Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – магний оротаты дигидраты 500 мг,
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, повидон К 30, лактоза моногидраты, натрий цикламаты, тальк, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, ақ түсті, бір жағында сызығы мен ойығы бар таблеткалар.
Сызығы таблетканы тең бөліктерге бөлуге емес, тек оны сындыруды оңайлатуға және оны жұтуды жеңілдетуге арналған.
Бұлшықет қызметінің бұзылуларын (жүйке-бұлшықет бұзылыстарын, балтыр бұлшықеттерінің құрысуларын) тудыратын магний тапшылығы анықталғанда.
Магний қажеттілігі жоғарылаған кезде магний тапшылығының профилактикасы үшін.
Әсер ету механизмі
Магний оротаты дигидратының 500 мг (Mg-OT) таблеткасы орот қышқылының магний тұзы болып табылады, ол бис(2,6-диоксо-1,2,3,6-тетрагидро-4-пиримидинкарбоксилат магний) ретінде де белгілі. Mg-OT екі компоненті, магний мен оротаттың шығу тегі табиғи және организмде: магний теңдесі жоқ минерал ретінде және орот қышқылы пиримидиндердің биосинтезі жолындағы маңызды аралық өнім ретінде кездеседі.
Маңызды жасушаішілік катион ретінде, магний 600-ден астам ферменттік реакцияяға қатысып, жасушалардың өткізгіштігі мен жүйке-бұлшықет қозғыштығын реттейді.
Орот қышқылы барлық тірі ядролы жасушалардың компоненті және пиримидин биосинтезі жолындағы маңызды аралық өнім болып табылады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Магний оротаты (Mg-OT) тегіс бұлшықеттердің түйілуін басатын (Mg) әсер береді және зертханалық жануарлар мен адамдарда жағымдылығы жақсы. Жалпы алғанда екі фактор да, Mg мен орот қышқылы, магний оротаты тұзына біріктірілген.
Магний тапшылығы бұрынғысынша, өте кең таралған, және оның профилактикасы бүкіл әлемде маңызды. Магний тапшылығы жағдайларын емдеудің негізгі мақсаты жақсарту осы микроэлементпен диеталық қамтамасыз ету және/немесе магний қоспаларымен емдеу болып табылады. Бұл бүкіл әлемге танымал медициналық көмек стандарты. Магний тапшылығы магний тұздарын енгізуді қажет етеді, өйткені магний тапшылығымен байланысты ауруды емдейтін басқа зат жоқ.
Магний жетіспеушілігінің алғашқы белгілері спецификалық емес және мыналарды қамтиды тәбеттің жоғалуы, сылбырлық, жүрек айнуы, құсу, шаршау, ұйқының бұзылулары, әлсіздік, бас ауыруы, ашушаңдық және стреске төзімділіктің төмендеуі. Гипомагниемия кезінде депрессия жағдайлары, сананың шатасуы, елестеулер, үрей және стресс немесе бас сақинасы сияқты, жүйке жүйесінің бұзылулары туындауы мүмкін. Магнийдің айқынырақ тапшылығы нейробұлшықеттік бұзылулардың симптомдарымен (моторлық және сенсорлық аса жоғары қозғыштық, діріл, бұлшықет құрысулары, түйілулер) көрініс беруі мүмкін. Магний тапшылығы, жүкті әйелдерде мерзімінен бұрын босануларға бейімділікпен және преэклампсияның (гестоздың) немесе эклампсияның туындауымен байланысты болуы мүмкін.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Жалпы алғанда, магний тапшылығынан туындаған аурулар, тапшылықтың себебі мен ауырлығына байланыссыз, осы микроэлементті алмастыру жолымен емделеді. Бұл медицинада ондаған жылдардан бері белгілі, тиісінше арнайы әдебиеттерде жарияланған және халықаралық танымал стандарт.
