Жүйелік жағымсыз әсерлер өте сирек кездеседі, өйткені қынаптық сіңірілу кезінде қан плазмасындағы метронидазол деңгейі өте төмен (пероральді қабылдаған кезде анықталатын деңгейдің 2-12 %). Миконазол нитраты имидазол туындыларына негізделген кез келген басқа зеңге қарсы препараттар (2-6 %) қынап ішіне қолдану сияқты қынаптың тітіркенуін (күйдіріп ашу, қышыну) тудыруы мүмкін. Лидокаиннің жергілікті жансыздандыратын әсері бұл симптомдарды болдырмауы мүмкін. Вагинит кезінде қынаптың шырышты қабығы қабынуы мүмкін, сондықтан алғашқы суппозиторийді енгізген кезде қынаптың күйіп ашуы мен қышынуы байқалуы мүмкін. Бұл симптомдар емдеуді жалғастырған кезде тез жоғалады. Қатты тітіркену кезінде емдеуді тоқтату керек.
Препараттың белсенді компоненттерін жүйелі (атап айтқанда, пероральді) қолдануға байланысты жағымсыз әсерлерге мыналар жатады:
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар:
Белгісіз: лейкопения, метгемоглобинемия
Иммундық бұзылулар:
Өте сирек:
- аса жоғары сезімталдық реакциялары, аллергиялық реакциялар (ауыр жағдайларда анафилаксия)
Психикалық бұзылыстар:
Жиі емес:
- депрессия
Өте сирек:
- психоэмоциялық бұзылулар
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:
Жиі:
- бас ауыруы, бас айналу
Белгісіз:
- қажу, сезімталдықтың төмендеуі (терінің ұюы, шаншуы) немесе болмауы, парестезия, шеткері нейропатия (препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда және артық дозаланғанда), бағдардан адасу, ажитация, психоз, құрысулар, сөйлеудің бұзылуы, гиперестезия, гипостезия, летаргия, елестеулер, ысыну сезімі, атаксия, күйгелектік, мазасыздық, эйфория, құлақтың шыңылдауы, ұйқышылдық, көру арқылы қабылдаудың анық болмауы немесе қос көрінуі, тремор, сананы жоғалту, кома (сирек), қозғыштық, ұйқысыздық, сананың шатасуы, әлсіздік, дімкәстік.
Жүрек-қантамырлық бұзылулар:
- аритмия, синустық брадикардия, артериялық түйілу, қан қысымының төмендеуі, жүрек-қантамырлық коллапс, жүректің көлденең блокадасы, васкулярлық ісіну, синустық түйіннің әлсіздігі синдромы, дефибриллияциялайтын импульстердің шекті мәнінің артуы, бетке қан тебу.
Асқазан-ішектік бұзылулар:
Белгісіз:
- дәм сезудің өзгеруі, ауыздың темір татуы, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, іш қату, диарея, іштің ауыруы және түйілулер
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар:
Өте жиі:
- қынаптан бөліністер
Жиі:
- вагинит, вульвовагинит, жамбас аумағындағы жайсыздық
Сирек:
- тітіркену, қынапта ашытып күйдіру және қышыну
Белгісіз:
- жергілікті тітіркену, жоғары сезімталдық, жанаспалы дерматит
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz