Анағұрлым көп таралған жағымсыз реакциялар бас ауыруы, назофарингит, арқаның ауыруы және артралгия болды
Жиі емес
• тітіркену, күйгелектік, мазасыздық, ұйқысыздық, қалыптан ауытқыған ұйқы, қорқынышты түстер, үрей
• бас сақинасы, бас ауыру, сылбырлық, психомоторлық аса жоғары белсенділік, бас айналу, ұйқышылдық
• гипертензия
• іштің ауыруы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, диспепсия, ауыздың ойық жаралары, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы
• гипербилирубинемия
• дерматит, түнгі терлеу, қышыну, бөртпе, жалпы қышыну, терінің құрғауы
• аяқ-қолдың ауыруы
• глюкозурия, протеинурия
• менопауза симптомдары
• астения, кеуденің ауыруы
• бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы, дене салмағының жоғарылауы
Сирек
• белдемелі теміреткі
• лейкопения, тромбоцитопения
• гиперглицеридемия, гипокальциемия, гипонатриемия
• көңіл-күйдің өзгеруі, озбырлық, қозу, жылау, стресс симптомдары, бағдардан адасу, ерте ояну, либидоның жоғарылауы, жаман көңіл-күй, депрессия
• естен тану, жадының нашарлауы, жадының бұзылуы, күңгірт жай - күйі, мазасыз аяқ синдромы, ұйқының нашарлауы, парестезия
• көру жітілігінің төмендеуі, көрудің бұлыңғырлануы, көздің жас ағуының жоғарылауы
• позициялық бас айналу, бас айналу
• стенокардия, жүректің соғуы
• қан кернеулері
• гастроэзофагеальді рефлюкс, асқазан-ішек бұзылыстары, ауыздың шырышты қабығында күлдіреуіктің пайда болуы, тілдегі ойық жара, құсу, газ бөлінуі, метеоризм, сілекейдің көп бөлінуі, ауыздан шығатын жағымсыз иіс, абдоминальді жайсыздық, гастрит
• экзема, эритема, қол дерматиті, псориаз, жайылған бөртпе, қышитын бөртпе, тырнақ проблемалары
• артрит, бұлшықет түйілулері, мойын ауыруы, түнгі құрысулар
• полиурия, гематурия, никтурия
• приапизм, простатит
• шаршау, ауырсыну, шөлдеу
• бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, қандағы электролиттер мөлшерінің қалыптан ауытқуы, зертханалық тестілер нәтижелерінің қалыптан ауытқуы
Белгісіз
• аса жоғары сезімталдық реакциясы
• ангионевроздық ісіну, ауыздың ісінуі, тілдің ісінуі
• галакторея
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz