Метомак препараты мен гипертензияға қарсы басқа дәрілердің гипертензияға қарсы әсерлері әдетте, бірігіп кетеді, сондықтан артериялық гипотензияның дамуын болдырмас үшін, ондай дәрілерді біріктіріп қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын мұқият қадағалау қажет. Алайда, гипертензияға қарсы препараттардың әсерлерінің бірігуін, қажет болған жағдайда, артериялық қысымның анағұрлым тиімді бақылануына қол жеткізу үшін пайдалануға болады.
Верапамил типті кальций өзекшелері блокаторларын β-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттерге вена ішіне енгізу ұсынылмайды. Метопрололды верапамил немесе дилтиазем типті кальций өзекшелері блокатоларымен бір мезгілде қолдану теріс инотроптық және хронотроптық әсерлерінің жоғарылауына алып келеді.
Метопрололды моноаминооксидаза тежегішітерімен (МАОт) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Келесі дәрілермен біріктірген кезде сақтық таныту керек:
Аритмияға қарсы пероральді препараттармен, парасимпатомиметиктермен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен (верапамил және дилтиазем типті) бір мезгілде қолданғанда, артериялық гипотензия, брадикардия, жүрекше-қарынша блокадасының даму қаупі бар.
Метопрололды аритмияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек, өйткені метопролол мен аритмияға қарсы дәрілердің кардиодепрессивтік әсері бірігуі мүмкін. Мысалы, пропафенон метопрололдың уыттылығын арттыра отырып (мысалы, брадикардия дамуымен), метопрололдың бауырлық метаболизмін төмендетеді. Амиодарон, бейім пациенттерде синустық түйін ырғағын төмендетуі және жүрекше-қарынша блокадасын ауырлатуы мүмкін.
Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданғанда, брадикардияның, өткізгіштік бұзылуының даму қаупі болуы мүмкін; метопролол оймақгүл препараттарының оң инотроптық әсеріне ықпал етпейді.
Нитраттармен және гипертензияға қарсы басқа препараттармен (гуанетидин, резерпин, α-метилдофа, клонидин және гуанфацин топтарының) бір мезгілде қолданғанда, артериялық гипотензияның және/немесе айқын брадикардияның даму қаупі ықтимал.
Клонидинмен біріктіріп қолданғанда, гипертониялық кризді болдырмас үшін, соңғысын қабылдауды метопрололды тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен соң тоқтату керек.
Ұйықтататын дәрілермен, транквилизаторлармен, три- және тетрациклдық антидепрессанттармен, нейролептиктермен және этанолмен бір мезгілде қолданғанда артериялық гипотензияның даму қаупі бар.
- және -симпатомиметиктермен бір мезгілде қолданғанда, артериялық гипертензияның, айқын брадикардияның даму қаупі ықтимал, жүректің тоқтап қалу қаупі бар.
Эрготаминмен бір мезгілде қолданғанда тамырды тарылтатын әсері күшеюі мүмкін.
2-симпатомиметиктермен бір мезгілде қолданғанда функционалдық антагонизм болуы мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде қолданғанда метопрололдың гипотензиялық әсері азаюы мүмкін.
Дифенгидрамин метопрололдың -гидроксиметопрололға дейінгі клиренсін 2,5 есе азайтады. Сонымен қатар метопрололдың әсерінің күшейгені байқалады.
Эстрогендермен бір мезгілде қолданғанда метопрололдың гипотензиялық әсері азаяды.
Диабетке қарсы пероральді препараттармен және инсулинмен бір мезгілде қабылдағанда метопролол олардың гипогликемиялық әсерлерін күшейтуі және гипогликемия симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Метомак препаратын кураретәрізді миорелаксанттармен бір мезгілде қолданғанда жүйке-бұлшықет блокадасы күшейеді.
Метомак препаратын бауырдың микросомалық ферменттерінің тежегіштерімен (циметидин, гидралазин; серотонинді кері қармаудың тежегішітерімен (пароксетин, флуоксетин және сертралин) бір мезгілде қолданғанда, метопрололдың плазмадағы мөлшерінің жоғарылауы салдарынан, оның әсерлері күшеюі мүмкін.
Метомакты бауырдың микросомалық ферменттерінің индукторларымен (рифампицин және барбитураттар) бір мезгілде қолданғанда, метопрололдың метаболизмі жеделдеуі мүмкін, бұл қан плазмасындағы метопролол концентрацииясының төмендеуіне және Метомактың әсерінің азаюына алып келеді.
Метопролол CYP2D6 субстраты болып табылады, соған байланысты, CYP2D6 тежейтін препараттар (хинидин, тербинафин, пароксетин, флуоксетин, сертралин, целекоксиб, пропафенон және дифенгидрамин) метопрололдың плазмадағы концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.
Хинидин негізінен, метопрололдың плазмадағы концентрациясының едәуір жоғарылауы мен -блокаданың күшеюін туғыза отырып, пациенттердің гидроксилдену жылдам жүретін ерекше топтарында (Швецияда тұрғындардың шамамен 90%-ы) метопрололдың метаболизмін тежейді. Мұндай өзара әрекеттесу, метаболизміне Р4502D6 цитохромы қатысатын басқа -адреноблокаторларға да тән деп шамаланады.
Бір мезгілде ас ішу препараттың фармакокинетикасына елеулі әсер етпейді.