Ересектер мен балаларды кларитромицинмен емдеу кезінде ең жиі және кең таралған жағымсыз реакциялар іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу және дәм сезудің бұрмалануы болды. Бұл жағымсыз реакциялар әдетте айқын білінбейді және макролидтік антибиотиктердің белгілі қауіпсіздік бейінімен келісіледі. Клиникалық зерттеулер кезінде микобактериялық инфекциялары болған немесе болмаған пациенттер топтары арасында осы гастроинтестинальді жағымсыз реакциялар жиілігінде елеулі айырмашылықтар анықталмады.
Төменде кларитромициннің әртүрлі дәрілік түрлері мен дозаларының клиникалық зерттеулері кезінде және маркетингтен кейінгі қолдану барысында туындаған жағымсыз реакциялар берілген. Әр топ шегіндегі жиілігі бойынша жағымсыз реакциялар, егер ауырлығына бағалаудың сәті түскен болса, көріністерінің ауырлығының кему ретімен берілген.
- ұйқысыздық
- бас ауыруы, дәм сезудің өзгеруі
- вазодилятация
- диарея, іш аумағының ауыруы, диспепсия және жүрек айнуы, құсу
- бауыр ферменттері деңгейінің уақытша жоғарылауы
- бөртпе, гипергидроз
Жиі емес
- целлюлит, кандидоз, гастроэнтерит, салдарлы инфекциялар (оның ішінде қынаптық)
- лейкоциттер санының азаюы, нейтропения, тромбоцитемия, эозинофилия
- аса жоғары сезімталдық, анафилактоидты реакция
- анорексия, тәбет төмендеуі
- үрейлену, күйгелектік
- естен тану, дискинезия, бас айналуы, ұйқышылдық, тремор
- естудің төмендеуі, құлақтағы шуыл (препаратты пайдалануды тоқтатқанда есту қабілеті қалпына келгені байқалады), бас айналу
- жүрек тоқтауы, жүрекше фибрилляциясы, жүрек қағуын сезіну, ЭКГ-дегі QT аралығының ұзаруы, экстрасистолалар
- мұрыннан қан кету, демікпе, өкпе артериясының тромбоэмболиясы
- гастроэзофагеальді рефлюксті ауру, гастрит, стоматит, глоссит, іштің кебуі, іш қатуы, ауыз құрғауы, кекіру, метеоризм, прокталгия, эзофагит
- холестаздық гепатит, АЛТ, АСТ, ГГТ деңгейінің жоғарылауы
- қышыну, есекжем, макула-папулёзді бөртпе, буллезді дерматит
- бұлшықет түйілуі, миалгия, сүйек-бұлшықет қарысуы
- мочевина концентрациясы жоғарылауы, креатинин концентрациясы жоғарылауы
- дімкәстік, қызба, астения, кеудедегі ауыру, қалтырау, қатты шаршау
- сілтілік фосфатаза, ЛДГ деңгейінің жоғарылауы, альбумин-глобулин қатынасының өзгеруі
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- жалған жарғақшалы колит, тілмелі қабынуы
- агранулоцитоз, тромбоцитопения
- анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну
- психоздар, сананың шатасуы, өзін өзі танымау, депрессия, бағдардан жаңылу, елестеулер, шым-шытырық түс көру, маниакальді реакциялар
- құрысулар, агевзия (дәм сезінуді жоғалту), паросмия, аносмия, парестезия
- естімей қалу
- пируэтті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes), қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы
- қан құйылу
- жедел панкреатит, тіл түсінің өзгеруі, тіс түсінің өзгеруі
- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық сарғаю
- жедел жайылған экзантематозды пустулез, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен және жүйелі (DRESS) көріністермен қатар жүретін дәрі-дәрмектік тері реакциялары, акне
- рабдомиолиз (рабдомиолиз туындауы туралы кейбір мәлімдемелерде кларитромицинді статинмен, фибраттармен, колхицинмен немесе алопуринолмен бір уақытта қолданған), миопатия
- бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит
- халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауы, протромбинді уақыттың ұлғаюы, несеп түсінің өзгеруі
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Жекелеген жағдайларда рабдомиолиз оның дамуын тудыратын дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға байланысты болуы мүмкін: статиндер, фибраттар, колхицин немесе аллопуринол.
Постмаркетингтік кезеңде кларитромицинді колхицинмен бір мезгілде қолданған кезде әсіресе егде жастағыларда және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (кейбір жағдайларда өліммен аяқталған) колхициннің уытты әсерінің көріністері байқалды.
Постмаркетингтік кезеңде кларитромицин мен триазоламды бір мезгілде қолданған кезде дәрілік препараттардың ұйқышылдық және сананың шатасуы түрінде пайда болатын орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) әсері байқалды. ОЖЖ-ға фармакологиялық әсерлер санының артуы пациенттердің мұқият мониторингімен байланысты болуы мүмкін.
Постмаркетингтік бақылаулар кезінде нәжістен кларитромицин таблеткалары табылғаны туралы сирек мәлімдемелер жасалған. Бұл пациенттердің көпшілігінде анатомиялық бұзылыстар (нәжіс қабылдағыштарды немесе колостоманы қоса) немесе ішіндегінің асқазан-ішек жолынан шығарылу уақытын қысқартатын функционалдық асқазан-ішек бұзылыстары болды. Бірқатар хабарламаларда, диарея кезінде, таблетка қалдықтарының нәжістен табылғанын атап өткен. Таблетка қалдықтарын нәжістен тауып алған және жай-күйінің ешқандай жақсаруын байқамаған пациенттерге, кларитромицинді басқа дәрілік түрде (мысалы, суспензия) қабылдау немесе басқа антибиотикті тағайындау ұсынылады.
Балалар
6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда кларитромициннің педиатриялық суспензиясын пайдалана отырып клиникалық зерттеулер жүргізілді. Демек, 12 жасқа дейінгі балаларға кларитромициннің педиатриялық суспензиясын қолдану керек.
Балалардағы жағымсыз реакциялардың жиілігі, типі және ауырлығы ересектердегідей болады деп күтілуде.
Иммунитет тапшылығы бар пациенттердегі жағымсыз реакциялар
ЖИТС-пен ауыратын пациенттерде және микобактериялық инфекцияларды емдеу үшін кларитромициннің жоғарырақ дозаларын ұзақ уақыт бойы алған иммунитеті әлсіреген пациенттерде, кларитромицинге байланысты болуы мүмкін жағымсыз құбылыстарды адамның иммунитет тапшылығы вирусымен инфекцияланудың (АИТВ) немесе қатар жүретін аурулардың негізгі көріністерінен көбінесе ажырату қиын.
Ересек пациенттерде кларитромициннің 1000 мг және 2000 мг жалпы тәуліктік дозасын қабылдаған кездегі жағымсыз реакциялар туралы неғұрлым жиі мәлімделді, олар: жүрек айну, құсу, дәм сезудің бұзылуы, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, метеоризм, бас ауыруы, іш қату, естудің бұзылуы, қан сарысуындағы АСТ, АЛТ бауыр ферменттерінің жоғарылауы түрінде көрінген. Ентігу, ұйқысыздық және ауыз ішінің құрғауы сиректеу байқалды. 1000 мг және 2000 мг алған пациенттерде жағымсыз реакциялар жиілігі салыстыруға тұрарлық болды, ал кларитромициннің едәуір жоғары жалпы тәуліктік дозаларын алған (4000 мг дейін) пациенттерде олар әдетте 3-4 есе жиірек байқалды.
Иммунитеті әлсіреген пациенттерде, зертханалық көрсеткіштерді бағалау қалыпты көрсеткіштермен салыстыра жүргізілді (әрбір тест үшін норманың жоғарғы және төменгі шектерімен). Бағалау критерийлерінің деректері негізінде, пациенттердің 2%-3%-да (1000 мг немесе 2000 мг кларитромицинді күн сайын алған) АЛТ және АСТ деңгейі елеулі түрде жоғарылаған және қандағы лейкоциттер мен тромбоциттер мөлшері айқын төмендеген. Осы екі топтағы пациенттерде қан мочевинасының азот деңгейінің неғұрлым төменірек пайызда жоғарылауы байқалды. 4000 мг кларитромицинді күн сайын алған пациенттерде барлық зертханалық көрсеткіштердің патологиялық ауытқулары (қанның ақ жасушаларын қоспағанда) сәл жиірек байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz