Менотропин – бұл жеңіл және ауыр жағымсыз реакцияларды тудыруға қабілетті гонадотропты дәрі және оны тек, бедеулік проблемаларымен және оларды емдеу әдістерімен жақсы таныс дәрігерлер қолдануы тиіс.
Гонадотропинмен емдеу дәрігерлер тарапынан белгілі бір уақыт жұмсауды қажет етеді және аналық бездердің реакциясын ультрадыбыстың (УДЗ) көмегімен, бөлек немесе сарысулық эстрадиол деңгейін өлшеумен бірге жүйелі түрде мониторинг жүргізу талап етіледі.
Пациенттер арасында менотропинді қолдануға жауапта елеулі ауытқымалылық, кейбір пациенттерде менотрофинді қолдануға нашар реакциямен болады. Ең төмен тиімді дозасын пайдалану керек.
Мериоферт препаратының бірінші инъекциясын дәрігердің тікелей қадағалауымен жүргізу керек.
Емдеуді бастар алдында жұбайлардың бедеулігін және жүктіліктің ықтимал қарсы көрсетілімдерін бағалау керек. Атап айтқанда, пациенттерде гипотиреоздың, бүйрек үсті бездері жеткіліксіздігінің, гиперпролактинемияның және гипофиз немесе гипоталамус ісіктерінің бар-жоқтығы тексерілуі, сондай-ақ, тиісінше арнайы ем тағайындалуы тиіс.
Фолликулдардың өсуін стимуляциялау жүргізіліп жатқан пациенттер, ановуляторлық бедеулікті емдеу немесе ҚРТ емшаралары шеңберінде, аналық бездердің ұлғаюын немесе гиперстимуляцияның дамуын бастан өткеруі мүмкін. Менотропиннің ұсынылған дозасы мен қолданылу режимін сақтау, сондай-ақ, терапияға мұқият мониторинг жүргізу ондай оқиғалардың жиілігін азайтады. Фолликулдардың дамуы мен жетілуі көрсеткіштерін бағалау тиісінше тестілерді интерпретациялауда тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауын талап етеді.
Аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромы (АБГС)
АБГС – аналық бездердің асқынусыз ұлғаюынан өзгеше жай-күй. АБГС өздігінен пайда болатын, ал симптомдарының ауырлығы арта түсуі мүмкін синдром болып табылады.
Синдром аналық бездер өлшемдерінің едәуір ұлғаюымен, жыныс стероидты гормондар деңгейінің жоғарылауымен, сондай-ақ, қантамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауымен көрініс береді, ол құрсақ, плевра және, бірен-саран жағдайларда – перикард қуысында сұйықтық жинақталуына алып келуі мүмкін.
АБГС ауыр жағдайларында келесі симптомдар байқалуы мүмкін: іш ауыруы, іштің кебуі, аналық бездердің едәуір ұлғаюы, дене салмағының артуы, ентігу, олигурия және жүрек айнуы, құсу мен диарея сияқты гастроинтестинальді симптомдар. Клиникалық тексеру кезінде гиповолемияны, электролиттер дисбалансын, асцит, гемоперитонеум, плевра жалқығын, гидроторакс, өкпенің жедел дистресс-синдромын және тромбоэмболия көріністерін анықтауға болады.
Егер несептегі эстроген деңгейі 24 сағат ішінде 540 нмольден (150 мкг) артық болса немесе егер плазмадағы 17 бета-эстрадиол деңгейі 3000 пмоль/л (800 пикограмм/мл) артық болса, немесе егер мәндерінің күрт жоғарылауы байқалса, гиперстимуляция қаупі жоғарылайды және менотрофинмен емдеуді дереу тоқтату керек, ал адамның хориондық гонадотропинін енгізбеу керек. Ультрадыбыстық зерттеуден фолликулдардың кез келген шамадан тыс дамуы және байқаусызда орын алған гиперстимуляция анықталады.
АБГС ауыр түрі өмірге қауіп төндіруі мүмкін және аналық бездердің үлкен (жарылуға бейім) кисталарымен, іштің қатты ауыруымен, асцитпен, өте жиі гидроторакспен және кейде тромбоэмболиялық құбылыстармен сипатталады. Байқалуы мүмкін басқа симптомдар: іштің кебуін, аналық бездердің қатты ұлғаюын, салмақ жоғарылауын, ентігуді, олигурияны және жүрек айнуын, құсу мен диареяны қоса асқазан-ішек симптомдарын қамтиды. Клиникалық бағалаудан гиповолемия, гемоконцентрация, электролиттердің теңгерімсіздігі, гемоперитонеум, плевралық жалқықтар және өкпенің жедел дистресі анықталуы мүмкін.
Егер тек овуляцияны стимуляциялау үшін АХГ енгізілмесе ғана, аналық бездердің гонадотропинмен емдеуге шамадан тыс реакциясы сирек жағдайда АБГС-на алып келеді. Сондықтан, аналық бездердің гиперстимуляциясы жағдайларында АХГ қабылдаудан бас тартқан орынды болады және пациент әйелге кемінде 4 күн бойы жыныстық қатынастан бас тартуға немесе бөгеттік әдістерді пайдалануға кеңес беру керек. АБГС жылдам үдеуі (24 сағатан бірнеше күнге дейінгі аралықта) және ауыр медициналық оқиғаға айналуы мүмкін, сондықтан пациент әйелдер АХГ енгізілгеннен кейін кемінде екі апта бойы қадағалауда болуы тиіс.
Менотропиннің ұсынылған дозасын, қабылдау режимін сақтау және терапияны мұқият мониторингілеу аналық бездердің гиперстимуляциясы мен көпұрықтық жүктіліктің жиілігін азайтады. Аналық бездердің бақыланатын гиперстимуляциясы жүргізілетін пациент әйелдер, эстрогендердің шамадан тыс реакциясы мен фолликулдардың көптеп дамуы салдарынан гиперстимуляцияның даму қаупінің жоғарылауына ұшырауы мүмкін. ҚРТ кезінде овуляцияға дейін бүкіл фолликуларды аспирациялау гиперстимуляцияның туындау жиілігін азайтуы мүмкін.
Егер жүктілік басталса, АБГС ауырырақ болуы және ұзаққа созылуы мүмкін. АБГС көбінесе, гормондық емді тоқтатқаннан кейін туындайды және емдеуден кейін шамамен жеті-он күннен соң ең жоғары ауырлығына жетеді. Әдетте, АБГС етеккір басталғанда өздігінен басылады.
АБГС ауыр түрі туындаған жағдайда, егер гонадотропиндермен емдеу әлі жалғасып жатса, оны тоқтату, пациент әйелді ауруханаға жатқызу және АБГС арнайы емін бастау керек.
Синдром көбінесе аналық бездері көп кисталы пациент әйелдерде дамиды.
Көпұрықтық жүктілік
Көпұрықтық жүктілік, әсіресе, ұрық саны көп болған кезде, перинаталдық кезеңде анасы үшін де, шарана үшін де асқынулардың туынду қаупін төндіреді.
Табиғи жолмен ұрықтанудың нәтижесіндегі жүктілікпен салыстырғанда, овуляциясы гонадотропты гормонмен емдеудің нәтижесінде басталатын пациент әйелдерде көпұрықтық жүктілік жағдайлары жиілейді. Көпұрықтылық қаупін азайту үшін, әйелдің аналық бездерінің реакциясын мұқият қадағалау қажет.
ҚРТ жүргізілгеннен кейінгі пациент әйелдерде көпұрықтық жүктілік қаупі негізінен, тасымалданған эмбриондар санына, олардың сапасына және пациент әйелдің жас шамасына байланысты.
Емдеуді бастағанға дейін пациент әйелдерге, оларда көпұрықтық жүктіліктің туындауы мүмкіндігі туралы ескерту керек.
Жүктіліктің тоқтауы
Түсіктің немесе аборттың нәтижесінде жүктіліктің тоқтауы пациент әйелдердің әдеттегі популяциясындағыға қарағанда, ҚРТ емшаралары үшін фолликулдардың өсуін стимуляциялау жүргізілетін пациент әйелдерде жоғары.
Жатырдан тыс жүктілік
Сырқатнамасында жатыр түтіктерінің ауруы болған әйелдер, жүктіліктің өздігінен ұрықтану нәтижесінде немесе бедеулікті емдеудің нәтижесінде басталғандығына байланыссыз, жатырдан тыс жүктілік қаупіне бейім келеді. Хабарланғандай, ЭКҰ-дан кейін жатырдан тыс жүктіліктің көп таралуы жалпы популяциядағы 1-ден 1,5 %-ға дейінгімен салыстырғанда 2-дан 5%-ға дейін құрайды.
Ұрпақ өрбіту ағзаларының жаңа түзілімдері
Бедеулігіне қатысты бірнеше рет дәрі-дәрмектік ем қабылдаған әйелдерде, аналық бездердің және ұрпақ өрбіту жүйесінің басқа ағзаларының қатерлі және қатерсіз жаңа түзілімдерінің дамығаны туралы хабарланды. Бүгінгі күні бедеуліктен зардап шегіп жүрген әйелдерде гонадотропинді қолданып емдеу мен жаңа түзілімдерге бейімділік арасында байланыстылық әлі де анықталмаған.
Туа біткен даму ақаулары
ҚРТ жүргізілгеннен кейін әйелдерде туа біткен даму ақауларының таралуы табиғи ұрықтану кезіндегі ақаулар санынан аздап жоғары болуы мүмкін. Бұл ата-аналарының жекелеген ерекшеліктерінің (анасының жасы, шәуһет сипаттамалары және т.б.) және көпұрықтық жүктіліктің нәтижесі болуы мүмкін деп есептеледі.
Тромбоэмболиялық бұзылулар
Тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупі жоғары әйелдерде, тұқым қуалайтын бейімділігіне, елеулі семіздік (дене салмағының индексі > 30 кг/м2) немесе тромбофилияға қарамастан, веналық немесе артериялық тромбоэмболиялық бұзылулар гонадотропинмен емдеу кезінде де, емдеу аяқталғаннан кейін де дамуы мүмкін. Жүктілік те өз алдына, тромбоэмболиялық асқынулардың қаупін жоғарылататынын айта кету керек.
Арнайы ескертулер
Лактоза
Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын түрлері, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактаза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер оны қолданбауы керек.
Педиатрияда қолданылуы
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсерін зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, Мериоферт препаратының пациенттегі автомобиль жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ықтималдығы аз.