Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Порошок для приготовления раствора для приема внутрь
Торговое наименование
Ноофен® 500
Действующее вещество
Фенибут
Назначение
Астениялық және үрейлі-невроздық жағдайларда: мазасыздық, қорқу, үрейлену; маза бермейтін жай-күйлермен жүретін невроз, психопатия
Производитель
Олайнфарм
Страна
Латвия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір пакеттің ішінде
белсенді зат – фенибут, 500 мг.
қосымша заттар – мaннитол, аспартам, «Orange Durarome» хош иістендіргіші (құрамында сахароза бар).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақшыл крем түске дейінгі ұнтақ. Сары түсті қосылысқа жол беріледі.
• астениялық және үрейлі-невроздық жағдайларда: мазасыздық, қорқу, үрейлену; маза бермейтін жай-күйлермен жүретін невроз, психопатия
• егде жастағы адамдарда ұйқысыздық және түнгі мазасыздық
• балалардағы кекештенуді, энурезді, тартылуларды емдеу
• операциялар немесе ауыртып жасалатын диагностикалық зерттеулер алдындағы стресстік жай-күйлер профилактикасы
• абстиненция синдромында психопатологиялық және соматовегетативті бұзылуларды басу үшін қосымша дәрі ретінде
• алкогольдік еліру алды және еліру жай-күйлерін емдеуге арналған көпшілік қолданатын уытсыздандыру дәрілерімен біріктірілімде
• Меньер ауруы, вестибулярлық аппараттың дисфункциясымен байланысты бас айналуы
• шайқалу профилактикасы үшін
Әсер ету механизмі
Ноотропты дәрілер сондай-ақ психометаболитикалық стимулятор аталады, өйткені мидың метаболизмдік үдерістеріне оң ықпал етеді. Ноофен 500 дәрілік затының әсер етуші заты – фенибутты -амин-май қышқылының (ГАМҚ) туындысы немесе β-фенилэтиламиннің туындысы деп қарауға болады. Фенибут ноотропты белсенділікке, сондай-ақ ГАМҚ туындыларына тән анксиолитикалық (транквилизациялаушы) әсерге ие. Фенибут холино- және адренорецепторларға әсер етпейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Дәрілік зат үрейді, мазасыздықты, қорқынышты азайтады және ұйқыны жақсартады, сондықтан оны неврозды емдеу үшін, сондай-ақ операциялар алдында қолданады. Фенибут ұйықтататын, есірткі, нейролептикалық және паркинсон ауруына қарсы дәрілердің әсерін ұзартады және күшейтеді. Құрысуға қарсы әсерге ие емес. Дәрілік зат нистагмның латентті кезеңін ұзартады және оның ұзақтығын және айқындылығын қысқартады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Фенибут астения мен вазовегетативті симптомдардың, оның ішінде бас ауыруын, бастағы ауырлық сезімін, ұйқының бұзылуын, ашушаңдықты, эмоциялық құбылмалылықтың пайда болуын айтарлықтай төмендетеді және ақыл-ой жұмыстарына қабілеттілікті арттырады. Фенибуттің ықпалымен психологиялық көрсеткіштер – зейін қою, жады, сенсорлық-моторлық реакциялардың жылдамдығы және дәлдігі жақсарады.
Астениясы бар пациенттерде және эмоциялық құбылмалылығы бар пациенттерде емнің алғашқы күнінен-ақ субъективті өзін-өзі сезінуі жақсарады, қажетсіз седацияны немесе қозуды тудырмай-ақ, қызығушылықты және бастамашылықты, қызмет мотивациясы жоғарылатады. Астенияға қарсы әсерге (әлсіздік, дімкәстік, гиподинамия, психикалық және физикалық астения) қатысты фенибут пирацетамға қарағанда белсендірек.
Дозалау режимі
Ересектерге күніне 1-3 рет 500 мг (1 пакет) тағайындайды. Қажет болса күндізгі дозаны 2,5 г (5 пакетке) дейін арттыруға болады. Емдеу курсы 2-3 апта. Қажет жағдайда курсты 4-6 аптаға дейін ұзартуға болады.
14 жастан асқан балаларға – ересектерге арналған доза.
Алкогольді абстиненция синдромын бәсеңдету үшін емнің алғашқы күндері күніне 2-3 рет 500 мг және түнге қарай 500 мг тәуліктік дозаны ересектер үшін әдеттегі дозаға дейін біртіндеп төмендету арқылы тағайындайды.
Шығу тегі инфекциялық вестибулярлық анализатор қызметінің бұзылуы (отогенді лабиринтит) және Меньер ауруының өршуі кезіндегі бас ауыруында 5-7 күн бойы 500 мг тәулігіне 3 рет тағайындайды. Вестибулярлық бұзылыстардың айқындылығын төмендету кезінде – 500 мг препараттан 5-7 күн бойы тәулігіне 2-3 рет және содан кейін 250 мг тағы 5 күн бойы тәулігіне 1 рет қабылдайды. Аурулардың ағымы біршама жеңіл болған кезде – 5-7 күн бойы тәулігіне 1 рет 500 мг.
Вестибулярлық анализатордың шығу тегі тамырлық және жарақаттық дисфункциясы кезінде бас айналуды емдеу үшін 12 күн бойы тәулігіне 1 рет 500 мг тағайындайды.
Теңізде жүзу жағдайларында шайқалудың профилактикасы үшін болжамды шайқалу басталғанға дейін бір сағат бұрын немесе теңіз ауруының алғашқы белгілері пайда болған кезде бір реттік дозада 500 мг тағайындайды. Препараттың дозасы артқан сайын шайқалуға қарсы әсері күшейеді. Теңіз ауруының айқын көріністері (құсу және т.б.) пайда болған кезде препаратты қабылдау тіпті 1000 мг дозада да тиімсіз.
Әуе ауруы профилактикасы үшін ұшудан бір сағат бұрын 500 мг дозада бір рет тағайындайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Ноофен® 500 препаратының жоғары дозалары гепатоуыттылықты тудыруы мүмкін. Осы топтағы пациенттерге ең аз тиімді дозалар тағайындалады.
Емдік дозаларды қабылдау кезінде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге Ноофен® 500 препаратының жағымсыз әсері туралы деректер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Пакеттің ішіндегісін жарты стақан жылы суда ерітеді және тамақтан кейін ішке қабылдайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Егер қабылдауды өткізіп алсаңыз, препаратты есіңізге түскен кезде қабылдаңыз, бірақ келесі қабылдау уақыты таяп қалған болса, оны өткізіп жіберіңіз. Ешқашан қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау
Дәрілік затқа дағдылану мен тәуелділік байқалмады, «тоқтату синдромы» жоқ.
• препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық
• жүктілік және бала емізу кезеңі
• 14 жасқа дейінгі балалар (осы доза үшін)
• фенилкетонурия (ұнтақтың құрамына аспартам тәттілендіргіші кіреді)
Сирек
• аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну)
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (есекжемді, қышынуды, эритема, бөртпе, ангионевроздық ісінуді, бет ісінуін, тілдің ісінуін қоса)
• ұйқышылдық, ашушаңдықтың күшеюі, қозу, үрей (емнің басында)
• жүрек айнуы (емнің басында)
• бас ауыруы, бас айналуы (күніне 2 г артық дозаларда қабылдағанда, дозаны төмендеткенде жағымсыз әсерлердің айқындығы төмендейді)
• гепатоуыттылық (жоғарғы дозаларды ұзақ қолданғанда)
Дәрілік затты қолдану жөніндегі осы нұсқаулыққа сәйкес қолданбаса балаларда эмоциялық тұрақсыздық және ұйқының бұзылуы байқалуы мүмкін екендігі туралы деректер бар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препарат емдік дозаларда аз уытты.
Симптомдары: ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, бас айналуы. Жоғарғы дозаларда ұзақ қолданғанда эозинофилия, артериялық гипотензия, бауырдың майлы дистрофиясы, бүйрек функциясының бұзылуы дамуы мүмкін.
Маркетингтен кейінгі дәлелдер фенибутпен жедел артық дозалану депрессия (сана деңгейінің төмендеуі, бұлшықет тонусының төмендеуі, мелшию, тыныстың тарылуы), температураны реттеудің бұзылуы, гипертония немесе гипотония және тахикардия сияқты симптомдармен байланысты екенін көрсетеді. Сондай-ақ психомоторлық қозу, елестеулер, құрысулар және делирий туралы хабарланды. Артық дозалану жағдайлары едәуір жоғары емдік дозада құрамында фенибут бар препараттарды қолданумен байланысты.
Емі: симптоматикалық. Спецификалық антидоты белгісіз.
Арнайы ескертулер
Асқазанның және/немесе ішек жолының ойық жарасы бар пациенттерге сақтық таныту керек. Шырышты қабықты препараттың тітіркендіргіш әсерінен сақтау үшін бұл пациенттерге препараттың азғантай дозалары тағайындалады. Ұзақ қолданған кезде бауыр функциясының көрсеткіштерін және шеткері қан көрінісін бақылау қажет.
Бұл әдебиеттер жоғары емдік дозада құрамында фенибут бар препараттарды қабылдағаннан кейін дағдыланудың туындауын растайды.
Маркетингтен кейінгі кезеңде фенибутты емдік дозаларда қолданған кезде алынған тәжірибе тоқтату синдромын көрсетпейді. Алайда, әдебиеттердің деректері фенибутты емдік дозадан жоғары дозада қолданған кезде, қабылдауды күрт тоқтату ауыр болуы мүмкін және ауруханаға жатқызуды қажет ететін тоқтату синдромын тудыруы мүмкін екенін растайды. Бұндай жағдайларда ұйқысыздық, психомоторлық қозу, психоз, есту және көру елестеулері, мазасыздық, депрессия, бас айналу, құрысулар, жүрек айнуы, құсу, жүрек соғысы және тахикардия туралы хабарланды.
Ұнтақтың құрамына кіретін „Orange Durarome” хош иістендіргіште сахароза бар. Егер дәрігер сізге кезкелген қант жақпаушылығы туралы ескертсе, осы дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Ноофен® 500 ұнтағының құрамына аспартам тәттілендіргіші кіреді. Аспартамды фенилкетонуриясы бар науқастарға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұйқышылдық, бас айналуы немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын басқа бұзылыстар байқалатын пациенттерде осы жағымсыз әсерлер білінген кезде көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдерге қызмет көрсетуге болмайды.
Қолдануға болмайды.
Ноофен® 500 препаратын және онымен үйлесетін дәрілік заттардың дозасын төмендете отырып, Ноофен® 500 психотропты препараттармен біріктіруге болады.
Ұйықтататын, есірткі, нейролептикалық және паркинсон ауруына қарсы дәрілердің әсерін ұзартады және күшейтеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Ылғалдан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.