Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозировка
500000 Единица действия
Торговое наименование
Нистатин
Действующее вещество
Нистатин
Назначение
Терінің және ішкі ағзалардың шырышты қабығының кандидозы
Производитель
Открытое акционерное общество «Борисовский завод медицинских препаратов»
Страна
Беларусь
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - 500 000 ӘБ нистатин;
қосымша заттар: картоп крахмалы, желатин, стеарин қышқылы, тальк, лактоза моногидраты;
қабықтың құрамы: үлбір түзуші (құрамында: ішінара гидролизденген поливинил спирті, тальк, макрогол 3350 (полиэтиленгликоль), лецитин (соя), сары түсті бояғыш пигмент (құрамында: титанның қостотығы Е 171, индигокармин негізді алюминий лагы Е 132, хинолинді сары негізді алюминий лагы Е 104, күн батар түстес сары негізіндегі алюминий лагы Е 110)), ванилин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беткейі дөңес, ванилин иісі бар, жасылдау реңкті ашық сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Препарат ересектерге қолдануға арналған.
- терінің және ішкі ағзалардың шырышты қабығының кандидозы;
- антибиотиктермен ұзақ емдеу кезінде зеңдік асқынулар профилактикасы, әсіресе жүдеген және әлсіреген пациенттерде.
Әсер ету механизмі
Антибиотик құрылымында зеңдердің цитоплазмалық жарғақшасының стеролды құрылымына жоғары троптылыққа ие қосарлы байланыстар бар, ол жасуша жарғақшасына препарат молекулаларының түзілуіне және олар арқылы электролиттердің бақыланбайтын тасымалдануы жүретін өзекшелердің көптеген мөлшерінің пайда болуына ықпал етеді, жасуша ішінде осмолярлықтың жоғарылауы оның қырылуына әкеледі. Резистенттілік өте баяу дамиды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Candida тектес ашытқы тәріздес зеңдерге қатысты жоғары белсенді, полиенді зеңге қарсы антибиотик.
Дозалау режимі
Ересектерге тәулігіне 3-4 рет 500 000 ӘБ тағайындайды. Жайылған кандидоз кезінде тәуліктік дозаны 6 000 000 ӘБ дейін арттыруға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған, ас қабылдауға байланыссыз. Таблеткаларды шайнамай жұту керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы – 10-14 күн. Қажет болса, курс бір аптадан кейін қайталануы мүмкін.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Бұл препаратты әрдайым өз дәрігеріңіздің дәл нұсқауы бойынша қолданыңыз. Егер Сіз бір нәрсеге сенімді болмасаңыз, өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- фруктоза жақпаушылығымен, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығымен, глюкоза-галактозаның мальабсорбциясымен байланысты тұқым қуалайтын аурулар;
- бауыр функциясының бұзылуы, панкреатит;
- асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы;
- жүктілік кезеңі;
- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар.
- нистатинді жоғары дозаларда қолдану кейде диарея, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруын тудыруы мүмкін;
- бөртпе, оның ішінде есекжем, терінің қышынуы – сирек; Стивенс-Джонсон синдромы – өте сирек; аса жоғары сезімталдық және ангиодистрофия – жиілігі белгісіз;
- қалтырау, гипертермия;
- аллергиялық реакциялар.
Жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда дозаны азайту немесе препаратты тоқтату керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қазіргі уақытта препаратпен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Асқазан-ішек жолынан нистатин өте аз мөлшерде сіңетіндіктен, препараттың артық дозалануы немесе оны кездейсоқ қолдану жүйелі уыттылықты тудырмайды. Күнделікті нистатинді 5 000 000 ӘБ астам дозада пероральді қабылдау жүрек айнуы мен асқазан-ішек жолдарының бұзылуына әкелетіні туралы мәліметтер бар.
Дәрілік препарат құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лаппа лактоза немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы тапшылығы бар пациенттерде дәрілік препаратты қолдану ұсынылмайды.
Таблеткалардың қабығында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін тағамдық aзобояғыштар (E 104, E 110, E 132) бар.
Таблетканың құрамында соя лецитині (Е 322) болуына байланысты дәрілік препаратты арахиске немесе сояға сезімталдығы жоғары адамдарға қабылдауға болмайды.
Арнайы ескертулер
Пероральді қолдануға арналған нистатин препараттарын жүйелік микозды емдеу үшін пайдалануға болмайды. Қынаптың зеңдік аурулар кезінде жыныстық жұптасты бір мезгілде емдеу ұсынылады.
Педиатрияда қолдану
Препарат 18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік кезінде препаратты қабылдауға болмайды.
Нистатиннің емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Нистатин асқазан-ішек жолынан өте аз мөлшерде сіңетініне қарамастан, лактация кезеңінде препаратты қабылдаған кезде сақ болу керек.
Нистатинді клотримазолмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының белсенділігі төмендейді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.