Әсер ету механизмі
Лонсурф тимидин, трифлуридин негізіндегі нуклеозидтің ісікке қарсы аналогынан және тимидинфосфорилаза (ТФ) тежегішінен, типирацил гидрохлоридінен, молярлық қатынаста 1:0,5 (массалық қатынасы 1:0,471) тұрады.
Обыр жасушаларына енгеннен кейін тимидинкиназа трифлуридинді фосфорландырады, содан кейін жасушаларда дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) субстратына метаболизденеді және ДНҚ-ға тікелей қосылады, осылайша ДНҚ функциясын бұзады және жасушалар пролиферациясының алдын алады.
Алайда, пероральді қабылдағаннан кейін трифлуридин ТФ әсерінен тез ыдырайды және бауыр арқылы алғаш өту кезінде оңай метаболизденеді; сондықтан препараттың құрамына ТФ тежегіші типирацил гидрохлориді кіреді.
Клиникаға дейінгі зерттеулер барысында трифлуридин/типирацил гидрохлориді дәрілік препараты колоректальді обыр жасушаларының 5-фторурацилге (5-ФУ) сезімтал және резистентті желілеріне қатысты ісікке қарсы белсенділікті көрсетті.
Адам ісіктерінің бірнеше ксенотрансплантаттарына қатысты трифлуридин/типирацил гидрохлориді дәрілік препаратының цитоуыттылық белсенділігі ДНҚ-ға енгізілген трифлуридин мөлшерімен едәуір дәрежеде байланысты болды. Бұл әсер ету механизмі препарат үшін негізгі болып табылатынын көрсетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Кеш сатыдағы ірі ісіктері бар пациенттерде ашық клиникалық зерттеу нәтижелері бойынша Лонсурф плацебомен салыстырғанда QT/QTc аралығының ұзаруына клиникалық маңызды әсер еткен жоқ.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
МКРО
Плацебомен салыстырғанда монотерапиядағы Лонсурфтың III фазасының рандомизацияланған зерттеуі
Лонсурфтың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі бұрын ем қабылдаған мКРО бар пациенттерде III фазаның халықаралық, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеуінде (RECOURSE) бағаланды. Тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі жалпы өміршеңдік (ЖӨ) болды, ал тиімділіктің қосымша соңғы нүктелері аурудың өршуінсіз өміршеңдік (АӨӨ), жауаптың жалпы жиілігі (ЖЖЖ) және ауруды бақылау жиілігі (АБЖ) болды.
Жалпы алғанда 800 пациент Лонсурф (n=534) плюс оңтайлы демеуші ем (ОДЕ) немесе плацебо (n= 266) плюс ОДЕ дәрілік препаратын қабылдау үшін 2:1 қатынасында рандомизацияланды. Лонсурф препаратының дозасын таңдау бастапқы бір реттік дозасы 35 мг/м2 ДЕ болатын ОДЕ негізделген. Зерттелетін дәрілік препарат тәулігіне екі рет таңғы және кешкі ас ішкеннен кейін 2 апта бойы (2 күндік үзіліспен аптасына 5 күн) кейіннен 14 күндік аралықпен, осы циклды әрбір 4 апта сайын қайталай отырып, пероральді қабылданды. Пациенттер емді аурудың өршуіне дейін немесе қолайсыз уыттылықтың дамуына дейін жалғастырды (4.2-бөлімді қараңыз).
