Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Порошок для приготовления раствора для приема внутрь
Дозировка
100 мг
Торговое наименование
Ноофен® 100
Действующее вещество
Фенибут
Назначение
Астениялық және үрейлі-невроздық жағдайларда: мазасыздық, қорқу, үрейлену; маза бермейтін жай-күйлермен жүретін невроз, психопатия
Производитель
Олайнфарм
Страна
Латвия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір пакеттің ішінде
белсенді зат – фенибут, 100 мг.
қосымша заттар – мaннитол, тауматин, «Orange Durarome» хош иістендіргіші (құрамында сахароза бар).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе сарғыш реңді ақ дерлік түсті ұнтақ. Сары түсті қосылысқа жол беріледі.
Балаларда
• астениялық және үрейлі-невроздық жағдайларда: мазасыздық, қорқу, үрейлену; маза бермейтін жай-күйлермен жүретін невроз, психопатия
• кекештенуді, энурезді, тартылуларды емдеу
• операциялар немесе ауыртып жасалатын диагностикалық зерттеулер алдындағы стресстік жай-күйлер профилактикасы
• вестибулярлық аппараттың шығу тегі әр түрлі дисфункциясымен байланысты бас айналуы, шайқалудың профилактикасы үшін
Әсер ету механизмі
Ноотропты дәрілер сондай-ақ психометаболитикалық стимулятор аталады, өйткені мидың метаболизмдік үдерістеріне оң ықпал етеді. Ноофен 100 дәрілік затының әсер етуші заты – фенибутты -амин-май қышқылының (ГАМҚ) туындысы немесе β-фенилэтиламиннің туындысы деп қарауға болады. Фенибут ноотропты белсенділікке, сондай-ақ ГАМҚ туындыларына тән анксиолитикалық (транквилизациялаушы) әсерге ие. Фенибут холино- және адренорецепторларға әсер етпейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Дәрілік зат үрейді, мазасыздықты, қорқынышты азайтады және ұйқыны жақсартады, сондықтан оны неврозды емдеу үшін, сондай-ақ операциялар алдында қолданады. Фенибут ұйықтататын, есірткі, нейролептикалық және паркинсон ауруына қарсы дәрілердің әсерін ұзартады және күшейтеді. Құрысуға қарсы әсерге ие емес. Дәрілік зат нистагмның латентті кезеңін ұзартады және оның ұзақтығын және айқындылығын қысқартады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Фенибут астения мен вазовегетативті симптомдардың, оның ішінде бас ауыруын, бастағы ауырлық сезімін, ұйқының бұзылуын, ашушаңдықты, эмоциялық құбылмалылықтың пайда болуын айтарлықтай төмендетеді және ақыл-ой жұмыстарына қабілеттілікті арттырады. Фенибуттің ықпалымен психологиялық көрсеткіштер – зейін қою, жады, сенсорлық-моторлық реакциялардың жылдамдығы және дәлдігі жақсарады.
Астениясы бар пациенттерде және эмоциялық құбылмалылығы бар пациенттерде емнің алғашқы күнінен-ақ субъективті өзін-өзі сезінуі жақсарады, қажетсіз седацияны немесе қозуды тудырмай-ақ, қызығушылықты және бастамашылықты, қызмет мотивациясы жоғарылатады. Астенияға қарсы әсерге (әлсіздік, дімкәстік, гиподинамия, психикалық және физикалық астения) қатысты фенибут пирацетамға қарағанда белсендірек.
Дозалау режимі
3-тен 4 жасқа дейінгі балаларға күніне 2 рет 100 мг (1 пакет), 5-тен 6 жасқа дейінгі балаларға – күніне 2-3 рет 100 мг, 7 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға – күніне 3-4 рет 100 мг, 11 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға – күніне 2-3 рет 200 мг-ден (2 пакет) тағайындайды.
14 жастан асқан балаларға Ноофен® 250 мг таблеткалары, Ноофен® 250 мг капсулалары немесе Ноофен® 500 ішу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ дәрілік затының ересектерге арналған дозасын тағайындайды.
Балаларға арналған бір реттік жоғары дозалары: 6 жасқа дейін – 100 мг, 7 жастан 10 жасқа дейін – 200 мг, 11 жастан 14 жасқа дейін – 300 мг.
Емдеу курсы 2-6 аптаны құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Ноофен® 100 препаратының жоғары дозалары гепатоуыттылықты тудыруы мүмкін. Осы топтағы пациенттерге ең аз тиімді дозалар тағайындалады.
Емдік дозаларды қабылдау кезінде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге Ноофен® 100 препаратының жағымсыз әсері туралы деректер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Пакеттің ішіндегісін жарты стақан жылы суда ерітеді және тамақтан кейін ішке қабылдайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Егер қабылдауды өткізіп алсаңыз, препаратты есіңізге түскен кезде қабылдаңыз, бірақ келесі қабылдау уақыты таяп қалған болса, оны өткізіп жіберіңіз. Ешқашан қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау
Дәрілік затқа дағдылану мен тәуелділік байқалмады, «тоқтату синдромы» жоқ.
• препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық
• жүктілік және бала емізу кезеңі
• 3 жасқа дейінгі балалар
Сирек
• аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну)
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (есекжемді, қышынуды, эритема, бөртпе, ангионевроздық ісінуді, бет ісінуін, тілдің ісінуін қоса)
• ұйқышылдық, ашушаңдықтың күшеюі, қозу, үрей (емнің басында)
• жүрек айнуы (емнің басында)
• бас ауыруы, бас айналуы (күніне 2 г артық дозаларда қабылдағанда, дозаны төмендеткенде жағымсыз әсерлердің айқындығы төмендейді)
• гепатоуыттылық (жоғарғы дозаларды ұзақ қолданғанда)
Дәрілік затты қолдану жөніндегі осы нұсқаулыққа сәйкес қолданбаса балаларда эмоциялық тұрақсыздық және ұйқының бұзылуы байқалуы мүмкін екендігі туралы деректер бар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препарат емдік дозаларда аз уытты.
Симптомдары: ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, бас айналуы. Жоғарғы дозаларда ұзақ қолданғанда эозинофилия, артериялық гипотензия, бауырдың майлы дистрофиясы, бүйрек функциясының бұзылуы дамуы мүмкін.
Маркетингтен кейінгі дәлелдер фенибутпен жедел артық дозалану депрессия (сана деңгейінің төмендеуі, бұлшықет тонусының төмендеуі, мелшию, тыныстың тарылуы), температураны реттеудің бұзылуы, гипертония немесе гипотония және тахикардия сияқты симптомдармен байланысты екенін көрсетеді. Сондай-ақ психомоторлық қозу, елестеулер, құрысулар және делирий туралы хабарланды. Артық дозалану жағдайлары едәуір жоғары емдік дозада құрамында фенибут бар препараттарды қолданумен байланысты.
Емі: симптоматикалық. Спецификалық антидоты белгісіз.
Арнайы ескертулер
Асқазанның және/немесе ішек жолының ойық жарасы бар пациенттерге сақтық таныту керек. Шырышты қабықты препараттың тітіркендіргіш әсерінен сақтау үшін бұл пациенттерге препараттың азғантай дозалары тағайындалады. Ұзақ қолданған кезде бауыр функциясының көрсеткіштерін және шеткері қан көрінісін бақылау қажет.
Бұл әдебиеттер жоғары емдік дозада құрамында фенибут бар препараттарды қабылдағаннан кейін дағдыланудың туындауын растайды.
Маркетингтен кейінгі кезеңде фенибутты емдік дозаларда қолданған кезде алынған тәжірибе тоқтату синдромын көрсетпейді. Алайда, әдебиеттердің деректері фенибутты емдік дозадан жоғары дозада қолданған кезде, қабылдауды күрт тоқтату ауыр болуы мүмкін және ауруханаға жатқызуды қажет ететін тоқтату синдромын тудыруы мүмкін екенін растайды. Бұндай жағдайларда ұйқысыздық, психомоторлық қозу, психоз, есту және көру елестеулері, мазасыздық, депрессия, бас айналу, құрысулар, жүрек айнуы, құсу, жүрек соғысы және тахикардия туралы хабарланды.
Ұнтақтың құрамына кіретін „Orange Durarome” хош иістендіргіште сахароза бар. Егер дәрігер сізге кезкелген қант жақпаушылығы туралы ескертсе, осы дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұйқышылдық, бас айналуы немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын басқа бұзылыстар байқалатын пациенттерде осы жағымсыз әсерлер білінген кезде көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдерге қызмет көрсетуге болмайды.
Қолдануға болмайды.
Ноофен® 100 препаратын және онымен үйлесетін дәрілік заттардың дозасын төмендете отырып, Ноофен® 100 психотропты препараттармен біріктіруге болады.
Ұйықтататын, есірткі, нейролептикалық және паркинсон ауруына қарсы дәрілердің әсерін ұзартады және күшейтеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Ылғалдан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.