Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Суспензия для подкожного введения
Дозировка
100 единиц действия/мл
Торговое наименование
НовоМикс® 30 ФлексПен®
Действующее вещество
Инсулин аспарт
Назначение
НовоМикс® 30 ФлексПен® препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 10 жастан асқан балаларда қант диабетін емдеуге арналған
Производитель
Ново Нордиск А/С
Страна
Дания
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір мл суспензия құрамында
белсенді зат - инсулин аспарт 100 ӘБ (600 нмоль 3.5 мг) (30% еритін инсулин аспарт және 70% протаминмен кристалданған инсулин аспарт ).
қосымша заттар: мырыш, глицерол, фенол, метакрезол, динатрий гидрофосфатының дигидраты, натрий хлориді, протамин сульфаты, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ гомогенді суспензия, сақтау кезінде мөлдір түссіз немесе түссіз дерлік шөгінді үсті сұйықтығына және ақ түсті шөгіндіге ыдырайды. Шприц-қаламның ішіндегісін араластыру кезінде біртекті суспензия пайда болуы тиіс.
НовоМикс® 30 ФлексПен® препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 10 жастан асқан балаларда қант диабетін емдеуге арналған.
НовоМикс 30 ФлексПен препараты 30% еритін инсулин аспарт (тез әсер ететін адам инсулинінің аналогы) және 70% протаминмен кристалданған инсулин аспарттың (әсер етуі орташа адам инсулинінің аналогы) екі фазалы суспензиясын білдіреді.
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
Инсулин аспарттың қантты төмендететін әсері инсулинді бұлшықет және май жасушаларының рецепторларымен байланыстырғаннан кейін және бауырдағы глюкозаның өндірілуін бір мезгілде баяулатудан кейін тіндермен глюкоза утилизациясының жоғарылауымен байланысты.
НовоМикс 30 ФлексПен препараты құрамында 30% еритін инсулин аспарт бар екі фазалы инсулинді білдіреді. Ол еритін адам инсулинмен салыстырғанда әсерінің тез басталуымен сипатталады,бұл оны тамақ ішер алдында тікелей енгізуге мүмкіндік береді (тамақ ішер алдында 10 минут ішінде). Кристалданған фаза (70 %) құрамында протаминмен кристалданған инсулин аспарт бар, оның белсенділігінің профилі НПХ адам инсулинінің белсенділігінің профиліне ұқсас.
НовоМикс 30 ФлексПен препаратын тері астына енгізген кезде препараттың әсері инъекциядан кейін 10-нан 20 минутқа дейінгі шектерде басталады. Ең жоғары әсерге инъекциядан кейін 1 және 4 сағат арасында қол жеткізіледі. Әсер ету ұзақтығы 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін (1-сурет).
Глюкоза инфузиясының жылдамдығы
Сағаттар
1-сурет: Дені сау еріктілердегі НовоМикс 30 (__) препаратының және екі фазалы адам инсулинінің 30 ( - - - ) белсенділігінің профильдері .
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
1 типті және 2 типті қант диабеті бар пациенттердің қатысуымен жүргізілген үш айлық зерттеуде гликозилденген гемоглобин мөлшері бойынша анықталатын НовоМикс 30 ФлексПен препаратының және екі фазалы адам инсулинінің 30 тиімділігі бірдей деп көрсетілді. Молярлық негіздемеге қайта есептегенде инсулин аспарт және адам инсулині бірдей тиімділікке ие болды. НовоМикс 30 ФлексПен препаратын таңғы ас пен кешкі ас алдында қолдану екі фазалы адам инсулинімен салыстырғанда екі ас қабылдағаннан кейін (таңғы ас пен кешкі ас) постпрандиальды глюкозаның төмен деңгейін көрсетті.
1 типті және 2 типті диабеті бар пациенттердің қатысуымен тоғыз зерттеуді қамтитын мета-талдау аш қарынға қандағы глюкоза деңгейі екі фазалы адам инсулинін 30 қабылдайтын пациенттермен салыстырғанда НовоМикс 30 ФлексПен препаратымен емделген пациенттерде жоғары болғанын көрсетті.
2 типті қант диабеті бар 341 пациенттің қатысуымен клиникалық зерттеулерде пациенттер монотерапия түрінде НовоМикс 30 ФлексПен препаратымен, метформин препаратымен және сульфонилмочевинамен біріктіріп метформин препаратымен үйлесімде НовоМикс 30 ФлексПен препаратымен емдеу тобына рандомизацияланған. Бастапқы тиімділіктің ауыспалы шамасы – HbA1c16 аптадан кейін - НовоМикс 30 ФлексПен препаратын метформинмен біріктіріп алған пациенттерде және сульфонилмочевинамен біріктіріп метформинді алған пациенттерле ерекшеленбеген. Осы зерттеуде пациенттердің 57% - ында HbA1c базалық деңгейі 9% - дан жоғары болды; бұл пациенттерде НовоМикс 30 ФлексПен препаратымен метформинмен біріктіріп емдеу сульфонилмочевинамен біріктіріп метформин алған пациенттерге қарағанда HbA1c едәуір төмендеуіне әкелді.
Бір зерттеуде 2 типті қант диабеті бар тек пероральді қантты төмендететін препараттарда жеткіліксіз бақыланбайтын пациенттер төмендегі топтарға рандомизацияланған: күніне 30 екі рет (117 науқас) НовоМикс 30 ФлексПен препаратымен емдеу және күніне бір рет (116 науқас) инсулин гларгинмен емдеу.
28 аптадан кейін HbA1c орташа азаюы НовоМикс 30 ФлексПен препаратымен емдеу тобында 2.8% құрады (бастапқы орташа мәні 9.7% - ға тең). НовоМикс 30 препаратымен емдеу тобындағы пациенттердің 66% және 42% зерттеу соңында тиісінше 7% және 6.5% төмен HbA1c мәндерімен сипатталған. ГПН орташа мәні (аш қарынға плазманың глюкозасы) шамамен 7 ммоль/л-ге (зерттеу басында 14.0 ммоль/л-ден 7.1 ммоль/л-ге дейін) төмендеді.
2 типті қант диабеті бар пациенттердің қатысуымен мета-талдау екі фазалы адам инсулинді 30 қабылдайтын пациенттермен салыстырғанда НовоМикс 30 ФлексПен препаратымен емделген пациенттерде түнгі гипогликемия және елеулі гипогликемия эпизодтарының даму қаупінің төмендегенін көрсетті. Жалпы күндізгі гипогликемиялық эпизодтар қаупі НовоМикс 30 ФлексПен препаратын қабылдаған пациенттерде артты.
Балалар
16 апталық клиникалық зерттеу жүргізілді, онда НовоМикс 30 ФлексПен препаратын (тамақ ішер алдында), адам инсулинімен / екі фазалы адам инсулинімен 30 (тамақ ішер алдында) және НПХ инсулинімен (ұйық алдында қабылданатын) қолданған кездегі тамақтан кейін қандағы гликемиялық бақылау салыстырылды. Зерттеуге 10-18 жас аралығындағы 167 пациент қатысты. HbA1c орташа мәндері екі топта да барлық зерттеу барысында бастапқы мәндерге жақын болып қалды. Сондай-ақ, НовоМикс 30 ФлексПен препаратымен немесе екі фазалы адам инсулинімен 30 емдегенде гипогликемияның пайда болу жиілігінің айырмашылығы байқалмады.
Сондай-ақ, кіші жастағы (54 пациент) және үлкен жастағы (6 жастан 12 жасқа дейін) пациенттердің популяциясында 12 апталық салыстырмалы жасырын айқаспалы зерттеу жүргізілді гипогликемияның пайда болу жиілігі және НовоМикс 30 ФлексПен препаратымен емдеу тобында ас ішкеннен кейін глюкоза құрамының жоғарылауы екі фазалы адам инсулинмен 30 емдеу тобындағы мәндермен салыстырғанда төмен болды. HbA1c мәні зерттеу соңында екі фазалы адам инсулинмен 30 емдеу тобында НовоМикс 30 ФлексПен препаратымен емдеу тобына қарағанда айтарлықтай төмен болды.
