Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Пастилки
Торговое наименование
Пиковит® форте
Действующее вещество
Поливитамины, простые
Назначение
Мектеп жасындағы балалардың зейін қою қабілетінің төмендеуінде және олар қатты шаршағанда
Производитель
КРКА, д.д., Ново место
Страна
Словения
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір пастилканың құрамында
белсенді заттар:
ретинол (А дәрумені) (А дәрумені концентраты мөлшеріне сәйкес (синтетикалық майлы түрі) 1,7 млн ХБ/г) — 5000 ХБ 2,94 мг
холекальциферол (D3 дәрумені) (холекальциферол концентраты мөлшеріне сәйкес (майлы түрі) 1 млн ХБ/г) — 400 ХБ 0,40 мг
аскорбин қышқылы (С дәрумені) — 60 мг
никотинамид — 20 мг
альфа-токоферол (Е дәрумені) (токоферол ацетаты 50 % түйіршіктеріне сәйкес) — 15 мг 30 мг
кальций пантотенаты (В5 дәрумені) — 10 мг
пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) — 2 мг
рибофлавин (В2 дәрумені) — 1,7 мг
тиамин нитраты (В1 дәрумені) — 1,5 мг
фолий қышқылы — 0,4 мг
цианокобаламин (В12 дәрумені) (маннитолда 0,1 % цианокобаламин мөлшеріне сәйкес) — 6 мкг 6 мг
қосымша заттар: маннитол, аспартам, мандарин хош иістендіргіші, полисорбат 80, глицерин, майсана майы (суықтай сығылған), сұйық малтитол (құрғақ зат), магний стеараты, капол 600 фарма, повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, титанның қостотығы (Е171), бета-каротин (Е 160а), малтитол.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт сары түсті қабықпен қапталған пастилкалар.
- мектеп жасындағы балалардың зейін қою қабілетінің төмендеуінде және олар қатты шаршағанда
- физикалық күш түскенде (сондай-ақ спортпен шұғылдануда)
- толыққанды емес және теңестірілмеген тамақтануда
- антибиотиктермен емделуде
- тәбеттің төмендеуінде
- диеталық дәрумендік қоспа ретінде
Фармакодинамикалық әсерлері
Пиковит форте - кешенді дәрумендік препарат. Препараттың фармакологиялық қасиеттері оның құрамына кіретін дәрумендердің жиынтық әсерімен байланысты.
В тобының дәрумендері (В1, В2, В6, В12, пантотен қышқылы және никотинамид) көмірсулардың, ақуыздар мен майлардың метаболизміне қатысады. Фолий қышқылы қан жасушаларының қалыпты синтезі, қалпына келтіру және қызмет етуі үшін қажет. А дәрумені эпителиальді жасушаларды дамыту және көру пигментін синтездеу үшін қажет.
D дәрумені кальцийдің түсуін реттейді және сүйектер мен тістердің дұрыс минералдануына ықпал етеді. С дәрумені темірдің сіңірілуіне ықпал етеді және организмде көптеген тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады. Е дәрумені жасушалар жарғақшаларын қорғайтын және жасушалар функциясын қолдайтын физиологиялық антиоксидант болып табылады.
Пиковит форте пастилкаларының құрамында тәтті дәм бергіштер малтитол, маннитол және аспартам бар. Ауыз қуысындағы бактериялар қант алмастырғыштарды өте аз мөлшерде және өте баяу метаболиздейді.
Дозалау режимі
Пиковит® форте пастилкасын толық ерігенше ауызда ұстау керек.
7 жастан асқан балаларға күніне бір рет тамақтан кейін 1 пастилкадан қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Орташа емдеу ұзақтығы 1 айды құрайды. Тәбетті жақсарту үшін пастилкаларды 2 ай бойы қабылдау керек.
- әсер етуші заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдылық
- А және D гипервитаминозы
- 7 жасқа дейінгі балаларға
- фенилкетонурия
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
Өте сирек (<10000)
- асқазан-ішек бұзылыстары (метеоризм және диарея)
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (бөртпе, қышыну)
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- анафилаксиялық реакциялар
Аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Анафилаксиялық реакция дамыған кезде шұғыл медициналық көмекке дереу жүгіну керек.
Күтілген дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігін және осындай хабарламаны нұсқайтын алуан түрлі жолдарын қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жоғары дозаларды ұзақ қолдану (1 айдан астам) А және D3 гипервитаминозын туындатуы мүмкін, бірақ препараттың артық дозалану ықтималдығы төмен болып табылады.
Маннитол және малтитол тәттілендіргіштері асқорыту жолында нашар сіңіріледі. Едәуір жоғары дозаларды олар диареяны және ішектің кебуін туындатады. Іш жүргізетін әсері 60 г астам малтитолды (Пиковит® форте 75 пастилкалары) немесе 10 г астам маннитолды (Пиковит® форте 77 пастилкасы) күнделікті қолданғанда пайда болады.
Қант диабеті
Бір пастилканың құрамында 0,84 г малтитол бар екендігін есте сақтау керек. Малтитол метаболизмі үшін инсулин қажет, бірақ баяу гидролизіне және асқазан-ішек жолында баяу сіңуіне байланысты инсулинге қажеттілік аз. Бір пастилканың энергетикалық құндылығы шамамен 10 кДж (2,4 ккал) құрайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Балаларға ұсынылған дозаларды арттырмаған жөн.
Жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолдану А және D гипервитаминозын туындатуы мүмкін, бірақ артық дозалану ықтималдығы аз.
Басқа дәрумендік немесе минералдық препараттармен бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда, дәрігермен кеңесу керек.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Жүкті және емшек емізетін әйелдер препаратты дәрігердің ұсынысымен қолдануына болады.
Қосымша заттар туралы ақпарат
Пиковит® форте құрамында малтитол (Е965) және сұйық малтитол бар. Бұл препаратты тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар адамдарға қолдануға қарсы көрсетілген.
Пиковит® форте құрамында фенилаланиннің көзі болып табылатын аспартам (Е951) бар, сондықтан препарат фенилкетонуриясы бар пациенттерге қарсы көрсетілген.
С дәрумені сульфаниламид тобының микробқа қарсы дәрілерінің әсері мен жағымсыз әсерлерін (соның ішінде несепте кристалдардың пайда болуын) күшейтеді.
Пиридоксин леводопаның паркинсонға қарсы әсерін төмендетеді. Пеницилламинді ұзақ уақыт қолданғанда пиридоксин тапшылығы дамуы мүмкін. Пиковит® форте және колхицинді немесе бигуанидтерді бір мезгілге қолданғанда цианокобаламин сіңуінің тһмендеуі байқалады. Цианокобаламинді қан ұюын арттыратын препараттармен біріктіруге болмайды. Құрысуға қарсы препараттармен (фенобарбиталмен, фенитоинмен, карбамазепинмен) ұзақ уақыт емдегенде Пиковит® форте қолдану аясында препарат құрамына кіретін тиамин тапшылығына әкелуі мүмкін. Алкоголь тиаминнің сіңуін күрт төмендетеді.
Кейбір дәрілік препараттармен (мысалы, тетрациклиндер, фторхинолондар, холестирамин) бір мезгілде қолдану кальций иондарының өзара әрекеттесуіне әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада, жарық пен ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.