Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозировка
100 мг
Торговое наименование
Мукоген
Действующее вещество
Ребамипид
Назначение
Асқазанның ойық жарасы
Производитель
Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Страна
Индия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 100 мг ребамипид,
қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, маннитол, натрий кроскармеллозасы, желатинденген крахмал, сусыз лимон қышқылы, тальк, магний стеараты,
қабықтың құрамы: гипромеллоза (5 срs), тальк, пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е 171).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік, екі беті дөңес, дөңгелек, екі жағы тегіс, қабықпен қапталған таблеткалар.
- асқазанның ойық жарасы
- асқыну сатысында асқазанның қышқыл түзетін функциясының жоғарылауымен созылмалы гастрит, эрозиялық гастрит
- қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдау аясында шырышты қабықтың зақымдануының алдын алу
Біріктірілген ем құрамында қолданылуы мүмкін.
Әсер ету механизмі
Ребамипид асқазан-ішек жолының (АІЖ) шырышты қабығындағы Е2 (PgE2) простагландин құрамын арттырады және асқазан сөлінің құрамындағы Pg E2 және PG I2 простагландиндерінің құрамын арттырады. Этанолдың, қышқылдардың және сілтілердің, ацетилсалицил қышқылының зақымдайтын әсері кезінде АІЖ шырышты қабығына қатысты цитопротекторлық әсер етеді. Жоғары молекулалы гликопротеиндердің биосинтезін жеделдететін энзимдердің белсенділенуіне ықпал етеді және АІЖ шырышты қабаты қабырғаларының бетінде шырыштың құрамын арттырады. АІЖ шырышты қабығының қанмен қамтамасыз етілуін жақсартуға ықпал етеді, оның бөгеттік функциясын белсендіреді, асқазанның сілтілік секрециясын белсендіреді, АІЖ эпителий жасушаларының пролиферациясы мен алмасуын күшейтеді, АІЖ шырышты қабығын гидроксилді радикалдардан тазартады және Helicobacter pylori қатысуымен полиморфонуклеарлы лейкоциттер мен нейтрофилдер өндіретін супероксидтерді басады, АІЖ шырышты қабығын бактериялардың зақымдануынан және шырышты қабатқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) зақымдайтын әсерден қорғайды.
Дозалау режимі
Ересектер
Аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішке тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан (100 мг) қабылдайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 2-4 аптаны құрайды, қажет болған жағдайда 8 аптаға дейін ұзартылуы мүмкін.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Бір дозаны қабылдауды өткізіп алған кезде, белгіленген уақытта препараттың келесі дозасын қабылдау керек, дозаны екі есе етіп қабылдамау керек.
Тоқтату симптомдары қаупінің бар екендігі туралы нұсқау
Препарат алғашқы қабылдауда да немесе оны тоқтатқанда да әсер етудің ерекшеліктеріне ие емес.
Препаратты қолданардың алдында дәрілік препаратты қолдану тәсілін анықтау үшін медициналық қызметкерден кеңес алу үшін жүгінуді ұсынымыз
- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттардың қандай да біріне аса жоғары сезімталдық
- асқазанның қатерлі аурулары
- жүктілік және емшек емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Өте сирек
- қышыну, тері бөртпесі, экзема және аса жоғары сезімталдықтың басқа да симптомдары
- дәм сезудің өзгеруі, қыжыл, кекіру, жүрек айну, тәбеттің жоғалуы, құсу, іштің ауыруы, метеоризм, іштің қатуы, диарея
- лейкопения, гранулоцитопения
- бауыр функциясының бұзылуы: қан сарысуындағы бауыр трансаминазалары белсенділігінің артуы (АСТ, АЛТ), сілтілі фосфатаза
- мұрыннан, қызыл иектен қан кету, аяқта тері астынан қан кету (тромбоциттер санының азаюы)
- етеккір оралымының бұзылуы
- ісінулер, кеуденің ауыруы, жұтқыншақта бөгде денені сезіну, тілдің ұюы
- бет гиперемиясы, артериялық қысымның төмендеуі, жүрек қағуы
Белгісіз
- есекжем
- тромбоцитопения
- сарғаю
- ауыздың құрғауы
- ұйып қалу, бас айналуы және ұйқышылдық
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін.
Емі: симптоматикалық. Арнайы антидоты жоқ.
Асқазан-ішек ауруларының қаупін азайту үшін қарттарда сақтықпен қолдану керек, өйткені бұл пациенттер жас адамдарға қарағанда ребамипидке сезімтал болуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Балаларда қолдану
Ребамипидтің балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.
Ребамипидті жүкті кезде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Мукогенді жүкті әйелдерге егер күтілетін емдік әсер потенциальді қауіптен артатын болса ғана тағайындау керек.
Лактация кезеңінде препаратты тағайындау қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату туралы мәселені шешіп алу керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректер жоқ
Helicobacter pylori инфекциясын жұқтырған пациенттерді Мукогенді қолдану кезінде дәстүрлі емдеу схемаларының құрамында эрадикация емінің тиімділігі айтарлықтай артады. Препараттың Р450 цитохромасының энзимдерімен өзара әрекеттесуі ребамипидтің метаболизмін де, Мукогенмен бірге қабылданатын басқа препараттардың метаболизмін де бұзбайды деп саналады.
Ребамипидтің гидроксилдеу процесіне тек CYP3A4 қатысады деп саналады. Ребамипидтің CYP1A2-, 2C9-, 2C19-, 2D6-, 2E1- 3A4- энзимдері көмегімен жүзеге асырылатын метаболизмді баспайды.
Ребамипидтің цитопротекторлық әсері циклогексимид немесе актиномицин Д әсерінен әлсірейді.
Ребамипидтің және натрий экабеттің синергетикалық антиадгезиялық белсенділігі әрбір ойық жараға қарсы дәрілерге қарағанда жоғары.
Ребамипид натрий декстрансульфатындағы нейтрофилдермен өзара байланысады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.