Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Сироп
Торговое наименование
Пиковит®
Действующее вещество
Поливитамины, простые
Назначение
Дәрумендерге қажеттіліктің жоғарылауымен қатар жүретін жай-күйлердің алдын алуға
Производитель
КРКА, д.д., Ново место
Страна
Словения
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
5 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар:
Ретинол пальмитаты 1,7 млн ХБ/г (А дәрумені) — 900 ХБ
Холекальциферол 1 млн ХБ/г (D3 дәрумені) — 100 ХБ
Аскорбин қышқылы (С дәрумені) — 50,000 мг
Тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) — 1,000 мг
Рибофлавин натрий фосфаты (В2 дәрумені) — 1,000 мг
Пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) — 0,600 мг
Цианокобаламин (В12 дәрумені) — 0,001 мг
Никотинамид (РР дәрумені) — 5,000 мг
Декспантенол (D – пантенол) — 2,000 мг
қосымша заттар: агар, трагакант, сахароза, сұйық глюкоза, апельсин майының хош иістендіргіші, грейпфрут хош иістендіргіші, апельсин хош иістендіргіші, полисорбат 80, лимон қышқылының моногидраты, Ponceau 4R (E124) бояғышы, натрий бензоаты, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қою тұтқыр көзге көрінетін қосылыстары болуы мүмкін ашық-сарыдан қоңыр қызыл сары түске дейінгі жағымды иісі және қышқыл дәмі бар сұйықтық.
- дәрумендерге қажеттіліктің жоғарылауымен қатар жүретін жай-күйлердің алдын алуға
- мектеп жасындағы балалардың қажуында
- дене және жүйке-психикалық жүктемелері жоғарылағанда
- тәбеттің болмауында және тамақтың тұрақты емес, толыққанды емес немесе біркелкі рационында
- өткерген аурулардан кейінгі сауығу кезеңінде
- организмнің инфекциялық және суық тию ауруларына қарсыластығын арттыру үшін
- антибиотикпен емдеуден кейінгі қосымша дәрі ретінде.
Пиковит шәрбатының құрамында организмдегі көптеген биохимиялық үдерістерді реттеуге қатысатын тоғыз негізгі дәрумен бар. Дәрумендердің организмдегі әсерлері фармакодинамикалық емес, негізінен физиологиялық. Олар тіршілік үшін маңызды қызметті және жақсы психофизикалық жай-күйді қолдауда маңызды рөл атқарады.
А дәрумені әртүрлі заттардың (ақуыздардың, липидтердің, мукополисахаридтердің) синтезіне қатысады және терінің, шырышты қабықтардың, сондай-ақ көру органдарының қалыпты қызметін қамтамасыз етеді.
D3 дәрумені организмде кальций мен фосфордың тепе-теңдігін ұстап тұруда маңызды рөл атқарады. Сүйек тінінде ол жеткіліксіз болғанда қальций мөлшері азаяды (остеопороз).
В1 дәрумені жүректің қызметін қалыпты етеді және жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуіне қатысады.
В2 дәрумені тіндердің, соның ішінде тері жасушаларының регенерация үдерісіне ықпал етеді.
В6 дәрумені сүйектің, тістің, қызыл иектің құрылымы мен қызметін сақтауға әсер етеді; эритропоэзге ықпал етеді, жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуіне әсер етеді.
В12 дәрумені эритропоэзге қатысады, жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуіне әсер етеді. В тобының дәрумендері организмдегі зат алмасуын реттейтін әртүрлі ферменттердің түзілуіне қатысады.
С дәрумені бірқатар биологиялық белсенді заттардың тотықтануына, дәнекер тіндердегі алмасуына, көмірсу алмасуының реттелуіне, қан ұйығыштығына және тіндердің регенерациясына қатысады, стероидтық гормондардың түзілуін көтермелейді, капиллярлар өткізгіштігін қалыпты етеді. С дәрумені организмнің инфекцияларға төзімділігін жоғарылатады, қабыну реакцияларын төмендетеді.
РР дәрумендері және Д-пантенол – ақуыз метаболизміне, май қышқылдары мен холестерин синтезіне, энергияны өндіруге қатысатын және орталық жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуі үшін қажет коферменттер.
