Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозировка
500 мг
Торговое наименование
НЕЙРОКСОН
Действующее вещество
Цитиколин
Назначение
Инсульт және оның салдары, бассүйек-ми жарақаты және оның салдары
Производитель
Киевмедпрепарат
Страна
Украина
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – цитиколин мононатрий тұзы, цитиколинге шаққанда - 500 мг;
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармелозасы, минералды тасымалдаушысы магний алюмосиликаты бар гидрогенделген полиэтоксилденген майсана майы, тальк, гидрофобты коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты;
Жабуға арналған қоспа: гидроксипропилметилцеллюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, орта тізбекті триглицеридтер, титанның қостотығы
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
- инсульт және оның салдары;
- бассүйек-ми жарақаты және оның салдары;
- мидың дегенеративті және тамырлық бұзылыстарынан туындаған когнитивті, сезімтал және қимыл-қозғалыс неврологиялық бұзылулары
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Психоаналептиктер. Зейін қою тапшылығы және аса жоғары белсенділік кезінде қолданылатын психостимуляторлар (ADHD –Attention deficit hyperactivity disorder) және ноотропты дәрілер. Басқа психостимуляторлық және ноотропты дәрілер. Цитиколин.
АТХ коды N06BX06
Цитиколин нейрондар жарғақшалары құрылымдық фосфолипидтерінің биосинтезін көтермелейді, бұл магниттік-резонанстық спектроскопия қолданылатын зерттеулерде расталған. Осы әсер ету арқылы цитиколин жарғақшалардың, мысалы, оларға жұмылдырылған иондық- алмасу сорғылары мен рецепторлардың жұмысы, жүйке сигналдарын беру кезінде қажет болатын модуляция сияқты функциясын жақсартады.
Жарғақшаларды тұрақтандыру қабілетінің арқасында цитиколин ми ісінуі реабсорбциясына ықпал етеді.
Эксперименттік зерттеулерде цитиколин еркін радикалдардың пайда болуын азайту, жарғақшалар жүйесі бұзылуын болдырмау және глутатион сияқты антиоксидантты қорғаныс жүйелерін сақтау арқылы кейбір фосфолипазалар (A1, A2, C және D) активациясын тежейтіні көрсетілді.
Цитиколин нейрондық энергия резервін сақтайды, апоптозды тежейді және ацетилхолин синтезін көтермелейді.
Цитиколиннің мидың фокальді ишемиясы үлгілерінде профилактикалық нейропротекторлық әсер ететіні де тәжірибе жүзінде расталды.
Клиникалық зерттеулерде цитиколиннің ишемиялық инсульттан кейін пациенттердің функцияларын қалпына келтіруді жақсартатыны расталды, бұл нейровизуализация тестеріндегі ми ишемиялық зақымдануының төмендеуімен байланысты.
Бассүйек-ми жарақаттары бар пациенттерде цитиколин қалпына келтіру процесін жеделдетеді және ұзақтығын, сондай-ақ жарақаттан кейінгі синдромның айқындылығын төмендетеді.
Цитиколин зейін қою мен сана деңгейін арттырады, сондай-ақ ми ишемиясымен байланысты амнезия, когнитивті және неврологиялық бұзылулар кезінде жағымды әсер етеді.
Дозалау режимі
Ересектер
Ұсынылатын дозасы аурудың ауырлығына байланысты күніне 500-ден 2000 мг дейін (1-4 таблетка).
Дозаны дәрігердің ұсынымы бойынша өзгертуге болады.
Егде жастағы пациенттер
Осы жас тобы үшін дозаны түзету қажет емес.
Балалар:
Балаларда қолдану тәжірибесінің шектеулі деректеріне байланысты препаратты күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдану керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне жүгіну ұсынылады.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонусы;
- 6 жасқа дейінгі балалар.
Өте сирек, жекелеген хабарламаларды қоса:
- елестеулер,
- бас ауыруы,
- бас айналуы,
- артериялық гипертензия,
- артериялық гипотензия,
- ентігу,
- жүрек айнуы,
- құсу,
- мерзімді диарея,
- гиперемия,
- есекжем,
- бөртпе,
- пурпура,
- қалтырау,
- ісіну.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға күтілетін реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Арнайы ескертулер
Егер дәрілік заттарды қолдану кезінде симптомдар сақталса немесе жай-күйі нашарласа, дәрілік препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану тәжірибесінің шектеулі деректеріне байланысты препаратты күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
НЕЙРОКСОН препаратының көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері байқалмады.
Жүкті әйелдерде цитиколинді қолдану туралы деректер жеткіліксіз.
Жүктілік кезінде нақты қажеттіліксіз НЕЙРОКСОН тағайындалмауы тиіс. Препаратты қолдануға күтілетін пайдасы ықтимал қаупінен асып түсетін жағдайларда ғана жол беріледі.
Лактация кезінде НЕЙРОКСОН тағайындалған кезде әйелдер бала емізуді тоқтатуы керек, өйткені цитиколиннің әйел сүтімен бөлінуі туралы мәліметтер жоқ.
Цитиколин L-дигидроксифенилаланиннің (L-ДОФА) әсерін күшейтеді.
Центрофеноксинмен және құрамында меклофеноксат бар басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
6.7 Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.