Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для перорального применения
Дозировка
100 мг/мл
Торговое наименование
Нейроксон®
Действующее вещество
Цитиколин
Назначение
Церебральды қан айналымының бұзылуына байланысты неврологиялық және когнитивті бұзылыстарды емдеу
Производитель
ПАО Галичфарм
Страна
Украина
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - натрий цитиколині (цитиколинге шаққанда) – 104,50 мг (100,00 мг).
қосымша заттар - метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е 216), калий сорбаты, глицерин, сорбит (Е 420), глицеринформаль, натрий цитраты, натрий сахарині, лимон қышқылы, моногидрат, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, түссіз немесе сары реңді түссіз ерітінді. Бозаңдануға жол беріледі.
- церебральды қан айналымының бұзылуына байланысты неврологиялық және когнитивті бұзылыстарды емдеу.
- бас жарақаттарымен байланысты неврологиялық және когнитивті бұзылыстарды емдеу.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Цитиколин нейрондар жарғақшасындағы құрылымдық фосфолипидтердің биосинтезін көтермелейді, бұл магнит-резонанстық спектроскопия деректерімен расталған. Осы әсер ету механизмінің арқасында цитиколин ион алмастырғыш сорғылар мен рецепторлардың жұмысы сияқты жарғақшалық механизмдердің жұмысын жақсартады, олардың модуляциясы жүйке импульстарын қалыпты жүргізу үшін қажет.
Нейрондар жарғақшасына тұрақтандырушы әсерінің арқасында цитиколин мидың ісінуін азайтуға ықпал ететін ісінуге қарсы қасиеттерін байқатады.
Эксперименттік зерттеулер цитиколиннің кейбір фосфолипаздар (A1, A2, C және D) белсенділігін тежейтінін, бос радикалдардың пайда болуын азайтатынын, жарғақшалық жүйелердің бұзылуына жол бермейтінін және глутатион сияқты антиоксиданттық қорғаныс жүйелерін сақтайтынын көрсеткен.
Цитиколин нейрондар энергия қорын сақтайды, апоптозды тежейді және ацетилхолин синтезін көтермелейді.
Цитиколиннің ми фокальді ишемиясында профилактикалық нейропротекторлық әсер ететініні де тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Клиникалық зерттеулер цитиколиннің ми қан айналымы жедел ишемиялық бұзылуы бар пациенттерде функционалдық қалпына келуді едәуір арттыратынын көрсетті, бұл нейровизуализация деректері бойынша мидың ишемиялық зақымдануы көлемінің артуы баяулауымен сәйкес келеді.
Бассүйек-ми жарақаты бар пациенттерде цитиколин қалпына келуді тездетеді және жарақаттан кейінгі синдромның ұзақтығы мен қарқындылығын азайтады.
Цитиколин зейін мен сана деңгейін жақсартады, ми ишемиясымен байланысты когнитивті және неврологиялық бұзылулар амнезия көріністерін азайтуға көмектеседі.
Дозалау режимі
Ересектер үшін ішуге арналған ерітінді Нейроксон® препаратының ұсынылған дозасы тәулігіне 2-3 қабылдауға бөлінген 500 мг (5 мл) бастап 2000 мг (20 мл) дейін болады.
Препараттың дозалары мен емдеу мерзімі ми зақымдануының ауырлығына байланысты және оны дәрігер әр адамға жеке белгілейді.
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзетуді қажет етілмейді.
Балалар. Препаратты балаларға қолдану тәжірибесі шектеулі.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қолданылады.
Препаратты дозалайтын шприц көмегімен келесі сызба бойынша қабылдау керек:
- қолданар алдында дозалайтын шприц поршенін толық қысқан жөн;
- поршеньді тартыңыз және шприцтегі сұйықтық мөлшері тағайындалған дозаға сәйкес келуі тиіс екенін ескере отырып, қажетті дозаны жинап алыңыз;
- тамақтануға қарамастан, препаратты тікелей қабылдауға немесе жарты стақан суға (120 мл) сұйылтуға болады.
Дозалау шприцін әрбір қолданғаннан кейін сумен жуу қажет.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық,
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге,
- парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонусы,
- жүктілік және лактация кезеңі,
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Өте сирек
• бас ауыруы, вертиго, елестеулер;
• артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, тахикардия;
- ентігу;
- жүрек айну, құсу, диарея;
- аллергиялық реакциялар, оның ішінде: бөртпе, гиперемия, экзантема, есекжем, пурпура, қышыну, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок.
- қалтырау.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға күтілетін реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Арнайы ескертулер
Фруктозаға төзімділіктің тұқым қуалайтын бұзылуы бар пациенттерге онда сорбиттің болуына байланысты Нейроксон®, ішуге арналған ерітіндісін қабылдауға болмайды. Препарат құрамындағы метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат аллергиялық реакцияларды (әдетте баяу типті) тудыруы мүмкін.
Бұл дәрілік препараттың құрамында, 5 мл препаратта 1,2 ммоль натрий бар. Натриймен бақыланатын диетадағы емделушілерге қолданғанда сақтық таныту керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жеке жағдайларда орталық жүйке жүйесінің кейбір жағымсыз реакциялары көлік құралын басқару немесе күрделі механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Цитиколинді жүкті әйелдерге қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Цитиколиннің емшек сүтіне шығарылуы және оның шаранаға әсері туралы деректер белгісіз. Сондықтан жүктілік немесе лактация кезеңінде препаратты анаға күтілетін пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскен кезде ғана тағайындауға болады.
Цитиколин леводопаның әсерін күшейтеді. Құрамында меклофеноксат бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын температурада.
Мұздатып қатыруға және салқындатуға болмайды!
Сақтау кезінде жеңіл бозаңдану болуы мүмкін, препаратты бөлме температурасында (≈ 20 ºС) ұстағанда жойылады.
Ашқаннан кейін 45 тәуліктен асырмай сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.