Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капли глазные
Дозировка
3 мг/мл
Торговое наименование
Оптифлокс
Действующее вещество
Офлоксацин
Назначение
Оптифлокс ересектер мен балаларда офлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған сыртқы көз инфекцияларын (конъюнктивит және кератоконьюнктивит сияқты) жергілікті емдеуге…
Производитель
Jamjoom Pharmaceuticals Factory Company
Страна
Саудовская Аравия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір миллилитр препараттың құрамында
белсенді зат – офлоксацин 3.00 мг
қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді,
гидроксиметилпропилцеллюлоза F4M, 1 М хлорсутек қышқылы немесе
1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, жасыл реңді ақшыл сары түсті сұйықтық.
Оптифлокс ересектер мен балаларда офлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған сыртқы көз инфекцияларын (конъюнктивит және кератоконьюнктивит сияқты) жергілікті емдеуге арналған.
Жаңа туған нәрестелердегі көз инфекцияларын емдеудегі қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған.
Офтальмологиялық препараттар. Микробқа қарсы препараттар. Фторхинолондар. Офлоксацин.
АТХ коды Ѕ01АЕ01
Фармакодинамика
Офлоксацин - грам-теріс микроорганизмдердің ауқымды спектріне, грам-оң микроорганизмдердің аз дәрежелі спектріне қатысты белсенділікке иеленген синтетикалық фторланған 4-хинолонды бактерияға қарсы агент болып табылады.
Офлоксацин іn vitro, сондай-ақ in vitro келесі организмдердің көптеген штамдарына қарсы белсенді.
S. pneumoniae қарсы Офлоксациннің клиникалық тиімділігінің сынақтары изоляттардың шектеулі санына негізделген.
Грамтеріс бактериялар: Acinetobacter calcoaceticus var. anitratum and A. calcoaceticus var. ivoffi; Enterobacter sp. including E. cloacae; Haemophilis Sp, including H.influenza and H.aegyptius; Klebsiella Sp., including K. pneumoniae; Moraxella Sp., Morganella morganii; Proteus Sp., including P. Mirabilis; Pseudomonas aeruginosa; including P. aeruginosa, P. cepacia and P. fluscens; and Serratia Sp., including S. marcescens.
Gram-positive bacteria: Bacillus Sp.; Corynebacterium Sp.; Micrococcus Sp.; staphylococcus Sp., including S. aureus and S. epidermidis; Streptococcus Sp., including S. Pneumoniae (see above), S. viridans and beta-hemolytics.
Негізгі әсер ету механизмі бактериялық ДНҚ гиразасын тежеу болып табылады, фермент ДНҚ құрылымын сақтауға жауап береді. Бұл тежелу ДНҚ репликациясын тоқтату арқылы шамасы бактериялық ДНҚ-ның одан әрі зақымдалуына әкелетін және гендердің қалыпты экспрессиясына кедергі келтіретін жасушалық реакцияны тудырумен, бактериялардың тез қырылуына әкеледі.
Офлоксацин бета-лактамаза ферменттерімен деградацияға ұшырамайды және аминогликозидаденилаза немесе фосфорилаза немесе левомицетин ацетилтрансфераза секілді ферменттермен модификацияланбайды.
Дозалау режимі
Оптифлокс, көзге тамызатын дәріні алғашқы екі күнде екі-төрт сағат сайын, содан кейін күніне төрт рет зақымдалған көзге (көздерге) 1-2 тамшыдан тамызады. Емдеу ұзақтығы он күннен аспауы керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған.
Оптифлоксты басқа көзге тамызатын дәрімен бір мезгілде тағайындағанда препараттарды кемінде 15 мин аралықпен қолдану керек.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Тамшылардың 1-2 тамшысын зақымдалған көзге (көзге) конъюнктивалық қалтаға алғашқы екі күнде екі-төрт сағат сайын, содан кейін күніне төрт рет тамызыңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар
Қатысты емес
Тоқтату симптомы қаупінің болуын көрсету
Сипатталмаған.
- офлоксацинге немесе кез келген басқа хинолондарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- бензалконий хлоридінің болуына байланысты 8 жасқа дейінгі балаларда.
- жүктілік кезеңінде немесе жүктілік болу қаупі бар әйелдерде және бала емізу кезеңінде
Жиі
- көздің тітіркенуі, көздегі жайсыздық
Жиілігі белгісіз
- аллергия белгілері немесе симптомдарын (мысалы, көздің қышуы және қабақтың қышуы) қоса алғанда, аса жоғары сезімталдық реакциясы
- анафилаксиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну, ентігу, анафилаксиялық шок, ауыз жұтқыншақ ісінуі, бет пен тілдің ісінуі секілді)
- бас айналу
- кератит, конъюнктивит, бұлыңғыр көру, көз қарығуы, көздің ісінуі, көзде бөтен денені сезіну, конъюнктива гиперемиясы, көз жасының ағуы, конъюнктиваның құрғауы, көз алмасының ауыруы, периорбитальді ісіну (қабақтың ісінуін қоса)
- қарыншалық аритмия және torsades de pointes (негізінен QT аралығының ұзаруының қауіп факторы бар пациенттерде), QT аралығының ЭКГ - да ұзаруы
-жүрек айнуы
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ. Жергілікті артық дозаланғанда көзді сумен шаю керек.
Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық емді жүргізу керек. QT аралығын ұзарту мүмкіндігіне байланысты ЭКГ мониторингісін жүргізу керек.
Жанаспалы линзаларды қолдану көз инфекциясы кезінде ем алып жүрген пациенттерге ұсынылмайды.
Пациенттер қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастап, қайта салғанға дейін кем дегенде 15 минут күтуі керек.
Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіретіні белгілі.
Офлоксацинді қолдану кезінде әлеуетті фотосенсибилизацияға байланысты күн сәулесі әсерінен немесе УК-сәулеленуден аулақ болу керек.
Күннен қорғайтын көзілдірікті киіп, күшті жарықтың ұзақ әсерін болдырмау керек.
Арнайы ескертулер
Оптифлокс инъекцияға арналмаған.
Көзге тамызатын дәріні тек жергілікті қолдануға болады.
Бір жасқа дейінгі балаларда қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған.
Аса жоғары сезімталдықтың ауыр және кейде өлімге әкелетін реакциялары (анафилаксиялық/ анафилактоидты), бірінші дозадан кейін жүйелі хинолондарды, соның ішінде офлоксацинді қабылдайтын пациенттерде тіркелді. Кейбір реакциялар жүрек-қан тамырлары коллапсы, естен тану, ангионевроздық ісінумен (көмейдің, жұтқыншақтың немесе беттің ісінуін қоса), тыныс алу жолдарының бітелуі, ентігу, есекжем және қышумен қатар жүрді.
Егер Офлоксацинге аллергиялық реакция пайда болса, препаратты қабылдауды тоқтату керек. Оптифлокс хинолон қатарындағы басқа бактерияға қарсы дәрілерге сезімталдығы жоғары пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Осы көзге тамызатын дәріні қолданған кезде бактериялық резистенттіліктің пайда болуына және таралуына ықпал етуі мүмкін ринофарингеальді өзектің пайда болу қаупін ескеру қажет. Бұл препаратты ұзақ уақыт қолдану бактериялардың төзімді штамдарының пайда болуына ықпал етуі мүмкін.
Егер инфекциялық көріністердің нашарлауы байқалса немесе белгілі бір кезеңнен кейін клиникалық жақсару байқалмаса, Оптифлоксты қолдануды тоқтатып, талапқа сай терапияны тағайындау қажет.
QT аралығын ұзарту үшін төмендегідей белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде Офлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарды қолданғанда сақ болу керек:
- Туа біткен ұзарған QT аралығы синдромы
- QT аралығын ұзартатын препараттарды (мысалы, ІА және III класты аритмияға қарсы препараттарды, трициклді антидепрессанттарды, макролидтерді, антипсихотиктерді) бір мезгілде қабылдау
- түзетілмеген электролиттік теңгерімсіздік (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
- Жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QT аралығын ұзартатын препарттарға сезімтал болуы мүмкін.
Сондықтан осы халықтың тобында Офлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарды қолданғанда абай болу керек.
