Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капсулы вагинальные
Торговое наименование
Макмирор Комплекс
Действующее вещество
Нистатин в комбинации с другими препаратами
Назначение
Препаратқа сезімтал қоздырғыштар: бактериялар, трихомонадалар, Кандида тектес зеңдер, хламидиялар туындатқан вульвовагиналды ауруларды кешенді емдеуде
Производитель
Каталент Итали С.п.А.
Страна
Италия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында:
белсенді заттар: нифурател, 500 мг,
нистатин, 200 000 ХБ.
қосымша заттар: диметикон
қабығының құрамы: желатин, глицерин, натрий этилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, титанның қостотығы (E171), темірдің сары тотығы (E172).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Құрамында сәл сарғыш майлы суспензиясы бар қыша түсті сопақша пішінді қынаптық капсулалар.
• препаратқа сезімтал қоздырғыштар: бактериялар, трихомонадалар, Кандида тектес зеңдер, хламидиялар туындатқан вульвовагиналды ауруларды кешенді емдеуде.
Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат. Макмирор Комплекс –құрамында нифурател және нистатин бар біріктірілген препарат, ол вульвовагинальді инфекцияда кешенді ем ретінде пайдаланылады, өйткені бактерияға қарсы, протозойға қарсы және зеңге қарсы әсері бар.
Әсер ету механизмі
Нифурател – нитрофуран туындысы. Нифурателдің әсер ету механизмі бактериялардың өсуіне қажетті ферменттермен байланысты процестерді тежейді. Нифурателдің белсенділік дәрежесі нифурателдің ЕТТК (ең төменгі тежегіш концентрациясы) анықтау арқылы бағаланды.
Нистатин - бұл полиен тобының зеңге қарсы антибиотигі. Өзінің фунгицидтік әсерін зеңдер жарғақшасында орналасқан стеролмен байланыстырып, оның өткізгіштігін өзгертеді, бұл калий иондарының және басқа да кішкене молекулалардың жоғалуына әкеледі, липидтермен, әсіресе биологиялық жарғақшалардың холестеринімен әрекеттесу оларды бұзады, бұл жасушалардың ыдырауына әкеледі. Candida тегі зеңдеріне қатысты (C. Albicans, C. Krusei, C. Tropicalis, C. Glabrata және б.) белсенділігі жоғары.
Фармакодинамикалық тиімділігі
Фармакодинамикалық зерттеулер инфекциялар тудыратын микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты in ivo-да, in vitro-да нифурателдің тиімділігін көрсетті. Ол бірқатар аэробты және анаэробты бактерияларға қарсы тиімді: Chlamydia trachomatis, Salmonella typhi, Salmonellap aratyphi B, Klebsiella pneumoniae, Shigella sonnei, Escherichia coli, Micrococcus pyogenes (S.aureus), Gardnerella vaginalis, атап айтқанда Atopobium vaginae – бактериялық вагиноздың негізгі белгілерінің бірі. Нифурател микоплазмаға қатысты тиімді. Нифурател зеңдерге қарсы жоғары белсенділік көрсетеді - Candidaның түрлері: C. Albicans, C. Krusei, C. Pseudotropicalis, C. Glabrata, C. Guillermondii, C. Parapsilopsis және т.б.. Нифурател әсіресе қарапайымдарға, оның ішінде Trichomonas vaginalis қарсы белсенді зат болып табылады.
Патогендік штамдардың қарсыластығы феноменінің дамуына нифурателдің әсер етуі байқалмады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Нифурател мен нистатиннің үйлесімі айқын зеңге қарсы әсерге қол жеткізуге және микробқа қарсы әсер ету ауқымын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Препарат компоненттерінің жоғары тиімділігі мен төмен уыттылығы оның этиологиясы аралас вагинитті емдеуде, атап айтқанда, трихомониазды спецификалық емдеуден туындаған микоздардың профилактикасы үшін пайдалануда кең ауқымда клиникалық қолданылуымен байланысты.
Макмирор Комплекс физиологиялық флораны бұзбайды, бұл дисбактериоздың дамуын болдырмауға және қынаптық нормоценозды тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Балалар
Балаларға арналған деректер жеткіліксіз.
Дозалау режимі
Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет кешке ұйықтар алдында 8 күн бойы 1 қынаптық капсуланы құрайды немесе дәрігердің тағайындауына сәйкес қолданылады.
Енгізу әдісі және жолы
Интравагинальді. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін қынаптық капсуланы саусақпен қынапқа тереңірек енгізу керек.
Емдеу ұзақтығы
Бұл дәрілік препаратты әрдайым дәрігердің немесе фармацевтің нұсқауымен дәл қолданыңыз. Егер сенімді болмасаңыз, дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алыңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кездегі қажетті шаралар
Егер сіз дозаны енгізуді ұмытқан болсаңыз, дозаны екі еселеп қолдануға болмайды.
Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау
Егер сіз емдеуді ертерек тоқтатпақ болсаңыз кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда, дәрігер немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз.
Әсер етуші заттарға немесе «Дәрілік препараттар құрамы» бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Барлық дәрілік препараттар сияқты, бұл дәрі де жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін, бірақ барлық пациенттер бірдей бола бермейді.
Өте сирек (10 000 адамның ішінен 1-уінде ғана байқалуы мүмкін):
• дерматит
• есекжем
• қынапта шымылдатып ашытуды сезіну
• қынаптық қышыну.
Препараттың ұзақ уақыт қолданылуы жоғары сезімталдық реакциясын тудыруы мүмкін (заттың енгізілген дозасы алғашқы қолдануға қарағанда көп әсер бергенде).
Егер сізде тері бөртпесі сияқты аллергиялық реакциялардан зардап шегіп жүрсеңіз, емдеуді дереу тоқтатып, дәрігерден кеңес алыңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Осы препаратты қолданардың алдында дәрігеріңізден немесе фармацевтен кеңес алыңыз.
Препаратты қолдану, әсіресе ұзақ уақыт бойы қолданғанда, жоғары сезімталдық реакцияларын туындатуы мүмкін.
Жоғары сезімталдық реакциялары туындаған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату керек.
Емделу кезінде жыныстық қатынастан аулақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Бұл препараттың құрамында натрий этилпарагидроксибензоат және натрий пропилпарагидроксибензоаты сияқты қосымша заттар бар, ол аллергиялық (мүмкін кешіккен) реакцияны туындатуы мүмкін.
Педиатрияда қолданылуы
Макмирор Комплекс жыныстық жетілмеген жас қыздар мен қыздық пердесімен қыздарға пайдалануға болмайды.
Жүктілік, бала емізу және фертильділік
Егер сіз жүкті немесе бала емізетін болсаңыз, жүктімін деп болжасаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, бұл дәрілік препаратты пайдаланардың алдында дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алыңыз.
Жүктілік және бала емізу кезінде препарат тек абсолютты қажет болған кезде және медициналық жіті бақылаумен қолданылуы керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік зат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Егер сіз қандай да бір басқа дәрілік зат пайдаланып жүрсеңіз, не жақында пайдаланған болсаңыз немесе пайдалануыңыз мүмкін болса дәрігерге немесе фармацевтке хабарлаңыз.
25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.