Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для внутримышечного введения
Торговое наименование
Мидокалм®
Действующее вещество
Препараты центрального действия другие
Назначение
Бастан өткізген инсульттен кейін туындайтын ересектердегі патологиялық тұрғыдан жоғарылаған бұлшықет тонусын симптоматикалық емдеу
Производитель
Гедеон Рихтер
Страна
Венгрия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл ерітінді құрамында
белсенді заттар: 100 мг толперизон гидрохлориді
2,5 мг лидокаин гидрохлориді,
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, диэтиленгликоль моноэтилэфир, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе аздап жасыл түсті, өзіне тән иісі бар ерітінді.
Мидокалмды ересектерге келесі көрсеткіштер бойынша қолдануға болады:
- бастан өткізген инсульттен кейін туындайтын ересектердегі патологиялық тұрғыдан жоғарылаған бұлшықет тонусын симптоматикалық емдеу
- арқаның төменгі бөлігіндегі спецификалық емес жедел ауыруын емдеуде
Әсер ету механизмі
Мидокалм орталықтан әсер ететін миорелаксант болып табылады. Әсер ету механизмі толық анықталмаған. Жарғақшаларды қалыптандыратын және жергілікті жансыздандыратын әсерінің нәтижесінде жұлынның моно- және полисинапстық рефлекстерін бөгей отырып алғашқы афферентті талшықтарда қозуды жүргізуді қиындатады. Екінші әсер ету механизмі бәлкім, синапсқа кальций иондарының түсуінің бөгелуі нәтижесінде трансмиттерлер босап шығуының бөгелуінде болуы мүмкін. Ми бағанының ретикулоспинальді рефлекстерге дайындығын төмендетеді. Жануарларға жүргізілген көптеген экспериментальдік модельдерде препарат жоғары тонусты және децеребрациядан туындаған бұлшықет сіресуін төмендетеді.
Шеткергі қан айналымын күшейтеді. Бұл әсер препараттың орталық жүйке жүйесіне деген әсерімен байланысты емес. Ол толперизонның әлсіз спазмолитикалық және антиадренергиялық әсерінен туындауы мүмкін.
Дозалау режимі
Бұлшықет ішіне 100 мг-ден тәулігіне 2 рет.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану туралы деректер шектеулі. Аталған пациенттер тобында жағымсыз реакциялардың өте жоғары даму жиілігі байқалды. Бүйрек функциясы орташа бұзылған пациенттерге дозаны титрлеу және мұқият қадағалау қажет. Толперизонды бүйрек функциясы ауыр бұзылған пациенттерде қолдану ұсынылмайды.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдану туралы деректер шектеулі. Аталған пациенттер тобында жағымсыз реакциялардың өте жоғары даму жиілігі байқалды. Бауыр функциясы орташа бұзылған пациенттерге дозаны титрлеу және мұқият қадағалау қажет. Толперизонды бауыр функциясы ауыр бұзылған пациенттерде қолдану ұсынылмайды.
Қолдану әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне енгізу үшін.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің орташа ұзақтығы 7 күн. Емдеудің ұзақтығы клиникалық көрініске байланысты дәрігермен анықталады.
• препараттың әсер етуші затына немесе кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық
• эперизонға жоғары сезімталдық
• миастенияда
• 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге
• жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңінде.
Жиі (>1/100, <1/10)
- енгізу орнының қызаруы.
Жиі емес (≥1/1000 <1/100)
- бас ауыруы, бас айналуы;
- ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық немесе ұйқышылдық;
- ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, іш аумағындағы жайсыздық сезімі, диспепсия, диарея, анорексия;
- бұлшықет әлсіздігі, миалгия, қол-аяқтың ауыруы;
- астения, дімкәстану, шаршағыштық;
- артериялық гипотензия.
Сирек (≥1/10000 <1/1000)
- тахикардия, жүрек қағуын сезіну, кеуде қуысы аумағының ауыруы;
- тахипноэ, мұрыннан қан кету, диспноэ;
- эпигастрияның ауыруы, іш қату, құсу, метеоризм, шөл;
- энурез, протеинурия;
- беттің қызаруы, қатты терлеу, ыстық сезіну;
- ашушаңдық, тремор, сезімталдықтың төмендеуі, белсенділіктің төмендеуі, депрессия, зейіннің бұзылуы;
- құрысулар, летаргия;
- көрудің бұлыңғырлануы, құлақтың шулауы, вертиго, масаюды сезіну;
- аллергиялық дерматит, тері қышымасы, бөртпелер, есекжем;
- қол-аяқтың жайсыздығы;
- бауыр тарапынан болатын жеңіл бұзылыстар;
- аса жоғары сезімталдық реакциясы, анафилаксиялық реакция;
- артериялық қысымның төмендеуі, қандағы билирубин концентрациясының жоғарылауы, бауыр ферменттерінің белсенділігінің өзгеруі, тромбоциттер санының төмендеуі, лейкоциттер санының жоғарылауы.
