Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозировка
20 мг
Торговое наименование
Мемантин
Действующее вещество
Мемантин
Назначение
Орташа және ауыр түрдегі Альцгеймер ауруында
Производитель
Синтон Испания, С.Л.
Страна
Испания
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат: 10 мг немесе 20 мг мемантин гидрохлориді (8.31 мг немесе сәйкесінше 16.62 мг мемантинге баламалы)
қосымша заттар:
лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты;
үлбірлі қабық (10 мг Мемантин таблеткалары):
лактоза моногидраты, гипромеллоза (15 сР), титанның қостотығы (Е171), макрогол 4000, тазартылған су;
үлбірлі қабық (20 мг Мемантин таблеткалары):
лактоза моногидраты, гипромеллоза (15 сР), титанның қостотығы (Е171), макрогол 4000, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, бір жағында қысуға сезімтал кең сызығы және екінші жағында "M9MN" және "10" таңбалауы бар таблеткалар (10 мг дозасы үшін).
Сопақша пішінді, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, бір жағында қысуға сезімтал кең сызығы және екінші жағында "M9MN" және "20" таңбалауы бар таблеткалар (20 мг дозасы үшін).
• орташа және ауыр түрдегі Альцгеймер ауруында
Глутаматергиялық нейротрансмиссияның бұзылуы, атап айтқанда NMDA-рецепторлары, симптомдардың көрінуіне де, нейродегенеративті деменция кезінде аурудың өршуіне ықпал ететіндігі туралы көбірек дәлелдер бар.
Мемантин - аффиндігі орташа NMDA рецепторларының потенциалға тәуелді бәсекелес емес антагонисі. Ол нейрондық дисфункцияға әкелуі мүмкін глутамат деңгейінің патологиялық жоғарылауының әсерін модуляциялайды.
Клиникалық зерттеулер
Альцгеймер ауруы орташадан ауырға дейін (бастапқы 3-14 деңгейде ең төменгі психикалық жай-күйін жалпы бағалау (MMSE)) ауыратын пациенттер популяциясындағы монотерапияның негізгі зерттеуіне барлығы 252 амбулаториялық пациент кірді. Зерттеу 6 айдан кейін плацебоға қарағанда мемантинмен емдеудің оң әсерін көрсетті (дәрігермен сұхбат негізінде байқалған өзгерістерді талдау (CIBIC-plus): p = 0,025; Альцгеймер ауруын бірлескен зерттеу - күнделікті әрекет (ADCS-ADLsev): p = 0,003; ауыр бұзылулармен (SIB): p = 0,002).
Альцгеймер ауруын емдеудегі мемантин монотерапиясының негізгі зерттеуіне 403 науқас кірді (бастапқы деңгейдегі MMSE шкаласы бойынша жалпы балл 10-нан 22-ге дейін). Мемантинді қабылдаған пациенттер негізгі соңғы нүктелер бойынша плацебо қабылдаған пациенттерге қарағанда статистикалық тұрғыдан жақсы нәтиже көрсетті: Альцгеймер ауруын бағалау шкаласы (ADAS-cog) (p = 0,003) және CIBIC-plus (p = 0,004) соңғы бақылаудың 24 аптасында (LOCF). Альцгеймер монотерапиясының тағы бір зерттеуінде жеңілден орташа ауырлыққа дейін 470 пациент рандомизацияланды (бастапқы деңгейдегі MMSE шкаласы бойынша жалпы балл 11-23 болды). Перспективалық анықталған бастапқы талдауда 24-аптада тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесінде статистикалық маңыздылыққа қол жеткізілген жоқ.
III фазаның алты плацебо-бақыланатын 6-айлық зерттеулерінен (монотерапия зерттеулерін және ацетилхолинестераза тежегіштерінің тұрақты дозасын қабылдаған пациенттермен зерттеулерді қоса алғанда) орташа ауырлықтан ауырға дейін (MMSE < 20 шкаласы бойынша жалпы бал) Альцгеймер ауруына шалдыққан пациенттердің мета-талдауы когнитивті, жаһандық және функционалдық салаларда мемантинмен емдеудің пайдасына статистикалық маңызды әсер бар екенін көрсетті. Пациенттер барлық үш салада бір мезгілде нашарлаумен сәйкестендірілген кезде, нәтижелер мемантинді нашарлаудың алдын алуда статистикалық маңызды әсерін көрсетті, өйткені мемантинді қабылдаған пациенттерге қарағанда плацебо қабылдаған пациенттер екі есе көп, барлық үш аймақта нашарлауды көрсетті (11%-ға қарсы 21%, p < 0,0001).
Дозалау режимі
Емдеуді дәрігердің бақылауымен бастау және жүргізу керек. Емді пациенттің препаратты қабылдауын бақылайтын қамқоршы немесе медицина қызметкері болған кезде ғана бастау керек.
Диагноз қолданыстағы ұсынымдарға сәйкес анықталуы керек. Мемантиннің төзімділігі мен дозасын емдеу басталғаннан кейін үш ай ішінде жүйелі түрде қайта қарастыру керек. Осыдан кейін мемантинді клиникалық қолдану және пациенттің емделуге жауабы қазіргі клиникалық нұсқауларға сәйкес үнемі бағалануы керек. Емдік пайдасы қолайлы және пациент мемантинмен ем қабылдағанға дейін демеуші емді жалғастыруға болады. Мемантинді қабылдауды тоқтатуды емдік әсері жоқ немесе пациент емге шыдамаған кезде қарастыру керек.
Ересектер
Ең жоғары тәуліктік доза 20 мг құрайды. Теріс реакциялардың пайда болу қаупін төмендету мақсатында демеуші дозаны алғашқы 3 апта ішінде дозаны біртіндеп аптасына 5 мг-ға арттыру жолымен былайша айқындайды:
1-ші апта (1-7 күн): апта бойы тәулігіне 5 мг (10 мг Мемантиннің жарты таблеткасы) қабылдау;
2-ші апта (8-14 күн): апта бойы тәулігіне 10 мг (10 мг Мемантиннің бір таблеткасы немесе 20 мг Мемантиннің жарты таблеткасы) қабылдау;
3-ші апта (15-21 күн): апта бойы тәулігіне 15 мг (10 мг Мемантиннің бір жарым таблеткасы) қабылдау;
4-ші аптадан бастап: күн сайын тәулігіне 20 мг (10 мг Мемантиннің 2 таблет-касынан немесе 20 мг Мемантиннің 1 таблеткасынан) қабылдау.
Ұсынылатын демеуші доза тәулігіне 20 мг құрайды.
Емдеу ұзақтығын Альцгеймер ауруын диагностикалау мен емдеуде тәжірибесі бар дәрігер жеке анықтайды
Егде жастағы пациенттер
65 жастан асқан пациенттер үшін ұсынылатын доза жоғарыда көрсетілгендей тәулігіне 20 мг (тәулігіне 1 рет 10 мг Мемантиннің 2 таблеткасы немесе 20 мг Мемантиннің 1 таблеткасы) құрайды.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) препарат дозасын төмендету талап етілмейді. Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин) тәуліктік дозаны 10 мг-ға дейін төмендету керек. Егер жағымсыз реакциялар болмаса, кем дегенде 7 күн емдеуден кейін дозаны стандартты схема бойынша тәулігіне 20 мг-ға дейін арттыруға болады. Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 5-29 мл/мин) тәуліктік дозаны 10 мг-ға дейін төмендету керек.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Жеңіл немесе ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған (Child-Pugh A, B) пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге мемантинді қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қолдануға арналған.
Препаратты тәулігіне бір рет, күн сайын бір уақытта қолдану керек. Таблеткаларды тамақтануға қарамастан қолдануға болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Препараттың өткізіп алған дозасын толықтыру үшін қосарлы дозаны қабылдауға болмайды. Келесі дозаны әдеттегі уақытта қабылдау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесу керек.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• бауыр функциясының айқын бұзылуы
• жүктілік және лактация кезеңі
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Жиі
• әсер етуші затқа немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• ұйқышылдық
• бас айналу
• тепе-теңдіктің бұзылуы
• гипертензия
• ентігу
• іш қату
• бауыр функциясы көрсеткіштерінің жоғарылауы
• бас ауыру
Жиі емес
• зең инфекциялары
• сананың шатасуы
• елестеулер
• жүрістің бұзылуы
• жүрек жеткіліксіздігі
• веналық тромбоз / тромбоэмболия
• құсу
• қатты қажу
Өте сирек
• құрысулар
Жиілігі белгісіз
• психоздық реакциялар
• панкреатит
• гепатит
Альцгеймер ауруы депрессиямен, өзін-өзі өлтіруге деген бейімділікпен және өзін-өзі өлтіруге тырысумен байланысты. Тіркеуден кейінгі кезеңде мұндай жағдайлар мемантинді қолданған пациенттерде хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
немесе
"МЕДСЕРВИС ПЛЮС" Қазақ фармацевтикалық компаниясы" ЖШС
тел: +7 771 702 9595 (тәулік бойы)
e-mail: qppvmsp@medservice.kz
Симптомдары: жағымсыз әсерлер айқындылығының күшеюі. Артық дозаланудың ықтимал симптомдары шаршау, әлсіздік және / немесе диарея, сананың шатасуы, ұйқышылдық, бас айналу, қозу, озбырлық, елестеулер және жүріс-тұрыстың бұзылуы немесе мемантиннің артық дозалануы симптомсыз өтуі мүмкін.
Емі: артық дозалану жағдайында емдеу симптоматикалық болуы керек.
Уыттану немесе артық дозалану үшін спецификалық антидот жоқ. Асқазанды шаю, ішек пен бауырда ықтимал рециркуляцияны болдырмау үшін белсендірілген көмір, несептің қышқылдануы, қарқынды диурез.
Орталық жүйке жүйесінің жалпы гиперстимуляциясының белгілері мен симптомдары пайда болған кезде симптоматикалық емді сақтықпен жүргізген жөн.
Препаратты эпилепсиямен ауыратын пациенттерге, анамнезінде құрысу эпизодтары бар пациенттерге, сондай-ақ эпилепсияның даму қаупі факторлары бар пациенттерге тағайындау кезінде сақ болу керек.
Амантадин, кетамин немесе декстрометорфан сияқты N-метил-D-аспартат (NMDA) антагонистерін бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Бұл қосылыстар мемантин сияқты рецепторлар жүйесіне әсер етеді, сондықтан жағымсыз әсерлер (негізінен орталық жүйке жүйесіне байланысты) жиі немесе айқын болуы мүмкін.
Несептің рН жоғарылауын туындататын кейбір факторлар пациентті мұқият бақылауды қажет етуі мүмкін. Бұл факторларға диетаның күрт өзгеруі жатады, мысалы, диетада ет тағамдарына бай рационды вегетариандық түріне ауыстыру немесе антацидті асқазан дәрілерін қарқынды қабылдаумен алмастыру. Сонымен қатар, бүйрек тубулярлы ацидозымен (БTA) немесе Proteus bacteria туындаған несеп шығару жолдарының ауыр инфекцияларымен несептің рН жоғарылауы мүмкін.
Көптеген клиникалық зерттеулер кезінде жақында миокард инфарктін алған пациенттер және декомпенсацияланған іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер (Нью–Йорк жүрек ассоциациясының жіктеуіне сәйкес III-IV дәрежелі), сондай-ақ бақыланбайтын артериялық гипертензия жоққа шығарылды. Тиісінше, тек шектеулі деректер бар, және осы аурулармен ауыратын пациенттер дәрігердің бақылауында болуы керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Мемантин препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректердің болмауына байланысты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Альцгеймер ауруы ауырлығы орташадан ауырға дейін, әдетте, көлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетінің нашарлауына әкеледі. Сонымен қатар, мемантин адам реакциясының жылдамдығына шамалы немесе орташа әсер етеді, сондықтан амбулаториялық пациенттерге автокөлікті басқару немесе жабдықпен жұмыс істеу кезінде ерекше сақтықты сақтау қажеттілігі туралы ескерту керек.
Жүктілік кезінде мемантиннің әсері туралы деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген эксперименттік зерттеулер адам үшін қолданылатынға ұқсас немесе одан да көп концентрацияға ұшыраған кезде құрсақішілік бой өсудің баяулау мүмкіндігін көрсетеді. Адам үшін ықтимал қауіп белгісіз. Мемантинді нақты және айқын қажеттілікке байланысты жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Мемантин емшек сүтіне экскрециялануы-экскрецияланбауы, алайда субстанцияның липофильділігін ескере отырып, орын алуы мүмкін. Мемантинді қолданатын әйелдер емізуден бас тартуы керек.
Фертильділігі
Мемантиннің ерлер мен әйелдердің фертильділігіне жағымсыз әсері байқалмады.
Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар
Лактоза
Тұқым қуалайтын галактоза төзбеушілігі, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қарсы көрсетілімді.
Фармакологиялық әсерлерге және мемантин әсер ету механизміне байланысты келесі өзара әрекеттесулер пайда болуы мүмкін:
Әсер ету механизмі мемантин сияқты NMDA-антагонистерді бір мезгілде қолданғанда L-допа, допаминергиялық агонистер және антихолинергиялық дәрілер әсерінің күшеюін болжайды. Барбитураттар мен нейролептикалық дәрілердің әсерін әлсіретуі мүмкін. Мемантинді және спазмолитикалық дәрілерді, дантроленді немесе баклофенді бір мезгілде қолдану олардың әсерін өзгерте алады және дозаны түзету қажеттілігін туындатады.
Фармакологиялық уытты психоздың даму қаупі салдарынан мемантин мен амантадинді бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Екі қосылыс да химиялық тектес NMDA (N-метил-D-аспартат)-антагонис болып табылады. Кетамин мен декстрометорфан туралы да осындай айтуға болады. Жарияланған бір есепте мемантин мен фенитоиннің біріктірілімінде де ықтимал қауіп туралы айтылған.
Амантадин сияқты бүйректің катионды тасымалдау жүйесін қолданатын циметидин, ранитидин, прокаинамид, хинидин, хинин және никотин сияқты басқа дәрі-дәрмектер де мемантинмен өзара әрекеттесуі мүмкін, бұл осы препараттардың қан плазмасындағы деңгейінің жоғарылау қаупіне әкелуі мүмкін.
Мемантинді гидрохлоротиазидпен немесе құрамында гидрохлоротиазид бар кез келген біріктірілген препаратпен бір мезгілде қолданғанда қан сарысуындағы соңғысының деңгейі төмендеуі мүмкін.
Постмаркетингтік зерттеулерде бір мезгілде варфарин мен мемантинді қабылдаған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) жекелеген ұлғаю жағдайлары туралы хабарланды. Себеп-салдар байланысы анықталмаса да, бір мезгілде пероральді антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерге протромбин уақытын немесе ХҚҚ мұқият мониторингтеу ұсынылады.
Жас дені сау субъектілерде бір реттік дозаның фармакокинетикасын зерттеуде мемантинді глибурид/метформин немесе донепезил белсенді затымен тиісті өзара әрекеттесуі байқалмады.
Жас дені сау субъектілердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеуде мемантиннің галантаминнің фармакокинетикасына елеулі әсері байқалмады.
In vitro жағдайында мемантин CYP 1A2, 2A6, 2C9, 2D6, 2E1, 3A құрамында флавин бар монооксигеназа, эпоксидгидролаза немесе сульфатион тежегіші болып табылмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.