Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Гель вагинальный
Торговое наименование
Метрогил ® Плюс
Действующее вещество
Имидазола производных комбинации
Назначение
Клиникалық және микробиологиялық деректермен расталған әртүрлі этиологиядағы бактериялық вагиноздарда
Производитель
Юник Фармасьютикал Лабораториз (отделение фирмы "Дж.Б.Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд")
Страна
Индия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 грамм гельдің құрамында:
белсенді заттар: 20 мг клотримазол;
10 мг метронидазол.
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, динатрий эдетаты, пропиленгликоль, карбомер-940, бензил спирті, натрий гидроксиді, су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті бозаңданатын біртекті гель.
• клиникалық және микробиологиялық деректермен расталған әртүрлі этиологиядағы бактериялық вагиноздарда;
• кандидоздық вульвиттерде және вульвовагиниттерде;
• урогенитальді трихомониазда.
Әсер ету механизмі:
Метронидазолдың әсер ету механизмі анаэробты микроорганизмдер мен қарапайымдардың жасушаішілік тасымалдау ақуыздарымен 5-нитро тобын биохимиялық қалпына келтіруден тұрады. Метронидазолдың қалпына келтірілген 5 нитро тобы ДНҚ микроорганизмдерімен әрекеттесіп, нуклеин қышқылдарының синтезін бәсеңдейді, бұл бактериялардың өліміне келтіреді.
Фармакодинамикалық әсерлері:
Trichomonas vaginalis, Entamoeba histolytica, Gardnerella vaginalis, Giardiai intestinalis, Lamblia spp. қарсы белсенді., сондай-ақ Bacteroides spp. облигатты анаэробтары (оның ішінде Bacteroides fragilis, Bacteroides thetaiotaomicron, Bacteroides vulgatus), Fusobacterium spp., Veillonella spp., Prevolella spp. (Prevotella bivia, Prevotella buccae, Prevotella disiens) және кейбір грамоң микроорганизмдерді (Eubacterium spp., Clostridium spp., Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp.) Осы штаммдар үшін ең аз тежейтін концентрация (АТК) 0,125-6,25 мкг/мл құрайды. Аэробты микроорганизмдер мен факультативті анаэробтар метронидазолға сезімтал емес, бірақ аралас флора (аэробтар мен анаэробтар) болған кезде метронидазол әдеттегі аэробтарға қарсы тиімді антибиотиктермен синергетикалық әсер етеді. Клотримазол имидазолдың туындысы болып табылады. Фунгицидтік әсер етеді. Микроорганизмдердің жасушалық қабырғасының бөлігі болып табылатын эргостерол синтезін тежейді, оның құрылымы мен қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі. Төмен концентрацияларда ол фунгицидтік әсерге ие, ал жоғары концентрацияда (20 мкг/мл-ден астам) - фунгицидтік, бірақ тек көбейетін микроорганизмдерге. Фунгицидтік концентрацияларда пероксидазалармен және митохондриялық ферменттермен өзара әрекеттеседі, нәтижесінде сутегі пероксидінің концентрациясы улы деңгейге дейін артады, бұл зең элементтерінің өліміне әкеледі. Патогендік дерматофиттерге (Trichophyton mentagrophytes, Microsporum canis, Epidermophyton floccosum), ашытқы және басқа зеңдерге (Candida, Torulopsis glabrata, Rhodotorula, Pityrosporum orbiculare) қарсы жоғары белсенділікке ие.
Дозалау режимі
Ұсынылатын доза 5 г құрайды (бір толық аппликатор).
Енгізу әдісі мен жолы
Қынапты.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне 2 рет қолданылады (таңертең және кешке).
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы - 5 күн. Қажет болған жағдайда емдеу курсы 2 аптадан кейін қайта тағайындалуы мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Препаратты әрдайым емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қолданыңыз. Дәрілік препаратты қолдану тәсіліне қатысты қандай да бір сұрақтар мен күмән туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер күйі жақсармаса немесе нашарласа, Сізге дәрігерге қаралу керек.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- лейкопения (соның ішінде анамнезіндегі);
- орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануында (соның ішінде эпилепсияда);
- бауыр жеткіліксіздігінде;
- бауыр функциясының ауыр бұзылуларында;
- етеккір кезеңінде;
- жүктілік (бірінші триместр) және бала емізу кезеңінде;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде (тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіз);
- қыздық.
Жағымсыз реакциялар жиілік бойынша топтастырылған, бұл ретте ең жиі кездесетіндері келесі критерийлерге сәйкес бірінші болып көрсетілген: өте жиі (>1/10); жиі (1/100-ден < 1/10-ға дейін); жиі емес (1/1 000-нан < 1/100-ге дейін); сирек (1/10000-нан < 1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000); жиілігі белгісіз; жиілігі қолда бар деректер негізінде есептелмейді.
Сирек:
- сыртқы жыныс мүшелерінің шырышты қабығының қышуы, ашыту және гиперемиясы;
- жиі несеп шығару;
Өте сирек:
- жыныстық жұптасында - ашыту сезімі немесе жыныстық мүшенің тітіркенуі;
- бас айналуы, бас ауыруы;
- ауыздың құрғауы;
- «металл» татуын, жүрек айнуын, құсуды, тәбеттің төмендеуін қоса алғанда, дәм сезуінің өзгеруі;
- іштің түйіліп ауыруы, іш қату немесе диарея;
- несептің күңгірт түске боялуы;
- лейкопения немесе лейкоцитоз;
- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, есекжем.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұсынылған дозаларда тағайындаған кезде препаратпен артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қолданған кезде артық дозалануы екіталай. Метронидазолды қынап ішіне қолдану кезінде артық дозалануға қатысты деректер жоқ. Қынапқа енгізгеннен кейін метронидазол жүйелік әсерлерді туындату үшін жеткілікті мөлшерде сіңірілуі мүмкін.
Метронидазолмен артық дозалану симптомдары: жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея, жайылған қышыну, ауызда металл татуы, қозғалу бұзылыстары (атаксия), бас айналу, парестезия, құрысулар, шеткері нейропатия (оның ішінде үлкен дозаларда ұзақ қолданғаннан кейін), лейкопения, несептің бұлдырауы.
Клотримазолдың артық дозалану симптомдары анықталмаған.
Емі: кездейсоқ ішке қабылдағанда асқазанды шаю қажет. Спецификалық антидоты жоқ. Симптоматикалық және демеу емі ұсынылады.
Жыныстық жұптастарды бір мезгілде емдеу ұсынылады.
Емдеу курсы кезінде жыныстық қатынасты қоя тұру қажет.
Trichomonas vaginalis туындаған вагинит кезінде жыныстық жұптасты ішке қабылдауға арналған метронидазолмен бір мезгілде емдеген жөн. Препаратты метронидазолмен бірге ішке қабылдау үшін қолданған жағдайда, әсіресе қайталау курс кезінде, шеткері қанның көрінісін бақылау қажет (лейкопения қаупі).
Тек қынап ішіне қолдану үшін!
Көзге түсіп кетуінен сақтану керек!
Арнайы ескертулер
Қынаптың шырышты қабығының аса жоғары сезімталдығын немесе тітіркенуін көрсететін жағымсыз реакциялар туындаған кезде емдеуді тоқтату керек. Емдеу кезеңінде алкогольді қабылдау қарсы болып табылады (дисульфирам тәрізді реакцияның дамуы мүмкін: іштің түйіліп ауыруы, жүрек айну, құсу, бас ауыруы, кенеттен бетке қан тебуі). Метронидазол трепонемаларды иммобилизациялай алады және Нельсонның жалған оң сынағына әкелуі мүмкін.
Ауыр гепатоуыттылық/бауырдың жіті жеткіліксіздігі жағдайлары, оның ішінде жүйелі қолдануға арналған құрамында метронидазол бар препараттармен Кокейн синдромы бар пациенттерде емдеу басталғаннан кейін өте тез дамитын өліммен аяқталған жағдайлар туралы хабарланды. Сондықтан осы популяцияда метронидазолды қауіп-пайда мұқият бағаланғаннан кейін және баламалы емдеу болмаған кезде ғана қолдану керек. Бауыр функциясын диагностикалау емді бастар алдында, бауыр функциясы қалыпты мәндер шегінде болғанға дейін немесе негізгі мәндерге жеткенге дейін уақытында және аяқталғаннан кейін жүргізілуі тиіс. Егер емдеу кезінде бауыр функциясының тестілері едәуір жоғарыласа, препаратты тоқтату керек. Кокейн синдромы бар пациенттерге бауыр функциясының бұзылуының кез келген симптомдары туралы дереу дәрігерге хабарлау және метронидазолды қабылдауды тоқтату керек.
Метрогил Плюс препаратының құрамында баяу типті аллергиялық реакцияларды және шырышты тітіркенуді тудыруы мүмкін метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат және пропиленгликольді қосымша заттар ретінде құрайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару немесе зейіннің жоғары концентрациясын және жылдам психомоторлық реакцияларды талап ететін басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындау қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік
Препаратты жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде қолдану ана үшін әлеуетті пайдасы шарана үшін қауіптен жоғары болған кезде денсаулық жағдайы бойынша ғана мүмкін болады.
Лактация
Лактация кезінде препаратты тағайындаған кезде емшек емізуді тоқтату керек.
Дисульфирам тәрізді этанолдың жақпаушылығын туғызады.
Тікелей емес антикоагулянттардың әсерін күшейтеді, деполяризацияламайтын миорелаксанттармен (векуроний бромиді) қосу ұсынылмайды.
Литий препараттарымен бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасындағы литийдің концентрациясы артуы мүмкін.
Фенобарбитал бауырдың микросомальді ферменттерінің индукциясы есебінен метронидазолдың метаболизмін жеделдетеді, циметидин – төмендетеді, бұл қан сарысуындағы оның концентрациясының артуына және жағымсыз әсерлердің даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін.
В амфотерицині, нистатин, натамицин бір мезгілде қолданылғанда клотримазолдың тиімділігін төмендетеді.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.