Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Суспензия
Дозировка
120мг/5мл
Торговое наименование
ПАРАЦЕТАМОЛ NOBEL®
Действующее вещество
Парацетамол
Назначение
Ауыруды басатын дәрі ретінде: тіс жарғанда, тіс ауырғанда, тамақ ауырғанда
Производитель
Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Страна
Казахстан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
5 мл суспензияның құрамында
белсенді зат – 120.00 мг парацетамол,
қосымша заттар: алюминий магний силикаты (тальк), авицел RS 591, натрий карбоксиметилцеллюлозасы 7 HOF, рафинадталған қант, глицерин, сорбитол 70%, лимон қышқылы моногидраты, натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Таңқурай иісі бар ашық сұрдан ақшыл сары түске дейінгі біртекті суспензия.
ауыруды басатын дәрі ретінде
- тіс жарғанда
- тіс ауырғанда
- тамақ ауырғанда
ыстық түсіретін дәрі ретінде
- суық тию ауруларында
- тұмауда
- балалардың инфекциялық ауруларында (желшешекте, көкжөтелде, қызылшада және эпидемиялық паротитте (шошқа-борықта)
- вакцинациядан кейін
Парацетамол ауыруды басатын және ыстық түсіретін әсерге иеленген. Ауыруды басатын әсері простагландиннің синтезін тежеумен шартталған, негізінен ОЖЖ-де, шеткері әсері азырақ айқындалған. Ауыру және жылуды реттеу орталықтарына әсер ете отырып, орталық жүйке жүйесіндегі циклооксигеназаны бөгейді.
Дозалау режимі
Балаларға қолдануға арналған.
Қолданар алдында құтының ішіндегісін жақсылап шайқау керек (кемінде 10 сек.).
Баланың жасы — Бір реттік доза, мл
2-3 ай - салмағы 4 кг-ден астам, - күні жетіп туылған нәресте (37 аптаға толған мерзімде босанған) — Бір реттік 2,5 мл (қажет болғанда 4-6 сағаттан кейін қайталап 2,5 мл пайдалануға болады)
Жасы 2 айдан кіші балаларда қолдануға болмайды. 2 дозадан артық бермеу керек. Қабылдаулар арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмау керек. Егер қосымша доза талап етілсе дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алу қажет.
Баланың жасы — Бір реттік доза, мл — Қабылдау жиілігі (24 сағат ішінде)
3-6 ай — 2,5 мл — 4 рет
6-24 ай — 5 мл — 4 рет
2-4 жыл — 7,5 мл — 4 рет
4-8 жас — 10 мл — 4 рет
8-10 жас — 15 мл — 4 рет
10-12 жас — 20 мл — 4 рет
24 сағат ішінде 4 дозадан артық қабылдауға болмайды. 60 мг/кг барынша көп тәуліктік дозаны 10-15 мг/кг бөлінген дозаларда 24 сағат ішінде қолдану керек. Қабылдаулар арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмау керек. Препаратты дәрігердің тағайындауынсыз және қадағалауынсыз 3 күннен артық қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Тек ішуге арналған.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге
- 2 айлық жасқа дейінгі балалар
Өте сирек
- тромбоцитопения, агранулоцитоз
- анафилаксия
- аса жоғары сезімталдықтың тері реакциялары, тері бөртпелері, ангионевроздық ісіну
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз
- бронх түйілуі*
- бауыр функциясының бұзылуы
* Парацетамол қабылдаған кезде бронх түйілуі жағдайлары тіркелді, бірақ олар аспиринге немесе басқа да ҚҚСП сезімталдығы жоғары бронх демікпесі бар науқастарда болуы ықтимал.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Бауырдың зақымдануы ересек пациенттерде 10 г және одан да көп парацетамол қабылдағаннан кейін болуы мүмкін. Егер пациентте келесі қауіп факторлары болса, 5 г немесе одан да көп парацетамол қабылдау бауырдың зақымдануына әкелуі мүмкін:
- карбамазепинмен, фенобарбиталмен, фенитоинмен, примидонмен, рифампицинмен, шілтер жапырақты шайқурай препараттарымен немесе бауыр ферменттерін стимуляциялайтын басқа препараттармен ұзақ емдеу.
- созылмалы алкоголизм
- глутатион деңгейі төмендеуімен бірге жүретін жай-күйлер болғанда (тамақ ішу бұзылыстары, муковисцидоз, АИТВ-инфекция, ашығу, жалпы жүдеп кету).
Алғашқы 24 сағатта парацетамолмен жедел улану симптомдары тері жабындарының бозаңдануы, жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі және асқазанның ауыруы болып табылады. Бауырдың зақымдануы артық дозаланудан кейін 12-48 сағаттан кейін анықталады.
Глюкоза метоболизмінің бұзылулары және метаболизмдік ацидоз пайда болуы мүмкін. Ауыр улану кезінде бауыр жеткіліксіздігі энцефалопатияға, қан кетуге, гипогликемияға, ми ісінуіне және өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Жедел түтікшелі некрозы бар бүйректің жедел жеткіліксіздігі белдің ауырсынумен, гематуриямен және протеинуриямен анықталады және бауырдың ауыр зақымдануы болмаса да дамуы мүмкін. Сондай-ақ жүрек аритмиясы және панкреатит те байқалды.
Емі: Артық дозаланған кезде жедел медициналық көмек қажет. Пациентті, тіпті артық дозаланудың ерте белгілері болмаса да дереу ауруханаға жеткізу керек. Симптомдар жүрек айнуымен және құсумен шектелуі мүмкін немесе артық дозаланудың ауырлығын немесе ағзалардың зақымдану қаупін көрсетпеуі мүмкін. Емдеу бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілуі керек.
Парацетамолдың шамадан тыс дозасы 1 сағат ішінде қабылданған жағдайда белсендірілген көмірмен емдеу ұсынылады. Қан плазмасындағы парацетамол концентрациясын препаратты қабылдағаннан кейін 4 сағат өткеннен кейін және кейінірек анықтау керек (концентрацияны неғұрлым ерте анықтау нақты болып табылмайды). N-ацетилцистеинмен емдеуді парацетамолды қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізуге болады, алайда осы антидоттың ең жоғары әсері оны қабылдағаннан кейін 8 сағат ішінде қолданған кезде тиімді болуы мүмкін. Осы уақыттан кейін антидоттың тиімділігі күрт төмендейді. Қажет болса, N-ацетилцистеин пациентке ұсынылған дозаларға сәйкес вена ішіне енгізіледі. Құсу болмаған жағдайда, пациентті ауруханаға шұғыл тасымалдау мүмкіндігі болмаған жағдайда балама ретінде метионинді пероральді қолдануға болады. Артық дозаланғаннан кейін 24 сағаттан астам уақытқа созылатын бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерді емдеу токсикология бөлімімен немесе гепатологиялық орталықпен келісілуі керек.
Құрамында парацетамол бар. Құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Бауырдың созылмалы аурулары парацетамолды қабылдаған кезде бауырдың зақымдану қаупін арттырады. Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған пациенттерге препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесу қажет.
Ұсынылған дозадан асырмау керек.
Глутатион деңгейі төмен пациенттерге сақ болу керек, өйткені парацетамолды қабылдау метаболизмдік ацидоздың пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
Егер симптомдар сақталса, дәрігермен кеңесу керек.
Препаратты шала туған жасы 3 айдан кіші балаларға қолдану алдында дәрігерден кеңес алу керек.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Жасы 2 айдан кіші балаларда қолдануға болмайды.
Бұл өнім балаларда қолдануға арналған
Қосымша заттар
Егер сіздің балаңызда кейбір қанттарға жақпаушылық белгілі болса, қолдану алдында дәрігерге көрініңіз, өйткені бұл өнімнің құрамында 5 мл суспензияда 1500 мг мөлшерінде 70% сорбитол бар.
Артық дозаланған жағдайда, бауырдың қайтымсыз зақымдану қаупі болғандықтан, тіпті егер пациент өзін жақсы сезінсе де, дереу дәрігерге көріну қажет.
Құрамында рафинадталған қант бар. Диабеті бар пациенттер мұны ескеруі керек.
Препараттың құрамында натрий бар, тұзсыз диетаны ұстанатын тұлғаларға тағайындаған кезде сақтық таныту керек.
Жүктілік
Парацетамолдың құрсақішілік әсер етуіне ұшыраған балаларда жүйке жүйесінің дамуына жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер сенімсіз нәтижелер көрсетті. Жүктілік кезінде парацетамолды клиникалық қажеттілікке байланысты қабылдауға жол беріледі, дегенмен оны ең төмен тиімді дозада, ең қысқа ықтимал мерзімге және ықтимал төмен жиілікпен қабылдаған жөн.
Емшек емізу
Парацетамол ұсынылған дозаларда қолданған кезде емшек сүтімен аз мөлшерде бөлінеді. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, емшек емізу кезеңінде қарсы көрсетілімдер жоқ.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Парацетамолдың сіңу жылдамдығын метоклопрамид пен домперидон арттырады, ал колестирамин төмендетеді.
Ұзақ уақыт бойы қабылдағанда препарат тікелей емес антикоагулянттардың (варфарин және басқа кумариндердің) әсерін күшейтеді, бұл қан кету қаупін арттырады; бір реттік дозалар айтарлықтай әсер етпейді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны бірінші рет ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі 1 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.