Бала жаста артық дозалану симптомдары ибупрофенді 400 мг/кг астам қабылдаған кезде пайда болуы мүмкін. Ересектерде дозаға тәуелді әсер онша айқын емес. Артық дозалану кезінде жартылай шығарылу кезеңі 1,5-3 сағатты құрайды.
Симптомдары
Артық дозалану симптомдары құсу, жүрек айну, ауырсыну, эпигастрий аймағындағы ауырсыну («асқазан») немесе сирек - диарея болуы мүмкін. Құлақтың шуылдауы, бас ауыруы және асқазан-ішектен қан кетуі ықтимал. Ауыр улану кезінде орталық жүйке жүйесі тарапынан ұйқышылдық түрінде, кейде қозу және бағдардан жаңылу немесе кома түріндегі симптомдар пайда болады. Кейде құрысулар дамуы мүмкін. Ауыр дозалану кезінде метаболизмдік ацидоз дамуы және протромбин уақыты ұзаруы мүмкін. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі болуы мен бауырдың зақымдануы ықтимал. Демікпесі бар пациенттерде ол өршуі мүмкін.
Препарат ұсынылғаннан жоғары дозада ұзақ уақыт қолданылған кезде ауыр гипокалиемия және бүйректің өзекшелік ацидозы дамуы мүмкін. Симптомдарға сана деңгейінің төмендеуі және жалпы әлсіздік кіруі мүмкін.
Артық дозаланғандағы емдеу шаралары
Спецификалық антидот жоқ.
Емдеу симптоматикалық және демеу сипатына ие болуы, сонымен қатар тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етуі керек. Ибупрофенді уытты болатын дозада қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде белсендірілген көмірді қабылдау немесе асқазанды шаю ұсынылады. Жиі немесе ұзаққа созылған құрысуларды диазепам немесе лоразепамды вена ішіне енгізу арқылы жою керек. Бронх түйілуінің ұстамасы пайда болған кезде бронхолитиктерді қолдану ұсынылады.
Дәрілік препараттың қолдану бойынша сұрақ туындағанда медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну қажет.
Дәрілік препаратты стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Төменде санамаланған жағымсыз реакциялар дозаға және пациенттердің жеке ерекшеліктеріне байланысты өзгеретінін ескеру керек.
Жағымсыз әсерлер көбінесе асқазан-ішек жолдары тарапынан байқалады.
Пептидтік ойықжара, тесілу немесе асқазан-ішектен қан кетудің, әсіресе егде жастағы пациенттерде дамуы, кейде өліммен аяқталуы мүмкін. Қолда бар деректер негізінде препаратты қабылдау аясында жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, іш қату, асқорытудың бұзылуы, іштің ауыруы, қара май тәрізді нәжіс, қан құсу, ойықжаралы стоматит, колит өршуі және Крон ауруы туындауы мүмкін. Сирек гастрит байқалады. Асқазан-ішектен қан кету қаупі препараттың дозасына және қабылдау ұзақтығына байланысты.
ҚҚСП емдеу аясында ісіну, артериялық қысымның жоғарылауы және жүрек функциясының жеткіліксіздігі туралы хабарланған.
Жағымсыз әсерлер жиілігін белгілеу келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі
- қыжыл, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, метеоризм, диарея, іш қату және ерекше жағдайларда анемияны тудыруы мүмкін асқазан-ішектен елеусіз қан кету
Жиі емес
- есекжем, тері бөртпесі, қышыну сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Пациентке осы симптомдар пайда болған кезде балаларға арналған МИГ® дәрілік препаратын қабылдауды тоқтату керектігі туралы нұсқау беру керек.
- бас ауыруы, бас айналу, ұйқысыздық, қозу, ашушаңдық немесе шаршау сезімі.
- көру қабілетінің бұзылуы.
Пациентке бұл жағдайда дереу дәрігерге хабарлау және ибупрофенді қабылдауды тоқтату керектігі туралы нұсқау беру керек.
-қан кету және тесілу ықтималдығы бар асқазан-ішек жолы жаралары. Ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі немесе Крон ауруы, гастрит.
- әр түрлі тері бөртпелері.
Сирек
- құлақтың шуылдауы.
- бүйрек тінінің зақымдануы (бүйрек бүртікшелерінің некрозы) – әсіресе препаратпен ұзақ уақыт емдегенде – және қандағы несеп қышқылының концентрациясының жоғарылауы.
