Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Порошок для приготовления раствора для внутривенного введения
Дозировка
500 мг
Торговое наименование
Меропенем
Действующее вещество
Меропенем
Назначение
Ауыр пневмония, ауруханаішілік пневмонияны және жасанды дем алу кезінде жүре пайда болған пневмонияны қоса
Производитель
ПАО Синтез
Страна
Россия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Меропенем, 500 мг, вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ
Бір құтының ішінде
белсенді зат – 570 мг меропенем тригидраты 500 мг меропенемге шаққанда.
Меропенем, 1000 мг, вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ
Бір құтының ішінде
белсенді зат – 1140 мг меропенем тригидраты 1000 мг меропенемге шаққанда;
қосымша зат: сусыз натрий карбонаты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ түсті сарғыш реңкті ұнтақ.
Меропенем ересектерде және 3 айдан бастап балаларда меропенемге сезімтал бір немесе бірнеше қоздырғыш тудырған келесі инфекциялық-қабыну ауруларында қолданылады:
- ауыр пневмония, ауруханаішілік пневмонияны және жасанды дем алу кезінде жүре пайда болған пневмонияны қоса;
- муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары;
- бүйректің және несеп шығару жолының асқынған инфекциялары;
- құрсақішілік асқынған инфекциялар;
- босану кезіндегі және босанудан кейінгі инфекциялар;
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары;
- жедел бактериялық менингит.
Меропенем бактериялық инфекция тудырған нейтропенияға және қызбаға шалдыққан пациенттерді емдеу үшін, сондай-ақ жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгенімен байланысты немесе байланысы болжанған бактериемиясы бар пациенттерді емдеу үшін қолданылуы мүмкін.
Антибиотиктерді дұрыс қолдану үшін ресми нұсқауларды жетекшілікке алу керек.
ATХ коды: J01DH02.
Әсер ету механизмі
Меропенем – карбапенемдер класына жататын антибиотик, парентеральді қолдануға арналған, адамның 1-дигидропептидазасына (ДГП-1) салыстырмалы түрде төзімді, ДГП-1 тежегішін қосымша енгізу қажет емес.
Меропенем бактериялардың жасушалық жақтауы синтезіне әсер ету есебінен бактерицидті әсерін көрсетеді. Меропенемнің аэробты және анаэробты бактериялардың кең ауқымына қатысты жоғары бактерицидті белсенділігі меропенемнің бактериялардың жасушалық жақтауы арқылы өту қабілетімен, көптеген бета-лактамазаларға жоғары тұрақтылық деңгейімен және әртүрлі пенициллиндерді байланыстырушы ақуыздарға (ПБА) едәуір аффинділігімен түсіндіріледі. Ең төмен бактерицидті концентрациялары (ЕТБК), әдетте, ең төмен тежегіш концентрациялары (ЕТТК) сияқты. Бактериялардың тест өткізілген түрлерінің 76%-ы үшін ЕТБК/ЕТТК арақатынасы 2 немесе одан аз болды. In vitro тестілері меропенемнің әртүрлі антибиотиктермен синергиялық байланысатынын көрсетеді. In vitro және in vivo тестілерінде меропенемнің антибиотиктен кейінгі әсері бар екені көрсетілді.
Фармакокинетика және фармакодинамика байланысы
Басқа бета-лактамды антибиотиктердегі сияқты, ең жоғарғы тиімділік меропенем концентрациясы МПК-дан (T > МПК) асатын кездегі уақытпен өзара байланысты. Клиникаға дейінгі зерттеулерде меропенем тиісті микроорганизмдер үшін МПК-дан асатын қан плазмасындағы концентрацияларда дозалау аралығының шамамен 40%-ы белсенділік көрсетті. Мақсатты мән клиникалық түрде анықталмаған.
Резистенттіліктің даму механизмі
Микроорганизмдер меропенемге резистенттіліктің атап көрсетілген механизмдерінің біреуіне немесе бірнешеуіне ие бола алады: пуриндер синтезінің бұзылуы салдарынан грам-теріс бактериялардың жасушалық жақтауы өткізгіштігінің бұзылуы; нысаналы ПБА-мен тектестігінің азаюы; эффлюкс механизмдерінің активациясы; карбапенемдер гидролизінің жүруіне әсер ететін бета-лактамазалар өндірілуі.
Меропенемге сезімталдықтың бірден бір ұсынылатын критерийлері препарат фармакокинетикасына және тиісті қоздырғыштар үшін айқындалатын аймақ диаметрі мен ЕТК – клиникалық және микробиологиялық деректердің өзара байланысына негізделеді.
Қоздырғыш санаты — Аймақ диаметрі (мм)
Сезімтал — ≥ 14
Аралық — 12-ден 13-ке дейін
Резистентті — ≤ 11
Еуропалық Одақ аумағында карбапенге резистентті бактериялар тудыратын инфекциялардың жергілікті кластерлері тіркелген.
Меропенемге және хинолондарға, аминогликозидтерге, макролидтерге, тетрациклиндерге спецификалық айқаспалы резистенттілік жоқ. Бірақ жасуша қабырғасының өткізбеуі және/немесе эффлюкстің іске қосылуы кезінде бактериялар бірден артық кластағы бактерияға қарсы дәрілерге резистенттілікті көрсете алады.
Шекаралық мәндер
Меропенем үшін ЕТТК (ең төменгі тежегіш концентрация) бағалау критерийлерін Еуропадағы микробқа қарсы сезімталдықты анықтау комитеті (EUCAST) анықтады және осында келтірілген:
https://www.ema.europa.eu/documents/other/minimum-inhibitory-concentration-mic-breakpoints_en.xlsx
Жүре пайда болған резистенттіліктің таралуы географиялық аймаққа және уақытқа байланысты ауытқуы мүмкін, сондықтан микроорганизмдердің таңдалған түрлерінің аймақтық ерекшеліктері туралы, атап айтқанда ауыр инфекцияларды емдеуде ақпарат болған жөн. Қажет болса, егер аймақта резистентті түрлердің таралуы препаратты инфекциялардың кем дегенде кейбір түрлерін емдеу үшін қолдану мүмкіндігіне күмән келтірсе, сарапшының қорытындысын алу керек.
Еуропалық одақта (ЕО) қабылданған клиникалық жағдайлардағы әртүрлі бактериялық патогендерге қатысты меропенемнің ЕТТК шектес мәндері келесі кестеде келтірілген:
Патогендер — Сезімталдық (мг/л) — Резистенттілік (мг/л)
Enterobacteriaceae — ≤ 2 — > 8
Pseudomonas — ≤ 2 — > 8
Acinetobacter — ≤ 2 — > 8
Streptococcus А, В, С, G топтары — ≤ 2 — > 2
Streptococcus pneumoniae1 — ≤ 2 — > 2
Басқа стрептококктар — 2 — 2
Enterococcus5 — - — -
Staphylococcus2 — Метициллинге сезімталдықтың болуына байланысты
Haemophilus influenzae1, Moraxella catarrhalis — ≤ 2 — > 2
Neisseria meningitidis2, 3 — ≤ 0,25 — > 0,25
Грамоң анаэробтар — ≤ 2 — > 8
Грамтеріс аэробтар — ≤ 2 — > 8
Спецификалық емес шекті мәндер 4 — ≤ 2 — > 8
1 Менингит кезіндегі Streptococcus pneumoniae және Haemophilus influenzae үшін сезімталдық шегі – 0,25 мг/л.
2 ЕТТК сезімталдық шегінен жоғары болатын штаммдар сирек немесе қазіргі уақытта анықталмайды. Осындай штамм анықталғанда ЕТТК тест қайта өткізіледі, нәтиже расталғанда штамм анықтамалық зертханаға жөнелтіледі, ал штамм өзіне қатысты расталған клиникалық әсер алуға дейін резистентті болып саналады.
3 Менингит кезінде ғана пайдаланылатын мәндер.
4 Фармакокинетикалық және фармакодинамикалық деректерге сай, нақты патогендердің ЕТК таралу спецификасын есепке алмай, барлық қалған қоздырғыштар үшін.
5 Осындай қоздырғыш меропенем үшін оңтайлы нысана емес екендіктен сезімталдыққа тест өткізу ұсынылмайды.
Меропенемге сезімталдық стандартты әдістер көмегімен айқындалуы тиіс. Нәтижелерді түсіндіру жергілікті нұсқауларға сәйкес орындалуы тиіс.
Препараттың төменде тізбеленген патогендерге қатысты тиімділігі клиникалық қолдану тәжірибесімен және бактерияға қарсы ем жөніндегі нұсқаулармен расталған.
Меропенемге сезімтал патогендер:
Грамоң аэробтар:
Enterococcus faecalis1
Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал)2
Staphylococcus тұқымдасы (метициллинге сезімтал), оған қоса Staphylococcus epidermidis
Streptococcus agalactiae В тобы
Streptococcus milleri тобы (S. anginosus, S. constellatus, S. intermedius)
Streptococcus pneumoniae
Streptococcus pyogenes А тобы
Грамтеріс аэробтар:
Citrobacter freundii
Citrobacter koseri
Enterobacter aerogenes
Enterobacter cloacae
Escherichia coli
Haemophilus influenzae
Klebsiella oxytoca
Klebsiella pneumoniae
Morganella morganii
Neisseria meningitidis
Proteus mirabilis
Proteus vulgaris
Serratia marcescens
Грамоң анаэробтар:
Clostridium perfringens
Peptoniphilus asaccharolyticus
Peptostreptococcus тұқымдасы (оған қоса P. micros, P. anaerobius, P. Magnus)
Грамтеріс анаэробтар:
Bacteroides caccae
Bacteroides fragilis
Prevotella bivia
Prevotella disiens
Жүре пайда болған төзімділік мәселесі өзекті болатын патогендер:
Грамоң аэробтар:
Enterococcus faecium1
Грамтеріс аэробтар:
Acinetobacter тұқымдасы
Burkholderia cepacia
Pseudomonas aeruginosa
Табиғи резистенттілігі бар патогендер:
Грамтеріс аэробтар:
Stenotrophomonas maltophilia
Legionella spp.
Басқа қоздырғыштар:
Chlamydophila pneumoniae
Chlamydophila psittaci
Coxiella burnetii
Mycoplasma pneumoniae
1 Аралық сезімталдығы бар қоздырғыштар.
2 Метициллинге төзімді барлық стафилококктар меропенемге резистентті.
Малиазм және мелиоидоз
Меропенемді адамдарда қолдану B. mallei және B. pseudomallei in vitro сезімталдығы жөніндегі деректерге және адамдарда қолданылуына қатысты шектеулі деректерге негізделеді. Малиазм мен мелиоидозды емдеу кезінде емдеуші дәрігер емдеу бойынша ұлттық және/немесе халықаралық нұсқауларды ескеруі тиіс.
Дозалау режимі
Дозалау бойынша жалпы ұсыныстар төмендегі кестелерде келтірілген.
Емнің дозасы мен ұзақтығы инфекцияның типі мен ауырлығына және пациенттің жағдайына байланысты белгіленуі тиіс.
Ересектер мен жасөспірімдер үшін күніне үш рет 2 г дейін және балалар үшін күніне үш рет 40 мг/кг дейін дозалау, әсіресе сезімталдығы аз бактериялық патогендер тудырған кейбір (мысалы, Enterobacteriaceae, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter spp.) инфекциялар сияқты немесе өте ауыр инфекцияларды емдеу кезінде мақсатқа сай болуы мүмкін.
Ересектер мен жасөспірімдер
Инфекция — Доза 8 сағат сайын енгізіледі
Ауыр пневмония, ауруханаішілік пневмонияны және жасанды дем алу кезінде жүре пайда болған пневмонияны қоса — 500 мг немесе 1 г
Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары — 2 г
Бүйректің және несеп шығару жолының асқынған инфекциялары — 500 мг немесе 1 г
Асқынған құрсақішілік инфекциялар — 500 мг немесе 1 г
Босану кезіндегі және босанудан кейінгі инфекциялар — 500 мг немесе 1 г
Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары — 500 мг немесе 1 г
Жедел бактериялық менингит — 2 г
Фебрильді нейтропения — 1 г
Меропенем, әдетте, шамамен 15–30 минут бойы вена ішіне енгізіледі.
Сол сияқты, 1 г дейінгі дозаларды вена ішіне болюсті инъекция түрінде шамамен 5 минут ішінде енгізуге болады. Ересектерде вена ішіне болюсті 2 г енгізу қауіпсіздігі туралы деректер шектеулі.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Креатинин клиренсі 51 мл/мин аз пациенттерде доза келесі үлгіде азайтылуы тиіс (төменде қараңыз). 2,0 г дозалау бірлігінде препараттың дозасын түзету жеткілікті зерттелмеген.
Креатинин клиренсі (мл/мин) — Доза (500 мг, 1000 мг, 2000 мг доза бірлігі негізінде) — Енгізу жиілігі
26–50 — дозаның бір бірлігі — 12 сағат сайын
10–25 — дозаның 0,5 бірлігі — 12 сағат сайын
< 10 — дозаның 0,5 бірлігі — 24 сағат сайын
Меропенем гемодиализ және гемофильтрация кезінде шығарылады. Егер Меропенем препаратымен ұзақ уақыт емдеу қажет болса, препаратты (инфекция типі мен ауырлығына қарай) қан плазмасындағы тиімді концентрациясын қалпына келтіру үшін жүргізілген гемодиализ емшарасы аяқталғаннан кейін енгізуге кеңес беріледі.
Қазіргі уақытта меропенемді перитонеальді диализде жүрген пациенттерге енгізу үшін қолдану тәжірибесі туралы деректер жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Егде жастағы пациенттер
Бүйрек функциясы қалыпты немесе креатинин клиренсі 50 мл/мин артық егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Балалар
3 айға дейінгі балалар
3 айға толмаған балаларда қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, ал оңтайлы дозасы белгіленбеген. Алайда, сай келетін емдеу ретінде 8 сағат сайын 20 мг/кг дозаны ұсынуға мүмкіндік беретін шектеулі фармакокинетикалық деректер бар.
3 айдан 11 жасқа дейінгі және дене салмағы 50 кг дейінгі балалар
Ұсынылатын дозалары келесі кестеде келтірілген:
Инфекциялар — Дозаны 8 сағат сайын енгізу керек
Ауыр пневмония, ауруханаішілік және респираторлық пневмонияны қоса — 10 немесе 20 мг/кг
Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары — 40 мг/кг
Бүйректің және несеп шығару жолының асқынған инфекциялары — 10 немесе 20 мг/кг
Асқынған құрсақішілік инфекциялар — 10 немесе 20 мг/кг
Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары — 10 немесе 20 мг/кг
Жедел бактериялық менингит — 40 мг/кг
Фебрильді нейтропения — 20 мг/кг
Дене салмағы 50 кг-нан асатын балалар
Ересектерге арналған дозаны пайдалану керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларда препаратты қолдану тәжірибесі жоқ.
Енгізу жолы және тәсілі
Меропенем 15-30 минут ішінде вена ішіне инфузия түрінде енгізіледі. Сонымен қатар, 20 мг/кг дейінгі дозаларды 5 минут ішінде вена ішіне болюсті инъекция түрінде енгізуге болады. Вена ішіне болюсті инъекция түрінде балаларға 40 мг/кг дозаны енгізу қауіпсіздігі жеткілікті зерттелмеген. Сұйылту үшін тиісті инфузиялық сұйықтықтарды қолдану керек.
Ерітінді дайындау ережелері
Вена ішіне болюсті инъекцияға арналған ерітінді дайындау үшін Меропенем препаратын инъекцияға арналған стерильді сумен (500 мг-ға 10 мл немесе 1000 мг меропенемге 20 мл) еріту керек, ал ерітіндінің концентрациясы 50 мг/мл құрайды.
Венаішілік инфузияларға арналған ерітіндіні дайындау үшін препаратты инфузиялар үшін 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе инфузиялар үшін 5% декстроза (глюкоза) ерітіндісімен еріту керек, бұл ретте ерітіндінің концентрациясы 1-ден 20 мг/мл-ге дейін болуы тиіс.
Меропенем препаратын сұйылту кезінде стандартты асептикалық режимді сақтау керек.
Барлық құтылар тек бір рет қолдануға арналған.
Егер ерітіндіні дайындау шарттары микробиологиялық ластану мүмкіндігін жоққа шығармаса, дайындалған ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден енгізу ұсынылады (микробиологиялық тұрғыдан).
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға немесе анамнезінде карбапенем тобының басқа препараттарына аса жоғары сезімталдық;
- бета-лактамды құрылымы бар бактерияға қарсы кез келген дәріге (яғни, пенициллиндерге немесе цефалоспориндерге) айқын аса жоғары сезімталдық (анафилаксиялық реакциялар, терінің ауыр реакциялары);
- жүктілік және лактация кезеңі;
- 3 айға дейінгі балалар.
Жиі:
• тромбоцитоз;
• бас ауыруы;
• жүрек айнуы, құсу, диарея, бауыр трансаминазаларының, сілтілік фосфатазаның, лактатдегидрогеназаның және қан сарысуындағы билирубин концентрациясының жоғарылауы;
• бөртпе;
• жергілікті реакциялар – қабыну.
