Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Гель для наружного применения
Дозировка
1%
Торговое наименование
НИМИД®
Действующее вещество
Нимесулид
Назначение
Байламдардың созылуы және жедел жарақаттық тенденитпен байланысты ауырсынуды симптомдық жеңілдету
Производитель
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Страна
Индия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 г гель құрамында
белсенді зат – 10 мг нимесулид (микрондалған) бар,
қосымша заттар: бензил спирті, пропиленгликоль, карбопол 940 (карбомер 940), динатрий эдетаты, натрий гидроксиді пеллеттері, Cologne Comp 530 хош иістендіргіші**, тазартылған су
**- құрамы: лимонен, линалоол, линалил ацетаты, гераниол, лавендинал, цикламенальдегид, метилионон, лилиал, бета-нафтилметилкетон, альфа - амил-даршын альдегиді, вертофикс.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір емес, ақшыл-сары түсті біртекті гель.
- байламдардың созылуы және жедел жарақаттық тенденитпен байланысты ауырсынуды симптомдық жеңілдету
Әсер ету механизмі
НИМИД - қабынуға қарсы стероидты емес дәрі. Қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді. ЦОГ-2 (циклооксигеназа-2) ферментінің селективті тежелуі нәтижесінде қабыну ошағындағы простагландиндердің синтезін іріктеп бәсеңдетеді. Нимесулид сондай-ақ лейкотриендер синтезін, тромбоциттерді белсендендіру факторын тежейді, қан тамырларының эндотелийі арқылы нейтрофильді гранулоциттердің көшуін реттейді, ірі жасушалардан гистаминнің шығуын азайтады, қабынуды және ісінуді жояды, ауыру тудыратын брадикининнің және цитокиндердің жинақталуына ықпал ететін ісіктің некроз факторы (TNFα) әсерін тежейді. Препарат фагоцитарлық белсенділігіне әсер етпей және олардың одан әрі альтерациясын болдырмай, жетілген лейкоциттері бар супероксидтің аниондарының агрегациясын төмендетеді. Нимесулид шеміршек ыдырауын азайта және остеоартриттің күшеюінің алдын ала отырып, коллагеназа мен металлопротеазаны тежейді.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан балалар: сықпадан сығып шығарылған 3 см гельді жұқа қабатпен терінің зақымданған учаскесіне күніне 2-3 рет жағады, жеңіл уқалау қимылдарымен толық сіңірілгенге дейін ысып-жағады.
Емнің ұзақтығы әр кімге жеке анықталады орта есеппен 7-15 күн.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа. Тек тазартылған және құрғақ теріге жағылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданбас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
- препараттың белсенді затына немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (анамнезінде) аллергиялық реакциялар (бронх түйілуі, ринит, есекжем)
- гельді ашық жараларға немесе жергілікті инфекция бар кезде қолдану
- жергілікті препараттармен бір мезгілде қолдану
- жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балаларға (препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген)
Жиі:
- қышыну
- эритема
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Препарат жергілікті қолданылатындықтан, дұрыс қолданған жағдайда, жүйелі сіңірілу, яғни артық дозалану ықтималдығы аз.
Препаратты асқазан-ішектен қан кетулері, белсенді немесе күмәнді ойық жара ауруы, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр формасы, қан ұюының ауыр бұзылулары бар науқастарға немесе ауыр/бақыланбайтын жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен тағайындау керек.
НИМИД® гельді ашық жараларға немесе бүтіндігі бұзылған тері жабындарына жағуға болмайды. Препаратты көзге, ауыз қуысының, мұрынның шырышты қабықтарына, гениталий және анустық өтіс аймағына тигізбеу керек (байқаусызда тиіп кеткен жағдайда, оларды дереу сумен жуып тастау керек). Препаратты ішке қолданбау керек. Жаққаннан кейін қолды жуу қажет. Гельді жаққаннан кейін окклюзиялық таңғышпен жаппаған дұрыс. Жағымсыз реакцияларының қаупін қысқа уақыт ішінде ең төмен дозасын жағу арқылы төмендетуге болады. Құрамында қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) бар, сыртқа қолданылатын препараттарды қолданғанда ашытып күйдіру және сирек жағдайларда, фотодерматит пайда болуы мүмкін, сондықтан НИМИД® гельді қолданған кезде сақ болу қажет. Фотосезімталдық реакцияларын болдырмас үшін, препаратты қолдану кезінде тікелей күн сәулесін түсіру мен солярийге барудан аулақ болу керек. Оң динамикасы болмаған немесе жағдай нашарлаған жағдайда, емдеуді тоқтату және дәрігерге жүгіну қажет.
НИМИД® гельді басқа ҚҚСП-ға сезімталдығы жоғары пациенттерге қолданбау керек.
НИМИД® гель құрамында пропиленгликоль бар, бұл кейбір пациенттерде терінің жергілікті әлсіз тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын басқаруға немесе қауіптілігі зор механизмдерді пайдалануға әсер етпейді.
НИМИД® препаратының пероральді түрі (мысалы, таблеткалар) туылатын нәрестеде жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін. Теріге жаққанда НИМИД® гельдің осындай қаупі бар-жоғы белгісіз.
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, жүкті болуым мүмкін деп ойласаңыз немесе сәбилі болуды жоспарласаңыз, бұл дәріні қабылдамас бұрын өз дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Егер сіз жүктіліктің соңғы 3 айында жүрген болсаңыз НИМИД® гельді қолданбаңыз. Жүктіліктің алғашқы 6 айында сізге нақты қажеттілігі болмаса және сіздің дәрігеріңіздің ұсыныстарынсыз НИМИД® гельді қолдануға болмайды. Егер сізге осы кезеңде ем қажет болса, ең төменгі дозаны мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде қолдану керек.
НИМИД® гельді жергілікті қолданғанда басқа дәрілік препараттармен елеулі өзара әрекеттесулерінің мөлшері анықталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.