- гемоглобин деңгейінің төмендеуі.
Өте сирек
- қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану аясында шығу тегі инфекциялық қабыну процестерінің өршу жағдайлары сипатталған (мысалы, некрозданатын фасцииттің дамуы). Бұл ҚҚСП әсер ету механизміне байланысты болуы мүмкін.
Балаларға арналған МИГ® препаратын қабылдау кезінде инфекция белгілері пайда болған немесе асқынған кезде пациентке дереу дәрігерге жүгіну ұсынылады. Бұл ретте инфекцияға қарсы/бактерияға қарсы емдеуге көрсетілімнің бар-жоғын анықтау қажет.
- ибупрофенді қолдану аясында мойынның сіресуі, бас ауыруы, жүрек айну, құсу, дене температурасының жоғарылауы немесе сананың бұлыңғырлануы сияқты асептикалық менингиттің симптомдары байқалды. Мұндай жағдайлардың пайда болуына аутоиммунды аурулары бар пациенттер (ЖҚЖ, дәнекер тінінің аралас ауруы) бейім.
- қан түзілудің бұзылуы (қан аздығы, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз).
Алғашқы белгілер болуы мүмкін: дене температурасының жоғарылауы, тамақ ауыруы, ауыздың беткейлік жаралары, тұмауға ұқсас симптомдар, айқын дімкәстік, мұрыннан қан кету, теріге қан кету. Мұндай жағдайларда пациент препаратты қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге жүгінуі тиіс; бұл ретте ауырсынуды басатын немесе қызуды басатын дәріні өз бетінше қолдануға болмайды.
Препаратпен ұзақ уақыт емдегенде қан талдауын тұрақты жүргізу керек.
- жоғары сезімталдықтың ауыр жалпы реакциялары (анафилаксия, ангионевроздық ісіну және ауыр шок). Бұл реакциялар беттің, тілдің, көмейдің (ішкі бөлігі) ісінуі, тыныс алу жолдарының тарылуы, респираторлық дистресс-синдром (тыныс алудың бұзылуы), жүрек соғуының жиілеуі, артериялық қысымның өмірге қауіп төндіретін шокқа дейін төмендеуі түрінде көрінуі мүмкін.
- демікпенің өршуі.
Осы симптомдардың кез-келгені пайда болған кезде, тіпті препаратты бірінші рет қолданған кезде де болса, шұғыл дәрігерлік көмек қажет.
- психоздық реакциялар, депрессия.
- жүрек қағуын сезу, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі.
- артериялық гипертензия, васкулит.
- тыныс алу жолдары тарапынан реакциялар (демікпе, бронх түйілуі, ентігу).
- эзофагит, панкреатит, диафрагма тәрізді ішек стриктураларының түзілуі.
Пациентке іштің жоғарғы бөлігінде салыстырмалы түрде қатты ауырсыну, қарамай тәрізді нәжіс және қан құсу пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге жүгіну керектігі туралы нұсқау берілуі керек.
- бауыр функциясының бұзылуы, әсіресе ұзақ мерзімді емдеу кезіндегі бауырдың зақымдануы, бауыр жеткіліксіздігі, жедел гепатит.
- терінің ауыр жағымсыз реакциялары (ТAЖР), оның ішінде мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз), шаш түсуі (алопеция).
- несеп шығарылуының төмендеуі және ісінудің пайда болуы – әсіресе артериялық гипертониясы немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде – нефроздық синдром, жедел бүйрек жеткіліксіздігімен бірге жүруі мүмкін интерстициалды нефрит. Сондықтан бүйрек функциясын үнемі бақылау керек.
Белгісіз:
- Коунис синдромы (аллергиялық жедел коронарлық синдромы)
- эозинофилия мен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакциялар (DRESS синдромы), жедел генерализацияланған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП), фотосезімталдық реакциялары.
- тәбеттің төмендеуі, гипокалиемия.
- бүйректің шаншуы, дизурия (несеп шығарудың бұзылуы, несептің ауырсынып шығарылуы және жиілеуі), бүйректің өзекшелік ацидозы.
Желшешек кезінде ауыр дәрежедегі тері инфекциялары мен жұмсақ тіндер тарапынан асқынулар дамуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz