Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі
Пембролизумаб көбінесе иммунитетке байланысты жағымсыз құбылыстармен ассоциацияланады. Олардың көпшілігі, соның ішінде ауыр реакциялар, тиісті ем қабылдағаннан немесе пембролизумабты қабылдауды тоқтатқаннан кейін жойылады (төмендегі «Жеке жағымсыз құбылыстардың сипаттамасы» бөлімін қараңыз). Төменде және 3-кестеде келтірілген жағымсыз реакциялардың даму жиілігі туралы мәліметтер себеп-салдарлық байланысты бағалауға қарамастан, барлық тіркелген жағымсыз реакцияларға негізделген.
Монотерапиядағы пембролизумаб
Монотерапия ретінде пембролизумабтың қауіпсіздігін бағалау төрт дозалау режимінде ісіктің әртүрлі типтері бар пациенттерде жүргізілді (3 аптада бір рет 2 мг/кг дс, 3 аптада бір рет 200 мг немесе 2 не 3 аптада бір рет 10 мг/кг дс).
Пациенттердің бұл популяциясында бақылау уақытының медианасы 8.5 айды құрады (1 күннен 39 айға дейінгі диапазонда) және пембролизумабты қолданғанда ең жиі кездесетін жағымсыз құбылыстар: шаршағыштық, диарея және жүрек айну болды. Монотерапия ретінде қолданғанда хабарланған жағымсыз құбылыстардың көпшілігі 1 немесе 2 ауырлық дәрежесінде болды. Ең ауыр жағымсыз құбылыстар иммунитетке байланысты жағымсыз құбылыстар және ауыр инфузиялық реакциялар болды. Иммундық жүйемен байланысты жағымсыз реакциялардың жиілігі барлық дәрежелер үшін 36.1%-ды және адъювантты режимде пембролизумаб монотерапиясы үшін 3-5 дәрежелер үшін 8.9%-ды және барлық дәрежелер үшін 24.2%-ды және метастаздық ауруды емдеу жағдайында 3-5 дәрежелер үшін 6.4%-ды құрады. Адъювантты режимде иммундық жүйемен байланысты жаңа жағымсыз реакциялар анықталған жоқ.
Пембролизумаб химиотерапиямен біріктірілімде
Емдеуді бастағанға дейін біріктірілген терапия құрамында қолданған кезде біріктірілімге кіретін ісікке қарсы барлық препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Клиникалық зерттеулерде химиотерапиямен біріктірілімде пембролизумабтың қауіпсіздігін бағалау әр 3 апта сайын 200 мг, 2 мг/кг дс немесе 10 мг/кг дс пембролизумаб қабылдайтын ісіктердің әртүрлі типтері бар пациенттерде жүргізілді.
Пациенттердің бұл тобында ең көп таралған жағымсыз реакциялар анемия, жүрек айну, шаршағыштық, нейтрофилдер санының төмендеуі мен нейтропения, іш қату, диарея, құсу және тәбеттің төмендеуі болды. 3-5 дәрежелі ӨҰЖО бар пациенттерде жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігі пембролизумабпен және химиотерапиямен біріктірілген терапияда 69%-ды және тек химиотерапияны қолданғанда 61%-ды құрады, БМЖО бар пациенттерде бұл көрсеткіштер пембролизумабты қосумен біріктірілген терапия үшін 85%-ды және цетуксимабпен біріктірілген химиотерапия үшін 84%-ды, ал өңеш карциномасы бар пациенттерде - пембролизумабпен біріктірілген терапия үшін 86%-ды және тек химиотерапия үшін 83%-ды құрады, СБҮНО бар пациенттерде – пембролизумабпен біріктірілген терапия үшін 80% және тек химиотерапия үшін 77%-ды, ал жатыр мойны обыры бар пациенттерде бұл көрсеткіштер пембролизумабпен біріктірілімде 82%-ды және тек химиотерапия үшін 75%-ды, асқазан обыры бар пациенттерде — пембролизумабпен біріктірілген терапия үшін 74%-ды және химиотерапия үшін 68%-ды, ал өт жолдарының карциномасы бар пациенттерде бұл көрсеткіштер пембролизумабпен біріктірілген терапия үшін 85%-ды және химиотерапия үшін 84%-ды құрады.
Пембролизумаб тирозинкиназа тежегішімен (TKI) біріктірілімде
Акситинибпен немесе ленватинибпен біріктірілген терапия құрамында қолданған кезде акситинибке немесе ленватинибке арналған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты (SmPC) қараңыз. Таралған ЖЖО-ға қатысты ленватинибтің қауіпсіздігі туралы қосымша ақпарат алу үшін Киспликс препаратының медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын, ал эндометрийдің таралған обыры туралы қосымша ақпарат алу үшін Ленвима препаратының медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын қараңыз. Бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған кезде акситинибтің қауіпсіздігі туралы қосымша ақпаратты “Айрықша нұсқаулар” бөлімінен қараңыз.
Таралған ЖЖО кезіндегі пембролизумабтың акситинибпен немесе ленватинибпен біріктірілімдегі және эндометрийдің таралған обыры кезіндегі ленватинибпен біріктірілімдегі қауіпсіздігі таралған ЖЖО бар немесе эндометрийдің таралған карциномасы бар пациенттерде бағаланды, олар клиникалық зерттеулерде әр 3 апта сайын 200 мг пембролизумабты 5 мг акситинибпен тәулігіне екі рет немесе 20 мг ленватинибпен тәулігіне бір рет жағдайға байланысты қабылдады. Пациенттердің бұл топтарында ең көп таралған жағымсыз реакциялар диарея, гипертония, гипотиреоз, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, артралгия, құсу, салмақ жоғалту, дисфония, іштің ауыруы, протеинурия, алақан-табанның эритродизестезия синдромы, бөртпе, стоматит, іш қату, қаңқа-бұлшықет ауыруы, бас ауыруы және жөтел болды. ЖЖО бар пациенттердегі 3-5 дәрежелі жағымсыз реакциялар акситинибпен немесе ленватинибпен біріктірілген пембролизумаб үшін 80%-ды және тек сунитиниб үшін 71%-ды құрады. Эндометрий карциномасы бар пациенттерде 3-5 дәрежелі жағымсыз реакциялар ленватинибпен біріктірілген пембролизумаб үшін 89%-ды және тек химиотерапия үшін 73%-ды құрады.
Бұл реакциялар ағзалар жүйесі мен жиілігі бойынша жіктелген. Жиілік өте жиі (≥1/10); жиі (≥ 1/100, < 1/10); жиі емес (≥ 1/1 000, < 1/100); сирек (≥ 1/10 000, < 1/1 000); өте сирек (<1/10 000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес) ретінде анықталған. Әр топта жиілігі бойынша бөлінген жағымсыз құбылыстар олардың ауырлығының кему ретімен ұсынылады.
Тек пембролизумабты немесе біріктірілген терапия компоненттерін тағайындағанда пайда болатын жағымсыз реакциялар, егер бұл реакциялар біріктірілген терапиямен жүргізілген клиникалық зерттеулерде хабарланбаған болса да, осы дәрілік препараттармен біріктірілімде емдеу кезінде пайда болуы мүмкін. Пембролизумабты біріктірілген қолдану кезіндегі қауіпсіздік туралы қосымша ақпаратты біріктірілген терапияның тиісті компоненттері үшін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
Монотерапия
Өте жиі
- анемия
- гипотиреозb
- тәбеттің төмендеуі
- бас ауыруы
- ентігу, жөтел
- диарея, іштің ауыруыq, жүрек айну, құсу, іш қату
- қышыну w, бөртпе x
- бұлшықет-қаңқа ауыруыbb, артралгия
- шаршағыштық, астения, ісінулерgg, гипертермия
Жиі
- пневмония
- тромбоцитопения, нейтропения, лимфопения
- инфузиялық реакциялара
- гипертиреоз
- гипонатриемия, гипокалиемия, гипокальциемия
- ұйқысыздық
- бас айналу, шеткері нейропатия, дімкәстік, дисгевзия
- көздің құрғақтығы
- жүрек аритмиясы† (жыбырлақ аритмияны қоса)
- гипертензия
- пневмонитp
- колит r, ауыздың құрғауы
- гепатитu
- терінің ауыр реакцияларыy, эритема, дерматит, терінің құрғақтығы, витилиго z, экзема, алопеция, акнеформалы дерматит
- миозит cc, аяқ-қолдың ауыруы, артрит dd
- тұмауға ұқсас синдром, қалтырау
- AЛТ және AСT деңгейінің жоғарылауы, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, гиперкальцемия, қандағы билирубин, креатинин деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес
- лейкопения, иммундық тромбоцитопения, эозинофилия
- саркоидоз
-бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігіc, гипофизитf, тиреоидитd
- 1 типті қантты диабетg
- миастения синдромыh, эпилепсия
- увеитm
- миокардит, перикардтық жалқық, перикардит
- панкреатит s, гастрит, асқазан-ішек жолының ойықжарасыt
- псориаз, лихеноидты кератоз aa, папулалы бөртпе, шаш түсінің өзгеруі
- теносиновитee
- нефритff
- қандағы амилаза деңгейінің жоғарылауы
Сирек
- гемолиздік анемия, таза эритроциттік аплазия, гемофагоциттік лимфогистиоцитоз
- гипопаратиреоз
- Гийен-Барре синдромыj, энцефалитi, миелитк, менингит (асептикалық)l, көру жүйкесінің невриті
- Фогт-Коянаги-Харада синдромы
- васкулитo
- жіңішке ішектің перфорациясы, ұйқыбезінің экзокриндік жеткіліксіздігі, целиакия
- склероздайтын холангит
- Стивенс-Джонсон синдромы, түйінді эритема, уытты эпидермалық некролиз
- Шегрен синдромы
- интерстициалық цистит
Белгісіз
- тығыз ағзалардың трансплантанттарының қабылданбай ажырауы
Химиотерапиямен біріктірілімде
Өте жиі
- нейтропения, анемия, тромбоцитопения
- гипотиреозb
- гипокалиемия, тәбеттің төмендеуі
- шеткері нейропатия, бас ауыруы
- ентігу, жөтел
- жүрек айнуы, диарея, құсу, іштің ауыруыq, іш қату
- алопеция, бөртпеx, қышуw
- артралгия, бұлшықет-қаңқа ауыруы
- шаршағыштық, астения, гипертермия, ісінулерgg
- AЛТ және AСT деңгейінің жоғарылауы
Жиі
- пневмония
- фебрильді нейтропения, лимфопения, лейкопения
- инфузиялық реакциялара
- бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігіc, тиреоидитd, гипертиреозe
- гипонатриемия, гипокальциемия
- ұйқысыздық
- дімкәстік бас айналу, дисгевзия
- көздің құрғақтығы
- жүрек аритмиясы† (жыбырлақ аритмияны қоса)
- гипертензия
- пневмонитp
- колитr, гастрит, ауыздың құрғауы
- гепатитu
- терінің ауыр реакцияларыy, эритема, акнеформалы дерматит, дерматит, терінің құрғақтығы, экзема
- миозитcc, аяқ-қолдың ауыруы, артри dd
- бүйректің жедел жеткіліксіздігі
- тұмауға ұқсас синдром, қалтырау
- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, гиперкальцемия, билирубин деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес
- эозинофилия
- гипофизитf
- 1 типті қантты диабетg
- энцефалитi, эпилепсия
- миокардит, перикардтық жалқық, перикардит
- васкулитo
- панкреатитs, асқазан-ішек жолының ойықжарасыt
- псориаз,, витилиго z, папулалы бөртпе
- теносиновитee
- нефритff, интерстициялық
- қандағы амилаза деңгейінің жоғарылауы
Сирек
- гемолиздік анемия, иммундық тромбоцитопения
- саркоидоз
- гипопаратиреоз
- Гийен-Барре синдромы j, миастения синдромы
- увеитm
- жіңішке ішектің перфорациясы, ұйқыбезінің экзокриндік жеткіліксіздігі, целиакия
- склероздайтын холангит
- Стивенс-Джонсон синдромы, түйінді эритема, шаш түсінің өзгеруі
- Шегрен синдромы
Акситинибпен немесе ленватинибпен біріктірілімде
Өте жиі
- несеп шығару жолдарының инфекциясы
- анемия
- гипотиреозb
- тәбеттің төмендеуі
- бас ауыруы, дисгевзия
- гипертензия
- ентігу, жөтел
- диарея, іштің ауыруы q, жүрек айну, құсу, іш қату
- бөртпе x, қышу w
- артралгия, бұлшықет-қаңқа ауыруыbb, миозитcc, аяқ-қолдың ауыруы
- шаршағыштық, астения, ісінулерgg, гипертермия
- липаза, AЛТ және AСT деңгейінің жоғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
Жиі
- пневмония
- нейтропения, тромбоцитопения, лимфопения, лейкопения
- инфузиялық реакциялар а
- бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігі c, гипертиреоз, тиреоидит d
- гипонатриемия, гипокалиемия, гипокальциемия
- ұйқысыздық
- бас айналу, шеткері нейропатия, дімкәстік
- көздің құрғақтығы
- жүрек аритмиясы† (жыбырлақ аритмияны қоса)
- пневмонитp
- колитr, панкреатитs, гастрит, ауыздың құрғауы
- гепатитu
- терінің ауыр реакцияларыy, дерматит, терінің құрғақтығы, эритема, акнеформалы дерматит, алопеция
- артритdd
- нефритff
- тұмауға ұқсас синдром, қалтырау
- қандағы амилаза деңгейінің жоғарылауы, билирубин деңгейінің жоғарылауы, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, гиперкальцемия
Жиі емес
- эозинофилия
- гипофизитf
- 1 типті қантты диабетg
- миастения синдромыh, энцефалитi
- увеитm
- миокардит, перикардтық жалқық
- васкулитo
- асқазан-ішек жолының ойықжарасыt
- экзема, лихеноидты кератозaa, псориаз, витилигоz, папулалы бөртпе, шаш түсінің өзгеруі
- теносиновитee
Сирек
- гипопаратиреоз
- көру жүйкесінің невриті
- Фогт-Коянаги-Харада синдромы
- жіңішкеішектің перфорациясы
- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы
- Шегрен синдромы
- интерстициалық цистит
Белгісіз
- ұйқыбезінің экзокриндік жеткіліксіздігі, целиакия
* Жоғарыда берілген жағымсыз реакциялардың жиілігі тек бір пембролизумабқа ғана қатысты болмауы мүмкін, сонымен қатар негізгі аурудың немесе біріктірілімде қолданылған басқа препараттарды қабылдаудың салдары болуы мүмкін.
†Брадиаритмия мен тахиаритмияны қамтитын стандартты сұраныс негізінде
Келесі терминдер бір оқиғаны емес, денсаулық жағдайын сипаттайтын өзара байланысты оқиғалар тобы болып табылады.