Дозалану режимі
Инсулиннің дозасын емдеуші дәрігермен және мейірбикемен талқылауңыз қажет. Емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес үнемі НовоМикс® 30 ФлексПен® қолданыңыз және оның нұсқауларын қатаң орындаңыз.
Егер емдеуші дәрігер қолданатын инсулиннің түрін немесе маркасын басқасына ауыстырса, дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Дәрігердің нұсқауынсыз қолданылатын инсулиннің түрін немесе маркасын өзгертуге болмайды.
Гипогликемияны болдырмау үшін, инъекциядан кейін 10 минут ішінде құрамында көмірсулары бар тамақты немесе жеңіл желпі тамақты қабылдауңыз қажет. НовоМикс® 30 ФлексПен® әдетте тікелей тамақ ішер алдында енгізеді. Қажет болған жағдайда НовоМикс® 30 тамақ ішкеннен кейін бірден енгізуге болады.
НовоМикс® 30 ФлексПен® препаратын пероральді қантты азайтатын препараттармен және/немесе инъекциялық антидиабеттік препараттармен біріктіріп пайдаланған кезде, дозаңызды емдеуші дәрігеріңіз түзетуі мүмкін.
2 типті қант диабеті бар пациенттерде дозаны 20%-ға төмендету гипогликемия қаупін азайту үшін HbA1c деңгейі 8% - дан кем болған кезде ГТП-1 рецепторының агонистін НовоМикс® 30 ФлексПен® препаратына қосқан кезде ұсынылады. 8% жоғары HbA1c бар пациенттер үшін дозаны төмендету мәселесін қарастыру керек. Нәтижесінде дозалану жеке түзетілуі керек.
Енгізу жолы және әдісі
НовоМикс® 30 ФлексПен® тері астына инъекцияға арналған (тері астына енгізу). Инсулинді венаға (вена ішіне) немесе бұлшықетке (бұлшықет ішіне) ешқашан тікелей енгізбеңіз. Әр инъекция орнын терінің белгілі бір аймағында өзгерту қажет. Бұл терінің томпайып кету немесе тереңдей түсу қаупін азайтады (ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар бөлімін қараңыз). Инъекцияға арналған ұсынылатын орындар: жамбастың алдыңғы бөлігі, іштің алдыңғы жағы немесе иық. Инсулин, егер оны іштің алдыңғы бөлігіне (ішке) енгізсе, тезірек әсер ететін болады. Қандағы қант деңгейін үнемі өлшеу қажет.
НовоМикс® 30 ФлексПен® қалай қолдану керек
НовоМикс® 30 ФлексПен® қоса салынған қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқуыңыз қажет. Қоса берілген қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес препаратты инсулинді шприц-қаламда қолдану қажет.
• инсулин аспартқа немесе препараттың кез келген компонентіне жеке aca жоғары сезімталдық
• гипогликемия
• 10 жасқа дейінгі балалар.
Өте жиі
• гипогликемия
Жиі емес
- уртикария, бөртпе, бөртулер
- рефракцияның бұзылуы
- диабеттік ретинопатия
- липодистрофия
- ісіну
- енгізу орнындағы реакциялар
Сирек
– шеткері нейропатия (ауыр нейропатия)
Өте сирек
- анафилактикалық реакциялар
Белгісіз
- тері амилоидозы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина жұмыскеріне, фармацевтика жұмыскеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну керек;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Егер тым көп инсулин енгізілсе, қандағы қант деңгейі тым төмендейді (гипогликемия). Бұл жағдай келесі жағдайларда да дамуы мүмкін:
• Тым аз тамақ жесеңіз немесе тамақ ішуді өткізіп алсаңыз.
• Физикалық жүктемеңіз әдеттегі деңгейден асып түссе.
• Алкоголь қабылдасаңыз (НовоМикс® 30 ФлексПен® препаратын алкогольмен қолдануды қараңыз).
Гипогликемияның келесі алдын алу белгілері кенеттен пайда болуы мүмкін: суық тер; терінің салқындауы және бозаруы; бас ауруы; жүрек соғуының жиілеуі; әлсіздік; қатты ашығу; көрудің уақытша бұзылуы; ұйқышылдық; ерекше шаршағыштық және әлсіздік; күйгелектілік немесе дірілдеу; мазасыздық; сананың шатасуы; зейін шоғырландыруда қиындықтар.
Гипогликемия белгілерін сезсеңіз, қанттың жоғары мөлшері бар тағамды ішу керек, содан кейін қандағы қант деңгейін өлшеу керек.
Қандағы қант деңгейі тым төмен болса, таблеткадағы глюкозаны қабылдауңыз қажет немесе құрамында қанты көп тамақ ішіңіз (кәмпит, печенье, жеміс шырыны) және демалыңыз. Керек болған жағдайда әрқашан өзіңізбен бірге таблеткадағы глюкозаны, кәмпиттерді, печенье немесе жеміс шырынын алып жүріңіз қажет. Гипогликемия белгілері жоғалған кезде немесе қандағы қант деңгейі тұрақтанған кезде, инсулин емін әдеттегі режимде жалғастыруыңыз қажет.
Сізде диабет бар екенін айналаныздағы адамдарға хабарлаңыз және оларға гипогликемиямен байланысты ықтимал жағдайлар, соның ішінде естен тану қаупі туралы айтып беріуңіз қажет. Айналаныздағы адамдарға естен танып жатсаңыз, науқасты бүйірімен жатқызу керек және дереу медициналық көмекке жүгіну керек екендігін хабарлауңыз қажет. Бұл жағдайда науқасқа тамақ немесе сусындар беруге болмайды. Бұл тұншығуға әкелуі мүмкін.
Науқас глюкагон гормоны инъекциясынан тез есің жинай алады, егер айналасында біреу енгізу техникасын білсе. Егер науқасқа глюкагон енгізлсе, есің жинағаннан кейін глюкоза немесе тәтті тағам қажет болады. Егер глюкагон әсер етпесе, науқасқа ауруханада стационарлы медициналық көмек көрсету қажет болады.
• Егер ауыр дәрежедегі ұзақ гипогликемияны емдемесе, мидың зақымдануы (уақытша немесе қайтымсыз) және тіпті өлім болуы мүмкін.
• Егер қандағы қант деңгейінің күрт төмендеуі салдарынан науқас талып қалса, науқасқа глюкагон инъекциясы қажет болса немесе жиі гипогликемия эпизодтары пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет. Дозаны, инсулинді енгізу уақытын, тамақтануды немесе физикалық жүктемені түзету қажет болуы мүмкін.
Препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кездегі қажет шаралар
Егер инсулинді енгізуді ұмытып кетсеңіз, қандағы қант деңгейі тым жоғары болуы мүмкін (гипергликемия). Бұл жағдай келесі жағдайларда да дамуы мүмкін:
• Егер жеткілікті инсулин енгізілмесе.
• Егер өзіңізге қажет дозадан бірнеше рет инсулиннің аз мөлшерін енгізсеңіз немесе инсулинді енгізуді тоқтатқан болсаңыз.
• Егер инфекция немесе қызба болса.
• Егер әдеттегіден қарағанда көп тамақтансаңыз.
• Егер физикалық жүктемеңіз әдеттегіге қарағанда аз болса.
Алғашқы белгілер біртіндеп пайда болады. Мұндай симптомдарға мыналар жатады: жиі несеп шығару, шөлдеу, тәбеттің жоғалуы, дімкәстік (жүрек айнуы немесе құсу), ұйқышылдық немесе шаршау, терінің қызаруы мен құрғауы, ауыздың құрғауы, сондай-ақ деммен шығарылатын ауада жемістердің (ацетонның) иісі. Бұл симптомдар — диабеттік кетоацидоз деп аталатын өте маңызды бұзылыстың белгілері (ағзаның қанттың орнына майды ыдырататындығына байланысты қандағы қышқылдың жиналуы). Тиісті емсіз гипергликемия диабеттік комаға әкеледі және тіпті өлім тудыруы мүмкін.
Егер жоғарыда аталған симптомдардың біреуін байқасаңыз, қандағы қант деңгейін тексеру қажет, егер мүмкін болса, несептегі кетондар деңгейін тексеріп, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Тоқтату сипмптомдарының болуына көрсетілім
Бұл ауыр гипергликемия мен кетоацидозға әкелуі мүмкін. Тиісті нұсқаулар беретін емдеуші дәрігердің кеңесінсіз инсулинді қолдануды тоқтатуға болмайды.
Дәрілік затты қолдану жөніндегі медициналық маманнан кеңес алу бойынша ұсыныстар
Осы препаратты қолдануға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке хабарласу қажет.
Бұл препаратты пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты толығымен оқып шыгыныз, өйткені ол маңызды ақпаратты қамтиды.
• Осы нұсқаулықты сақтаңыз. Мүмкін, оны тағы да оқуға тура келеді.
• Қосымша сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігерге, фармацевтке немесе мейірбикеге хабарласыңыз.
• Препаратты басқа адамдарға беруге болмайды. Қандай да бір жағымсыз реакцияларыңыз болса, өзіңіздің дәрігеріңізбен, фармацевтпен немесе мейірбикемен сөйлесіңіз. Бұл берілген нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген ықтимал жағымсыз реакцияларды қамтиды. «Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімін қараңыз.
НовоМикс® 30 ФлексПен® мынандай жағдайда қолданбайды
• Аспарт инсулиніне немесе НовоМикс® 30 ФлексПен® кез келген компонентіне аллергия (аса жоғары сезімталдық) жағдайында (Қосымша ақпарат бөлімін қараңыз).
• Гипогликемия басталады деп күдіктенсеніз (қандағы қанттың төмен деңгейі) (Қолдану жөніндегі нұсқаулар бөлімін қараңыз).
• Инсулинге арналған инфузиялық помпаларда.
• Егер Сіз НовоМикс® 30 ФлексПен® түсіріп алсаңыз, зақымдап алсаңыз немесе езіп алсаңыз.
• Егер препаратты сақтау шарттары бұзылған болса немесе ол мұздатып қатырылған болса (Сақтау шарттары бөлімін қараңыз).
• Егер қайта суспензияланған инсулин біртекті ақ және бұлыңғыр сұйықтық болмаса.
• Егер қайта суспензиялаудан (шайқаудан) кейін кесек заттар болса немесе қатты ақ бөлшектер картридждің түбінде немесе қабырғаларында шөккен болса.
НовоМикс® 30 ФлексПен® пайдалануға дайындық
• инсулиннің дұрыс түрін таңдағаныңызға көз жеткізу үшін заттаңбаны тексеруңіз қажет.
• Жұқтыруды болдырмау үшін әр инъекция үшін әрқашан жаңа инені пайдалану қажет.
• Инелер мен НовоМикс® 30 ФлексПен® тек жеке пайдалануға арналған.
НовоМикс® 30 ФлексПен® пайдаланғанда мынандай жағдайда әсіресе сақтық қажет:
• Егер бүйрек, бауыр, бүйрек үсті, гипофиз немесе қалқанша без аурулары бар болса
• Егер физикалық жүктемені арттырған болсаңыз немесе қандағы қант деңгейіне әсер етуі мүмкін әдеттегі диетаны және тамақтану режимін өзгерткіңіз келсе.
• Егер ауырсаңыз, инсулинді енгізуді жалғастырыңыз және емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
• Егер шетелге бара жатсаңыз: сағат белдеулерінің өзгеруі инсулинге және инъекцияны енгізу уақытына әсер етуі мүмкін. Егер осындай сапарды жоспарласаңыз, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Инъекция орнында терінің өзгеруі
Терінің қалыңдауына немесе жұқаруына, тері астындағы тығызданулардың пайда болуына және басқа да бұзылуларға әкелетін тері астындағы май тінінің өзгеруін болдырмау үшін инъекция орнын мезгіл-мезгіл өзгерту керек. Тері асты тығызданулары бар, терісі жұқарған немесе қалыңдаған учаскелерде инсулинді енгізу препарат тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін («НовоМикс® 30 препаратын Енгізу жолы және әдісі» бөлімін қараңыз). Инъекция орнында терінің кез-келген өзгерістері үшін дәрігермен кеңесу қажет. Егер Сіз қазіргі уақытта препаратты осындай зақымдалған жерлерге енгізсеңіз, инъекция орнын ауыстырмас бұрын дәрігерге хабарлауыныз қажет. Дәрігер қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылауды және инсулин немесе басқа гипогликемиялық препараттың дозасын түзетуді тағайындай алады.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
НовоМикс® 30 ФлексПен® егер алдын ала аралас инсулинді қабылдау қолайлы болса, 10 және одан жоғары жастағы балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін пайдалануға болады. 6-9 жастағы балаларда препаратты қолдану туралы клиникалық зерттеулер деректері шектеулі. 6 жасқа толмаған балаларда НовоМикс® 30 ФлексПен® қолдану туралы деректер жоқ.
Пациенттердің ерекше топтарында қолдану
Егер бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған болса, немесе 65 жастан асқан болсаңыз қандағы қант деңгейін үнемі тексеріп, инсулин дозасының өзгеруіне қатысты емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Қандағы қанттың төмен немесе жоғары деңгейі концентрация мен реакцияға, сондай-ақ автомобиль жүргізу немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін. Денсаулығыңызға немесе басқалардың денсаулығына қауіп төндіруіңіз мүмкін екендігіңізді ұмытпауңыз қажет. Өз дәрігеріңізден Сізге автомобильді немесе механизмдерді басқаруға болатынын біліп алыңыз:
• Егер жиі гипогликемия байқалса.
• Егер гипогликемияны анықтау қиын болса.
Қандай да бір дәрілік заттарды қолданар алдында емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
жүктілік кезінденемесе жүктілікті жоспарласаңыз, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Жүкті әйелдерде инсулин аспарт қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі. Жүктілік кезінде және босанғаннан кейін инсулин дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін. Диабетті мұқият бақылау, әсіресе гипогликемияның профилактикасы балаңыздың денсаулығы үшін өте маңызды.
НовоМикс® 30 ФлексПен® препараты емшек емізу кезеңінде шектеусіз қолданылуы мүмкін.
Кейбір дәрілік заттардың әсері қандағы қант деңгейінің өзгеруіне әкеледі, бұл инсулин дозасына әсер етуі мүмкін. Егер Сіз НовоМикс® 30 ФлексПен® басқа қандай да бір дәрілік заттарды, оның ішінде рецептсіз босатылатын препараттарды қабылдасаңыз немесе жақында қабылдасаңыз, емдеуші дәрігерге, мейірбикеге немесе фармацевтке хабарлауыныз қажет. Төменде инсулинді қолдануға әсер етуі мүмкін ең кеңінен таралған препараттар көрсетілген.
Қандай да бір келесі дәрілік заттарды қабылдасаңыз, қандағы қант деңгейі төмендеуі мүмкін (гипогликемия):
• Диабетті емдеуге арналған басқа да дәрілік заттар
• Моноаминооксидаза (МАОТ) тежегіштері (депрессияны емдеу үшін қолданылады)
• Бета-блокаторлар (жоғары артериялық қысымды емдеу үшін қолданылады)
• Ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері (АӨФ) (жүректің белгілі бір ауруларын немесе жоғары артериялық қысымды емдеу үшін қолданылады)
• Салицилаттар (ауырсынуды жеңілдету және температураны төмендету үшін қолданылады)
• Анаболикалық стероидтар (мысалы, тестостерон)
• Сульфонамидтер (инфекцияларды емдеу үшін қолданылады).
қандай да бір келесі дәрілік заттарды қабылдасаңыз, қандағы қант деңгейі жоғарлауы мүмкін (гипергликемия):
• Оральді контрацептивтер (ұрықтануға қарсы таблеткалар)
• Тиазидті диуретиктер (жоғары артериялық қысымды немесе ағзадағы сұйықтықтың шамадан тыс кідіруін емдеу үшін қолданылады)
• Глюкокортикостероидтар (мысалы, қабынуды емдеу үшін пайдаланылатын кортизон)
• Тиреоидты гормондар (қалқанша без қызметінің бұзылуын емдеу үшін қолданылады)
• Симпатомиметиктер (мысалы, эпинефрин[адреналин] немесе демікпені емдеу үшін пайдаланылатын сальбутамол, тербуталин)
• Өсу гормоны (ағзадағы метаболизмдік процестерге айқын әсер ететін қаңқалық және соматикалық өсуді ынталандыруға арналған препараттар)
• Даназол (овуляцияға әсер ететін препарат).
Октреотид және ланреотид (әдетте гипофизбен өсу гормонының артық өндірілуімен байланысты орта жастағы ересек пациенттерде пайда болатын сирек кездесетін гормоналды бұзылуды - акромегалияны емдеу үшін қолданылады) қандағы қант деңгейін жоғарылатуы немесе төмендетуі мүмкін.
Бета-блокаторлар (жоғары артериялық қысымды емдеу үшін қолданылады) гипогликемияны тануға көмектесетін алғашқы симптомдарды әлсіретуі немесе толықтай басуы мүмкін.
Тиазолидиндиондар (2 типті қант диабетін емдеу үшін пайдаланылатын пероральді диабетке қарсы дәрілер класы)
2 типті ұзақ ағымды қант диабеті және жүрек аурулары бар немесе анамнездегі инсультпен ауыратын инсулинмен бірге тиазолидиндерді қабылдайтын кейбір пациенттерде жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Егер ентігу, дене салмағының күрт өсуі немесе жергілікті ісігендік (ісіну) сияқты жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалса, емдеуші дәрігермен дереу хабарласуыңыз қажет.
НовоМикс® 30 ФлексПен® препаратын алкогольмен қолдану
Алкогольді қолданған кезде инсулинге қажеттілік өзгеруі мүмкін, өйткені қандағы қант деңгейі жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Қант деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
НовоМикс® 30 ФлексПен® препаратын пиоглитазонмен біріктіріп қолдану Пациенттерді инсулин препараттарымен біріктіріп, әсіресе мұндай емделушілерде іркілген жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупі факторлары болған кезде пиоглитазонмен емдеу кезінде іркілген жүрек жеткіліксіздігінің даму жағдайлары туралы хабарланды. Пациенттерге пиоглитазонмен және НовоМикс® 30 ФлексПен® препаратымен біріктірілген емді тағайындау кезінде осы фактіні ескеру қажет. Мұндай біріктірілген емді тағайындау кезінде пациенттерде іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің белгілері мен симптомдарын, дене салмағының өсуін және ісінудің болуын анықтау үшін медициналық тексеруді жүргізу қажет. Пациенттерде жүрек жеткіліксіздігі симптоматикасы нашарлаған жағдайда пиоглитазонмен емдеуді тоқтату қажет.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) сақтау керек, cуытқыш элементке жақындатпай.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Шамадан тыс жылу мен жарықтың әсерінен сақтау қажет.
Шприц-қаламды жарықтан қорғау үшін қақпақшамен жабу керек.
Бірінші ашылғаннан кейін: 30°C-ден аспайтын температурада сақталған жағдайда 4 апта бойы пайдалануға болады.
Тоңазытқышта сақтауға болмайды.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.