттар, хирургиялық операциялардан кейінгі асқынулар, күю, аутоиммунды аурулар, қатерлі жаңа түзілімдер, химиотерапиялық дәрілер, цитостатиктер, стероидты гормондар қолданудан туындаған салдарлы иммунодефициттік жағдайларда иммунитетті қалпына келтіреді.
Азоксимер бромиді қабыну үдерісіне ықпал ететін және қабынуға қарсы цитокиндердің синтезін қалпына келтіру арқылы қабыну реакциясын төмендетеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Азоксимер бромиді кешенді: иммуномодуляциялайтын, уытсыздандыратын, антиоксидантты, орташа қабынуға қарсы әсерлерге ие. Азоксимер бромиді бактериялық, зеңдік және вирустық этиологиядағы жергілікті және жайылған инфекцияларға қатысты ағзаның резистенттілігін ұлғайтады. Түрлі инфекциялар, жарақаттар, хирургиялық операциялардан кейінгі асқынулар, күю, аутоиммунды аурулар, қатерлі жаңа түзілімдер, химиотерапиялық дәрілер, цитостатиктер, стероидты гормондар қолданудан туындаған салдарлы иммунодефициттік жағдайларда иммунитетті қалпына келтіреді.
Азоксимер бромиді қабыну үдерісіне ықпал ететін және қабынуға қарсы цитокиндердің синтезін қалпына келтіру арқылы қабыну реакциясын төмендетеді.
Азоксимер бромиді еритін уытты заттар мен микробөлшектерді бөгейді, организмнен токсиндерді, ауыр металл тұздарын шығару қабілетіне ие. Азоксимер бромидінің уытсыздандыратын және антиоксидантты әсері көбінесе препараттың құрылымымен және жоғары молекулалық табиғатымен анықталады.
Азоксимер бромидінің жағымдылығы жақсы, митогенді, поликлональді белсенділігі, антигенді қасиеттері жоқ, аллергиялық, мутагенді, эмбриоуытты, тератогенді және канцерогенді әсерлер көрсетпейді.
Жинақталатын әсері жоқ.
Балалар
12 мг дозадағы суппозиторийлерді балаларда қолданбайды. 6 мг дозадағы суппозиторийлерді 6 жасқа дейінгі балаларда қолданбайды. 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге суппозиторийлерді ішекті тазартқаннан кейін тек ректальді енгізеді. Иммуносупрессиялық емді ұзақ қабылдап жүрген, сәулеленуге ұшыраған онкологиялық аурулары бар, АИТВ-инфекциясы бар 6 жастан асқан балалар үшін Полиоксидоний препаратымен 2-3 айдан 1 жылға дейінгі ұзақ демеуші ем (аптасына 1-2 рет 6 мг-ден) қолданылады.
Дозалау режимі
Ұсынылатын емдеу сызбалары
Ересектерді емдеу үшін:
- асқыну сатысында созылмалы инфекциялық-қабыну ауруларында 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий, содан кейін күнара. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- жедел инфекциялық үдерістерде және регенераторлық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жаралар) белсендіру үшін күнделікті 12 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- гинекологиялық ауруларда 3 күн бойы күнделікті 12 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет, содан кейін күнара. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- урологиялық аурулардың өршуі кезінде (уретрит, пиелонефрит, цистит, простатит) күнделікті 12 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- туберкулездің өкпедегі түрінде 3 күн бойы күнделікті 12 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет, содан кейін күнара. Емдеу курсы 20 суппозиторий. Әрі қарай 2-3 айға дейінгі курспен аптасына 2 рет 6 мг суппозиториймен демеуші емді пайдалануға болады;
- химия - және сәуле емін жүргізгенде онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде химия- және сәуле емінің курсы басталғанға дейін 2-3 күн бұрын күнделікті 12 мг суппозиторий. Әрі қарай, 12 мг-ден аптасына 2 рет, курсы 20 суппозиторийге дейін;
- инфекциялық синдроммен асқынған аллергиялық ауруларда тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий күнделікті. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- ревматоидты артрит кезінде күнара 12 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий.
Профилактика үшін (монотерапия):
- инфекциялардың созылмалы ошақтарының, урогенитальды жолдың қайталанатын герпестік инфекциясының өршуі күнара 12 мг суппозиторийКурс 10 суппозиторий;
- тұмау және ЖРВИ тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий. Курс 10 суппозиторий;
- қартаю салдарынан туындайтын салдарлы иммунитет тапшылығы аптасына 2 рет 12 мг суппозиторий. Курс 10 суппозиторий, жылына 2-3 рет.
6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін:
6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге суппозиторийлер тек ректальді енгізіледі, ішекті тазартқаннан кейін күніне 1 рет 6 мг 1 суппозиторий.
- асқыну сатысындағы созылмалы инфекциялық-қабыну аурулары 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий, содан кейін күнара. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- жедел инфекциялық үдерістерде және регенераторлық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жаралар) белсендіру үшін күнделікті 6 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- урологиялық аурулардың өршуі кезінде (уретрит, пиелонефрит, цистит, простатит) 6 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- туберкулездің өкпедегі түрінде 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий, содан кейін күнара. Емдеу курсы 20 суппозиторий. Әрі қарай 2-3 айға дейінгі курспен аптасына 2 рет 6 мг суппозиторий демеуші емді пайдалануға болады;
- химия - және сәуле емін жүргізгенде онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде химия- және сәуле емінің курсы басталғанға дейін 2-3 күн бұрын күнделікті 6 мг суппозиторий. Әрі қарай, 6 мг-ден аптасына 2 рет, курсы 20 суппозиторийге дейін;
- инфекциялық синдроммен асқынған аллергиялық ауруларда тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий күнделікті. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- ревматоидты артрит кезінде күнара 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий.
Профилактика үшін (монотерапия):
- инфекциялардың созылмалы ошақтарының, урогенитальды жолдың қайталанатын герпестік инфекциясының өршуі күнара 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- тұмау және ЖРВИ тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий.
Енгізу әдісі мен жолы
– ішекті тазартқаннан кейін тәулігіне 1 рет 1 суппозиторийден ректальді;
– гинекологиялық аурулар кезінде қынаптық 1 суппозиторийден тәулігіне 1 рет (түнде) жатып қынапқа енгізіледі.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Препараттың бір реттік дозасын өткізіп алған жағдайда оны мүмкіндігінше ертерек қабылдау қажет, бірақ егер келесі дозаны қабылдау уақыты келсе, қабылдауға арналған дозаны ұлғайтуға болмайды.
Тоқтату симптомдары қаупі болуын көрсету
Полиоксидоний® препаратын қолдануды тоқтату қажеттілігінде бірден, дозаны біртіндеп азайтпастан тоқтатуға болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Бұл препаратты қолдануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, себебі онда сіз үшін маңызды ақпарат бар.
Нұсқаулықты сақтап қойыңыз, ол қайтадан қажет болуы мүмкін.
Егер сізде сұрақтар туындаса, дәрігерге қаралыңыз.
Емдеуді бастамас бұрын дәрігермен кеңесіп, дәрігерге сіз қабылдаған барлық дәрілік препараттар туралы айту керек.
Оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін нұсқаулықта және дәрігер берген барлық ұсынымдарды қатаң түрде орындаған жөн.
Көрсетілген дозаларды арттыру мен емдеу курсын ұзартуды емдеуші дәрігермен кеңеспей, жасауға болмайды. Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі (клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ)
- 6 жасқа дейінгі балалар - 6 мг дозасы үшін, 18 жасқа дейінгі балалар - 12 мг дозасы үшін
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
Сақтықпен
Егер сізде осы бөлімде көрсетілген аурулар болса, дәрілік препаратты қабылдауды бастамас бұрын дәрігерге қаралыңыз:
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (аптасына 2 реттен жиі қолданбайды).
Өте сирек
- қызару, ісіну, перианальді аймақтың қышынуы, препарат компоненттеріне жекелей сезімталдыққа байланысты қынаптық қышыну түріндегі аллергиялық реакциялар, жергілікті реакциялар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген. Ұсынылғаннан артық дозаны абайсызда қабылдаған жағдайда дәрігерге қаралу керек.
Егер сізде бүйрек ауруы белгілері байқалса немесе диагноз қойылса, емдеуді бастамас бұрын емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Препаратты оның жарамсыздығының көрнекі белгілері (қаптамадағы ақау, суппозиторий түсінің өзгеруі) болған кезде пайдаланбау керек.
Арнайы ескертулер
Сіз емделіп жүрген дәрілік зат тек сізге арналған және оны басқа адамдарға беруге болмайды, өйткені сіздегі симптомдар оларда болса да, оларға зиянын тигізуі мүмкін.
Аллергиялық реакция дамыған кезде Полиоксидоний® препаратын қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Педиатрияда қолдану
6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға 6 мг дозада суппозиторийлер тек ректальді енгізіледі. 6 жасқа дейінгі балаларда Полиоксидоний® суппозиторийлерін қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Полиоксидоний® препаратын қолдану көлік құралдарын басқару, механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне, жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін жұмыстың басқа түрлеріне әсер етпейді.
Полиоксидоний® препаратын жүкті әйелдерге және бала емізетін кезеңінде әйелдерге қолдануға болмайды (клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ).
Полиоксидоний® препаратын қолданар алдында, егер сіз жүкті болсаңыз немесе жүкті болуыңыз мүмкін деп ойласаңыз немесе жүктілікті жоспарлап жүрсеңіз, дәрігермен кеңесу қажет.
Бала емізу кезеңінде Полиоксидоний® препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Азоксимер бромидi CYP1A2, CYP2С9, CYP2С19, CYP2D6 Р-450 цитохромы изоферменттерін тежемейді және көптеген дәрілік заттармен, соның ішінде антибиотиктермен, вирусқа қарсы, зеңге қарсы және гистаминге қарсы препараттармен, глюкокортикостероидтармен және цитостатиктермен үйлеседі.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
15 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.