Дозалану режимі
1-ден 3 жасқа дейінгі балалар: шәрбатты тәулігіне 2 рет 1 өлшеуіш қасықтан (5 мл).
4-тен 6 жасқа дейінгі балалар: шәрбатты тәулігіне 3 рет 1 өлшеуіш қасықтан (5 мл).
7-ден 14 жасқа дейінгі балаларға: шәрбатты тәулігіне 3 рет 1 өлшеуіш қасықтан (5 мл), ең жоғарғы доза - тәулігіне 4 рет.
Шәрбатты қасықпен немесе шаймен, шырынмен немесе жеміс пюресімен араластырып қабылдауға болады. Ұсынылған тәуліктік дозадан арттыруға болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Пиковит® шәрбатын ішу арқылы қабылдайды.
Емдеу ұзақтығы
Тәбет болмағанда шәрбатты 1 ай бойы күн сайын қабылдау керек. Қайта қабылдау курсы 1-3 айдан кейін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда емдеуші дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.
- Әсер етуші заттардың кез келгеніне және (немесе) қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
- Қант диабеті (5 мл препаратың құрамында 3,3 г сахароза бар).
- Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы.
- А және D гипервитаминозы.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:
Өте сирек (<1/10000):
- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Аллергиялық реакциялар пайда болған кезде, препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: Ұсынылған тәуліктік дозадан асырмаңыз, жоғары дозаларды кездейсоқ қабылдаған кезде дереу дәрігерге хабарласыңыз.
Өте үлкен дозаларды ұзақ уақыт қолдану А және D гипервитаминозына әкелуі мүмкін.
А дәруменінің үлкен дозаларын қысқа мерзімде қолданғаннан кейін А гипервитаминозының симптомдары іштің ауыруы, анорексия, құсу, көрудің бұзылуы, бас ауруы, үйлестірілмеген қозғалыстар және терінің қызаруы болып табылады. А дәруменінің үлкен дозаларын ұзақ уақыт қолдану терінің жұқаруы мен қышуын, еріннің жарылуын, конъюнктиваның қабынуын, көздің зақымдануын, буындардың ауыруын, созылмалы бас ауруын және көп рет құсуды туындатуы мүмкін.
D дәруменінің үлкен дозаларын қолданғаннан кейін пайда болуы мүмкін D гипервитаминозының симптомдары: анорексия, салмақ жоғалту, шаршау, бағдардан адасу, құсу, іш қату немесе диарея, ауыздағы металл дәмі, ауыз қуысы шырышты қабығының құрғауы және шөлдеу.
Емі: Артық дозалану симптомдары дамыған жағдайда Пиковит® препаратын қолдану тоқтатылуы тиіс. Емі симптоматикалық.
Несептің ашық сары түске боялуы мүмкін, бұл мүлдем зиянсыз және препаратта рибофлавиннің болуымен түсіндіріледі.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пиковит® шәрбат препараты көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану дәрігердің (Пиковит® шәрбат препаратындағы дәрумендердің дозалары балаларға бейімделген) ұсынысы бойынша мүмкін.
Қосымша заттар туралы ақпарат
Пиковиттің құрамында сахароза және глюкоза бар. Тістер үшін зиянды болуы мүмкін.
Фруктозаға жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын проблемалары, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза–изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
5 мл шәрбаттың (1 өлшеуіш қасық) құрамында 3,3 г қант бар. Бұл ақпаратты қант диабеті бар пациенттерге ескеру керек.
Пиковит® құрамында аллергиялық реакциялардың дамуын тудыруы мүмкін Ponceau 4R (E124) бояғышы бар.
1 өлшеуіш қасықта (5 мл) шәрбаттың құрамында 7,5 мг натрий бензоаты бар.
Бұл препараттың бір дозасының құрамы 1 ммоль натрийден (23 мг) аз, яғни, құрамында натрий жоқ дерлік.
С дәрумені сульфаниламидтер (соның ішінде несепте кристалдардың пайда болуы) тобынан микробқа қарсы дәрілердің әсері мен жағымсыз әсерлерін күшейтеді.
Құрамында дәрумендер бар басқа препараттармен бір мезгілде Пиковит® шәрбат препаратын қабылдау ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.