Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Белгісіз: нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения.
Жүрек-қантамыр аурулары
Белгісіз: QT аралығының ұзару жағдайлары, әсіресе метронидазолды QT аралығын ұзартуы мүмкін препараттармен бірге қолданғанда хабарланды.
Психикалық бұзылыстар
Белгісіз: елестеулер, суицидтік идеялармен немесе суицидтік әрекеттермен бірігуі мүмкін паранойямен және/немесе сандырақтаумен психикалық реакциялар, депрессия.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес: бас ауыруы, бас айналуы, сананың шатасуы.
Сирек: шеткері сенсорлық нейропатия, құрысулар.
Белгісіз: энцефалопатия, ол МРТ-дағы патологиялық өзгерістермен біріктірілуі мүмкін. Әдетте, бұл бұзылулар емдеуді тоқтатқаннан кейін басылады. Жекелеген өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген, жеделге жуық мишық синдромы (атаксия, дизартрия, жүрістің бұзылуы, нистагм, тремор), асептикалық менингит.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Белгісіз: анық көрмеу сияқты көрудің өтпелі нашарлауы, диплопия, миопия, көру өткірлігінің төмендеуі, түсті қабылдаудың бұзылуы, нейропатия/ көру жүйкесінің невриті.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі емес: ауыр емес асқазан-ішек бұзылыстары (эпигастрияның ауыруы, жүрек айну, құсу, диарея), ауыздың құрғау сезімімен қатар жүретін глоссит, стоматит, дәмді қабылдаудың бұзылуы, анорексия.
Белгісіз: емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды панкреатит, тілдің түсінің немесе сыртқы түрінің өзгеруі (микоз).
Бауыр және өт шығару жолының тарапынан бұзылулар
Белгісіз: бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (АЛТ, АСТ, сілтілі фосфатаза), цитолизбен (кейде сарғаюмен), холестазбен немесе олардың бірігуімен қатар жүретін бауырдың жедел зақымдануының жекелеген жағдайлары. Бауыр трансплантациясын қажет ететін бауыр-жасушалық жеткіліксіздіктің жекелеген жағдайлары туралы хабарланды.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Сирек: гиперемия, қышыну, тері бөртпелері, кейде дене қызуының жоғарылауымен, есекжеммен, Квинкенің ісінуімен, анафилаксиялық шокпен қатар жүреді.
Белгісіз: жедел жайылған экзантематозды пустулездің жекелеген жағдайлары, Лайелл синдромы, Стивенс-Джонсон синдромы, тіркелген пигментті эритема.
Басқалары
Жиі емес: препараттың метаболизмі процесінде суда еритін пигменттердің түзілуіне түрткі болған несептің қызыл-қоңыр түске боялуы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
немесе
«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Нүсүпбеков көшесі, 32
Тел: + 7 (727) 329 66 07, + 7 (727) 397 64 29, + 7 (727) 397 64 14
факс: + 7 (727) 250 71 78
Электронды пошта: pharm@eikos.kz