Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые кишечнорастворимой оболочкой
Дозировка
100 мг
Торговое наименование
Пимафуцин®
Действующее вещество
Натамицин
Назначение
Инвазивті емес ішек кандидозын емдеу және профилактика
Производитель
Хаупт Фарма Вюльфинг ГмбХ
Страна
Германия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 100 мг натамицин,
қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон К30, магний стеараты, лактоза моногидраты
қабықтың құрамы: целлюлоза ацетат фталаты, триацетин, сахароза, метилпарагидроксибензоат, кальций карбонаты, каолин, тальк, гуммиарабик (акация), желатин, титанның қостотығы (Е171), Opaglos 6000, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек қос дөңес пішінді, ақ түсті, ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар.
Дәрілік препарат ересектер мен 6 жастан асқан балаларға қолдануға арналған.
- инвазивті емес ішек кандидозын емдеу және профилактика
Диареяға қарсы, ішек қабынуына/микробқа қарсы. Ішекке арналған микробқа қарсы препараттар. Бактерияға қарсы препараттар.
Натамицин.
АТХ коды А07АА03
Әсер ету механизмі
Натамицин жасушалық жарғақшаның стероидты компонентімен қайтымсыз байланысады, бұл соңғысының функциясы мен тұтастығын жоғалтуға, содан кейін микроорганизмдердің жойылуына әкеледі.
Фармакодинамикалық әсерлері
Натамицин – зеңге қарсы дәрі. Ашытқы, ашытқы тәрізді организмдер, дерматофиттер және зеңдердің көп мөлшері натамицинге сезімтал.
Натамицин бактерияларға қарсы әсер етпейді.
Клиникалық тәжірибеде ашытқының, ашытқы тәрізді организмдердің және зеңдердің натамицинге бастапқы резистенттілігі байқалмайды.
Дозалау режимі
Ішек кандидозы кезінде ересектерге орта есеппен 1 таблеткадан тәулігіне 4 рет 1 апта бойы тағайындайды.
6 жастан бастап балаларға тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан тағайындайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Iшке қабылдауға арналған
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы 7 күн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда пациентке өзінің емдеуші дәрігерімен кеңесу керек.
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Қолдану үшін қажетті сақтық шаралары
Натамицинді қолдану порфирияның шабуылын тудыруы мүмкін, сондықтан мұндай науқастар үшін натамицинді қолдану қауіпті.
Қант диабеті
Пимафуцин таблеткаларын қант диабетімен ауыратын науқастарға сақтықпен қолдану керек.
- жүрек айнуы, құсу, диарея
- порфирия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қазіргі уақытта Пимафуцин таблеткалары препаратымен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Арнайы ескертулер
Созылмалы немесе қайталамалы инфекция жағдайында жергілікті емдеу суппозиторийді тағайындаумен толықтырылуы мүмкін.
Қант диабетімен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындаңыз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Пимафуцин таблеткаларын жүктілік және лактация кезінде қолдануға болады.
Дәрілік өзара әрекеттесулер сипатталмаған
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.