Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения
Дозировка
500 мг/4мл
Торговое наименование
Нейроксон®
Действующее вещество
Цитиколин
Назначение
Инсульт, жедел фаза мен оның неврологиялық және когнитивті асқынулары
Производитель
ПАО Галичфарм
Страна
Украина
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат-натрий цитиколині 522,5 мг немесе 1045,0 мг (500,0 мг немесе 1000,0 мг цитиколинге қайта шаққанда).
қосымша зат – инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
• инсульт, жедел фаза мен оның неврологиялық және когнитивті асқынулары
• мидың жарақаттық зақымдануы (бассүйек-ми жарақаттары) мен оның неврологиялық және когнитивті асқынулары
Әсер ету механизмі
Цитиколин нейрондар жарғақшасындағы құрылымдық фосфолипидтердің биосинтезін көтермелейді, бұл магнит-резонанстық спектроскопия деректерімен расталған. Осы әрекеттің көмегімен цитиколин иондық сорғылар мен рецепторлар сияқты жарғақшалық құрылымдардың жұмысын жақсартады, олар реттелмей, жүйке импульстарын қалыпты өткізу мүмкін емес. Нейрондар жарғақшасына тұрақтандырушы әсерінің арқасында цитиколин ісінуге қарсы қасиеттерін көрсетеді және мидың ісінуін азайтады.
Клиникалық зерттеулер цитиколиннің бос радикалдар түзілуін азайта отырып, кейбір фосфолипазалардың (A1, A2, C және D) активтенуін тежейтінін көрсетті, жарғақшалық жүйелердің бұзылуын болдырмайды және глутатион сияқты антиоксидантты қорғаныс жүйелерін сақтайды. Цитиколин нейрондық энергия қорын сақтайды, апоптозды тежейді, бұл холинергиялық берілісті жақсартады.
Цитиколиннің ми фокальді ишемиясында профилактикалық нейропротекторлық әсері бар екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденді. Клиникалық сынақтар цитиколин ми қан айналымының жедел бұзылулары бар пациенттердің функционалдық сауығу көрсеткіштерін едәуір арттыратынын көрсетті, нейровизуализация деректері бойынша мидың ишемиялық зақымдануы өсуінің баяулауымен сәйкес келеді. Бассүйек-ми жарақаттары бар пациенттерде цитиколин қалпына келуді тездетеді және жарақаттан кейінгі синдромның ұзақтығы мен қарқындылығын азайтады. Цитиколин зейін мен сана деңгейін жақсартады, ми ишемиясымен байланысты амнезия, когнитивті және басқа неврологиялық бұзылулардың көріністерін азайтуға көмектеседі.
Дозалау режимі
Вена ішіне баяу вена ішіне инъекция (5 минут бойы) немесе тамшылатып вена ішіне енгізу (минутына 40-60 тамшы) түрінде тағайындалады.
Инсульттің және бассүйек-ми жарақатының жедел кезеңінде емдеу екі апта бойы ауру ауырлығына қарай күн сайын 1000 – 2000 мг дозада препаратты вена ішіне енгізуден басталады, содан кейін күніне 1-2 инъекция (500-2000 мг) бұлшықет ішіне енгізуге немесе 45-90 күнге дейін ішке қабылдауға ауысады.
Енгізу әдісі мен жолы
Инъекцияға арналған ерітінді вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізіледі.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты қабылдау дозасы мен курсы емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша өзгертілуі мүмкін.
• әсер етуші заттарға немесе препарат қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонусы
• жүктілік және лактация кезеңі
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Өте сирек
• бас ауыруы, бас айналу, елестеулер, қозу, ұйқысыздық, ысыну сезімі, тремор
• артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, тахикардия
• диспноэ
• жүрек айнуы, құсу, диарея
• аллергиялық реакциялар, оның ішінде: бөртпе, гиперемия, экзантема, есекжем, пурпура, қышыну, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок
• қалтырау, ісіну
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препараттың жағымсыз реакцияларының күшеюі.
Цитиколинді ұзақ уақыт қолдану енгізу әдісіне қарамастан уытты әсерлермен бірге жүрген жоқ.
Емі: симптоматикалық.
Арнайы сақтық шаралары қажет емес.
Арнайы ескертулер
Вена ішіне қолданған жағдайда препаратты баяу (енгізілетін дозаға байланысты 3-5 минут бойы) енгізу керек.
Вена ішіне тамшылатып қолданған жағдайда құю жылдамдығы минутына 40-60 тамшы болуы керек.
Тұрақты бассүйек ішіне қан құйылу жағдайында тәулігіне 1000 мг дозадан және вена ішіне енгізу жылдамдығы минутына 30 тамшыдан аспауы керек.
Нейроксон, 500 мг/4 мл, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітіндінің құрамында бір дозаға 1 ммоль натрий (23,5 мг) болады. Натрийдің түсуін шектейтін диетадағы пациенттерді ескеру қажет.
Нейроксон, 1000 мг/4 мл, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітіндінің құрамында бір дозаға 2 ммоль натрий (47,1 мг) болады. Натрийдің түсуін шектейтін диетадағы пациенттерді ескеру қажет.
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге препаратты қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жеке жағдайларда орталық жүйке жүйесінің кейбір жағымсыз реакциялары көлік құралын басқару немесе күрделі механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Цитиколинді жүкті әйелдерге қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ.
Цитиколиннің емшек сүтіне шығарылуы және оның шаранаға әсері туралы деректер белгісіз. Сондықтан жүктілік немесе бала емізу кезінде күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен жоғары болған кезде ғана препаратты тағайындауға болады.
Цитиколин леводопаның әсерін күшейтеді. Құрамында центрофеноксин немесе меклофеноксат бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.