Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капли назальные
Дозировка
0,05 %
Торговое наименование
Назаксил®
Действующее вещество
Ксилометазолин
Назначение
Мұрынның бітелуін, созылмалы және аллергиялық ринитті (соның ішінде пішен қызбасын), синуситті симптоматикалық емдеу үшін
Производитель
"ЛеКос"
Страна
Казахстан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - ксилометазолин гидрохлориді 0,5 мг немесе 1,0 мг
қосымша заттар: натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий фосфат додекагидраты, натрий хлориді, бензалконий хлориді (10% ерітінді түріндегі), динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық.
Мұрынның бітелуін, созылмалы және аллергиялық ринитті (соның ішінде пішен қызбасын), синуситті симптоматикалық емдеу үшін.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Альфа-адреномиметик, жергілікті тамыр тарылтатын дәрілерге жатады. Тамыр тарылтатын әсерге ие, мұрын шырышты қабығы қан тамырларының жергілікті тарылуын тудырады, мұрын мен мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын басады. Препараттың әсері бірнеше минуттан кейін білінеді және 10 сағатқа созылады.
Дозалау режимі
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар
Назаксил® 0,05% мұрынға тамызатын дәріні әр мұрын жолына 1-2 тамшыдан тәулігіне 1-2 рет.
Препаратты әрбір мұрын жолына тәулігіне 2 реттен артық қолдануға болмайды. Назаксил® 0,05% мұрынға тамызатын дәріні дәрігердің кеңесінсіз 5 күннен артық қолдануға болмайды. Ұсынылған дозадан асырмау керек.
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар
Назаксил® 0,1% мұрынға тамызатын дәріні әр мұрын жолына 2-3 тамшыдан тәулігіне 1-3 рет. Препаратты әрбір мұрын жолына тәулігіне 3 реттен артық қолдануға болмайды. Ұсынылған дозадан асырмау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Интраназальді
- ксилометазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- құрғақ ринит
- атрофиялық ринит
- жабық бұрышты глаукома
- транссфеноидальді гипофизэктомиядан кейінгі жағдайда және ми қабығындағы басқа да хирургиялық араласулар (анамнезде)
- феохромоцитома немесе қуықасты безінің гиперплазиясы бар, моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен емделетін немесе оларды соңғы екі аптада қабылдаған пациенттер
- деконгестанттар ретінде қолданылатын басқа симпатомиметиктерді бір мезгілде қолдану (0,05% үшін)
- қант диабеті (0,05% үшін)
- тиреотоксикоз (гипертиреоз) (0,05% үшін)
- жүрек-қантамыр аурулары, соның ішінде гипертония (0,05% үшін)
- бета-блокаторлар (0,05% үшін)
- терінің немесе мұрынның шырышты қабығының қабыну аурулары (0,05% үшін)
- 6 жасқа дейінгі балалар (0,05% үшін)
- 12 жасқа дейінгі балалар (0,1% үшін)
Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылулар:
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, терінің бөртуі, қышыну)
Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар:
Жиі
- бас ауыруы
Белгісіз
- ашушаңдық, үрейлену, мазасыздық, қозғыштық, ұйқысыздық, елестеулер және параноидты сандырақтау, әсіресе ұзақ және/немесе шамадан тыс қолдану кезінде
Көру мүшесі тарапынан болатын бұзылулар:
Өте сирек
- көрудің уақытша нашарлауы
Жүрек тарапынан болатын бұзылулар:
Өте сирек
- ырғақсыз немесе жиі жүрек қағуы
Белгісіз
- жүрек аритмиясы, гипертония, әсіресе ұзақ және/немесе шамадан тыс қолдану кезінде
Тыныс алу жүйесі, көкірек қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан болатын бұзылулар:
Жиі
- мұрынның шырышты қабығының құрғауы немесе жайсыздығы
Жиі емес
- мұрыннан қан кету
Ас қорыту жүйесі тарапынан болатын бұзылулар:
Жиі
- жүрек айнуы
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар:
Жиі
- қолдану орнында ашытып күйдіру сезімі
Белгісіз
- дағдылану, дәрі-дәрмектік ринит, әсіресе ұзақ және/немесе шамадан тыс қолдану кезінде
- тітіркену және құрғақтық.
Жағымсыз дәрілік реакциялар пайда болған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларын қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей жүгінуге болады:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары және белгілері
Ксилометазолин гидрохлоридін шамадан тыс жергілікті қолдану немесе оны кездейсоқ жұтып қойғанда қатты бас айналуды, терлеуді, дене температурасының кенет төмендеуін, бас ауыруын, брадикардияны, гипертонияны, тыныс алудың бәсеңдеуін, кома мен құрысуларды тудыруы мүмкін. Гипертония гипотониямен ауысуы мүмкін. Кішкентай балалар ересектерге қарағанда уыттылыққа сезімтал.
Емі:
Артық дозалануға күдіктенген барлық адамдарда тиісті демеу шаралары қабылдануы керек, ал қажет болған жағдайда медициналық бақылаумен жедел симптоматикалық ем көрсетіледі.
Қажет болғанда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады
Пациенттерге деконгестанттарды бес күннен артық (0,05% үшін) және жеті күннен артық (0,1% үшін) қатарынан қабылдамауға ұсынылады, өйткені бұл мұрынның шырышты қабығының ісінуімен бірге жүретін дәрі-дәрмектік ринитке әкелуі мүмкін.
Назаксил®, әсер етуші заттардың бұл класына жататын басқа препараттар сияқты, ұйқысыздық, бас айналу, тремор, жүрек ырғағының бұзылуы немесе артериялық қысымның жоғарылауы белгілерімен дәлелденетін симпатомиметиктерге ауыр реакциясы бар пациенттерге сақтықпен қолданылуы керек.
Назаксил®, 0,05% және 0,1% мұрынға тамызатын дәрі құрамында бензалконий хлориді бар. Бұл мұрын шырышты қабығының тітіркенуін тудыруы мүмкін.
0,05%
Қан тамырларының окклюзиялық ауруы бар пациенттерде және три- немесе тетрациклді антидепрессанттарды қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Елестеулер, мазасыздық немесе ұйқының бұзылуы пайда болған жағдайда Назаксил® , 0,05% мұрынға тамызатын дәрі қолдануды тоқтату керек.
0,1%
Гипертония, жүрек-қантамыр аурулары, гипертиреоз, қант диабеті бар пациенттерде немесе три- немесе тетрациклді антидепрессанттарды қабылдайтын пациентерде сақтықпен қолдану керек.
Ксилометазолин қабылдайтын QT аралығының ұзару синдромы бар пациенттер елеулі қарыншалық аритмиялардың даму қаупіне ұшырауы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Назаксил® 0,05% мұрынға тамызатын дәріні 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Назаксил® 0,1% мұрынға тамызатын дәріні 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Шаранаға немесе фертильділікке уыттылықты зерттеу жануарларда жүргізілген жоқ.
Жүкті әйелдерге препаратты қолдану ұсынылмайды, өйткені оның тамыр тарылтатын әсері бар.
Бала емізу кезінде нәрестеге Назаксил® препаратының жағымсыз әсерлері туралы деректер жоқ. Дегенмен ксилометазолиннің емшек сүтіне бөлінетіні туралы белгісіз, сондықтан бала емізу кезеңінде сақтық танытып және Назаксил® препаратын тек дәрігердің тағайындауымен ғана қолдану керек.
Ксилометазолинді моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен, моноаминоксидазаның қайтымды тежегіштерімен (МАОҚТ) немесе три- және тетрациклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолдану осы заттардың жүрек-қантамыр жүйесіне әсерінен артериялық қысымның жоғарылауын тудыруы мүмкін.
Моклобемид: гипертониялық криз қаупі.
Гипертензияға қарсы препараттар (соның ішінде адренергиялық нейрондық блокаторлар және бета-блокаторлар):
Отривин гипотензиялық әсерді тежеуі мүмкін.
Жүрек гликозидтері: аритмия қаупінің жоғарылауы.
Эргот алкалоидтары (эрготамин және метилсергид): эрготизмнің даму қаупінің жоғарылауы.
Тәбет басатын және амфетамин тәрізді психостимуляторлар: гипертония қаупі.
Окситоцин – гипертония қаупі.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Құты ашылғаннан кейін препаратты қолдану кезеңі 4 аптадан аспайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.