Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капли глазные и назальные
Торговое наименование
Нозейлин
Действующее вещество
Нафазолин в комбинации с другими препаратами
Назначение
Офтальмология: аллергиялық конъюнктивиттер мен кератоконьюнктивиттерді симптоматикалық емдеу
Производитель
Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Страна
Турция
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 0,5 мг нафазолин гидрохлориді, 0,5 мг хлорфенирамин малеаты,
қосымша заттар: натрий цитраты, бор қышқылы, бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді
Офтальмология
- аллергиялық конъюнктивиттер мен кератоконьюнктивиттерді симптоматикалық емдеу.
Ринология
- аллергиялық және вазомоторлы ринитті симптоматикалық емдеу;
- мұрынның қосалқы қуыстарының қабынуын, ортаңғы құлақтың қабынуын симптоматикалық емдеу.
Препарат механикалық және химиялық агенттерден (шаң, бассейндердегі хлорланған суды қоса) туындаған көздің және мұрынның шырышты қабығының тітіркенуі үшін қолданылуы мүмкін.
Нозейлин - тамыр тарылтатын (нафазолин) және аллергияға қарсы әсері бар (хлорфенирамин) біріктірілген дәрілік зат.
Әсер ету механизмі
Нафазолин тікелей α-адренергиялық әсері бар және β-адренорецепторларға болмашы әсері бар симпатомиметиктерге жатады, тамыр тарылтатын және ісінуге қарсы әсері бар. Бірнеше минуттан кейін шырышты қабықтарға жергілікті қолданған кезде вазоконстрикцияны туындатады, ол 4-8 сағатқа созылады.
Хлорфенирамин - айқын антигистаминдік қасиеттері бар алкиламин, әлсіз седативті және орташа антихолинергиялық әсері бар.
Дозалау режимі
Офтальмология
Ересектер және 12 жастан асқан балалар
Препаратты әрбір көздің конъюнктивалық қалтасына тәулігіне 3 рет кемінде 4 сағат аралықпен 1 тамшыдан тамызу ұсынылады.
12 жасқа дейінгі балалар
12 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттеу жүргізілген жоқ.
Ринология
Ересектер және 12 жастан асқан балалар
Препаратты әр танауға тәулігіне 3 рет кемінде 4 сағат аралықпен 2 тамшыдан тамызу ұсынылады.
12 жасқа дейінгі балалар
12 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттеу жүргізілген жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат офтальмология мен ринологияда жергілікті қолдануға арналған.
Қалпақшаны шешкеннен кейін, егер сақтандыру сақинасы құтының мойнына жабысып тұрмаса, оны препаратты қолданар алдында алып тастау қажет. Құтыны тамшылатқышпен төмен қаратып аударады және құтының қабырғаларына сәл басып, препаратты тамызады.
Құты мен тамшылатқыш ішіндегісінің микробтық ластануын болдырмау үшін тамшылатқыш ұшының көзге, қабаққа немесе қандай да бір беткейлерге тиіп кетпеуін болдырмау керек.
Препаратты әрбір қолданғаннан кейін құтыны тығыздап жабылған түрінде ұстау керек.
Емдеу ұзақтығы
Препарат ұзақ уақыт қолдануға арналмаған. Төзімділіктің дамуын болдырмау үшін препаратты ересектерге 5 күннен артық және балаларға 3 күннен артық қолданбаған жөн.
- нафазолинге, хлорфенираминге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- атрофиялық ринит;
- жабықбұрышты глаукома;
- ауыр органикалық жүрек-қантамырлық аурулар;
- 12 жасқа дейінгі балалар.
Офтальмология
Көру мүшелері тарапынан: сирек - айқын көрудің бұзылуы, көзді ашытқандай немесе бөгде зат тұрғандай сезіну, конъюнктиваның хемозы және гиперемиясы, субконьюнктивалық қан кету, мөлдір қабықтың эрозиясы, фотофобия.
Жекелеген жағдайларда аса жоғары сезімталдық реакциялары (эритема, экзема, есекжем), ксеростомия, бас ауыруы, ұйқышылдық байқалды.
Ринология
Жалпы бұзылыстар мен енгізу орнындағы бұзылулар: жергілікті қолданғаннан кейін мұрын қуысының шырышты қабығының өтпелі қышуы мен ашытуы, кейде түшкіру; қолдану жиілігін арттырған кезінде - реактивті гиперемиядан туындаған «мұрынның бітеліп тұрғандай» сезімінің күшеюі; ұзақ қолданған кезде - атрофиялық ринит.
Шамадан тыс дозалар жүйелік әсерлерді туындатады: жоғары артериялық қысым, бас ауыруы, тремор, шаршау, ұйқысыздық.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану қаупі препаратты кездейсоқ жұтып қойған кезде пайда болады (әсіресе кіші жастағы балаларда) және келесі симптомдармен көрінеді: ұйқышылдық, мәңгіру, дене температурасының төмендеуі, жүректің жиырылу жиілігінің баяулауы.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, қажет болған жағдайда симптоматикалық ем және клиникалық мониторинг тағайындайды.
Арнайы ескертулер
Аллергиялық реакцияның дамуына күдік болған жағдайда препаратпен емдеуді тоқтатқан жөн.
Препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде шырышты қабықтың ісінуімен, мұрынмен дем алудың қиындауымен, иіс сезудің бұзылуымен, вазомоторлық ринитпен, бастың ауыруымен көрінетін төзімділіктің (емдеуге реакцияның болмауы) және физикалық тәуелділіктің дамуы байқалуы мүмкін.
Жүйелі симпатомиметикалық әсерлерге байланысты препаратты артериялық гипертензиясы, феохромоцитомасы, жүректің ишемиялық ауруы, аритмиясы, аневризмасы, үдемелі атеросклерозы, қант диабеті, гипертиреозы бар пациенттерге және егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолданған жөн.
Аурудың симптомдары 24 сағаттан артық сақталған жағдайда, жай-күйі нашарлаған немесе көз ауырғанда, көру нашарлағанда, көздің ұзақ гиперемиясы пайда болған кезде дәрігерге қаралу керек.
Көз аурулары болған кезде немесе көзге хирургиялық операция жасалған жағдайда, бұл препаратты тек дәрігердің ұсынысы бойынша және бақылауымен қолдану керек.
Қосымша заттар
Бензалконий хлориді
Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар, ол көзді тітіркендіруі мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасудан аулақ болу керек, өйткені бензалконий хлориді линзаларға сіңіп, олардың түсінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Препаратты қолданар алдында линзаларды шешіп, тамшыларды көзге тамызғаннан кейін 15 минуттан ерте емес тағу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты көзге тамызғаннан кейін бірнеше минуттан соң көру өткірлігінің ықтимал төмендеуіне байланысты пациент автокөлік жүргізуге немесе механизмдерді басқаруға кіріспес бұрын көру қабілетінің қалпына келуін күтуі керек.
Нафазолиннің ықтимал тератогендік әсері туралы деректер жеткіліксіз. Фетальді уыттылық дамығанда тахикардия байқалады. Препаратты жүктілік кезінде препаратты анаға қолданудың болжамды пайдасын және шаранаға ықтимал қаупін ескере отырып, дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдану ұсынылады.
Препарат емізулі баланың жүрек-қантамыр жүйесіне болжамдыл әсер етуіне орай лактация кезеңінде қолдануға ұсынылмайды.
Нафазолиннің тамыр тарылтатын әсерінің күшеюіне және айқын артериялық гипертензияның даму қаупінің артуына байланысты препаратты бромокриптинмен, моноаминоксидаза тежегіштерімен және трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолданбау керек.
Препаратты басқа офтальмологиялық ерітінділермен бірге қолданғанда оларды енгізу арасындағы аралықты кемінде 5 минут сақтау ұсынылады.
Седативті антигистаминдердің алкогольмен біріктірілімі орталық жүйке жүйесіне депрессиялық әсерді күшейтеді. Жергілікті қолданудан кейін осы әсердің даму қаупінің төмен болуына қарамастан, препаратты алкогольді ішімдіктермен және құрамында спирті бар дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 28 күн ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.