Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капли назальные
Дозировка
0.1 %
Торговое наименование
Нафазолин-ТК
Действующее вещество
Нафазолин
Назначение
Жедел ринит, синусит
Производитель
ТОО «ТК Фарм Актобе»
Страна
Казахстан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір құтының ішінде
белсенді зат: нафазолин нитраты 0,01 г
қосымша заттар: бор қышқылы, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
- жедел ринит
- синусит
- диагностикалық және емдік араласымдар кезінде мұрын шырышты қабығының ісінуін жеңілдету үшін
Әсер ету механизмі
Препараттың құрамында альфа-адренорецепторларға әсер ететін жүйелік симпатомиметик болып табылатын нафазолин бар. Шырышты қабықтардың қантамырларына айқын және ұзақ жалғасатын тамыр тарылтатын әсер етеді. Интраназальді қолдану кезінде нафазолин қантамырларды тарылтады, экссудацияны азайтады, осылайша мұрын арқылы тыныс алуды жеңілдетеді және жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы кезінде шырышты ісінуді азайтады.
Дозалау режимі
Ересектер мен 15 жастан асқан жасөспірімдерге әр мұрын жолына 1-3 тамшы ерітіндіден, күніне 2-3 рет, кемінде 6 сағат аралықпен.
Енгізу әдісі мен жолы
Басты шалқайта отырып, препаратты әр танауға тамызу керек. Сол жақ танауға тамызу кезінде басты сол жаққа сәл бұрған жөн, оң жақ танауға тамызған кезде басты оңға бұрған орынды.
Емдеу ұзақтығы
3 күннен асырмай қолдану керек.
Препаратты қысқа уақыт ішінде пайдалану керек. Оны 3 күннен артық қолдануға болмайды. Егер мұрынның бітелуі жойылса, емді ертерек тоқтатуға болады. Препаратты емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше күн өткен соң ғана қайта қолдануға болады.
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз
- көздің ауыр аурулары
- гипертиреоидизм
- несеп шығарудың бұзылуы
- қант диабеті
- жабық бұрышты глаукома
- қуықасты безінің аурулары
- құрғақ ринит
- созылмалы ринит (атрофиялық тип)
- 15 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен
- жүктілік және лактация кезеңі (тек дәрігердің тағайындауы бойынша, тек шұғыл қажет болған жағдайда).
Ұсынылған дозаларда қолданған кезінде препараттың әдетте жағымдылығы жақсы.
Сирек
-жүрек айнуы, бас ауыруы, күйгелектік, тремор
-тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы, жүректің қағуы
-реактивті гиперемия, қатты терлеу
-мұрында шымылдатып ашыту немесе құрғау сезімі
-мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуі (7 күннен артық қолданғанда)
-атрофиялық ринит
Өте сирек
-препараттың әсері әлсірегеннен кейін мұрынның қарқынды бітелуі
Тым жиі қолдану қолданғаннан кейін салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде пайда болатын шырышты қабықтың қарқынды ісінуімен қатар жүретін тәуелділікке әкелуі мүмкін. Препаратты ұзақ уақыт қолдану шырышты қабықтың эпителийінің бұзылуына, цилиарлы қызметтің тежелуіне және шырышты қабықтың тұрақты зақымдалуына және құрғақ риниттің дамуына әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препаратты кездейсоқ тұтыну күйгелектік, қатты терлеу, бас ауруы, тремор, тахикардия, жүректің қағуы немесе гипертония сияқты жүйелік жағымсыз реакциялардың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Артық дозаланудың мүмкін симптомдары жүрек айнуы, цианоз, қызба, құрысу, жүректің тоқтап қалуы, өкпенің ісінуі және тыныс алу немесе психиатриялық кінәраттармен білінеді. Сонымен қатар, орталық жүйке жүйесінің депрессиясын байқауға болады, ұйқышылдық, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, терлеу, шок тәрізді гипотензия, апноэ немесе кома.
Тіркеуден кейінгі деректер нафазолиннің шамадан тыс жүйелік әсері, мысалы, әдейі немесе кездейсоқ артық дозалану (оның ішінде байқаусызда пероральді қабылдануы) салдарынан ауыр жүрек-қантамыр және/немесе цереброваскулярлық жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.
Емі: симптоматикалық.
Балаларда артық дозалану қаупі жоғары, өйткені олар ересектерге қарағанда жағымсыз әсерлерге анағұрлым сезімтал болып келеді.
Ұзақ қолданған кезде тамыр тарылтатын әсердің ауырлығы біртіндеп төмендейді (тахифилаксия құбылысы), осыған байланысты препаратты 3 күннен асырмай қолдану ұсынылады. Ұсынылатын дозадан асырмау керек.
Арнайы ескертулер
Препаратты жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары (гипертония, жүректің ишемиялық ауруы), феохромоцитома кезінде немесе әлеуетті гипертензиялық препараттармен аса сақтықпен тағайындау қажет.
Бронх демікпесі бар науқастарда миокардтың симпатомиметиктерге (мысалы, галотанға) сезімталдығын арттыратын анестетиктердің көмегімен жалпы анестезия кезінде сақ болу керек.
Ұзақ уақыт қолданудан және артық дозаланудан аулақ болу керек. Шырышты қабықтың ісінуін басуға арналған дәрілік заттарды ұзақ уақыт қолдану ісінуге және мұрынның шырышты қабығының кейінгі атрофиясына әкелуі мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Нафазолиннің плацента арқылы өту және емшек сүтіне шығу мүмкіндігі туралы ақпарат жеткіліксіз. Сондықтан препаратты жүкті немесе бала емізетін әйелдерге енгізгенге дейін емдеудің ықтимал қауіптері мен артықшылықтарын қарастыру, препаратты шұғыл қажет болған жағдайда ғана тағайындау қажет.
Препаратты моноаминоксидаза тежегіштерімен, трициклді антидепрессанттармен және мапротилинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, себебі жүрек ырғағының бұзылуы және артериялық қысымның жоғарылауы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.