Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір құты препараттың құрамында
белсенді заттар: цитидин 5 '- натрий монофосфаты 10.00, уридин 5'- тринатрий трифосфаты, уридин 5 '- динатрий дифосфаты, уридин 5 '- динатрий монофосфаты (барлығы) 6.00 (уридин құрамына баламалы) (2.66);
қосымша зат: маннитол;
еріткіштің құрамы: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Лиофилизацияланған ұнтақ тез еритін ақ түсті пастилка түрінде.
Еріткіш - мөлдір, түссіз ерітінді.
• ишиалгия
• радикулиттер
• диабеттік полинейропатия
• алкогольдік полиневриттер
• белдемелі герпес
• бет жүйкесінің невропатиясы, үш тармақты және қабырға аралық жүйкелер невралгиясы
• люмбаго
Әсер ету механизмі
Нуклео Ц.М.Ф. ФОРТЕ құрамында нуклеотидтер қатары: ШЖЖ (шеткері жүйке жүйесі) ауруларын емдеуде кеңінен пайдаланылатын цитидин монофосфаты (ЦМФ), уридин трифосфаты (УТФ) бар.
Биохимиялық көзқарас тұрғысынан бұл екі компоненттің әсерін мынадай түрде сипаттауға болады: ЦМФ нейрональді жарғақшаны, ең бастысы миелин қабығының негізгі компоненті – сфингомиелинді түзетін липидтер кешенінің синтезіне қатысады. ЦМФ сондай-ақ нуклеин қышқылдарының (ДНҚ және РНҚ) ізашары саналады, олар өз кезегінде жасушалық метаболизмнің (мысалы, ақуыздар синтезінде) негізгі элементтері болып табылады. УТФ гликолипидтер, нейрондық құрылымдар мен миелин қабығының синтезінде, ЦМФ әсерін толықтырып, кофермент ретінде әсер етеді. Мұнымен қоса, ол бұлшықеттің жиырылуы үдерісінде қуат көзі ретінде әрекет етеді. Жалпы алғанда, ЦМФ және УТФ негізінен миелин қабығы мен басқа да жүйке құрылымдарын құрайтын фосфолипидтер мен гликолипидтер синтезіне қатысады. Бұл шеткері жүйке зақымданулары кезіндегі демиелинизацияны реттей отырып, өз кезегінде миелин қабығы регенерациясы үдерісіне ықпал ететін қарқынды метаболизмдік белсенділікке алып келеді. Осылайша, ЦМФ мен УТФ әсерлерінің бірігуі миелин қабығы регенерациясына, жүйке қозуының дұрыс жүруі мен бұлшықет трофикасының қалпына келуіне ықпалын тигізеді. Нуклео Ц.М.Ф. ФОРТЕ организмді жүйке қабықтарын қалыптастыру үшін моносахаридтерді кераминдермен біріктіруге қажетті фосфатты топтармен, және де миелин қабығының негізгі компоненттері – сфингомиелин мен глицерофосфолипидтер құрайтын фосфатидті қышқылдармен қамтамасыз етеді. Осылайша тұрақты трофикалық әсер, аксональді жүйке талшықтарының барынша толық жетілуі мен регенерациясы қамтамасыз етіледі. Осының нәтижесінде қабыну азайып, аксонның зақымданған бөлігінің сезімталдығы дұрысталады, бұл аксональді тасымалданудың қалпына келуіне ықпал етеді.
Дозалау режимі
Лиофилизатты 2 мл еріткіште ерітіп, сұйылтылғаннан кейін бірден бұлшықетке енгізу керек.
Ересектер: 2 мл (1 құты) күніне 1 рет.
Емдеу курсы 21 күнге дейін.
2 жастан бастап балаларға: 2 мл (1 құты) 2 күнде 1 рет.
Емдеу курсы 6 - 12 күн.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшыкет ішіне
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Ересектер: күніне 1 рет.
2 жастан бастап балаларға: 2 күнде 1 рет.
Емдеу ұзақтығы
Ересектерге: емдеу курсы 21 күнге дейін.
2 жастан бастап балаларға: емдеу курсы 6-12 күн.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар
Сипатталмаған
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгіну қажет
• препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
• 2 жасқа дейінгі балалар
Сипатталмаған, бірақ препаратты қолдануға байланысты кез келген жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препарат уыттылығының аздығына байланысты артық дозалану мүмкіндігі аз.
Нуклео Ц.М.Ф. ФОРТЕ инъекциялық ерітіндісін енгізу үшін, ампуланың ішіндегі барлық еріткішті лиофилизат құтысына толығымен ерігенше араластыра отырып қосу керек. Бұлшықет ішіне енгізіледі.
Арнайы ескертулер
Сипатталмаған.
Педиатрияда қолдану
2 жасқа дейінгі пациенттерде Нуклео Ц.М.Ф. ФОРТЕ препаратын қабылдауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Дәрілік препараттың жүктілік және лактация кезеңіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Қабылдаудың орындылығы ықтимал қауіптен қабылдаудың артықшылықтарының басымдығына байланысты белгіленеді.
Белгісіз.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.