Дозалау режимі
Дозалау жөніндегі жалпы ұсынымдар төмендегі кестелерде берілген.
Дозасы және емнің ұзақтығы инфекцияның типіне, ауырлығына және клиникалық жауапқа байланысты белгіленуі тиіс.
Сонымен, кейбір инфекцияларды, атап айтқанда бактериялардың сезімталдығы азырақ түрлерінен туындағандарды (мысалы, энтеробактериялардан, Pseudomonas aeruginosa, ацинетобактерлерден), немесе өте ауыр инфекцияларды емдеген кезде ересектер мен жасөспірімдерге 2 г дейінгі дозаны тәулігіне 3 рет және балаларға 40 мг/кг дейінгі дозаны тәулігіне 3 рет тағайындаған дұрыс болуы мүмкін.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер дозаны қосымша түзетуді қажет етеді (төменде қараңыз).
Ересектер мен жасөспірімдер
Инфекция — Әр 8 сағатта енгізу
Ауыр пневмония, оның ішінде ӨЖЖ-астасқан және ауруханалық пневмония — 0,5 г немесе 1,0 г
Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары — 2,0 г
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары — 0,5 г немесе 1,0 г
Құрсақ қуысының асқынған инфекциялары — 0,5 г немесе 1,0 г
Босану кезіндегі және босанғаннан кейінгі инфекциялар — 0,5 г немесе 1,0 г
Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары — 0,5 г немесе 1,0 г
Жедел бактериялық менингит — 2,0 г
Фебрильді нейтропения — 1,0 г
Әдетте, меропенемді венаішілік инфузия түрінде шамамен 15–30 минут бойы енгізеді (Енгізу әдісі мен жолы бөлімін қараңыз).
Бұдан басқа, 1,0 г дейінгі дозаларын венаішілік болюстік инъекция түрінде шамамен 5 минут бойы енгізуге болады. 2,0 г дозасын ересектерге венаішілік болюстік инъекция түрінде енгізудің қауіпсіздігі жеткілікті зерттелмеген.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
3 айға толмаған балалар
Меропенемді 3 айға толмаған балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Дозалаудың оңтайлы режимі анықталмаған. Препараттың фармакокинетикасы жөніндегі шектеулі деректер әр 8 сағат сайын 20 мг/кг дозаны енгізу лайықты режим болуы мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді.
Жастары 3 айлықтан 11 жасқа дейінгі дене салмағы 50 кг дейінгі балалар
Ұсынылатын дозалау режимдері төмендегі кестеде көрсетілген.
Инфекция — Әр 8 сағатта енгізу
Ауыр пневмония, оның ішінде ӨЖЖ-астасқан және ауруханалық пневмония — 10 немесе 20 мг/кг
Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары — 40 мг / кг
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары — 10 немесе 20 мг/кг
Құрсақ қуысының асқынған инфекциялары — 10 немесе 20 мг/кг
Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары — 10 немесе 20 мг/кг
Жедел бактериялық менингит — 40 мг / кг
Фебрильді нейтропения — 20 мг/кг
Дене салмағы 50 кг-ден асатын балалар
Ересектерге арналған дозаларды қолдану керек.
Балаларда бүйрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде қолдану тәжірибесі жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Бүйрек функциясы қалыпты және креатинин клиренсі 50 мл/мин асатын егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препараттың дозасын түзету қажет емес.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Креатинин клиренсі минутына 51 мл-ден аз болғанда ересектер мен жасөспірімдерге препараттың дозасын түзету қажет (төменде қараңыз). 2,0 г доза бірлігінде препараттың дозасын түзету жеткілікті зерттелмеген.
Креатинин клиренсі (мл/мин) — Доза (0,5 г, 1,0 г немесе 2,0 г дозалау бірліктері негізінде есептеледі; төмендегі кестені қараңыз) — Енгізу жиілігі
26-50 — Дозаның 1 бірлігі — Әр 12 сағат сайын
10-25 — Дозаның 0,5 бірлігі — Әр 12 сағат сайын
< 10 — Дозаның 0,5 бірлігі — Әр 24 сағат сайын
Меронем® гемодиализ және гемофильтрация кезінде шығарылады. Препараттың қажетті дозасын гемодиализ емшарасы аяқталғаннан кейін енгізу керек.
Препаратты перитонеальді диализдегі пациенттерге енгізу жөнінде нұсқаулар жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
• Меронем® препараты ірі венаға инъекция немесе инфузия түрінде енгізіледі.
• Әдетте Меронем® препаратын дәрігер немесе мейіргер енгізеді.
• Алайда, кейбір пациенттер, ата-аналар немесе пациенттерге күтім жасайтын адамдар Меронем® препаратын үйде енгізе алады. Препаратты енгізу жөніндегі нұсқаулықтар осы қосымша парақта берілген. Меронем® препаратын әрдайым дәрігер ұсынғандай қолданыңыз. Егер Сізде күмән туындаса, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесуіңіз керек.
• Бұл инъекциялық препаратты шприцте басқа дәрілік препараттармен араластыруға немесе қосуға болмайды.
• Препаратты шамамен 5 минут немесе 15-30 минут бойы енгізуге болады. Емдеуші дәрігер Сізге Меронем®препаратын қалай енгізу керектігін айтады.
• Препаратты күн сайын бір уақытта енгізу маңызды.
Ұсынымдар / медициналық ақпарат Антибиотиктер бактериялар тудыратын инфекцияларды емдеу үшін қолданылады. Олар вирустар тудыратын инфекцияларға ешқандай әсер етпейді. Кейде бактериялар тудыратын инфекция антибиотиктермен емдеу курсына жауап бермейді. Бұл құбылыстың себептерінің бірі - инфекцияны тудыратын бактериялар қолданылатын антибиотиктерге төзімді. Бұл антибиотикпен емдеуге қарамастан, олар өмір сүре алады және тіпті көбейе алады дегенді білдіреді. Бактериялар көптеген себептерге байланысты антибиотиктерге төзімді болуы мүмкін. Антибиотиктерді мұқият қолдану бактерияларға төзімділіктің туындау мүмкіндігін азайтуға көмектеседі. Дәрігер Сізге антибиотиктер курсын тағайындаған кезде, олар тек сіздің қазіргі ауруыңызды емдеуге арналған. Келесі ұсынымға назар аудару антибиотиктің әсеріне кедергі келтіруі мүмкін төзімді бактериялардың пайда болуының алдын алуға көмектеседі. 1. Антибиотикті дұрыс дозада, тиісті уақытта және белгілі бір мерзімде қолдану өте маңызды. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы нұсқауларды оқып шығыңыз (қосымша парақ) және егер Сіз оларды түсінбесеңіз, дәрігерге хабарласыңыз. 2. Антибиотикті, егер ол Сізге тағайындалмаса қолдануға болмайды, сонымен қатар ол тағайындалған инфекцияны емдеу үшін ғана қолданылуы керек. 3. Сіз сияқты инфекциямен ауырса да, басқа адамға тағайындалған антибиотикті қолдануға болмайды. 4. Сізге тағайындалған антибиотикті басқа адамдарға беруге болмайды. 5. Егер сізде дәрігердің нұсқауы бойынша қажетті курсты алғаннан кейін антибиотик қалса, қалғанын тиісті түрде утилизациялау үшін дәріханаға апару керек.
Төменде берілген ақпарат тек медицина қызметкерлеріне арналған.
Меронем® препаратын үй жағдайында өзіңізге немесе басқа адамдарға енгізу жөніндегі нұсқаулық
Кейбір пациенттер, ата-аналар немесе пациенттерге күтім жасайтын адамдар Меронем® препаратын үй жағдайында енгізе алады.
Ескерту: препаратты үй жағдайында өзіңізге немесе басқа адамдарға дәрігерден немесе мейіргерден тиісті нұсқау алғаннан кейін ғана енгізуге болады.
Препаратты дайындау
•Препаратты басқа сұйықтықпен (сұйылтқыш) араластыру керек. Сіздің дәрігер сізге қанша сұйылтқышты пайдалану керек екенін айтады.
•Препаратты дайындағаннан кейін бірден пайдаланыңыз. Мұздатып қатыруға болмайды.
1. Қолыңызды жуып, жақсылап құрғатыңыз. Таза жұмыс орнын дайындаңыз.
2. Меронем® препараты бөтелкесін (құтысын) қаптамадан алып шығыңыз. Құтыны және жарамдылық мерзімі өтетін күнді тексеріңіз. Құтының бүтіндігіне және зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
3. Түрлі-түсті қақпақты алып, сұр резеңке тығынды спиртке суланған сүрткімен сүртіңіз. Резеңке тығынды құрғатыңыз.
4. Жаңа стерильді инені ұшына қол тигізбей жаңа стерильді шприцке салыңыз.
5. Шприцке инъекцияға арналған стерильді судың ұсынылған мөлшерін жинаңыз. Сұйықтықтың қажетті мөлшері төмендегі кестеде көрсетілген:
Меронем® препаратының дозасы — Сұйылту үшін инъекцияға арналған судың қажетті мөлшері
500 мг (миллиграмм) — 10 мл (миллилитр)
1 г (грамм) — 20 мл
1,5 г — 30 мл
2 г — 40 мл
Ескертпе. Егер Меронем® препаратының тағайындалған дозасы 1 г-дан асса, Меронем® препаратының 1-ден астам құтысын пайдалану қажет болады. Бұл жағдайда құтыдан сұйықтықты бір шприцке жинауға болады.
6. Шприцтің инесін сұр резеңке тығынының ортасына салыңыз және инъекцияға арналған ұсынылатын су мөлшерін Меронем® препаратының құтысына немесе құтыларына енгізіңіз.
7. Инені құтыдан алыңыз және құтыны барлық ұнтақ ерігенше 5 секунд бойы жақсылап шайқаңыз. Сұр резеңке тығынды спиртте жаңа суланған сүрткімен қайтадан сүртіңіз және резеңке тығынды кептіріңіз.
8. Шприцтің поршені толық түсірілген жағдайында инені тағы да құтыға сұр резеңке тығыны арқылы салыңыз. Содан кейін шприц пен құтыны ұстап тұрып, құтыны төңкеріңіз.
9. Иненің ұшын сұйықтыққа ұстап тұрып, шприцтің поршенін құтыдағы барлық сұйықтық шприцке түсетіндей етіп кейін қарай тартыңыз.
10. Ине мен шприцті құтыдан алып, бос құтыны қауіпсіз жерге тастаңыз.
11. Инені жоғары қаратып шприцті тік ұстаңыз. Сұйықтықтың барлық көпіршігі шприцтің жоғарғы бөлігіне көтерілу үшін шприцті шертіңіз.
12. Барлық ауа шықпағанша, поршеньді сәл басып тұру арқылы шприцтен барлық ауаны шығарыңыз.
13. Егер Сіз Меронем® препаратын үй жағдайында пайдалансаңыз, барлық инелер мен инфузиялық жүйелерді тиісті түрде утилизациялаңыз. Егер дәрігер емдеуді тоқтатуды шешсе, пайдаланылмаған Меронем® препаратын тиісті түрде утилизациялаңыз.
Инъекцияны жүзеге асыру
Бұл препаратты қысқа канюля немесе венфлон арқылы, сондай-ақ порт немесе орталық катетер арқылы енгізуге болады.
Меронем® препаратын қысқа канюля немесе венфлон арқылы енгізу
1.Инені шприцтен алып тастаңыз және инені өткір қалдықтарға арналған ыдысқа мұқият тастаңыз.
2.Қысқа канюляның немесе венфлонның ұшын спиртке суланған сүрткімен сүртіңіз және оны құрғатыңыз. Канюляның қақпағын ашып, шприцті салыңыз.
3.5 минут бойы тұрақты жылдамдықпен антибиотикті енгізе отырып, шприцтің поршеніне баяу басыңыз.
4.Антибиотик енгізгеннен кейін және шприц босаған соң, шприцті алып тастаңыз және емдеуші дәрігер немесе мейіргер ұсынғандай жууды пайдаланыңыз.
5.Канюляның қақпағын жабыңыз және шприцті сақтықпен өткір қалдықтарға арналған шелекке тастаңыз.
Меронем® препаратын порт немесе орталық катетер арқылы енгізу
1.Порттағы немесе катетердегі қақпақты алып тастаңыз, спиртте суланған сүрткімен катетердің ұшын сүртіңіз және құрғатыңыз.
2.Шприцті салыңыз және шприцтің поршеніне баяу баса отырып, 5 минут бойы тұрақты жылдамдықпен антибиотикті енгізіңіз.
3.Антибиотиктерді енгізгеннен кейін шприцті алып, емдеуші дәрігер немесе мейіргер ұсынғандай жууды пайдаланыңыз.
4.Орталық катетерді жаңа таза қақпақпен жабыңыз және шприцті абайлап өткір қалдықтарға арналған шелекке тастаңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
• Егер Сіз бір инъекцияны өткізіп алсаңыз, препаратты мүмкіндігінше тезірек енгізу керек. Алайда, егер келесі дозаны енгізу уақыты келіп қалса, өткізіп алған дозаны енгізбеңіз.
• Өткізілген дозаның орнын толтыру үшін қос дозаны (бірден екі инъекция) енгізуге болмайды.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Бұл туралы Сізге дәрігер айтқанға дейін Меронем® препаратын қолдануды тоқтатпаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар
• Осы дәрілік препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар болған жағдайда дәрігермен кеңесіңіз.