Антацидті немесе антисекрециялық препараттарды МОТИГАСТ 10 препаратымен бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені олар домперидонның пероральді биожетімділігін төмендетеді. Бірге қолданған кезде домперидонды тамақтанар алдында, антацидті немесе антисекрециялық препараттарды – тамақтан кейін қабылдау керек.
Леводопамен бірге қолдану
Леводопаның дозасын түзету қажет деп есептелмегенімен, препаратты домперидонмен бір мезгілде қабылдаған кезде леводопаның плазмалық концентрациясының жоғарылауы (ең көбі 30-40 %) байқалды.
Домперидон метаболизмінің негізгі жолы CYP3A4 қатысуымен жүреді. Осы ферментті едәуір дәрежеде бәсеңдететін препараттармен бірге қолдану домперидонның плазмалық деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Фармакодинамикалық және/немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі себебінен QT аралығының ұзару қаупі жоғары.
Келесі препараттармен бірге қолдануға болмайды:
QT аралығын ұзартатын препараттар:
- IA класындағы аритмияға қарсы препараттар (мысалы, дизопирамид, гидрохинидин және хинидин)
- III класты аритмияға қарсы препараттар (мысалы, амиодарон, дофетилид, дронедарон, ибутилид, соталол)
- психозға қарсы дәрілер (мысалы, галоперидол, пимозид, сертиндол)
- антидепрессанттар (мысалы, циталопрам, эсциталопрам)
- антибиотиктер (мысалы, эритромицин, левофлоксацин, моксифлоксацин, спирамицин)
- зеңге қарсы препараттар (мысалы, пентамидин, флуконазол)
- безгекке қарсы препараттар (атап айтқанда, галофантрин, люмефантрин)
- асқазан-ішек жолы ағзаларын емдеуге арналған препараттар (мысалы, цизаприд, доласетрон, прукалоприд)
- антигистаминді препараттар (мысалы, меквитазин, мизоластин)
- ісікке қарсы препараттар (мысалы, торемифен, вандетаниб, винкамин)
- басқа дәрілік препараттар (мысалы, бепридил, дифеманил, метадон)
- апоморфин, тек апоморфинді тағайындаудан пайда потенциалды қауіптен асатын жағдайларды қоспағанда. Және тек толықтай барлық сақтық шараларын сақтағанда.
CYP3A4 күшті тежегіштері (олардың QT-ұзартатын әсеріне қарамастан):
- протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир, саквинавир, телапревир)
- жүйелі қолдануға арналған азольді фунгицидтер (мысалы, итраконазол, кетоконазол, позаконазол, вориконазол)
- кейбір макролидтер (эритромицин, кларитромицин, телитромицин)
Мына препараттармен бірге қолдануға болмайды: Дилтиазем, верапамил және кейбір макролидтер сияқты орташа CYP3A4 тежегіштері.
Мына заттармен бірге тағайындағанда сақтық таныту керек: брадикардияны және гипокалиемияны индукциялайтын препараттар, сондай-ақ азитромицин және рокситромицин (кларитромицин қарсы көрсетілімді, өйткені CYP3A4 күшті тежегіші болып табылады) сияқты QT аралығының ұзаруын тудыратын макролидтер.
Жоғарыда көрсетілген заттар тізімі толық емес және репрезентативті болып табылады.