Өте сирек (<1/10000)
- брадикардия;
- остеопения;
- полидипсия;
- сананың шатасуы;
- кеуде қуысының жайсыздығы;
- қандағы бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы;
- анемия, лимфаденопатия;
- қандағы креатинин құрамының жоғарылауы;
- анафилактикалық шок
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану симптомдарына: ұйқышылдық, асқазан-ішек симптомдары (мысалы, жүрек айну, құсу, асқазанның жоғарғы жағында ауырсыну), жедел жүрек соғысы, жоғары қан қысымы, баяу қозғалыс және бас айналу сезімі жатады. Ауыр жағдайларда құрысулар, тыныс алудың баяулауы немесе тоқтауы және кома туралы деректер бар.
Артық дозаланған жағдайда дереу дәрігерге, фармацевтке немесе жедел жәрдем бөліміне баруыңыз керек.
Мидокалм препаратын парентеральді түрде қолданардың алдында емделушінің лидокаинге жоғары сезімталдығы жоқтығына көз жеткізу керек. Лидокаинге белгілі аса жоғары сезімталдық жағдайында толперизонды қолданған кезде ықтимал айқаспалы реакцияға байланысты аса сақ болу керек.
Жүктілік
Клиникаға дейінгі зерттеу деректері бойынша толперизонның тератогенді әсері жоқ. Клиникалық зерттеулердің жоқтығына байланысты Мидокалм препаратын жүктілік кезінде, әсіресе бірінші триместрде тағайындауға күтілетін пайда ұрыққа зиян келу қаупінен анық басым жағдайда ғана болады.
Бала емізу
Толперизонды лактация кезінде толперизонның емшек сүтіне өтуі туралы тиісті деректер болмағандықтан қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде автокөлікті жүргізгенде және жоғары зейін қоюды әрі психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет ететін басқа қауіпті қызмет түрлерімен шұғылданғанда сақ болу керек.
Дәрілік заттардың CYP2D6 маркерлік субстраты декстрометорфанмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеу толперизонды бір уақытта қолдану көбінесе CYP2D6 метаболизделетін дәрілік заттардың (тиоридазон, толтеродин, венлафаксин, атомоксетин, дезипрамин, декстрометорфан, метопролол, небивалол, перфеназин) қандағы мөлшерінің деңгейін жоғарылатуы мүмкіндігін көрсетті.
Адам бауырының микросомаларындағы және адам гепатоциттеріндегі зертханалық тәжірибелер CYP (CYP2B6, CYP2C8, CYP2C9, CYP2C19, CYP1A2, CYP3A4) басқа изоферменттерінің елеулі тежелуін немесе индукциясын көрсетпеді.
CYP2D6 субстраттарын және/немесе басқа да препараттарды бір уақытта қолданғанда толперизонның метаболизмдік жолдарының әртүрлілігіне байланысты толперизон әсерінің жоғарылауы болжамдалмайды.
Толперизон орталықтан әсер ететін препарат болғанымен седативтік әсері өте төмен. Орталықтан әсер ететін басқа миорелаксанттармен бір уақытта тағайындағанда толперизон дозасын төмендету керек.
Толперизон нифлум қышқылының әсерін күшейтеді, сондықтан бір уақытта қолданғанда нифлум қышқылының немесе басқа да ҚҚСП дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.
Айрықша нұсқаулар
Басқа препараттарға аса жоғары сезімталдық реакциялары немесе анамнезінде аллергиялық реакциялары бар әйел жынысты пациенттер жоғарырақ қауіпке бейім.
Пациенттерге жоғары сезімталдықтың кез келген симптомдарына қатысты сақ болу керектігіне кеңес берген жөн.
Аллергиялық реакциялар жеңіл тері реакцияларынан анафилактикалық шокты қоса, ауыр жүйелі реакцияларға дейін құбылды. Аллергиялық реакция симптомдары: эритема, бөртпе, есекжем, қышыну, ангионевроздық ісіну, тахикардия, гипотензия және ентігу.
Егер симптомдар дамып кетсе толперизонды тағайындауды дереу тоқтатып, шұғыл дәрігерге қаралу керек. Толперизонға аса жоғары сезімталдық эпизодтарынан кейін толперизонды қайта тағайындауға болмайды.
Инъекцияға арналған ерітіндінің құрамында метилпарагидроксибензоат бар, ол аллергиялық реакцияларды (мүмкін, баяу) және ерекше жағдайларда бронхтардың жиырылуын тудыруы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 8ºС-ден 12ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.