Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Сироп от кашля
Торговое наименование
Мукоплант жолжелкенмен
Действующее вещество
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие
Назначение
Қақырығы қиын бөлінетін жөтелмен қатар жүретін тыныс жолдарының қабыну ауруларында (кешенді ем құрамында)
Производитель
Др. Тайсс Натурварен ГмбХ
Страна
Германия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
100 г препараттың құрамында
белсенді зат - қандауыр тәрізді жолжелкен сұйық экстрактісі (1 : 1) спиртті (20% (м\м))1 - 5.00 г,
қосымша заттар: қант қызылшасы шәрбаты, инвертті қанттан алынған шәрбат, тазартылған су, бал, калий сорбаты, бұрыш жалбызы майы.
1 – Соңғы өнім құрамында 1 % жуық этанол (м/м) бар, 1 : 20 спирт экстрактісін 20 % (м/м) сұйылту есебінен
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Хош иісті және өзіне тән тәтті дәмі бар күңгірт-қоңыр түсті тұтқыр сұйықтық.
- қақырығы қиын бөлінетін жөтелмен қатар жүретін тыныс жолдарының қабыну ауруларында (кешенді ем құрамында).
Қандауыр тәрізді жолжелкен шөбінің экстрактісі құрамында қабынуға қарсы, спазмолитикалық, биоадгезивті, бактерияға қарсы және иммунитетті көтермелейтін қасиеттерімен заттар бар. Айқын муколитикалық әсер етеді, бронхтардан шырыштың эвакуациялануын жеңілдетеді. Bacillus subtilis, B. cereus, Klebsilla pneumoniae, Mycobacterium phlei, Pseudomonas aerugenosa, Proteus vulgare, Staphylococcus aureus, Streptococcus P-haemolyticus, S. Pyocyaneus сияқты микроорганизмдерге және кейбір Salmonella және Shigella штаммдарына микробқа қарсы белсенділік көрсетеді. Қандауыр тәрізді жолжелкен жапырақтарының полисахаридтері фагоцитозды және гранулоциттердің хемилюминесценциясын күшейтеді. Plantago lanceolata және/немесе оның компоненттерінің гепатопротекторлық, ісіктер өсуін тежейтін және фотоқорғағыш қасиеттері белгілі. Қандауыр тәрізді жолжелкен шөбінің экстрактісі ортаңғы құлақтың қабынуында тиімді. Бездер секрециясын күшейтеді, ас қорытуды қалыпқа келтіреді, шырышты қабықтардың және терінің регенерациясын көтермелейді, құрамында 10%-ға дейін иіткіш заттар бар, сондықтан құрғақ шикізаты іріңді жараларда, баздануда, қатты тершеңдікте сеппе түрінде қолданылады.
Дозалау режимі
Ішке, судың аздаған мөлшерімен іше отырып:
- 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әр 3-4 сағат сайын 2.5 мл-ден, бірақ тәулігіне 4 реттен асырмай қабылдау керек;
- 6 жастан асқан балалар және жасөспірімдерге - әр 2-3 сағат сайын 5 мл-ден, бірақ тәулігіне 4 реттен асырмай;
- ересектерге әр 2-3 сағат сайын 15 мл-ден.
Дұрыс дозалау үшін қоса берілген өлшеуіш стақанды пайдалану керек.
Қолдану ұзақтығы:
Егер симптомдар дәрілік затты қолдану аясында 1 аптадан ұзақ сақталса, дәрігермен немесе білікті фармацевтпен кеңесу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді.
- препарат компоненттеріне (оның ішінде ара шаруашылығы өнімдеріне) немесе қосымша заттардың кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық
- 1 жасқа дейінгі балалар
- сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
15.0 мл ересектер дозасын қолданған кезде
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
• эпилепсиядан зардап шегетін адамдар
• жүктілік және лактация кезеңі
• бауыр аурулары бар науқастар
• алкоголизммен зардап шегетін адамдар
• Жиі емес
- диарея
• Өте сирек
- терінің аллергиялық реакциясы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
• Егер сіз препаратты ұсынылғаннан артық дозада қабылдасаңыз, өзіңіздің дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Бұл дәрілік препараттың құрамында әрбір мл-де 13 мг спирт (этанол) бар, бұл 10.5 мг/г-ға баламалы. Дәрілік препараттың 15 мл мөлшері 6 мл сырадан немесе 3 мл шараптан аз мөлшерге баламалы. Осы дәрілік препарат құрамындағы аз мөлшердегі спирт көлемі қандай да бір айқын әсер көрсетпейді.
Бұл дәрілік препараттың құрамында глюкоза, фруктоза және сахароза бар. Доза (15 мл) құрамында 2.8 г глюкоза, 2.7 г фруктоза және 4.3 г сахароза бар. Мұны қант диабеті бар пациенттер ескеруі тиіс. Егер сіздің дәрігеріңіз сізде (немесе сіздің балаңызда) кейбір қанттарды көтере алмаушылық бар екендігін айтса, немесе сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы (HFI), сирек генетикалық ауру, организмнің фруктозаны ыдырата алмау жағдайы диагностикаланған болса, сізге осы препаратты қабылдамас бұрын өз дәрігеріңізбен сөйлесіңіз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін (оның ішінде көлік құралдарын жүргізу, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу) атқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік және бала емізу кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде қолдану туралы жеткілікті деректер болмаған жағдайда қолдануға болмайды.
Жөтелге қарсы препараттармен және сұйылтылған қақырықтың жөтелмен шығуын қиындататындықтан қақырық түзілуін азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданбаған жөн.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейін 3 айдан артық емес.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Қақпақпен тығыз жабылған қаптамада 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие · «Юник Фармасьютикал Лабораториз» (отделение фирмы «Дж. Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.»)
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.