Дозалау режимі
Ересектер
Ересектер үшін бір реттік доза әдетте 2,5–15 мл (0,25–1,5 г), тәуліктік доза – 5-30 мл (0,5–3 г).
Емдеу тактикасы дозаны 7 күн ішінде арттыруды, ұсынылған дозада қабылдауды негізгі емдеу курсы бойына дозаны 7 күн ішінде тоқтатқанға дейін біртіндеп төмендетуді көздейді.
Шизофренияда психотропты препараттармен біріктірілімде: тәулігіне 5-30 мл (0,5–3 г). Емдеу курсы-1-3 ай.
Эпилепсия кезінде антиконвульсанттармен біріктірілімде: тәулігіне 7,5–10 мл (0,75-1 г). Емдеу курсы - 1 жылға дейін немесе одан да ұзақ.
Экстрапирамидалық бұзылулармен қатар жүретін нейролептикалық синдром кезінде: тәуліктік доза – 30 мл дейін (3 г дейін), бірнеше ай бойы емдеу.
Жүйке жүйесінің органикалық аурулары бар науқастарда экстрапирамидалық гиперкинез кезінде: тәулігіне 5-30 мл (0,5–3 г). Емдеу курсы - 4 айға дейін немесе одан да көп.
Нейроинфекциялар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдары кезінде: тәулігіне 5-30 мл (0,5–3 г).
Жоғары жүктемелер мен астениялық жағдайларда жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру үшін: тәулігіне 3 рет 2,5–5 мл (0,25–0,5 г).
Несеп шығару бұзылыстарында: 5-10 мл (0,5–1 г) күніне 2-3 рет.
Емдеу курсы - 1-4 ай, кейде 6 айға дейін. 3-6 айдан кейін қайта емдеу курсын жүргізуге болады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балаларға арналған бір реттік доза–1-15 мл (0,1 – 1,5 г), тәуліктік доза–1-30 мл (0,1-3 г).
Жүйке жүйесінің жасына және патологиясына байланысты ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағына 30-50 мг/кг құрайды.
Баланың салмағы (кг) — Тәуліктік доза (мг) — Тәуліктік доза (мл)
3,3–6,0 — 100–400 — 1–4
6,6–10,0 — 200–500 — 2–5
10,0–12,0 — 300–600 — 3–6
13,3–16,0 — 400–800 — 4–8
16,6–20,0 — 500–1000 — 5–10
20,0–28,0 — 600–1400 — 6–14
27,0–40,0 — 800–2000 — 8–20
40,0–60,0 — 1200–3000 — 12–30
60 кг артық — 1800–3000 — 18–30
Емдеу тактикасы дозаны 7 күн ішінде арттыруды, ұсынылған дозада қабылдауды негізгі емдеу курсы бойына дозаны 7 күн ішінде тоқтатқанға дейін біртіндеп төмендетуді көздейді.
Ақыл-ой кемістігінде: 3 ай бойы күніне 4-6 рет 5 мл (0,5 г).
Сөйлеу дамуы кешеуілдегенде: 2-3 ай бойы күніне 3-4 рет 5 мл (0,5 г).
Неврозға ұқсас жағдайларда (тиктер; кекештену, негізінен клонустық түрлерде): тәулігіне 3-6 рет 2,5–5 мл (0,25-0,5 г). Емдеу курсы – 1-4 ай.
Гиперкинездік бұзылыстарда (назар тапшылығымен аса жоғары белсенділік синдромында): тәулігіне 1-2 рет таңертең және түсте алғашқы 5-7 күн ішінде дозаны титрлеумен 2,5–10 (0,25-1 г) (орташа емдік доза тәулігіне баланың дене салмағына 30 мг/кг құрайды). Емдеу курсы - 3-4 ай.
Шизофрения кезінде психотроптық препараттармен біріктірілімде: тәулігіне 3-4 рет 2,5–5 мл (0,25-0,5 г). Емдеу курсы 1-3 ай.
Эпилепсия кезінде антиконвульсанттармен біріктірілімде: тәулігіне 3-4 рет 2,5–5 мл (0,25-0,5 г). Емдеу курсы – 1 жылға дейін және одан да көп.
Экстрапирамидалық бұзылулармен қатар жүретін нейролептикалық синдромда: тәулігіне 3-4 рет 2,5-5 мл (0,25-0,5 г), бірнеше ай бойы емдеу.
Жүйке жүйесінің органикалық аурулары бар пациенттерде экстрапирамидалық гиперкинездерде: тәулігіне 3-4 рет 2,5–5 мл (0,25-0,5 г). Емдеу курсы-4 айға дейін немесе одан да көп.
Нейроинфекциялар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдары кезінде: тәулігіне 3-4 рет 2,5 мл (0,25 г).
Жоғары жүктемелер мен астениялық жағдайларда жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру үшін: тәулігіне 3 рет 2,5–5 мл (0,25–0,5 г)
Несеп шығару бұзылыстарында: бір реттік доза – 2,5–5 мл (0,25–0,5 г) тәулігіне 1-2 рет, тәуліктік доза - 25-50 мг/кг, емдеу курсы - 2-3 ай.
Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан):
Егде жастағы пациенттер үшін дозалау бойынша нақты ұсынымдар жоқ, алайда кез келген дәрілік зат сияқты ең төмен тиімді дозаны пайдалану ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек пероральді қолдануға арналған.
Препаратты дозалау үшін 1; 2; 2,5; 3; 4 мл сәйкес келетін сызығы бар көлемі 5 мл өлшеуіш қасық пайдаланылады.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Пантогам ішуге арналған ерітіндіні тамақтан соң 15-30 минуттан кейін ішке қабылдайды.
Препараттың ноотропты әсерін ескере отырып, оны таңертеңгі және күндізгі уақытта қабылдаған дұрыс. Препаратты қолдану жиілігі - күніне 1-2 рет.