Mg-OT қауіпсіздігінің оңтайлы бейінімен сипатталады. Жалпы алғанда, жағымдылығының жақсы екені және жағымсыз әсерлері санының аздығы туралы хабарланған. Mg-OT клиникалық зерттеулерінде «сұйық нәжіс» және диарея сияқты асқазан-ішек симптомдары тіркелді. Жекелеген жағдайларда аса жоғары сезімталдық реакциялары да байқалған.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер
Магний қорының орнын толтыру үшін бір апта бойы күніне 3 рет 2 таблеткадан (196,8 мг немесе 8,1 ммольге баламалы).
Ары қарай күніне 2-3 таблеткадан (65.6 - 98.4 мг немесе 2.7 - 4.05 ммоль) қабылдау ұсынылады.
12 жасқа дейінгі балалар
12 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы адамдар
Егде жастағы адамдар дәріні тура ересектердегідей қабылдауы керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге магний препараттарын қолдануға болмайды.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде магний препараттарын қолдану медициналық бақылауда болуы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясының бұзылуы кезінде дозалануы жөнінде нақты ұсынымдар беру мүмкін емес, өйткені деректер жеткіліксіз.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблетканы жеткілікті мөлшердегі сумен іше отырып ішке қабылдау керек.
Тәуліктің кез келген уақытында қабылдау керек.
Сызығы тек таблетканы тұтастай жұтуда қиындықтар туындаған жағдайда оны сындыруды оңайлату үшін салынған.
Емдеу ұзақтығы
Курстың ұзақтығы емдік әсеріне байланысты анықталады. Магнерот® таблеткаларын ұзақ уақыт қабылдауға болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіруі үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Қажет болған жағдайда, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары
- миастения гравис
- атриовентрикулярлық блокада
Белгісіз
- үлкен дәреттің сұйылуы және диарея (жоғары дозаларын қолданғанда), олар әдетте, препараттың дозасын төмендеткен кезде өздігінен басылады.
- аса жоғары сезімталдық.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Егер Сіз Магнерот® препаратын керектісінен көп қабылдап қойсаңыз, дәрігерге жүгініңіз, ол қажетті шараларды қабылдайды. Бүйрек функциясы қалыпты кезде магнийді қабылдау, тіпті артық дозаланған жағдайда да уытты реакцияларды тудырмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде магниймен уыттану дамуы мүмкін. Уытты әсерлері, негізінен, қан сарысуындағы магний концентрациясына тәуелді.
Симптомдары: артериялық қысымның төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, депрессия, рефлекстердің баяулауы, тыныс тарылуы, кома, жүректің тоқтап қалуы, ануриялық синдром.
Емі: регидратация, қарқынды диурез, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде гемодиализ немесе перитонеальді диализ қажет.
Сирек кездесетін, тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы керек.
Магнерот® препаратының құрамында бір таблеткасында 1 ммоль ден аз (23 мг) натрий бар, яғни, іс жүінде натрийсіз. Ең жоғары тәуліктік 6 таблетка дозасы арқылы пациент 23 мг-ден аз натрийді қабылдайды.
Арнайы ескертулер
Жүктілік, лактация кезеңі және фертильділік
Егер Сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз, бала көтердім деп ойласаңыз, немесе жүктілікті жоспарлап жүрсеңіз, препаратты қолдануды бастар алдында емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Жүктілік кезінде магнийді қолдану жөніндегі эпидемиологиялық зерттеулер магнийдің жүктілік ағымына немесе болашақ сәбидің/жаңа туған нәрестенің денсаулығына қандай-да бір жағымсыз әсерін көрсетпеді.
Магнерот® препаратын жүктілік және бала емізу кезінде тағайындауға байланысты қабылдауға болады.
Препаратты қабылдаудың бірнеше жылдық тәжірибесінің негізінде, ерлердің немесе әйелдердің фертильділігіне әсер ететіні күтілмейді. Жүйелі зерттеулер болмады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Магнерот® көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе болар-болмас әсер етеді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Бір мезгілде қабылдағанда Магнерот® препаратының құрамына кіретін магний темірдің, тетрациклиндердің және натрий фторидінің сіңуін қиындатады, соған байланысты, аталған препараттарды қабылдау арасындағы аралық 2-3 сағатты құрауы тиіс.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.