Жиі емес:
• қынаптық кандидоз және ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы;
• тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, эозинофилия;
• құрысу, парестезия, естен тану**, елестеу**, депрессия**, үрей**, қатты қозу**, ұйқысыздық**;
• іш қату**, холестаздық гепатит**, гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауы;
• есекжем, терінің қышуы;
• жүрек жеткіліксіздігі**, жүректің тоқтауы**, тахикардия**, брадикардия**, миокард инфарктісі**;
• артериялық қысымның төмендеуі немесе жоғарылауы (АҚ)**, өкпе артериясының тармақтарының тромбоэмболиясы**;
• қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауы, қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы;
• диспноэ**;
• тромбофлебит, енгізу орнындағы ауырсыну.
Сирек:
• делирий***;
• гипокалиемия;
• дәрілік препараттар тудырған бауырдың зақымдануы****
Өте сирек
• лимфоцитопения;
• фотофобия;
• анафилаксияның көріністері***, ангионевроздық ісіну***.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
• агранулоцитоз***, гемолитикалық анемия ***;
• жалған жарғақшалы колит***;
• уытты эпидермалық некролиз***, Стивенс-Джонсон синдромы***, мультиформалы эритема***, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS синдром)***, жедел жайылған экзантематозды пустулез***;
• қандағы калий деңгейінің төмендеуі (әлсіздік, бұлшықет түйілуін, шаншу және жүрек жүрек ырғағы бұзылуына әкелуі мүмкін);
• бауыр проблемалары (тері мен көздің сарғаюы, терінің қышуы, несептң қараюы немесе нәжістің ашық түсті болуы);
• рабдомиолиз.
Егер сіз осы белгілерді немесе симптомдарды байқасаңыз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар арасында Кумбстың оң тікелей немесе жанама сынамасы, сондай-ақ ішінара тромбопластин уақытының өзгеруі байқалды.
** Меропенемді қабылдаумен себеп-салдарлық байланыс анықталмаған. Жағымсыз әсерлер ОЖЖ әсер етпейтін инфекцияларға байланысты меропенеммен емдеуді алған 2904 иммунокомпетентті ересек пациентті (8 сағат сайын 500 мг немесе 1000 мг) қамтитын зерттеуде байқалды. 36 пациентте ем жағымсыз құбылыстарға байланысты тоқтатылды. 5 жағдайда өлім нәтижесінің жүргізілетін еммен байланысы жоққа шығарылмайды. Пациенттердің ауыр жағдайы, көптеген аурулар және басқа дәрілік препараттармен бірнеше қатар жүретін терапия аясында жағымсыз әсердің меропенем терапиясымен байланысы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік болмады.
*** Тіркеуден кейінгі кезеңде анықталған жағымсыз әсерлер.
**** DILI гепатит пен бауыр жеткіліксіздігін қамтиды.
Коунис синдромы
Аллергиялық реакцияға байланысты жедел коронарлық синдром (Коунис синдромы) басқа бета-лактамды антибиотиктерді қолданғанда хабарланды.
Бала жасындағы пациенттер
Меропенем препаратын 3 айдан асқан балаларда қолдануға рұқсат етіледі. Қолда бар шектеулі деректерге сүйене отырып, балаларда жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупінің жоғарылауы туралы ешқандай дәлел жоқ. Алынған барлық хабарламалар ересектерде анықталған құбылыстар туралы мәліметтерге сәйкес келді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Емдеу кезінде, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде кездейсоқ артық дозалану болуы мүмкін.
Симптомдары: тіркеуден кейінгі зерттеулердің шектеулі тәжірибесі көрсеткендей, артық дозаланғаннан кейінгі жағымсыз реакциялар әдетте жеңіл дәрежеде ерекшеленеді және препаратты тоқтатқаннан немесе дозаны төмендеткеннен кейін шешіледі.
Артық дозалану жағдайында емдеу симптоматикалық болуы тиіс. Әдетте, препарат бүйрек арқылы тез шығарылады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде гемодиализ меропенем мен оның метаболитін тиімді шығарады.
Белгілі бір пациентті емдеу кезінде меропенемді таңдағанда, бірқатар факторлар (инфекцияның ауырлығы, басқа қолайлы антибиотиктерге резистенттіліктің таралуы, карбапенге резистентті бактериялар тудыратын инфекцияларға қарсы препаратты тағайындау қаупі) негізінде карбапенемдерді қолданудың орындылығын ескеру қажет.
Резистенттілік Enterobacteriaceae, Pseudomonas aeruginosa және Acinobacter spp.
Еуропалық Одақ елдерінде әртүрлі қоздырғыштардың антибиотикке резистенттілігінің таралуы әртүрлі. Препаратты тағайындау кезінде осы бактериялардың тиісті аймақтағы карбапенемдерге резистенттілігінің таралуын ескеру ұсынылады.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Басқа бета-лактамды антибиотиктерді қолдану сияқты, аса жоғары сезімталдықтың күрделі (соның ішінде өлімге әкелетін) реакциялары тіркелді.
Анамнезінде карбапенемдерге, пенициллиндерге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер де меропенемге сезімтал болуы мүмкін. Меропенеммен емдеуді бастамас бұрын пациенттің анамнезін оның бұрын байқалған бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық реакцияларына қатысты мұқият бағалау керек.
Егер ауыр аллергиялық реакция пайда болса, препаратты тоқтатып, тиісті шараларды қабылдау керек.
Меропенеммен ем алып жүрген пациенттерде Стивенс – Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен және жүйелі синдромдармен (DRESS синдром) жүретін дәрілік реакция, мультиформалы эритема, жедел жайылған экзантематозды пустулез сияқты терінің ауыр жағымсыз реакциялары байқалды. Атап көрсетілген реакциялардың дамуын айғақтайтын белгілер мен симптомдар пайда болған жағдайда меропенеммен емді шұғыл тоқтату және баламалы емдеуді қарастыру керек.
Басқа бета-лактамды антибиотиктерді қолдану кезінде аса жоғары сезімталдық реакциялары тіркелді, олар Коунис синдромына дейін үдеді (миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін жедел аллергиялық коронарлық артериялық түйілу).
Рабдомиолиз
Меропенемді қолданған кезде рабдомиолиз жағдайлары тіркелді. Егер рабдомиолиздің белгілері немесе симптомдары байқалса, меропенемді қабылдауды тоқтатып, тиісті емді бастау керек.
Антибиотиктерді қабылдаудан туындаған колит
Сирек жағдайларда меропенемді қолданғанда, антибиотиктердің бәрін дерлік қолдану кезіндегі сияқты, ауырлығы жеңілден өмірге қатерлі түрлеріне дейін құбылуы мүмкін жалған жарғақшалы колит дамуы байқалады. Меропенем препаратын қолдану аясында диарея туындағанда жалған жарғақшалы колиттің даму мүмкіндігін есте сақтау маңызды. Жалған жарғақшалы колиттің дамуы кезінде препаратты тоқтату және Clostridium difficile-ге тән терапияны тағайындау туралы ойлану керек. Ішек перистальтикасын тежейтін препараттарды қолдану қарсы көрсетілімді.
Құрысулар
Карбапенемдер, оның ішінде меропенем қолдану аясында құрысулар туындауы жиі емес хабарланды. Меропенемді құрысуға дайындық шегі төмендеген пациенттерде қолданғанда сақ болу керек.
Бауыр проблемалары
Егер сіз терінің және көздің сарғаюын, терінің қышуын, несептің қараюын немесе нәжістің ашық түсті болуын байқасаңыз, өз дәрігеріңізге хабарлаңыз. Бұл сіздің дәрігеріңіз тексеруі қажет бауыр проблемаларының белгісі болуы мүмкін.
Бауыр аурулары бар пациенттерде Меропенем препаратын қолдану трансаминазалардың белсенділігі мен билирубин концентрациясын мұқият бақылаумен жүргізілуі тиіс.
Тікелей антиглобулин тестіндегі сероконверсия (Кумбс сынамасы)
Тікелей немесе жанама Кумбс тесті меропенеммен емдеу кезінде оң нәтиже беруі мүмкін.
Вальпрой қышқылын/натрий вальпроатын/вальпромидті бір мезгілде қабылдау
Қан сарысуындағы вальпрой қышқылы концентрациясының ықтимал төмендеуіне байланысты меропенем мен вальпрой қышқылын/натрий вальпроатын/вальпромидті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Кейбір пациенттерде емдік деңгейінен төмен концентрациясына жетуге болады.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Меропенем дәрілік препаратының әр 500 мг дозалық құтысында 3,84 ммоль (немесе 88,2 мг) натрий бар, әр 1000 мг дозалық құтысында 7,67 ммоль (немесе 176,4 мг) натрий бар. Натрийдің келіп түсуін шектейтін диетадағы пациенттерді ескеру қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Меропенемнің автокөлік пен басқа техниканы басқару қабілетіне әсер ету зерттеулері жүргізілмеген. Дегенмен де, меропенемді қабылдау кезінде бас ауыру, парестезия және құрысулар байқалуы мүмкін екенін ескеру керек.
Жүктілік кезінде әйелдерде меропенем қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. Жануарларға жүргізілген зерттеулер даму үстіндегі төліне қандай да бір жайсыз әсерлерін көрсетпеген.
Меропенем, оны қолданудың ана үшін ықтималды артықшылығы шаранаға төнуі мүмкін қауіптен асып түсетін жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолданылмауы тиіс. Әр жағдайда препарат дәрігердің қатаң қадағалауымен қолданылуы тиіс.
Меропенемнің емшек сүтімен бөлінуі туралы деректер алынды. Меропенем, препаратты қолданудың ана үшін ықтималды артықшылығы сәбиге төнуі мүмкін қауіптен асып түсетін жағдайларды қоспағанда, бала емізу кезеңінде қолданылмауы тиіс. Ана үшін артықшылығын бағалай отырып, бала емізуді тоқтату немесе препаратты тоқтату шешімін қабылдау керек.
Пробенецид белсенді өзекшелік секреция үшін меропенеммен бәсекелеседі, бүйрек экскрециясын тежей отырып, жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруын және плазмада меропенем концентрациясының артуын туындатады. Пробенецидсіз енгізілген меропенемнің әсер ету тиімділігі мен ұзақтығы талапқа сай екендіктен, пробенецидті меропенеммен бірге енгізу ұсынылмайды.
Басқа препараттардың қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесіне немесе метаболизміне меропенемнің болжамды әсері зерттелмеген. Меропенемнің қан плазмасы ақуыздарымен байланысы төмен (2% жуық), сондықтан плазма ақуыздарымен байланыстан ығыстыру механизміне негізделген басқа препараттармен өзара әрекеттесуі болжанбайды.
Карбапенемдер мен вальпрой қышқылының препараттарын бірге қабылдау емнің 2 күнінен кейін қан плазмасындағы вальпрой қышқылы концентрациясының 60–100 % төмендеуіне әкелді. Вальпрой қышқылы концентрациясының тез және едәуір төмендеуіне байланысты меропенем мен вальпрой қышқылы препараттарын бірге қабылдау ұсынылмайды.
Басқа препараттарды қабылдаған уақытта меропенемді қолдану қолайсыз фармакологиялық өзара әрекеттесулерінің дамуымен қатар жүрмеген. Меропенемнің басқа препараттармен (пробенецидті қоспағанда) өзара әрекеттесу зерттеулері жүргізілмеген.
Тікелей емес антикоагулянттарды (мысалы, варфарин) және бактерияға қарсы препараттарды бірге қабылдау кезінде антикоагулянттық әсері күшейген жағдайлар жөнінде бірнеше рет хабарланды. Антикоагулянттық әсерінің күшею қаупі инфекция сипатына, пациенттің жасына және жалпы жай-күйіне байланысты болуы мүмкін, сондықтан бактерияға қарсы препараттың халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) артуына әсерін бағалау қиын.
Бактерияға қарсы препарат пен тікелей емес антикоагулянтты бірге қабылдау кезінде және оны тоқтатудан кейін біраз уақыт өткен соң жиі ХҚҚ мониторингтеу ұсынылады.
Балалар мен жасөспірімдер
Өзара әрекеттесуін анықтау бойынша зерттеулер тек ересектерде жүргізілді.
Сақтау мерзімі
Ашылмаған құты
2 жыл.
Дайындалған ерітінді
Инъеккцияға арналған стерильді сумен немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе 5% глюкоза ерітіндісімен дайындалған ерітінді дереу қолданылуы тиіс.
Препарат ерітіндісін мұздатып қатырмаңыз.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамаcында (қорапшадағы құты), 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Дәрілік препаратты сұйылтқаннан кейін сақтау шарттарын жоғарыдан қараңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.