Клиникалық зерттеулерде рандомизацияланған 800 пациенттің 61%-ы еркектер, 58%-ы еуропалық/ақ нәсілділер болды, 35%-ның шығу тегі азиялық/шығыстық болды және 1%-ы қара терілілер/афроамерикалықтар болды, жас медианасы 63 жасты құрады және барлық пациентте АҚШ-тың біріктірілген онкологиялық шығыстық тобының (ECOG) жіктемесі бойынша, бастапқы жалпы жағдайдың (ЖЖ) деңгейі 0 немесе 1 құрады. Аурудың алғашқы орныққан жері тоқ ішек (62%) немесе тік ішек (38%) болды. Клиникалық зерттеуді бастаған сәтте KRAS статусы (KRAS-протоонкоген генінің мутациялық статусы, ақуыздар тұқымдастығының өкілі) жабайы типті (49%) немесе мутант типті (51%) болды. Метастаздық ауруларды емдеудің мұның алдындағы желісі санының медианасы 3 құрады. Лонсурф тобындағы пациенттердің 18%-ы бұдан бұрын емдеудің 2 сызбасын, 22%-ы 3 сызбасын, 60%-ы 4 сызбасын және одан көбірегін алған. Барлық пациенттер бұрын фторпиримидин, оксалиплатин және иринотекан негізінде химиотерапия қабылдаған. 1 пациенттен басқа, барлығы бевацизумаб қабылдаған, және жабайы типті KRAS ісіктері бар 2 пациенттен басқа, барлығы панитумумаб немесе цетуксимаб қабылдаған. Емдеудің 2 тобы демографиялық сипаттамасына және аурудың бастапқы сипаттамасына қатысты ұқсас болды.
Жоспарланғандағы сияқты жүргізілген клиникалық зерттеулерде ЖӨ талдау 72% (N = 574) оқиғада Лонсурфты плюс ОДЕ тобы үшін өміршеңдіктің, плацебо плюс ОДЕ тобымен (қауіптер қатынасы: 0,68, 95% сенімді аралық [СА] [0,58 - 0,81]; р < 0,0001) салыстырғанда, клиникалық және статистикалық тұрғыдан маңызды артықшылығын көрсетті; 5,3 аймен салыстырғанда, ЖӨ медианасын 7,1 ай; 1 жылдық өміршеңдігі, сәйкесінше, 17,6% және 26,6%. АӨӨ Лонсурфты плюс ОДЕ қабылдаған пциенттерде (қауіптер қатынасы: 0,48, 95 % СА [0,41 - 0,57], р < 0,0001) едәуір артты (7-кестені, 1-суретті және 2-суретті қараңыз).
7-кесте. МКРО бар пациенттерде III фазадағы клиникалық зерттеу (RECOURSE) деректері бойынша тиімділігінің нәтижелері
Лонсурф плюс ОДЕ(N=534) — Плацебо плюс ОДЕ(N=266)
Жалпы өміршеңдік
Өліммен аяқталу саны, N (%) — 364 (68,2) — 210 (78,9)
ЖӨ медианасы (айлар)a [95% СА]б — 7,1 [6,5, 7,8] — 5,3 [4,6, 6,0]
Салыстырмалы қауіп [95% СА] — 0,68 [0,58, 0,81]
р в мәні — < 0,0001 (1 жақты және 2 жақты критерийлер)
Аурудың өршуінсіз өміршеңдік
Аурудың өршу немесе өлім оқиғаларының саны, N (%) — 472 (88,4) — 251 (94,4)
АӨӨ медианасы (айлар)a [95% СА]б — 2,0 [1,9, 2,1] — 1,7 [1,7, 1,8]
Салыстырмалы қауіп [95% СА] — 0,48 [0,41, 0,57]
р в мәні — <0,0001 (1 жақты және 2 жақты критерийлер)
aКаплан-Мейер әдісімен есептеу
бБукмеер және Кроули әдісі
вСтратификацияланған log-ранг тесті (страта: KRAS статусы, алғашқы метастаздың білінген сәтінен бастап өткен уақыт, орнығуы)
1-сурет. МКРО (RECOURSE) бар пациенттерде ЖӨ Каплан-Мейер қисығы
Рандомизациядан кейінгі айларПлацебоӨліммен аяқталу қаупінің қатынастары , 0.68 (95% CI, 0.58-0.81) P<0.0001Плацебо Өміршеңдік ықтималдылығы (%)ЛонсурфЛонсурфҚауіпке ұшыраған пациенттер саны:Рандомизациядан кейінгі айларПлацебоӨліммен аяқталу қаупінің қатынастары , 0.68 (95% CI, 0.58-0.81) P<0.0001Плацебо Өміршеңдік ықтималдылығы (%)ЛонсурфЛонсурфҚауіпке ұшыраған пациенттер саны:
2-сурет. МКРО (RECOURSE) бар пациенттерде аурудың ӨӨ Каплан-Мейер қисығы
Аурудың өршуінің немесе өліммен аяқталу қаупінің қатынастары, 0.48 (95% CI, 0.41-0.57)P<0. лог-ранг критерийлерін пайдаланыпЛонсурфПлацебоРандомизациядан кейінгі айларПлацебоЛонсурфҚауіпке ұшыраған пациенттер саны:Аурудың өршуінсіз өміршеңдік ықтималдылығя (%)Аурудың өршуінің немесе өліммен аяқталу қаупінің қатынастары, 0.48 (95% CI, 0.41-0.57)P<0. лог-ранг критерийлерін пайдаланыпЛонсурфПлацебоРандомизациядан кейінгі айларПлацебоЛонсурфҚауіпке ұшыраған пациенттер саны:Аурудың өршуінсіз өміршеңдік ықтималдылығя (%)
89%-ға орындалған оқиғада (n = 712) ЖӨ жаңартылған талдау нәтижелері Лонсурф плюс ОДЕ-ні қолданғанда, плацебо плюс ОДЕ-мен (қауіптер қатынасы: 0,69; 95% СА (0,59-дан 0,81-ге дейін) р < 0,0001) салыстырғанда, өміршеңдіктің клиникалық және статистикалық елеулі артықшылығы болатындығын айғақтады; 5,2 аймен салыстырғанда, ЖӨ медианасы 7,2 ай; 1 жылдық өміршеңдігі, сәйкесінше, 16,6% және 27,1%.
ЖӨ және АӨӨ қатысты артықшылықтар нәсілі, географиялық аумағы, жасы (< 65; ≥ 65), жынысы, ECOG жіктемесі бойынша денсаулық жағдайы, KRAS статусы, алғашқы метастаз байқалған сәттен бастап өткен уақыты, метастаздық ошақтар саны бойынша және алғашқы ісіктің орнығуы бойынша қосалқы топтарды қоса, тиісінше пациенттердің барлық қосалқы топтарында байқалды. Лонсурфты қолданған кезде өміршеңдікке қатысты артықшылықтар барлық маңызды болжамды факторларды, атап айтқанда: алғашқы метастазды анықтаған сәттен бастап өткен уақытты, ECOG жіктемесі бойынша денсаулық жағдайы жөніндегі статусты және метастаздық ошақтар санын ескере отырып, түзеткеннен кейін сақталды (салыстырмалы қауіп: 0,69; 95% СА [0,58 - 0,81]).
Рандомизацияланған барлық пациенттердің алпыс бір пайызы (61%, N = 485) рандомизация алдында емдеудің соңғы режимінің бөлігі ретінде фторпиримидин қабылдаған, олардың 455 (94%) рандомизация кезінде фторпиримидинге рефрактерлі болды. Лонсурфты қолданғанда осы пациенттердің ішінде ЖӨ қатысты артықшылықтар сақталды (қауіптер қатынасы: СА 95% болғанда 0,75; [0,59 - 0,94]).
Рандомизацияланған барлық пациенттердің он сегіз пайызы (18%, n = 144) рандомизацияға дейін регорафениб қабылдаған. Лонсурфты қолданғанда осы пациенттердің ішінде ЖӨ қатысты артықшылықтар сақталды (қауіптер қатынасы: 0,69; 95% СА [0,45 - 1,05]). Бұрын регорафениб қабылдаған пациенттерде де әсері сақталды (қауіптер қатынасы: СА 95% болғанда 0,69; [0,57 - 0,83]).
Лонсурф препаратын қабылдаған пациенттерде АБЖ (толық жауап, ішінара жауап немесе ауруды тұрақтандыру) мәні жоғары болды (16% салыстырғанда, 44%, p < 0,0001).
Лонсурфпен плюс ОДЕ-мен емдеу, плацебо плюс ОДЕ-мен емдеумен салыстырғанда, ECOG (ОС) <2 жіктемесі бойынша жалпы денсаулық жағдайы ұзақтығының статистикалық тұрғыдан артуына әкелді. ОС ≥ 2 тіркеуге дейінгі уақыт медианасы Лонсурф тобы үшін және плацебо тобы үшін, сәйкесінше, 5,7 айды және 4,0 айды құрады (салыстырмалы қаупі 0,66 (95% СА: [0,56, 0,78]), p < 0,0001).
Лонсурф монотерапиясымен салыстырғанда бевацизумабпен біріктірілімде Лонсурфтың III фазасының рандомизацияланған зерттеуі
Лонсурф монотерапиясымен салыстырғанда бевацизумабпен біріктірілімде Лонсурфтың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі бұрын ісіктегі «жабайы» типті RAS гені бар пациенттерде фторпиримидин, иринотекан, оксалиплатин, VEGF қарсы моноклоналды антиденелер және/немесе EGFR қарсы моноклоналды антиденелер сияқты кең таралған ауруды жүйелі емдеудің ең көп екі сызбасын алған МКРО бар пациенттерде III фазаның халықаралық, рандомизацияланған, ашық клиникалық зерттеуде (SUNLIGHT) бағаланды. Тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі ЖӨ болды, ал тиімділіктің негізгі екінші соңғы нүктесі ҮӨ болды.
Лонсурфты бевацизумабпен (N = 246) немесе Лонсурф монотерапиясымен (N = 246) қабылдау үшін барлығы 492 пациент 1:1 қатынасында рандомизацияланған.
Пациенттер әрбір 28 күндік циклдің 1-ден 5-ке дейінгі және 8-ден 12-ге дейінгі күндері күніне екі рет жеке пероральді тағайындалған немесе бевацизумабпен бірге (5 мг/кг), әр 4 апталық циклдің әр 2 аптасында (1 және 15 күндерде) вена ішіне енгізілетін Лонсурфты (бастапқы дозасы 35 мг/м2) қабылдады. Пациенттер емді аурудың үдеуіне дейін немесе қолайсыз уыттылықтың дамуына дейін жалғастырды (4.2-бөлімді қараңыз). Бевацизумабпен монотерапияға жол берілмеді.
Бастапқы сипаттамалар жалпы екі топ арасында теңдестірілген. Орташа жасы 63 жасты құрады (диапазоны: 20-90), 44 % ≥ 65 жас және 12% ≥ 75 жас, пациенттердің 52% еркек және 95% - ақ, 46% ECOG PS 0 және 54 % ECOG PS 1 болды. Аурудың бастапқы орналасуы тоқ ішек (73 %) немесе тік ішек (27%) болды. Жалпы пациенттердің 71 % RAS генінде мутациясы бар ісік болды. Емдеудің орташа ұзақтығы Лонсурф-бевацизумаб тобында 5 ай және Лонсурф тобында 2 ай болды. Жалпы алғанда, пациенттердің 92 % бұрын кең таралған колоректальді обырды ісікке қарсы емдеудің екі сызбасын қабылдаған, 5% - ы бір және 3% - ы екіден көп қабылдаған. Барлық пациенттер фторпиримидинді, иринотеканды және оксалиплатинді алдын ала қабылдады, 72 % VEGF қарсы моноклоналды антиденелерді алдын ала қабылдады, ісіктегі «жабайы» типті RAS генімен ауыратын пациенттердің 94% - ы EGFR қарсы моноклоналды антиденелерді алдын ала алды.
Лонсурф бевацизумабпен біріктірілімде Лонсурф монотерапиясымен салыстырғанда ЖӨ және ҮӨ статистикалық маңызды жақсаруына әкелді (8-кестені және 3 және 4-суреттерді қараңыз).
8 - кесте. МКРО бар пациенттерде III фазаның клиникалық зерттеу (SUNLIGHT) деректері бойынша тиімділік нәтижелері
Лонсурф плюс бевацизумаб (N = 246) — Лонсурф (N = 246)
Жалпы өміршеңдік
Өліммен аяқталған жағдайлар саны, N (%) — 148 (60,2) — 183 (74,4)
ЖӨ медианасы (айлар)a [95 % СА]б — 10,8 [9,4, 11,8] — 7,5 [6,3, 8,6]
Салыстырмалы қауіп [95 % СА] — 0,61 [0,49, 0,77]
рв мәні — < 0,0001 (1-жақты критерий)
Аурудың үдеуінсіз өміршеңдік (бір зерттеушіге)
Аурудың үдеуі немесе өлім оқиғаларының саны, N (%) — 206 (83,7) — 236 (95,9)
ҮӨ медианасы (айлар)a [95 % СА]б — 5,6 [4,5, 5,9] — 2,4 [2,1, 3,2]
Салыстырмалы қауіп [95 % СА] — 0,44 [0,36, 0,54]
рв мәні — < 0,001 (1-жақты критерий)
aКаплан-Мейер әдісімен есептеу
бБукмеер және Кроули әдісі
вСтратификацияланған log-ранг тесті (страта: орналасуы, бірінші метастаз анықталған сәттен бастап уақыт, RAS статусы)
3 - сурет. МКРО бар пациенттерде ЖӨ Каплан-Мейер қисықтары (SUNLIGHT)
4 - сурет. МКРО бар пациенттерде ҮӨШ ауруларының Каплан-Мейер қисықтары (SUNLIGHT)
Жынысты, жасты (< 65, ≥ 65 жас), бастапқы аурудың орналасуын (оң жақта, сол жақта), ECOG бойынша статус (0, ≥ 1), алдыңғы хирургиялық резекцияда, метастаз ошақтарының санын (1-2, ≥ 3), нейтрофилдер мен лимфоциттердің қатынасы (NLR < 3, NLR ≥ 3), метастаздық препараттармен емдеудің алдыңғы сызбаның саны (1, ≥ 2), BRAF онкогенінің күйі, микросателлиттік тұрақсыздық күйі (MSI), алдыңғы бевацизумабпен емдеуді және кейінгі регорафенибпен емдеуді қоса, ЖӨ артықшылықтары және ҮӨШ рандомизацияның барлық қабаттарында және алдын ала анықталған қосалқы топтарда дәйекті түрде байқалды.
Асқазанның метастаздық обыры
Лонсурфтың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі фторпиримидин негізіндегі химиотерапияны қоса, бұрын асқазанның метастаздық обыры бар (гастроэзофагеальді өтістің аденокарциномасын қоса) ем қабылдаған пациенттерде ІІІ фазаның (TAGS) рандомизацияланған, қосарлы жасырын, плацебо-бақыланатын халықаралық клиникалық зерттеуінде, платина және таксана немесе иринотекана, сондай-ақ, егер қолданылса, адамның эпидермалық өсу факторының 2 типті рецепторына бағытталған ем (HER2) бағаланды.
Тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі ЖӨ болды, ал тиімділіктің қосымша соңғы нүктелері АӨӨ, ЖЖЖ, АБЖ, ECOG ≥2 функционалдық жағдайының нашарлауына дейінгі уақыт және өмір сапасы болды. 1.1-нұсқадағы ірі ісіктердің (RECIST) жауабын бағалау критерийлеріне сәйкес ісіктерді бағалауды пациенттің орналасқан жері бойынша зерттеуші/рентгенолог әр 8 апта сайын жүргізді.
Жалпы алғанда 507 пациент Лонсурфты қабылдау үшін (n=337) плюс оңтайлы демеуші ем (ОДЕ) немесе плацебо (n=170) плюс ОДЕ 2:1 қатынасында рандомизацияланды. Лонсурфтың дозасын таңдау бастапқы бір реттік дозасы 35 мг/м2 ДБА болатын ДЕ негізделген. Зерттелетін дәрілік препарат тәулігіне екі рет таңғы және кешкі ас ішкеннен кейін 2 апта бойы (2 күндік үзіліспен аптасына 5 күн) кейіннен 14 күндік аралықпен, осы циклды әрбір 4 апта сайын қайталай отырып, пероральді қабылданды. Пациенттер емді аурудың өршуіне дейін немесе қолайсыз уыттылықтың дамуына дейін жалғастырды (4.2-бөлімді қараңыз).
Клиникалық зерттеуде рандомизацияланған 507 пациенттің 73% - ы ер адамдар, 70% - ы ақ, 16% - ы азиялық және <1% - ы қара денелі/африкалық американдықтар, жас медианасы 63-ті құрады және барлық пациенттерде АҚШ-тың шығыс Біріккен онкологиялық тобының (ECOG) жіктемесі бойынша функционалды статусының (ФС) бастапқы деңгейі 0 немесе 1 құрады. Аурудың бастапқы локализациясы асқазан (71,0%) немесе гастроэзофагеальді ауысу (28,6%) немесе екі локализация (0,4%) болды. Метастаздық ауруды емдеудің алдыңғы тізбектерінің медианасы 3 болды. Пациенттердің барлығы дерлік (99,8%) бұрын фторпиримидин негізінде химиотерапия алған, 100% алдыңғы платина емін қабылдаған және 90,5% алдыңғы таксан емін қабылдаған. Пациенттердің шамамен жартысы (55,4%) бұрын иринотекан алған, 33,3% бұрын рамукирумаб алған және 16,6% бұрын HER2-таргеттік ем алған. Емнің 2 тобы аурудың демографиялық және бастапқы сипаттамаларына қатысты салыстырылды.
76% (n=384) оқиғалар үшін жоспарланғандай жүргізілген клиникалық зерттеудегі ЖӨ талдауы Лонсурф плюс ОДЕ плацебо плюс 0,69 (95% СА: 0,56, 0,85; 1 - және 2-үшінші тарап нәтижелері р сәйкесінше 0,0003 және 0,0006 болды), бұл Лонсурф тобында өлім қаупінің 31% төмендеуіне сәйкес келді. ЖӨ медианасы плацебо тобы үшін 3,6 аймен (95% СА: 3,1, 4,1) салыстырғанда Лонсурф тобы үшін 5,7 айды (95% СА: 4,8, 6,2) құрады; 1 жылдық өміршеңдік деңгейі сәйкесінше 21,2% және 13,0% құрайды.
АӨӨ Лонсурф плюс ОДЕ (ОР 0,57; 95% СА [0,47-0,70]; р<0,0001 (9-кестені, 5-суретті және 6-суретті қараңыз) қабылдаған пациенттерде плацебо плюс ОДЕ салыстырғанда едәуір артты.
9-кесте-Асқазанның метастаздық обыры бар пациенттерде III фазаның (TAGS) клиникалық зерттеу деректері бойынша тиімділік нәтижелері
Лонсурф плюс ОДЕ(N=337) — Плацебо плюс ОДЕ(N=170)
Жалпы өміршеңдік
Өліммен аяқталу саны, N (%) — 244 (72,4) — 140 (82,4)
ЖӨ медианасы (айлар)a [95% СА]б — 5,7 [4,8, 6,2] — 3,6 [3,1, 4,1]
Салыстырмалы қауіп [95% СА] — 0,69 [0,56, 0,85]
р в мәні — 0,0003 (1-жақты), 0,0006 (2- жақты критерийлер)
Аурудың өршуінсіз өміршеңдік
Аурудың өршу немесе өлім оқиғаларының саны, N (%) — 287 (85,2) — 156 (91,8)
АӨӨ медианасы (айлар)a [95% СА]б — 2,0 [1,9, 2,3] — 1,8 [1,7, 1,9]
Салыстырмалы қауіп [95% СА] — 0,57 [0,47, 0,70]
р в мәні — <0,0001 (1 жақты және 2 жақты критерийлер)
aКаплан-Мейер әдісімен есептеу
бБукмеер және Кроули әдісі
вСтратификацияланған log-ранг тесті (страта: орналасуы, рамуцирумабпен алдындағы емдеу ECOG шкаласы бойынша бастапқы статус)
5-сурет-Асқазанның метастаздық обыры (TAGS) бар пациенттерде ЖӨ Каплан-Мейер қисықтары
Months from RandomisationPlaceboHazard ratio for death, 0.69 (95% CI, 0.56-0.85)P=0.0003 (1-sided) ; p =0.0006 (2-sided)PlaceboSurvival Probability (%)LonsurfLonsurfNo. at Risk:Months from RandomisationPlaceboHazard ratio for death, 0.69 (95% CI, 0.56-0.85)P=0.0003 (1-sided) ; p =0.0006 (2-sided)PlaceboSurvival Probability (%)LonsurfLonsurfNo. at Risk:
6-сурет-Асқазанның метастаздық обыры (TAGS) бар пациенттерде АӨӨ Каплан-Мейердің қисықтарыMonths from RandomisationHazard ratio for progression or death, 0.57 (95% CI, 0.47-0.70)P<0.0001 (1-sided and 2-sided)LonsurfPlaceboPlaceboProgression-free Survival Probability (%)LonsurfNo. at Risk:Months from RandomisationHazard ratio for progression or death, 0.57 (95% CI, 0.47-0.70)P<0.0001 (1-sided and 2-sided)LonsurfPlaceboPlaceboProgression-free Survival Probability (%)LonsurfNo. at Risk:
Негізінен ЖӨ және ОДЕ қатысты барлық страттарда және жынысын, жасын (<65; ≥65 жас), этникалық шығу тегін, ECOG ФС, рамуцирумабппен алдыңғы емдеуді, иринотеканмен алдыңғы емдеуді, алдыңғы сызбалардың санын (2; 3; ≥ 4), асқазанның алдыңғы резекциясын, бастапқы ісіктің орналасқан жерін (асқазан, гастроэзофагеальді ауысу) және HER2 статусын қоса, алдын ала анықталған қосалқы топтардың көбінде байқалды.
ОӘБ көрсеткіші (толық жауап + ішінара жауап) Лонсурф қабылдаған пациенттерде елеулі жоғары болған жоқ (2,1% - бен салыстырғанда 4,5%, p=0,2833 мәні), бірақ ЧКЗ көрсеткіші (толық жауап немесе ішінара жауап немесе тұрақты ауру) Лонсурф қабылдаған пациенттерде елеулі жоғары болды (14,5% қарсы 44,1%% , p <0,0001).
ECOG ФС ≥2-ге дейін нашарлағанға дейінгі орташа уақыт плацебо тобы үшін 2,3 аймен салыстырғанда Лонсурф тобы үшін 4,3 айды құрады, ОР 0,69 (95% СА: 0,562, 0,854), p = 0,0005 мәні.
Балалар
Лонсурф балалардың бір немесе бірнеше қосалқы топтарында зерттелмеген. 4.2 Балаларда қолдану бойынша бөлімін қараңыз.
Егде жастағы пациенттер
Лонсурф қабылдаған 75 жастан асқан пациенттер бойынша шектеулі деректер бар:
‑ (87 пациент (10 %) RECOURSE және TAGS клиникалық зерттеулерінің біріктірілген деректерінде, оның ішінде 2 пациент 85 жастан асқан. Лонсурф препаратын қолданудың ЖӨ әсері 65 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан пациенттерде ұқсас болды.
- SUNLIGHT клиникалық зерттеуіндегі 58 пациент (12 %) 75 жастан асқан, оның ішінде 1 пациент 85 жастан асқан. Лонсурфты бевацизумабпен біріктірілімде ЖӨ қолданудың әсері 65 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан пациенттерде ұқсас болды.