• инфузиялық реакциялар (препаратқа аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакция, анафилактоидты реакция, аса жоғары сезімталдық, аса жоғары сезімталдықпен байланысты инфузиялық реакциялар, цитокиндердің бөліну синдромы және сарысу ауруы)
• гипотиреоз (микседема және иммунитетке байланысты гипотиреоз)
• бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігі (Аддисон ауруы, жедел адренокортикалық жеткіліксіздік, қайталама адренокортикалық жеткіліксіздік)
• тиреоидит (аутоиммундық тиреоидит, қалқанша безінің ауруы және жедел тиреоидит)
• гипертиреоз (Базедов ауруы)
• гипофизит (гипопитуитаризм, лимфоциттік гипофизит)
• 1 -типті қантты диабет (диабеттік кетоацидоз)
• миастения синдромы (миастения гравис, оның ішінде өршуі)
• энцефалит (аутоиммундық энцефалит, интерстициялық цистит)
• Гийен-Барре синдромы (аксондық невропатия және демиелиндеуші полинейропатия)
• миелит (көлденең миелитті қоса)
• асептикалық менингит (менингит, инфекциялық емес менингит)
• увеит (хориоретинит, ирит және иридоциклит)
• миокардит (аутоиммундық миокардит)
• васкулит (орталық жүйке жүйесінің васкулиті, аортит, алыпжасушалы артериит)
• пневмонит (өкпенің интерстициалық ауруы, ұйымдастырушы пневмония, иммунитетке байланысты пневмонит және иммунитетке байланысты өкпе ауруы)
• іштің ауыруы (іштегі жайсыздық, іштің ауыруы және эпигастрийдің ауыруы)
• колит (микроскопиялық колит, энтероколит, геморрагиялық энтероколит, аутоиммундық колит және иммунитетке байланысты энтероколит)
• панкреатит (аутоиммундық панкреатит, жедел панкреатит және иммунитетке байланысты панкреатит)
• асқазан-ішек жолының ойықжарасы (асқазан мен он екі елі ішектің ойықжарасы)
• гепатит (аутоиммундық гепатит, иммунитетке байланысты гепатит, бауырдың дәрімен зақымдануы және жедел гепатит)
• склероздайтын холангит (иммунитетке байланысты холангит)
• қышу (есекжем, папулалы есекжем және жыныс мүшелерінің қышуы)
• бөртпе (эритематозды бөртпе, фолликулярлық бөртпе, макулалық бөртпе, макуло-папулалық бөртпе, папулалық бөртпе, қышитын бөртпе, везикулалық және гениталий бөртпесі)
• ауыр тері реакциялары (эксфолиативті бөртпе, күлдіреуік, және келесі құбылыстардың кез келгені ≥ 3 ауырлық дәрежесі: буллезді дерматит, эксфолиативті дерматит, жайылған эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема, қызыл жалпақ теміреткі, ауыз қуысының қызыл жалпақ теміреткісі, пемфигоид, қышу, гениталий қышуы, бөртпе, эритематозды бөртпе, макуло-папулалы бөртпе, қышитын бөртпе, пустулалы бөртпе, тері некрозы және терінің уытты бөртпелері)
• витилиго (терінің депигментациясы, терінің гипопигментациясы және қабақтың гипопигментациясы)
• лихеноидты кератоз (қызыл жалпақ теміреткі және склероатрофиялық теміреткі)
• қаңқа-бұлшықет ауыруы (тірек-қимыл аппаратының жайсыздығы, арқаның ауыруы, қаңқа-бұлшықеттің қозғалмауы, кеуденің қаңқа-бұлшықетінің ауыруы және қисық мойын)
• миозит (миалгия, миопатия, некроздаушы миозит, ревматизмдік полимиалгия және рабдомиолиз)
• артрит (буындардың ісінуі, полиартрит және буын жалқығы)
• теносиновит (тендинит, синовит және сіңірлердің ауыруы)
• нефрит (аутоиммундық нефрит, тубулоинтерстициалық нефрит және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі немесе нефрит белгілерімен бүйректің жедел зақымдануы, нефротикалық синдром, гломерулонефрит және жарғақшалық гломерулонефрит)
• ісіну (шеткері ісіну, жайылған ісінулер, гиперволемия, сұйықтықтың іркілуі, қабақтың ісінуі және еріннің ісінуі, беттің ісінуі, шектелген ісіну және көзұямаңының ісінуі)
Пембролизумаб энфортумаб ведотинмен біріктірілімде
Пембролизумабты энфортумаб ведотинімен бірге тағайындаған кезде емдеуді бастамас бұрын энфортумаб ведотинінің жалпы сипаттамасымен танысыңыз.
Энфортумаб ведотинмен біріктірілімде пембролизумабтың қауіпсіздігі 1-күні 200 мг пембролизумаб және әрбір 21 күндік циклдің 1- және 8-күндерінде энфортумаб ведотинді 1.25 мг/кг қабылдаған операция жасауға болмайтын немесе метастаздық уротелий карциномасы бар 564 пациенттің арасында бағаланды.
Жалпы, пембролизумабты энфортумаб ведотинімен бірге қолданғанда жағымсыз реакциялардың жиілігі пембролизумаб монотерапиясына қарағанда жоғары болды, бұл энфортумаб ведотиннің әсеріне және біріктірілген емнің ұзаққа созылуына байланысты.
Жалпы жағымсыз реакциялар монотерапия түрінде пембролизумаб немесе энфортумаб ведотинді қабылдаған пациенттерде байқалғанға ұқсас болды.
Макуло-папулалы бөртпелердің пайда болу жиілігі барлық дәрежелердің 36% -ын (10% 3-4 дәреже) құрады, бұл пембролизумаб монотерапиясына қарағанда жоғары.
Жалпы алғанда, жағымсыз құбылыстардың жиілігі ≥ 65 жастағы пациенттерде < 65 жастағы пациенттермен салыстырғанда жоғары болды, әсіресе ауыр жағымсыз құбылыстар үшін (тиісінше 56.3% және 35.3%) және ≥ 3 дәрежелі құбылыстар (тиісінше 80.3% және 64.2%), бұл салыстыру химиотерапиясымен бақылауларға ұқсас.
Жекелеген жағымсыз құбылыстардың сипаттамасы
Пембролизумабты төрт дозалау режимінде (әр 3 апта сайын 2 мг/кг, әр 2 немесе 3 апта сайын 10 мг/кг немесе әр 3 апта сайын 200 мг) тағайындалған пациенттерде келесі иммунитетке байланысты жағымсыз құбылыстар туралы мәліметтер алынды. Көрсетілген жағымсыз құбылыстары бар пациенттерді жүргізу жөніндегі ұсынымдар «Арнайы сақтандырулар» бөлімінде сипатталған.
Иммунитетке байланысты жағымсыз құбылыстар
Иммунитетке байланысты пневмонит
Пневмонит пембролизумабпен емделген 4.2% пациентте дамыды, оның ішінде 2, 3, 4 немесе 5-ауырлық дәрежесі сәйкесінше пациенттердің 1.9%, 1.1%, 0.2% және 0.1% пайызында. Пневмониттің дамуына дейінгі уақыттың медианасы 3.9 айды (2 күннен 27.2 айға дейінгі диапазонда) құрады. Ұзақтық медианасы 2.0 айды құрады (1 күннен 51.0+ айға дейінгі диапазонда).
Пневмонит кеуде қуысы ағзаларына сәулелену жүргізілген пациенттерде (8.1%) кеуде қуысы ағзаларына сәулелену жүргізілмеген пациенттерге (3.9%) қарағанда жиі дамыды. Пневмонит пациенттердің 1.7% -ында пембролизумабты тоқтатуға әкелді. Пневмонит 190 пациентте толығымен жойылды, ал 6-ында - салдары болды.
ӨҰЖЕО бар пациенттерде пневмонит 5.7% пациентте дамыды, оның ішінде 2, 3, 4 немесе 5- дәрежесі пациенттердің сәйкесінше 7%, 1.7%, 0.4% және 0.3%-ында дамыды. ӨҰЖЕО бар пациенттерде пневмонит кеуде ағзаларының алдыңғы сәулеленуін алған пациенттің 8.9% -ында дамыды. кХЛ бар пациенттерде пневмонит (барлық дәрежелер) сәйкесінше 5.2% - дан 10.8% - ға дейін дамыды.
Иммунитетке байланысты колит
Колит пембролизумаб қабылдаған 2.1% пациентте дамыды, оның ішінде 2, 3 немесе 4- дәрежелі сәйкесінше 0.6%, 1.1% және 0.1% пациентте. Колиттің дамуына дейінгі уақыттың медианасы 4.3 айды (2 күннен 24.3 айға дейінгі диапазонда) құрады. Колит пациенттердің 0.6% -ында пембролизумабты тоқтатуға әкелді. Колит 130 пациентте жойылды, 2 пациентте – салдарымен болды. Пембролизумабты монотерапия ретінде қабылдаған ЖЖО бар пациенттерде колит жиілігі 6.5%-ды (барлық дәрежелер), 3 -дәрежелі – 2.0%-ды және 4- дәрежелі – 1.3%-ды құрады.
Иммунитетке байланысты гепатит
Гепатит пембролизумабпен емделген пациенттердің 1.0%-ында дамыды, оның ішінде 2, 3 немесе 4- дәрежелі сәйкесінше 0.2%, 0.7% және 0.1% пациентте. Гепатиттің дамуына дейінгі уақыттың медианасы 3.5 айды құрады (8 күннен 26.3 айға дейінгі диапазонда). Ұзақтық медианасы 1.3 айды құрады (1 күннен 29.0+ айға дейінгі диапазонда). Гепатит пациенттердің 0.5% -ында пембролизумабты тоқтатуға әкелді. Гепатит 60 науқаста жазылды.
Иммунитетке байланысты нефрит
Нефрит пембролизумабты монотерапия ретінде қабылдаған пациенттердің 0.5%-ында дамыды, оның ішінде 2, 3 немесе 4 -дәрежелі жағдайлар сәйкесінше 0.1%, 0.2% және <0.1% пациентте. Нефриттің дамуына дейінгі уақыттың медианасы 4.2 айды құрады (12 күннен 21.4 айға дейінгі диапазонда). Ұзақтық медианасы 3.3 айды құрады (6 күннен 28.2+ айға дейінгі диапазонда). Пациенттердің 0.2%-ында нефриттің дамуына байланысты пембролизумабпен емдеуді тоқтату қажет болды. Нефрит 25 пациентте шешілді, 5 пациентте асқыну байқалды. Пембролизумабты пеметрекседпен және платина препаратымен біріктірілімде қабылдаған жалпақ жасушалы емес ҰЖЕӨО бар пациенттерде нефриттің пайда болу жиілігі 1.4%-ды құрады: 3 дәрежелі – 0.8%, 4 дәрежелі – 0.4%.
Иммунитетке байланысты эндокринопатия
Бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігі пембролизумаб қабылдаған пациенттердің 0.9%-ында дамыды, оның ішінде 2, 3 немесе 4- дәрежелі сәйкесінше 0.4%, 0.4% және 0.1% пациентте. Бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігінің дамуына дейінгі уақыттың медианасы 5.4 айды құрады (1 күннен 23.7 айға дейінгі диапазонда). Орташа ұзақтыққа қол жеткізілген жоқ (3 күннен 40.1+ айға дейінгі диапазонда). Бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігі пациенттердің 0.2% - ында пембролизумабты тоқтатуға әкелді. Бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігі 17 пациентте жойылды, 11 пациентте асқынулармен болды.
Гипофизит пембролизумаб қабылдаған пациенттердің 0.7%-ында дамыды, оның ішінде 2, 3 немесе 4- дәрежелі сәйкесінше 0.3%, 0.3% және <0.1% пациентте. Гипофизиттің дамуына дейінгі уақыттың медианасы 5.9 айды құрады (1 күннен 17.7 айға дейінгі диапазонда). Ұзақтық медианасы 3.6 айды құрады (3 күннен 48.1+ айға дейінгі диапазонда). Гипофизит пациенттердің 0.2% -ында пембролизумабты тоқтатуға әкелді. Гипофизит 23 пациентте жойылды, 8 пациентте – салдары болды.
Гипертиреоз пембролизумаб қабылдаған пациенттердің 5.2%-ында дамыды, 2 немесе 3 -дәрежелі жағдайларды қоса алғанда, сәйкесінше 1.4% және 0.1% пациентте дамыды. Гипертиреоздың дамуына дейінгі уақыттың медианасы 1.4 айды құрады (1 күннен 23.2 айға дейінгі диапазонда). Ұзақтық медианасы 1.6 айды құрады (4 күннен 43.1+ айға дейінгі диапазонда). Гипертиреоз пациенттердің 0.1% -ында пембролизумабты тоқтатуға әкелді. Гипертиреоз 326 пациентте жойылды (82.7%), 11-інде-салдарымен шешілді. Пембролизумабпен монотерапияны адъювантты терапия ретінде қабылдаған ЖЖО, ӨҰЖЕО және меланомасы бар пациенттерде гипертиреоздың жиілігі 11.0%-ды құрады, олардың көпшілігі 1 немесе 2- дәрежелі болды.
Гипертиреоз пембролизумаб қабылдаған пациенттердің 12.3%-ында дамыды, 2 немесе 3 -дәрежелі жағдайларды қоса алғанда, сәйкесінше 9.0% және 0.1% пациентте дамыды. Гипертиреоздың дамуына дейінгі уақыттың медианасы 3.4 айды құрады (1 күннен 25.9 айға дейінгі диапазонда). Ұзақтық медианасына қол жеткізілген жоқ (2 күннен 63.0+ айға дейінгі диапазонда). Пациенттердің 0.2%-ында гипотиреоздың дамуына байланысты пембролизумабпен емдеуді тоқтату қажет болды. Гипотиреоз 216 (23%) пациентте шешілді, 16-сында асқынулармен болды. кХЛ бар пациенттерде гипотиреоздың жиілігі 17%-ды құрады, олардың барлығы 1 немесе 2- дәрежелі болды. Пембролизумабты монотерапия ретінде қабылдаған БМЖО бар пациенттерде гипотиреоздың жиілігі 16.1%-ды (барлық дәрежелер), 3 -дәрежелі – пациенттердің 0.3%-ын құрады. Платина препаратымен және 5-ФУ химиотерапиясымен біріктірілімде пембролизумабпен ем қабылдаған БМЖО бар пациенттерде гипотиреоздың пайда болу жиілігі 15.2%-ды құрады, олардың барлығы 1 немесе 2- дәрежелі болды. Пембролизумабты акситинибпен немесе ленватинибпен біріктірілімде қабылдаған пациенттерде гипотиреоздың жиілігі 46.2%-ды (барлық дәрежелер), 3 немесе 4 -дәрежелі – 0.8%-ды құрады. Пембролизумабпен монотерапияны адъювантты терапия ретінде қабылдаған ЖЖО, ӨҰЖЕО және меланомасы бар пациенттерде гипертиреоздың жиілігі 18.5%-ды құрады, олардың көпшілігі 1 немесе 2- дәрежелі болды.
Иммунитетке байланысты терінің жағымсыз реакциялары
Иммунитетке байланысты терінің ауыр реакциялары пембролизумаб қабылдаған пациенттердің 1.7%-ында, соның ішінде 2, 3, 4 немесе 5-дәрежелі жағдайлар пациенттердің сәйкесінше 0.1%, 11.3%, < 0.1% және <0.1% -ында дамыды. Терінің ауыр реакцияларының пайда болу уақытының медианасы 2.8 айды (2 күннен 25.5 айға дейін) құрады. Ұзақтық медианасы 1.9 айды құрады (1 күннен 47.1+ айға дейінгі диапазонда). Терінің ауыр реакциялары пациенттердің 0.2% - ында пембролизумабты қолдануды тоқтатуға әкелді. Терінің ауыр реакциялары 93 пациентте шешілді, 2 пациентте – салдарымен шешілді.
Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермалық некролиздің сирек жағдайлары байқалды, кейде өліммен аяқталған («Қолдану жөніндегі ұсынымдар» және «Арнайы сақтандыруларды» қараңыз).
Классикалық Ходжкин лимфомасы кезіндегі аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялаудың (ГДЖТ) асқынулары
Классикалық Ходжкин лимфомасы бар 14 пациент пембролизумабпен емдегеннен кейін гемопоэздік дің жасушаларының аллогендік трансплантациясына ұшырады. Олардың ішінде 6 пациентте «трансплантат қожайынға қарсы қожайынға» жедел реакциясы (ТҚҚР) дамыды, 1 пациентте – ТҚҚР созылмалы реакциясы, өлім жағдайлары болған жоқ, 2 пациентте қарқындылығы төмендеген кондициялау режимдерінен кейін бауырдың ауыр венооклюзиялық ауруы дамыды, бір жағдай өлімге әкелді. Трансплантациядан кейін бір пациентте қабылдау синдромы дамыды.
Классикалық Ходжкин лимфомасы бар 32 пациент пембролизумабпен емдегеннен кейін гемопоэздік дің жасушаларының аллогендік трансплантациясына ұшырады. Оның ішінде 16 пациентте жедел «трансплантация қожайынға қарсы» реакциясы (ТҚҚР) дамыды, 7-інде ТҚҚР созылмалы реакциясы дамыды, осы пациенттердің 2-і қайтыс болды. Бірде-бір пациентте бауырдың ауыр венооклюзиялық ауруы дамыған жоқ. Трансплантациядан кейін бірде бір пациентте қабылдау синдромы болған жоқ.
Классикалық Ходжкин лимфомасы бар 14 пациент пембролизумабпен емдегеннен кейін гемопоэздік дің жасушаларының аллогендік трансплантациясына ұшырады. Оның ішінде 8 пациентте «трансплантат қожайынға қарсы» реакциясы (ТҚҚР) дамыды, 3 пациентте ТҚҚР созылмалыреакциясы дамыды, өлім жағдайлары болған жоқ. Бірде-бір пациентте бауырдың ауыр венооклюзиялық ауруы дамыған жоқ. Трансплантациядан кейін бір пациентте қабылдау синдромы дамыды.
Пембролизумабты ЖЖО емдеу үшін акситинибпен біріктірілімде қолданған кезде бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
Пембролизумабты акситинибпен біріктіріп қолданған кезде бұрын ем қабылдамаған ЖЖО бар пациенттерде 3 және 4- дәрежелі АЛТ (20%) және AСT (13%) деңгейінің күтілгеннен жоғары жоғарылау жиілігі байқалды. АЛТ деңгейінің жоғарылауына дейінгі уақыттың медианасы 2.3 айды құрады (7 күннен 19.8 айға дейінгі диапазонда). АЛТ деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен ≥3 есе жоғарылаған пациенттерде (2-4 дәреже), АЛТ деңгейі 94% жағдайда 0-1 дәрежеге дейін төмендеді. AЛТ деңгейі жоғары пациенттердің 59%-ы жүйелі кортикостероидтық терапияны қабылдады. Осы көрсеткіштердің қалыпқа келуі байқалған 84% пациентке пембролизумабпен (3%), не акситинибпен (31%) немесе екі препараттың біріктірілімімен (50%) монотерапия қайта тағайындалды. Осы пациенттердің 55%-ында АЛТ қалыптың жоғарғы шегінен >3 есе қайта жоғарылаған жоқ, ал АЛТ қалыптың жоғарғы шегінен >3 есе қайта жоғарылаған барлық пациентте осы көрсеткіштердің қалпына келуі байқалды. Бауыр тарапынан 5 -дәрежелі жағымсыз құбылыстары болған жоқ.
Зертханалық көрсеткіштердің қалыптан ауытқуы
Пембролизумабпен монотерапия алған пациенттерде зертханалық көрсеткіштердің бастапқы деңгейден 3 немесе 4 дәрежеге дейін ауытқуы байқалғандардың үлесі мынадай болды: лимфоциттер санының төмендеуі – 9.4%-ында, натрий деңгейі – 7.4% -ында, гемоглобин - 5.8% -ында, фосфат деңгейінің төмендеуі -5.3%-ында, глюкоза деңгейінің жоғарылауы – 5.3%, АЛТ-3.3%, АСТ-3.1%, сілтілі фосфатаза – 2.6%, калий деңгейінің төмендеуі - 2.3%, калий деңгейінің жоғарылауы – 2.1%, нейтрофилдер деңгейінің төмендеуі-1.9%, тромбоциттер деңгейінің төмендеуі -1.8%, кальций деңгейінің жоғарылауы - 1.8%, билирубиннің жоғарылауы – 1.7%, кальций деңгейінің төмендеуі - 1.5%, альбумин деңгейінің төмендеуі – 1.4%, креатинин деңгейінің жоғарылауы – 1.3%, глюкоза деңгейінің жоғарылауы – 1.2%, лейкоциттер санының төмендеуі - 0.8%, магний деңгейінің жоғарылауы – 0.7%, натрий – 0.5%-ында, гемоглобин деңгейінің жоғарылауы – 0.4% -ында және магний деңгейінің төмендеуі пациенттердің 0.2% -ында байқалды.
Химиотерапиямен біріктірілімде пембролизумабпен ем қабылдаған пациенттерде зертханалық көрсеткіштердің бастапқы деңгейден 3 немесе 4- дәрежеге дейін ауытқуы байқалғандардың үлесі мынадай болды: нейтрофилдер деңгейінің төмендеуі – 39.9%, лейкоциттер саны – 23.3%, лимфоциттер саны – 25.5%, гемоглобин деңгейі - 20.8%, тромбоциттер - 13.7%, натрий – 10.4, фосфат – 7.3%, АЛТ деңгейінің жоғарылауы – 5.7%, калий деңгейінің төмендеуі – 7.7%, глюкоза деңгейінің жоғарылауы – 5.5%, АСТ деңгейінің жоғарылауы – 5.3%, кальций деңгейінің төмендеуі - 3.5%, калий деңгейінің жоғарылауы - 3.4% -ында, креатинин деңгейінің жоғарылауы – 3.1%-ында, альбумин деңгейінің төмендеуі - 2.6%-ында, сілтілі фосфатаза – 2.8% -ында, билирубин деңгейінің жоғарылауы – 3.6%-ында, кальций деңгейінің жоғарылауы – 1.7%-ында, глюкоза деңгейінің төмендеуі – 1.0%-ында, натрий деңгейінің жоғарылауы – 0.5% және гемоглобин деңгейінің жоғарылауы – 0.1% пациентте байқалды.
Пембролизумабты акситинибпен немесе ленватинибпен біріктірілімде қабылдаған пациенттерде бастапқы деңгейден 3 немесе 4 дәрежелі зертханалық ауытқуларға ығысу байқалған пациенттердің үлесі келесідей болды: 23.0%-ында липаза деңгейінің жоғарылауы (пембролизумаб пен акситинибті қабылдаған пациенттерде өлшенбеген), лимфоциттер санының төмендеуі – 12.0%, натрий деңгейінің төмендеуі - 11.4%, амилаза деңгейінің жоғарылауы - 11.2%, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы – 11.2%, АЛТ деңгейінің жоғарылауы - 10.4%, АСТ - 8.9%, глюкоза деңгейінің жоғарылауы - 7.8%, фосфаттар деңгейінің төмендеуі - 6.8%, калий деңгейінің төмендеуі - 6.1%, калий деңгейінің жоғарылауы - 5.1%, холестерин деңгейінің жоғарылауы – 4.5%, креатинин деңгейінің жоғарылауы - 4.4%, гемоглобин деңгейінің төмендеуі - 4.2%, магний деңгейінің төмендеуі – 4.0%, нейтрофилдер деңгейінің төмендеуі - 3.5%, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы - 3.1%, тромбоцитоз – 3.0% - ында, билирубин деңгейінің жоғарылауы – 2.8% - ында, гипокальциемия - 2.2%-ында, лейкопения - 1.7%-ында, магний деңгейінің жоғарылауы - 1.6%-ында, протромбин ХҚҚ жоғарылауы - 1.5%-ында, глюкоза деңгейінің төмендеуі-1.4% – ында, альбумин деңгейінің төмендеуі – 1.2% -ында, гиперкальцемия – 1.2%-ында, натрий деңгейінің жоғарылауы – 0.4% және гемоглобин – пациенттердің 0.1%-ында.
Иммуногенділік
Пембролизумабты 3 аптада бір рет 2 мг/кг, 3 аптада бір рет 200 мг немесе монотерапия ретінде 2 немесе 3 аптада бір рет 10 мг/кг дозада қабылдаған пациенттердің 1.8% -ында пембролизумабқа антиденелерді тестілеу нәтижелері оң болды, бұл ретте пациенттердің 0.4% -ында пембролизумабқа қарсы бейтараптандыратын антиденелер болды. Пембролизумабты байланыстыратын немесе бейтараптандыратын антиденелердің пайда болуымен байланысты фармакокинетика немесе қауіпсіздік бейініндегі өзгерістерді растайтын деректер жоқ.
Педиатриялық популяция
Ең жиі кездесетін жағымсыз реакциялар (педиатриялық пациенттердің кем дегенде 20% -ында тіркелген) гипертермия (33%), құсу (30%), бас ауыруы (26%), іштің ауыруы (22%), анемия (21%), жөтел (21%) және іш қату (20%) болды. Монотерапия кезінде хабарланған жағымсыз реакциялардың көпшілігінің ауырлық дәрежесі 1 немесе 2 болды. Пациенттердің 47.2% - ында 1 немесе одан да көп 3-5 дәрежелі жағымсыз реакциялар болды, олардың 3.1% пациентте өлімге әкелетін 1 немесе одан да көп жағымсыз реакциялар болды.
Қазіргі уақытта адъювантты терапиямен емделген IIB, IIC және III сатыдағы меланомасы бар жасөспірімдерде пембролизумабтың қауіпсіздігі туралы ұзақ мерзімді деректер жоқ.
Күтілетін дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz