Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Спрей назальный
Торговое наименование
Нозейлин-НС
Действующее вещество
Деконгестанты и другие назальные препараты для местного применения
Назначение
Жедел ринит, оның ішінде аллергиялық, синусит, евстахиит, мұрыннан қан кету (тамырды тарылтатын дәрі ретінде)
Производитель
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Страна
Турция
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 0,5 мг нафазолин гидрохлориді, 5,0 мг хлорфенамин малеаты.
қосымша заттар: калий дигидрофосфаты, сусыз калий гидрофосфаты, лимон қышқылы моногидраты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз, мөлдір ерітінді.
- жедел ринит, оның ішінде аллергиялық;
- синусит;
- евстахиит;
- мұрыннан қан кету (тамырды тарылтатын дәрі ретінде);
- ортаңғы отит;
- пациентті мұрын жолдарындағы диагностикалық манипуляцияларға дайындау (мұрынның шырышты қабығының ісінуін азайту).
АТХ код R01A
Нозейлин-НС - тамыр тарылтатын (нафазолин) және аллергияға қарсы әсері бар (хлорфенамин) біріктірілген дәрілік зат.
Әсер ету механизмі
Нафазолин тікелей α-адренергиялық әсері бар және β-адренорецепторларға елеусіз әсер ететін симпатомиметиктерге жатады, ол тамыр тарылтатын және ісінуге қарсы әсер етеді. Шырышты қабықтарға жергілікті қолданған кезде бірнеше минуттан кейін вазоконстрикцияны туындатады, ол 4-8 сағат бойы сақталады.
Хлорфенамин айқын антигистаминдік қасиеттері бар алкиламин болып табылады, ол әлсіз тыныштандыратын және орташа антихолинергиялық әсерге ие.
Дозалану режимі
Ересектер мен 8 жастағы және одан асқан балалар
Әрбір танауға тәулігіне 2-3 рет 1-2 бүркуден, бүркулер арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Препаратты тәулігіне 6 реттен жиі пайдалануға болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат тек мұрын ішіне қолдануға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емнің ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Төзімділіктің дамуын болдырмау үшін препаратты ересектерде 5 күннен артық және балаларда 3 күннен артық қолданбаған жөн. Қажетті әсері болмаған жағдайда емдеуді қайта бағалау керек.
8 жасқа дейінгі балалар
8 жасқа дейінгі балаларда препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттеу жүргізілген жоқ.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- артериялық гипертензия;
- тахикардия;
- гипертиреоз;
- айқын атеросклероз;
- жабық бұрышты глаукома;
- моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қолдану, сондай-ақ оларды тоқтатқаннан кейін 14 күн ішіндегі кезең;
- 8 жасқа дейінгі балалар.
Препарат ұсынылған дозаларда қолданылған кезде жақсы көтерімді.
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктемеге сәйкес және олардың пайда болу жиілігімен жағымсыз реакциялардың жіктемесі. Қазіргі уақытта қолда бар деректер негізінде жағымсыз реакциялардың кездесу жиілігін анықтау мүмкін емес.
Иммундық жүйе тарапынан: аса жоғары сезімталдық реакциясы.
Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, қажу, ұйқышылдық, ұйқысыздық, тремор.
Жүрек тарапынан: тахикардия, пальпитация.
Қантамырлар тарапынан: артериялық қысымның жоғарылауы.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан:, мұрын қуысы шырышты қабығының қышуы, күйдіріп-ашытуы және құрғауы, түшкіру, мұрынның бітелуі, атрофиялық ринит, бронх түйілуі..
Тері және тері асты тіндері тарапынан: тершеңдік.
Жоғарыда көрсетілген жағымсыз реакциялар көбінесе препаратты ұсынылғаннан асатын дозаларда қолдану салдарынан пайда болады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Артық дозалану жағдайлары сипатталамған
Артық дозалану қауіптілігі препаратты кездейсоқ жұтып қою кезінде пайда болады (әсіресе, кіші жастағы балаларда), оның нәтижесінде келесі симптомдар байқалуы мүмкін:
- нафазолин гидрохлоридінің артық дозалануына байланысты – ұйқышылдық, тершеңдік, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, кома;
- хлорфенамин малеатының артық дозалануына байланысты – седация, жүрек-қантамыр жүйесінің парадоксальді стимуляциясы (тахикардия, пальпитация, артериялық қысымның жоғарылауы), антихолинергиялық әсерлер, психикалық бұзылулар, апноэ, құрысулар, дистония, аритмиялар, жүрек-қантамыр коллапсы.
Емі
Артық дозаланғанда препаратты қолдануды тоқтатып, дереу дәрігерге жүгіну керек. Қажет болған жағдайда симптоматикалық және демеуші ем жүргізіледі, сондай-ақ пациентті мұқият клиникалық бақылауды қамтамасыз ету керек; асқазанды шаю және белсендірілген көмірді қабылдау орынды болып табылады.
Арнайы сақтандырулар
Препаратты балалар мен ересектерде ұзақ пайдалану ұсынылмайды, өйткені бұл мұрынның созылмалы бітелуімен, мұрынның шырышты қабығының атрофиясымен және тахифилаксия құбылыстарымен (әсердің әлсіреуі) қатар жүруі мүмкін.
Препаратты қолдану аритмия, қант диабеті, бронх демікпесі, феохромоцитома, созылмалы немесе атрофиялық риниті бар пациенттерде, сондай-ақ қуық асты безінің гиперплазиясы салдарынан несеп шығару кезінде қиындық көретін немесе артериялық қысымды жоғарылатуға қабілетті дәрілік заттармен ем алатын пациенттерде ұсынылмайды. Бұдан басқа, препаратты транссфеноидальді гипофизэктомиядан немесе қатты ми қабығының зақымдалуына әкелуі мүмкін басқа да хирургиялық араласулардан кейін пациенттерде пайдалану ұсынылмайды.
Препаратты жоғары дозаларда қолданғанда жүрек-қантамыр және жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар байқалуы мүмкін: пальпитация, артериялық қысымның жоғарылауы, бас ауруы, ұйқысыздық, ұйқышылдық.
Қосымша заттар
Нозейлин-НС құрамында бензалконий хлориді бар, ол, әсіресе препаратты ұзақ уақыт қолданғанда мұрынның шырышты қабығының тітіркенуі мен ісінуін тудыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті жүргізу, механизмдерді басқару және психомоторлық реакциялардың жоғары жылдамдығын талап ететін жұмыстарды орындау қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқау
Нафазолиннің потенциалды тератогендік әсері туралы деректер шектеулі. Фетоуыттылық дамығанда тахикардия байқалады. Препаратты жүктілік кезінде препаратты ана үшін қолданудың болжамды пайдасын және шарана үшін потенциалды қаупін ескере отырып, дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдану ұсынылады.
Емшек еметін баланың жүрек-қантамыр жүйесіне ықтимал әсер етуі мүмкін болғандықтан, препаратты лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Препарат жергілікті анестетиктердің сіңірілуін бәсеңдетеді және беткейлік анестезия кезінде олардың әсерінің ұзақтығын арттырады.
Препаратты МАО тежегіштерімен немесе үшциклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолданғанда нафазолиннің әсерінен жинақталған катехоламиндердің босап шығуы салдарынан айқын артериялық гипертензия білінуі мүмкін. Сонымен қатар, МАО тежегіштерін қабылдау аясында бауырдағы хлорфенаминнің метаболизмі баяулайды, бұл оның әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.