Клиникалық деректердің болмауына байланысты Neisseria gonorrhoeae (Гонококк) немесе Chlamydia trachomatis (Хламидия трахоматис) туындаған неонатальді конъюнктивиті бар нәрестелерді емдеу үшін офлоксацин көзге тамызатын дәріні қолдану ұсынылмайды. Мұндай пациенттер тиісті емді, мысалы, Neisseria gonorrhoeae немесе Chlamydia trachomatis инфекцияларының жүйелі емін қабылдауы керек.
Егде жастағы адамдарда қолдану: егде жастағы адамдарда басқа жас топтарымен салыстырғанда жергілікті дозалау туралы салыстырмалы деректер жоқ.
Сақтық шаралары хинолонды бактерияға қарсы препараттарды жүйелі сіңіруге қатысты болады.
Алайда, Офлоксацин жергілікті көзге тамызатын дәрі сіңгеннен кейінгі плазмадағы офлоксациннің деңгейі ең төмен.
Клиникалық емес және клиникалық басылымдарда фторхинолон қатарындағы бактерияға қарсы препараттармен жергілікті емдеуден кейін мөлдір қабықтың ойық жарасы немесе абсцесстері бар пациенттерде мөлдір қабықтың тесілуінің пайда болуы туралы хабарланған. Дегенмен, бұл жағдайлардың көпшілігінде пациенттің егде жасы, көптеген ойық жаралардың болуы және онымен байланысты көз аурулары (мысалы, құрғақ көз синдромы), қабыну жүйелік аурулары (ревматоидты артрит) және офтальмологиялық стероидтарды немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды бірге пайдалану секілді маңызды факторлар анықталды.
Мөлдір қабық эпителийінің ақаулары немесе мөлдір қабықтың жарасы бар пациенттерді емдеу үшін препаратты қолданған кезде мөлдір қабықтың тесілуі қаупіне қатысты сақ болу керек.
Жергілікті қолдануға арналған офтальмологиялық офлоксацинмен емдеу кезінде мөлдір қабықтың преципитаттары туралы хабарланды. Алайда себеп-салдарлық байланыс анықталмаған.
Оптифлокс құрамында көздің тітіркенуін, құрғақ көз симптомдарын тудыруы және көз жасы үлбіріне және мөлдір қабықтың бетіне әсер етуі мүмкін бензалконий хлоридінің консерванты бар. Оптифлоксты құрғақ көз синдромы бар пациенттерде және мөлдір қабық зақымдануы мүмкін пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Пациенттер ұзақ уақыт қолданған жағдайда бақылауда болуы керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Көзге тамызатын дәріні тамызған кезде өтпелі бұлыңғыр көру немесе көлік құралын немесе басқа ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін басқа визуалды мазасыздық пайда болуы мүмкін.
Жүктілік
Жүкті әйелдерде тиісті және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жүйелік хинолондар жетілмеген жануарларда артропатия тудыратыны көрсетілгендіктен, жүкті әйелдерге Оптифлоксты қолдану ұсынылмайды.
Лактация кезеңі
Офлоксациннің жергілікті офтальмологиялық қолданудан кейін емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз. Еметін балаларда елеулі жағымсыз реакциялар болуы мүмкін болғандықтан, емшек сүтімен емізуді тоқтату немесе препараттың ана үшін маңыздылығын ескере отырып, препаратты қабылдауды тоқтату туралы шешімді қабылдау керек.
Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Кейбір хинолондарды жүйелі енгізу кофеин мен теофиллиннің метаболиздік клиренсін тежейтіні көрсетілген. Жүйелі офлоксацинмен жүргізілген дәрілік өзара әрекеттесу зерттеулері офлоксациннің кофеин мен теофиллиннің метаболиздік клиренсіне айтарлықтай әсер етпейтінін көрсетті.
Жүйелік стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен (ҚҚСП) бір мезгілде қолданған кезде фторхинолондарды жүйелі қолданғанда ОЖЖ-не уытты әсердің таралуы туралы хабарланғанымен, бұл туралы ҚҚСП және офлоксацинді бір мезгілде жүйелі қолдану кезінде хабарланбаған.
Офлоксацинді, басқа фторхинолондар секілді, QT аралығын ұзартатын препараттарды (мысалы, ІА және III класты аритмияға қарсы препараттарды, трициклді антидепрессанттарды, макролидтерді, нейролептиктерді) қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Құтыны ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі 28 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.