Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения
Дозировка
5 МЕ/мл
Торговое наименование
ОКСИТОЦИН
Действующее вещество
Окситоцин
Назначение
Окситоцин жатырды қоздыру және оның жиырылу қызметін көтермелеу үшін қолданылады
Производитель
ООО «ФЗ «СТАДА»
Страна
Украина
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл препарат құрамында
белсенді зат: 5 ХБ окситоцин
қосымша заттар: хлорбутанол гемигидрат, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Спецификалық иісі бар мөлдір түссіз сұйықтық.
Окситоцин жатырды қоздыру және оның жиырылу қызметін көтермелеу үшін қолданылады.
Босануға дейінгі кезеңде қолдануға көрсетілімдер
Босануды индукциялау
Окситоцин көмегімен босану қызметін индукциялау жүктіліктің соңғы немесе соған жуық мерзімдерінде артериялық гипертензия (мысалы, преэклампсия, эклампсия немесе жүрек-қантамыр және бүйрек ауруы болғанда), шарана эритробластозы, аналық немесе гестациялық қант диабеті, босануға дейінгі қан кету немесе мерзімінен бұрын босандыру қажеттілігі, жатырдың жиырылу қызметі өздігінен жүзеге аспайтын ұрық қабықшаларының мерзімінен бұрын жарылуы болған уақытта көрсетілген. Көтеріп шыққан жүктілікте (42 аптадан аса) окситоцин көмегімен жатырдың жиырылу қызметін жоспарлы индукциялау көрсетілуі мүмкін. Жатырдың жиырылу қызметін индукциялау шарананың жатырішілік өлімі, шарананың жатыр ішіндегі даму кідірісі жағдайларында да көрсетілуі мүмкін.
Жатырдың жиырылу қызметінің күшеюі.
Босанудың бірінші немесе екінші кезеңінде босанудың ұзаққа созылуы немесе жатырдың дисфункциялық инерттілігі кезінде толғақты күшейту үшін вена ішіне инфузия түрінде қолдануға болады.
Босанудан кейінгі кезеңдегі көрсетілімдер
Жатыр гипотониясында, босанудан кейінгі қан кетуді тоқтату үшін.
Қолдануға басқа көрсетілімдер
Толық емес аборт немесе сәтсіз жасалған түсік кезінде адъювантты ем ретінде.
Диагностика мақсатында қолдану
Шарананың эмбриондық-плаценталық тыныс алу қабілетін анықтау үшін (окситоцинмен жүктемелік тест).
Окситоциннің клиникалық-фармакологиялық қасиеттері гипофиздің артқы бөлігіндегі эндогенді окситоцин қасиеттеріне ұқсас. Жатыр бұлшықеттерінде G-протеинге тәуелді рецепторлар тектестігінің окситоцинге сезімтал рецепторлары бар. Окситоцин жатырдың тегіс бұлшықеттерінің жиырылуын тудырады, жасуша ішінде кальций концентрациясын жоғарылатып, осылайша жатырдың қалыпты, өздігінен жиырылу қызметі кезіндегі босану толғақтарын имитациялайды және жатырдағы қан ағымын уақытша кедергілейді.
Бұлшықеттер жиырылуының амплитудасын және ұзақтығын арттырумен жатыр мойнының кеңеюі және тегістелуі жүреді. Жүктілік дамуына қарай окситоцинге рецепторлар саны және жатырдың оған сезімталдығы артып, жүктілік соңында өзінің шыңына жетеді. Белгілі бір мөлшерде окситоцин жатырдың жиырылу қабілетін тетаниялық күйге дейін өздігінен босану қызметіне тән деңгейге дейін күшейтуге қабілетті.
Окситоцин сүт безінің альвеолаларымен іргелес миоэпителий жасушаларының жиырылуын тудырады және сол арқылы сүттің бөлінуіне ықпал етеді.
Тамырлардың тегіс бұлшықеттеріне әсер ете отырып, окситоцин вазодилатацияны тудырады, бүйректе, коронарлық тамырларда және ми тамырларында қан ағымын ұлғайтады. Бұл орайда АҚ, әдетте, өзгеріссіз қалады, алайда окситоциннің көп дозасын немесе концентрацияланған ерітіндісін вена ішіне енгізгенде рефлекторлық тахикардия дамуымен және жүрек лықсуының рефлекторлық артуымен АҚ уақытша төмендеуі мүмкін. АҚ кейбір бастапқы төмендеуінің соңынан оның аздап болса да, ұзаққа созылатын жоғарылауы басталады.
Вазопрессиннен айырмашылығы, окситоцин диурезге қарсы әлсіз әсерін көрсетеді. Гипергидратация окситоцинді электролитсіз сұйықтықтардың көп мөлшерімен бір мезгілде қолдану және/немесе жылдам енгізу кезінде болуы мүмкін.
Дозалау режимі
Доза жүкті әйел мен шарананың жеке сезімталдығын ескере отырып, белгілену керек. Ұсынылған дозалар препаратты әртүрлі режимдерде және әртүрлі көрсетілімдерде пайдалану тәжірибесіне негізделген.
Босану қызметін индукциялау немесе көтермелеу үшін
Окситоцин тек қана вена ішіне тамшылатып инфузиялау түрінде қолданылу керек. Белгіленген инфузия жылдамдығын міндетті түрде қатаң қадағалау керек. Окситоцинді қауіпсіз қолдану үшін инфузиялық помпаны немесе басқа ұқсас қондырғыны пайдалану, сондай-ақ жатыр жиырылуына және шарананың жүрек қызметіне мониторинг өткізу қажет. Жатырдың жиырылу қызметі шамадан тыс күшейген жағдайда инфузияны дереу тоқтату керек, нәтижесінде жатырдың шамадан тыс бұлшықет белсенділігі тез төмендейді.
Окситоцин инфузиясын қынаптық простагландиндерді қолданудан кейін алғашқы 6 сағат ішінде бастауға болмайды.
Окситоцинді вена ішіне (в/і) тамшылатып инфузиялау түрінде, дұрысы, енгізу жылдамдығын өзгертуге болатын инфузиялық помпа көмегімен енгізу қажет.
500 мл 2,5 ХБ окситоцин (немесе 1000 мл 5 ХБ), 0,9% натрий хлориді ерітіндісі немесе 5% глюкоза ерітіндісі үшін енгізу жылдамдығы 10 тамшы/мин құрайды. Осындай жылдамдық 2,5 мХБ/мин шамасына сәйкес келеді. Доза туралы толық ақпарат кестеде ұсынылған.
Босану қызметін индукциялау немесе көтермелеу үшін окситоциннің инфузия жылдамдығы
Индукция басталуынан бергі уақыты (сағ.) — Окситоцин концентрациясы — Тамшы/мин — Жуық доза (мХБ/мин) — Енгізілген көлем (мл) — Инфузияның жалпы көлемі (мл)
0,00 — 500 мл 2,5 ХБ 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі (концентрациясы 5 мХБ/мл) — 10 — 2,5 — 0 — 0
0,50 — Бірдей — 20 — 5 — 15 — 15
1,00 — Бірдей — 30 — 7,5 — 30 — 45
1,50 — Бірдей — 40 — 10 — 45 — 90
2,00 — Бірдей — 50 — 12,5 — 60 — 150
2,50 — Бірдей — 60 — 15 — 75 — 225
3,00 — 500 мл 5 ХБ 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі (концентрациясы 10 мХБ/мл) — 30 — 15 — 90 — 315
3,50 — Бірдей — 40 — 20 — 45 — 360
4,00 — Бірдей — 50 — 25 — 60 — 420
4,50 — Бірдей — 60 — 30 — 75 — 495
5,00 — 500 мл 10 ХБ 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі (концентрациясы 20 мХБ/мл) — 30 — 30 — 90 — 585
5,50 — Бірдей — 40 — 40 — 45 — 630
6,00 — Бірдей — 50 — 50 — 60 — 690
6,50 — Бірдей — 60 — 60 — 75 — 765
7,00 — Бірдей — 60 — 60 — 90 — 855
Босанудан кейінгі кезеңде жатырдан қан кетуді бақылау:
Окситоцинді енгізудің жалпы тактикасы
10 ХБ окситоцин бұлшықет ішіне енгізіледі, одан кейін вена ішіне инфузия басталады.
Жатыр атониясында
Доза және енгізу тәсілі — Үздіксіз енгізуге арналған доза — Ең жоғары доза — Қарсы көрсетілімдер және алдын ала сақтану шаралары
Окситоцин — 60 тамшы/мин жылдамдықпен в/і инфузияға арналған 1000 мл ерітіндіде 20 ХБ в/і енгізіледі немесе Бұлшықет ішіне: 10 ХБ — 40 тамшы/мин жылдамдықпен в/і инфузияға арналған 1000 мл ерітіндіде 20 ХБ в/і енгізіледі — Окситоцинмен в/і инфузияға арналған 3 л мөлшерден көп емес ерітінді — В/і болюсті инъекция түрінде енгізуге болмайды
Толық емес аборт немесе сәтсіз жасалған аборт кезіндегі адъювантты ем.
Жүктіліктің 16 аптадан артық мерзімдерінде, қажет болса, шарана мен қабықшалардың шығарылуын жеңілдету үшін вена ішіне инфузияға арналған 1000 мл ерітіндісінде (0,9% натрий хлориді ерітіндісі немесе 5% декстрозаның физиологиялық немесе Рингер-лактат ерітіндісімен қоспасы) 40 ХБ окситоцин енгізіледі; инфузия жылдамдығы 20-40 тамшы/мин құрауы тиіс.
Шарананың эмбриондық-плаценталық тыныс алу қабілетін анықтау үшін (окситоцинмен жүктемелік тест).
Енгізу жылдамдығы инфузияның басында 0,5 мХБ/мин құрауы тиіс. Әр жиырма минут сайын инфузия жылдамдығы тиімді дозаға жететін сәтке дейін екі еселеу қажет (әдетте, 5-6 мХБ/мин, көп дегенде - 20 мХБ/мин дейін). Он минуттық кезең ішінде 3 орташа жатыр жиырылуы (әрқайсысы 40-60 секундтан) пайда болған соң инфузияны тоқтату және шарананың жүрек жиырылуының кеш немесе өзгергіш децелерациясының туындауын бақылап отыру керек.
Енгізу әдісі және жолы
Окситоцинді тек парентеральді енгізуге рұқсат етіледі - вена ішіне тамшылатып инфузиялау немесе бұлшықет ішіне инъекциялар. Окситоцинді тек парентеральді (немесе вена ішіне немесе бұлшықет ішіне) енгізуге болады.
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі
Енгізу жиілігі мен уақытын, пациенттің жай-күйін және стационар жағдайларында клиникалық оқиғаны ескере отырып, емдеуші дәрігер белгілейді.
Окситоцин, инъекцияға арналған ерітіндісін, келесі жағдайларда қолдануға болмайды:
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- клиникалық тұрғыда жамбастың тар болуы
- шарананың көлденең орналасуы сияқты алдын ала араласусыз өздігінен босандыруға кедергі келтіретін шарананың қолайсыз қалыпта жатуы
- шарана немесе босанушы әйел үшін пайдасының қауіпке арақатынасы хирургиялық араласуды талап ететін шұғыл акушерлік жағдайлар деп аталатын оқиғалар
- жүктіліктің терминалдық мерзімдеріне дейін көп бұрын болатын фетальді дистресс
- жатырдың жиырылу қызметі немесе айқын токсемия болмаған кезде қолдану
- гипертониялық сипаттағы жатыр жиырылуы болған жағдайда
- әсер етуші затқа немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- қынаптық босану қарсы көрсетілімді болатын жағдайларда жатырдың жиырылу қызметінің индукциялануы немесе артуы, мысалы, кіндік ілмектерінің алдымен келуі немесе түсіп қалуы, плацентаның толықтай алдымен келуі немесе тамырлардың алдыңғы жақта орналасуы
- дистония
- ауыр преэклампсия немесе жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары
- Окситоцин, инъекцияға арналған ерітінді препаратын қынаптық простагландиндерді қолданудан кейін 6 сағат ішінде енгізуге болмайды.
Босанушы әйелдердегі жағымсыз құбылыстар
Жиі
- бас ауыру
- рефлекторлы тахикардия, брадикардия
- жүрек айну, құсу
Жиі емес
- аритмия, қарыншалық экстрасистолия
- бөрту
Сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксиялық реакциялар/ анафилаксияны, диспноэ, гипотензия, шок, есекжемді қоса
- жатыр гипертонусы, жатырдың жыртылуы, жатырдың тетаниялық жиырылуы, босанудан кейінгі қан кету, босану кезінде өліммен аяқталу
Өте сирек
- кейін көтеріліп кететін артериялық гипотензия, кіші жамбас ағзаларына қан құйылу
- диссеминацияланған тамырішілік қан ұю
- электролиттік емес ерітінділердің көп көлемін инфузиялау кезінде өліммен аяқталуға дейін апаратын құрысулармен, комамен болатын сулы уыттану
- гипергидратация аясында өкпенің ісінуі
- ST аралығының депрессиясы және QT аралығының өзгеруі (5ХБ/мин мөлшерінен асып кететін дозаларда окситоцин қысқа мерзімді миокард ишемиясын тудыруы мүмкін)
Жаңа туған нәрестелерде перинатальді кезеңдегі жағымсыз реакциялар
Сирек
- жаңа туған нәрестелер гипонатриемиясы
- аритмия, синустық брадикардия, тахикардия, қарыншалық экстрасистолия
- туғаннан кейін 5 минуттан соң Апгар шкаласы бойынша төмен баға
Өте сирек
- жаңа туған нәрестелердің көз торқабығына қан кету
- шарана асфиксиясы
- асфиксия нәтижесінде ұрықтың өліп қалуы, жаңа туған нәрестелердің сарғаюы, ми зақымдануы
Жұлынды анестезиялау жағдайларында кесарь тілігі жасалған әйелдерде окситоцинді 10 ХБ дозада в/і болюсті енгізу кезінде ЭКГ-да ST-T сегментінің депрессиясы байқалатыны туралы деректер бар. Қауіп дәрежесін дәл бағалау үшін деректер жеткіліксіз және жоғары қауіп себептері белгісіз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Окситоциннің ең жоғары дозасы белгіленбеген.
Симптомдары: пероральді қабылдағанда Окситоцин ас қорыту жолындағы протеолиздік ферменттер ықпалымен белсенділігінен айрылады. Демек, препарат ішекте сіңбейді, ал уытты әсерлерінің даму ықтималдығы аз.
Артық дозалану симптомдары, ең алдымен, жатырдың окситоцинге сезімталдығына байланысты, ал препаратқа аса жоғары сезімталдық болуына байланысты емес. Окситоцинмен асқын көтермелену күшті (гипертониялық) және ұзақ (тетаниялық) жиырылуға немесе екі жиырылу арасында өлшенген өзіне тән су бағаны 15-20 мм және одан көп базалық тонусымен екпінді босануға әкелуі мүмкін, сондай-ақ дененің немесе жатыр мойнының, қынаптың жыртылуын, босанудан кейінгі кезеңдегі қан кету, жатыр-плаценталық гипоперфузияны, шарананың жүрек қызметінің баяулауын, гипоксия, гиперкапния және ұрықтың өліп қалуын тудыруы мүмкін.
Препаратты жоғары дозаларда ұзақ уақыт (40-50 мл/мин) қолдану күрделі асқынумен – окситоциннің диурезге қарсы әсер етуі себебінен болатын гипергидратациямен қатар жүруі мүмкін.
Емдеу: емдеу окситоцин инфузиясын тоқтатумен, сұйықтық тұтынуды шектеумен, диуретиктер қолданумен, натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісін вена ішіне енгізумен, электролит теңгерімін түзетумен, барбитураттармен құрысуларды басумен және комаға түсіп кеткен пациент әйелге күтім жасау үшін мамандандырылған стационарда симптоматикалық емдеуді қамтамасыз етумен жүзеге асады.
Окситоциннің үздіксіз в/і инфузиясы кезінде артық дозалану белгілері мен симптомдары туындаған жағдайда инфузияны дереу тоқтатып, анасына оттегі беру қажет. Гипергидратацияда сұйықтық тұтынуды шектеу, диурезді көтермелеу, электролит теңгерімін түзету және уақыт өте келе дамуы мүмкін құрысуларды бақылап отыру маңызды. Кома жағдайында санадан айрылған халдегі пациентке күтім жасалғанда қолданылатын дағдылы әдістермен тыныс жолдарының өткізгіштігін демеу қажет.
Айрықша жағдайларды қоспағанда, окситоцинді қолдану ұсынылмайды:
- мерзімінен бұрын босану кезінде
- анамнездегі, кесарь тілігін қоса, жатыр мойнына немесе жатырға жасалған хирургиялық операцияларда
- жатыр шамадан тыс созылып кеткенде
- көп ұрықты жүктілікте
- жатыр мойнының инвазиялық карциномасында
Окситоцинді шарананың басы немесе бөкселері кіші жамбаста болатын сәтке дейін енгізуге болмайды.
Әртүрлі факторлардың бірігуі себеп болуы мүмкін көрсетілген оқиғаларды дәрігер бағалайды, әрі «ерекше жағдай» жөнінде шешім қабылдай алады. Емнің күтілетін оң әсерлерін күрделі жағымсыз құбылыстардың (жатыр гипертонусы мен тетаниясы болуы мүмкін) даму қауіптілігімен мұқият саралау қажет.
Босануды индукциялау және жатырдың жиырылу қызметін күшейту мақсатында окситоцин тек қана вена ішіне, стационарда және тиісті дәрігерлік қадағалаумен қолданылады. Окситоцин инфузиясын алатын әрбір пациент әйел препаратты қолдану тәжірибесін және асқынуларды емдеуге қажетті дағдылар жинақтаған дәрігердің тұрақты қадағалауында болуы тиіс.
Окситоцинді енгізу кезінде асқынуларды болдырмау үшін:
- жатырдың жиырылу белсенділігін,
- шарана және босанушы әйел жүректерінің жиырылу жиілігін,
- босанушы әйелдің артериялық қысымын (АҚ) тұрақты бақылап отыру керек.
Жатырдың аса жоғары белсенділігінің алғашқы белгілерінде окситоцинді енгізу дереу тоқтатылу керек; соның нәтижесінде препараттан туындаған жатыр жиырылуы, әдетте, бәсеңсиді.
Талапқа сай қолданылғанда окситоцин қалыпты босануға ұқсас жатыр жиырылуын тудырады. Дұрыс қолданылмағанда туындайтын шамадан тыс көтермелеу босанушы әйел үшін де, шарана үшін де қауіпті. Препаратқа жоғары сезімталдық жағдайларында, дозаның дұрыс таңдалуына және тиісті медициналық қадағалауға қарамастан, гипертониялық жиырылу болуы мүмкін екенін ескеру қажет.
Препаратты қолдану кезінде қан кетудің күшею және афибриногенемияның даму мүмкіндігін ескеру керек.
Окситоцинге төзімді босану қызметінің әлсіздігі, ауыр токсикоз және преэклампсия немесе ауыр жүрек-қантамыр бұзылыстары бар пациенттерге окситоцинді ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды.
Шарана құрсақ ішінде өліп қалғанда, сондай-ақ қағанақ айналасындағы сулармен эмболияға әкелуі мүмкін қағанақ айналасындағы суларда меконий болғанда босану қызметі үйлесімінің бұзылуына жол бермеген жөн.
Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары
Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларынан зардап шегіп жүрген пациент әйелдерде (мысалы, гипертрофиялық кардиомиопатия, клапан аппаратының зақымдануы және (немесе) жүректің ишемиялық ауруы, оның ішінде коронарлық артериялар түйілуі) және миокард ишемиясына бейімділік болғанда ерекше сақтықпен қолдану керек, бұл артериялық қысымның және жүректің жиырылу жиілігінің елеулі өзгерістерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Окситоцин «QT аралығының ұзару синдромы» немесе онымен байланысты симптомдары бар пациенттерге, сондай-ақ QT аралығын ұзартатын препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге сақтықпен тағайындалу керек.
Препаратты босануды көтермелеу немесе жатырдың жиырылу қызметін күшейту мақсатында босанудың бірінші және екінші кезеңдерінде енгізу кезінде аса жоғары сезімталдық реакцияларының, субарахноидты қан құйылудың және жатыр жыртылуының дамуы салдарынан ана өлімі болған жағдайлар, сондай-ақ әртүрлі себептермен шарана өліп қалған жағдайлар сипатталды.
Диссеминацияланған тамырішілік қан ұюы
Окситоцинді қоса, утеротонустық препараттарды қолданумен босануды фармакологиялық индукциялау кезінде босанудан кейінгі кезеңде диссеминацияланған тамырішілік ұюы (ДТҰ) синдромының жоғары даму қаупі сирек байқалады. Қауіп нақты бір препаратты қолданумен емес, фармакологиялық индукциялаумен тікелей байланысты. Аталған жай-күйлердің даму ықтималдығы ДТҰ қосымша қауіп факторлары бар әйелдерде жоғары: 35 жастан асқан кезең, жүктілік ағымының асқынуы (мысалы, гестациялық диабет, артериялық гипертензия, гипотиреоз), 40 аптадан асқан гестация мерзімі. Осындай босанушы әйелдерде окситоцин мен баламалы дәрілік заттар сақтықпен қолданылуы тиіс, ал дәрігер ДТҰ симптомдарына қатысты сақтық шарасын қадағалауы тиіс.
Гипергидратация
Окситоцин диурезге қарсы әлсіз әсер иеленетіндіктен, препараттың жоғары дозаларын көп көлемде сұйықтық енгізумен бірге ұзақ уақыт вена ішіне енгізу (мысалы, қатерлі немесе сәтсіз жасалған абортты немесе босанудан кейінгі кезеңдегі қан кетуді емдеу кезінде) гипонатриемиямен біріккен гипергидратацияны тудыруы мүмкін. Окситоцин енгізілгенде және басқа сұйықтықтарды в/і енгізу кезінде диурезге қарсы біріктірілген әсері байқалады, нәтижесінде гиперволемия пайда болып, одан кейін гипонатриемиясыз өкпенің жедел ісінуінің гемодинамикалық түрі дамиды. Осы сирек асқынуларды болдырмау мақсатында ұзақ уақыт бойы окситоциннің жоғары дозаларын енгізу кезінде мынадай алдын ала сақтану шараларын қадағалау керек: құрамында электролиттер бар еріткішті (декстроза емес) пайдалану; сұйықтықтарды инфузиялау аздаған көлемде жүргізілу керек (жүктіліктің кешірек мерзімдерінде босану қызметін индукциялау немесе көтермелеу кезінде окситоцинді ұсынылуынан асып кететін концентрацияларда енгізуге болады); сұйықтықтарды пероральді қабылдауды шектеу; сұйықтықтар теңгерімі есепке алынатын жазбалар жүргізу; электролит теңгерімінің бұзылуына күмән болса, электролиттер мөлшерін зертханалық зерттеу көрсетіледі.
Латекске аллергиясы бар әйелдердегі анафилаксиялық реакциялар
Латекске белгілі аллергиясы бар әйелдерде окситоцинді енгізуден кейін анафилаксиялық реакциялардың даму жағдайлары тіркелді. Окситоцин мен латекс молекуласының құрылымында гомология бар екендіктен, латекске аллергия/төзімсіздік окситоцинді енгізуден кейін анафилаксиялық реакцияға бейімділіктің маңызды факторы болуы мүмкін.
Профилактикалық/алдын алу шаралары
Окситоцинді вена ішіне болюсті инъекция түрінде енгізуге болмайды, себебі бұл «ысынулармен» және рефлекторлық тахикардиямен қатар жүретін жедел қысқа мерзімді артериялық гипотензияны тудыруы мүмкін.
Окситоцинді бір мезгілде әртүрлі жолдармен енгізуге болмайды. Окситоцинді тек парентеральді (немесе вена ішіне, немесе бұлшықет ішіне) енгізуге болады.
Үйлесімсіздік
Препаратты инфузияға арналған ерітінділерде сұйылтуға болады, олардың арасында: натрий лактаты ерітіндісі; натрий хлориді ерітіндісі, глюкоза ерітінділері. Дайын ерітіндіні әзірлеуден кейін (көп дегенде) 8 сағат ішінде пайдалану керек. Микробиологиялық тұрғыдан препарат дереу пайдаланылу керек. Басқа дәрілік заттармен бір ыдыста енгізуге болмайды.
Белгілі қасиеттері бар қосымша заттар
Осы дәрілік заттың әр дозасында 1 ммоль мөлшерінен аз натрий (23 мг) бар, яғни шын мәнінде «құрамында натрий жоқ».
Арнайы сақтандырулар
Пациент әйелдердің жекелеген санаттары
Егде жастағы пациент әйелдер
Егде жастағы (65 жастан асқан) пациент әйелдердің қатысуымен зерттеулер жүргізілмеген.
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациент әйелдердің қатысуымен зерттеулер жүргізілмеген.
Педиатрияда қолдану
Балаларға тағайындауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Окситоцин автокөлікті және басқа аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. Препарат стационар жағдайларында қолданылады.
Препараттың ауқымды қолданылу тәжірибесін, белгілі химиялық құрылымын және фармакологиялық қасиеттерін ескере отырып, оны көрсетілімдері бойынша тағайындау кезінде (босану қызметін индукциялау немесе көтермелеу мақсатында) шарананың даму ақауларының түзілу қаупі күтілмейді. Жүктіліктің бірінші триместрінде окситоцин тек өздігінен түсік тастау немесе жасанды аборт кезінде қолданылады.
Окситоцин аздаған мөлшерде емшек сүтінен табылады. Дегенмен де, окситоцин жаңа туған нәрестеге жайсыз әсер етеді деп жорамалдауға негіз жоқ, өйткені окситоцин ас қорыту жолына түседі, онда белсенділігінен айрылуға тез ұшырайды.
Препаратты жатырдан қан кетуді тоқтату үшін қолданған жағдайларда, тек окситоцинмен емдеу курсы аяқталған соң ғана бала емізу мүмкін болады.
Бір мезгілде қолдануға қарсы көрсетілімді.
Простагландиндер және олардың аналогтары
Окситоцин, инъекцияға арналған ерітінді препаратын қынаптық простагландиндерді қолданудан кейін 6 сағат ішінде енгізуге болмайды.
Окситоцинді босанудың немесе аборттың басқа индукторларымен (мысалы, простагландиндермен) бірге қолдану жатыр тонусының едәуір жоғарылауына (жатыр гипертониясы), оның жыртылуына немесе жатыр мойнының жарақатына әкелуі мүмкін. Демек, простагландиндер окситоциннің жатыр миометрийін көтермелеу әсерін күшейтеді.
Сақтануды талап ететін бір мезгілде қолдану
Қынаптық простагландиндерден кейін (6 сағат өткен соң барып) окситоцинді бірізді енгізу кезінде мынадай көрсеткіштерді бақылап отыру керек:
- қышқылды-негіз тепе-теңдігі
- жиырылу күші, олардың жиілігі және ұзақтығы
- шарана жүрегінің жиырылу жиілігі
- ананың артериялық қысымы және жүрегінің жиырылу жиілігі
- жиырылу арасындағы жатыр тонусы (тыныш күйдегі)
- организмге сұйықтық түсуі және оның бөлінуі арасындағы теңгерім
Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды
QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттар
Окситоциннің, әсіресе, QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттарды қабылдау сияқты «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның басқа қауіп факторлары бар пациенттерде немесе анамнезінде QT аралығының ұзару синдромы бар пациенттерде аритмияны тудыру қабілеті ықтималды.
Каудальді анестезия – вазоконстрикторлар
Окситоцин вазоконстрикторлар мен симпатомиметиктердің, оның ішінде жергілікті анестезияға арналған препараттар құрамында болатындарының тамыр тарылтатын әсерлерін күшейтуге қабілетті. Вазоконстрикторларды каудальді анестезиямен бірге профилактикалық қолданудан кейін үш-төрт сағат өткен соң окситоцин енгізу кезінде ауыр артериялық гипертензия жағдайлары сипатталды.
Ингаляциялық анестетиктер (оның ішінде циклопропан, галотан, севофлуран, десфлуран, энфлуран)
Ингаляциялық анестетиктердің жатырды босаңсыту әсері бар, жатыр тонусының айтарлықтай әлсіреуін тудырып, осылайша окситоциннің көтермелеу әсерін төмендетеді. Ингаляциялық анестетиктерді окситоцинмен бір мезгілде қолдану кезінде жүрек ырғағының бұзылу жағдайлары тіркелді.
Циклопропан, энфлуран, галотан және изофлуранмен анестезиялау аясында окситоциннің жүрек-қантамыр жүйесіне әсері өзгеруі және артериялық гипотония түріндегі жағымсыз реакция дамуы мүмкін. Циклопропанмен анестезиялау аясында окситоцинді енгізу кезінде анасында синустық брадикардия мен патологиялық атриовентрикулярлық ырғақ дамыған жағдайлар сипатталды.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтың әсер етуінен қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында, 2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.