Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Торговое наименование
Неовитам
Действующее вещество
Витамин В1 в комбинации с витамином В6 и/или витамином В12
Назначение
Неврологиялық ауруларды кешенді емдеу құрамында: үшкіл жүйке невралгиясы, қабырғааралық невралгия, ишиалгия, бел синдромы (люмбаго)
Производитель
АО «КИЕВСКИЙ ВИТАМИННЫЙ ЗАВОД»
Страна
Украина
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді)* 100 мг, В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді)* 200 мг, В12 дәрумені (цианокобаламин)* 0.2 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон, магний стеараты,
үлбірлі қабық: Opadry II 57U White: гипромеллоза, титанның қостотығы (E 171), полидекстроза, тальк, мальтодекстрин, орташа тізбекті триглицеридтер.
* - 100% затқа шаққанда.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Неврологиялық ауруларды кешенді емдеу құрамында:
• үшкіл жүйке невралгиясы
• қабырғааралық невралгия
• ишиалгия
• бел синдромы (люмбаго)
• плексит (мойын және иық өрімдері)
• омыртқаның дегенеративтік аурулары салдарынан түбіршектік невриттер
• прозоплегия (бет жүйкесінің зақымдануы)
Фармакодинамикалық әсерлері
Дәрілік заттың құрамында В дәрумендері кешенінің нейротроптық белсенді заттарының біріктірілімі бар: тиамин (В1), пиридоксин (В6) және цианокобаламин (В12). Олар орталық және шеткері жүйке жүйесінде болатын аралық метаболизмде коэнзим ретінде ерекше маңызы бар.
Барлық қалған дәрумендер сияқты, олар организмде тікелей синтезделе алмайтын алмастырылмайтын қоректік заттар болып табылады.
Организмге В1, В6 және В12 дәрумендерін емдік тұрғыда енгізу организмде коэнзимдердің қажетті мөлшерінің болуын қамтамасыз ететін тағаммен дәрумендердің жеткіліксіз түсуін толықтырады. Жүйке жүйесінің әртүрлі аурулары кезінде осы дәрумендерді емдік тұрғыда қолдану бір жағынан, бір мезгілде бұрыннан бар жеткіліксіздікті (тікелей аурумен байланысты организм қажеттілігінің ұлғаюынан болуы мүмкін) компенсациялауға және екінші жағынан қалпына келтірудің табиғи механизмдерін ынталандыруға бағытталған.
В 1, В 6 және В 12 дәрумендерінің уыттылығы өте төмен және адам үшін әлеуетті қауіп төндірмейді.
Дозалау режимі
Ұсынылған доза тәулігіне 1 таблетканы құрайды. Жекелеген жағдайларда дозаны арттырады және тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан қолданады.
Енгізу жолы және тәсілі
Таблеткаларды тамақтан кейін, шайнамай, аз ғана мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер әр жағдайда жеке анықтайды. 4 аптаға созылатын емдеу кезеңінен кейін дәрігер дәрілік заттың дозасын түзетуге және төмендетуге қатысты шешім қабылдайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар
Жіберіп алған препарат дозасының орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз. Келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңеске жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
• әсер етуші заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
• аллергиялық аурулар
• асқазанның және он екі елі ішектің асқыну сатысындағы ойық жаралы ауруы (асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауы мүмкін)
• эритремия, эритроцитоз, тромбоэмболия
• 18 жасқа дейінгі балалар
• жүктілік немесе лактация кезеңі
Өте сирек
- В6 дәруменін өте жоғары дозамен созылмалы шамадан тыс қолдану сезімталдық бұзылыстарын, қатты терлеуді, тахикардияны туындатуы мүмкін
- анафилаксиялық шок, анафилаксия, тері реакциялары, оның ішінде қышыну, есекжем
Белгісіз
- В6 дәруменін 50 мг-ден асатын дозада күнделікті ұзақ уақыт (6-12 айдан астам) қолдану шеткері сенсорлық нейропатияға, жүйкенің қозуына, дімкәстануға, бас айналуына, бас ауыруына әкелуі мүмкін
- асқазан-ішек бұзылыстары, оның ішінде жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
В1 дәрумені: емдік диапазоны ауқымды. Өте жоғары дозалар (10 г астам) кураре тәрізді әсер көрсетеді, жүйке импульстерінің өткізгіштігін бәсеңдетеді.
В6 дәрумені: уыттылығы өте төмен. Атаксиямен нейропатиялар және сезімталдық бұзылыстары, ЭКГ өзгерістерімен церебральді конвульсиялар, сондай-ақ жекелеген жағдайларда гипохромды анемия және себореялық дерматит тәулігіне 2 г астам қолданғаннан кейін сипатталған.
Бірнеше ай бойы тәулігіне 1 г артық дозада В6 дәруменін шамадан тыс қолдану нейроуытты әсерге әкелуі мүмкін.
В12 дәрумені. Жоғары дозаларды парентеральді енгізгеннен кейін (өте сирек – пероральді қолданғаннан кейін) аллергиялық реакциялар, экзематозды тері бұзылулары және акненің қатерсіз түрі байқалды.
В12 дәруменін жоғары дозаларда ұзақ қолданған кезде бауыр ферментері белсенділігінің бұзылуы, жүрек тұсының ауыруы, гиперкоагуляция болуы мүмкін.
Дәрілік затты үлкен дозаларда 4 аптадан артық қолдануға болмайды, себебі бұл неврологиялық симптомдарға түрткі болуы мүмкін.
Алкоголь мен қара шайды қолдану тиаминнің сіңуін төмендетеді. Құрамында сульфиттер (мысалы, шарап) бар сусындарды пайдалану тиаминнің деградациясын жоғарылатады.
Дәрілік заттың құрамында В6 дәрумені болғандықтан, оны анамнезінде асқазан мен он екі елі ішектің пептидтік ойық жарасы, бүйрек пен бауыр функциясы айқын бұзылған пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
В12 дәруменін енгізген кезде клиникалық көрініс, сондай-ақ фуникулярлық миелоз немесе пернициозды анемия кезіндегі зертханалық талдаулар өзінің спецификалығын жоғалтуы мүмкін. Мегалобластты анемия және В12 дәруменінің тапшылығымен қатар жүретін жағдайларды қоспағанда, жаңа түзілімдері бар пациенттерге дәрілік затты қолдануға болмайды.
Дәрілік затты жүрек қызметінің декомпенсациясы мен стенокардияның ауыр немесе жедел түрінде қолданбайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Клиникалық тәжірибенің болмауына байланысты балаларға дәрілік затты қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік зат автокөлікті басқару немесе басқа да механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Егер дәрілік затпен емдеу барысында бас айналуы байқалатын болса, көлік құралдарын басқарудан және механизмдермен жұмыс істеуден бас тарта тұру қажет.
Дәрілік затты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Тиамин әсерінің белсенділігі 5-фторурацилмен жойылады, өйткені соңғысы тиаминнің тиамин-пирофосфатқа фосфорлануын бәсекелесті түрде тежейді.
Антацидтер тиаминнің сіңуін төмендетеді. Өзекшелік реабсорбцияны тежейтін ілмектік диуретиктер (мысалы, фуросемид) ұзақ емдеу кезінде тиамин экскрециясының артуын туындатуы және осылайша тиамин деңгейін төмендетуі мүмкін.
Пиридоксин антагонистерімен (мысалы, изониазидпен, гидралазинмен, пеницилламинмен немесе циклосеринмен), пероральді контрацептивтермен бір мезгілде қолдану В6 дәруменіне қажеттілікті арттыруы мүмкін.
Бір мезгілде қолданғанда В6 дәрумені леводопаның тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.